Ұйқы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 32
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 123
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 22
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 3

Егер асқазан ұйықтаса, адам ұйықтайды.
Оразаны ұйқымен өткізсең,Сауабын түсіңде көресің!
Кешкі ассыз жатыңыз, есесіне сіз қарызсыз тұрасыз.
Махаббаттан, аурудан сияқты, ұйқы мен тәбетті жоғалтады.
Жақсы күлкі мен ұзақ ұйқы-дәрігер кітабындағы ең жақсы дәрі
Ұры күндіз ұрламаса, түн ұйықтамайды.
Сарман тауда салқын жоқ,Саналы ерде ұйқы жоқ.
Тәтті ұйқы тамақтан кем емес.
Уайым ұйқыңнан айырады,Күйік сұрқыңнан айырады.
Дұшпан көп болса ұйқы жоқ.
МалсызғаМалға балап ұйқы берер.АрсызғаАрға балап күлкі берер. 
Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.
Жаманның жан рақаты – ұйқы.
Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.
Өзіңді құштарлық билесе, көзіңнен ұйқы қашар.
Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.
Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.
Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.
Ұйқы — ажал ағайыны.
Ұйқы жастық сұрамайды.
Ұйқы өліммен тең.
Ұйқыда ұят жоқ.
Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудың ұйқысы қанбас.
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.