Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Қыс арбаңды сайла.Жаз шанаңды сайла.
Көл жағалағанның,Көні кеппес.
Күріш азса,Күрмек болар.
Соры бар жігітке,Сортаң жер кез болар,Айналасы ойпаң жер кез болар.
Көлдің көркі —Құрақ.Таудың көркі —Бұлақ.
Тікеннен — гүл,Заһардан — бал.
Сәуір болса,Күн күркірер.Күн күркіресе,Көк дүркірер.
Орақшының жаманы,Орақ таңдайды.
Айыр пішен қасында,Кісен кереге басында.
Шаруа болсаң,Қос етегің кең болсын.
Диқан жауында тынады,Балықшы дауылда тынады.
Кешкі күн құлақтансаҚатының ұл тапқандай сүйін.Ертеңгі күн құлақтанса,Еліңді жау шапқандай күйін.
Сабағы жаман дақылдыңДәні де жаман.
Сағадағы су ішеді,Аяқтағы у ішеді.
Ағашы аласа болса да,Алмасы тамаша.
Мәуелі ағаш — майысқақ.
Егін ырыс таңдамайды.Еңбек таңдайды.
Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ,Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ.
© Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Ұялмаған бұйырмағаннан ауыз тиеді
Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді.
Ел мен жер туралы сіз не ойлайсыз?
Елге салмақ салмай, ауырын жеңілдетуге, қауымын..
© Гүлтас Құрманбай
Ел мен жер туралы сіз не ойлайсыз?
Елге салмақ салмай, ауырын жеңілдетуге, қауымын..
Белгісі болса, жолдан жаңылмас, Білімі болса сөзден жаңылмас.
* Сіз жолынан, сөзінен жаңылмаған жанды кездестірдіңіз бе?
* Білім туралы..
© Гүлтас Құрманбай
* Сіз жолынан, сөзінен жаңылмаған жанды кездестірдіңіз бе?
* Білім туралы..