Арман Тосқанбаев

Арман Айдосұлы Тосқанбаев (1991 жылдың 23 қазанында туған) — қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Жас кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі және «OTAN» брендімен бірінші қазақстандық сағат компаниясының негізін салушы.

Қазақстанның ең жас әрі табысты кәсіпкерлерінің бірі, мектеп қабырғасында жүріп- ақ ақша жасай білген қарағандылық қарапайым жігіт. 11-сыныпта ол қазақстандық отбасылардың орташа табысынан әлдеқайда артық тапты. Ерекше ойлау мен сапалы өмірге ұмтылу, әртүрлі қиын жағдайларда шешім таба білу қабілетінің арқасында бүгінгі күні бірнеше миллиондаған айналымы бар компанияны жоқ жерден көтерді. Бұл кітапта Арманның өз кәсібін дөңгелетіп жүргізуінің тетіктері қарастырылған. Жас кәсіпкер жасап бекіткен құралдар көптеген кәсіпкерлік салада қолданылуда және олар көп жағдайда өміршеңдігін дәлелдеді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: