У туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 3
Өлеңдер: 10
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 12
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1

 Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен,Әділдіктің ащы уын ішкен артық
©  Самет Оқанұлы
У ішкен бір өледі,Арақ ішкен мың өледі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ара тамағы балға, ал өрмекшінің тамағы уларға айналады.
Темекі тартқан бір кісі. Уланған бүкіл үй-іші.
Сағадағы су ішеді,Аяқтағы у ішеді. 
Удың да дәрі болар кезі бар.
Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.
Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.
Еділ ел болып келгенге су болады,
Едірейіп келгенге, у болады.
Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі.
У ішкеннің іші білер.
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.
У ішкен бір өледі,
Ант ішкен мың өледі.