Киану Ривз

Киану Чарльз Ривз (ағылш. Keanu Charles Reeves, [keɪˈɑːnuː]; 2 қыркүйек 1964, Бейрут, Ливан) – Канада және американ актері, музыкант.

90-шы жылдары «Dogstar» тобының, ал 2000 жылдары «Becky» тобының бас-гитаристі болған. Үш қарындасы бар. Алғаш экранға 1979 жылы шыққан. 1986 жылы шыққан «На берегу реки» жасөспірімдерге арналған фильмі арқылы көпшілікке таныла бастайды. Алайда 1999 жылы шыққан «Матрица» фильмі оны Голливудтегі алдыңғы қатарлы актерлердің қатарына қосады. Көптеген сыйлықтардың иегері.

Фильмографиясы: «Один шаг назад» (1985), «Полёт» (1986), «Принц из Пенсильвании» (1988), «Адвокат дьявола» (1997), «Хардбол» (2001), «Константин: Повелитель тьмы» (2005), «Ковбой Бибоп» (2011), т.б.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: