👈 қаріп өлшемі 👉

Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Оқысаң – озарсың,Оқымасаң – тозарсың
—  Самет Оқанұлы
Адалдан тапқаның өміріңе жетеді,Алдап тапқаның селге кетеді
—  Самет Оқанұлы
Темірді кеннен ізде,Бақытты терден ізде
—  Самет Оқанұлы
Орман тамырдан,ақыл сабырдан қуат алады
—  Самет Оқанұлы
Дүниеден озған мүминнің,Алды – пейіш, арты – кеніш
—  Самет Оқанұлы
Шіріген шөпті мал жақтырмайды,Шіренген адамды ел жақтырмайды
—  Самет Оқанұлы
Көргенсізбен жолдас болма,Опасызбен сырлас болма
—  Самет Оқанұлы
Шынайы екі дос иненіңжасуындай жерге де сияды
—  Самет Оқанұлы
 Ізгі іс істе де, міндет қылма
—  Самет Оқанұлы
Жақсы адам – күншуақ,Білімді адам – шам-шырақ
—  Самет Оқанұлы
Толмай жатып «толдым» деме,Болмай жатып «болдым» деме
—  Самет Оқанұлы
Арық айтып, семіз шық
—  Самет Оқанұлы
Ұсталы ел озар,Ұстасыз ел тозар
—  Самет Оқанұлы
Сіз-біз деген жылы сөз,Тіршіліктің ғаниметі
—  Самет Оқанұлы
Үйінде Құраны бардың,Ізгілікке құмары бар
—  Самет Оқанұлы
Елдестірмек елшіден,Жауластырмақ жаушыдан
—  Самет Оқанұлы
Жақсы – көлмен тең, суы тәтті,Жаман – шөлмен тең желі қатты
—  Самет Оқанұлы
 Білімдімен бір жүрсең,Кемтік жерің білінбес
—  Самет Оқанұлы
Жақсыда кек жоқ,Жаманда тек жоқ
—  Самет Оқанұлы
Жүк ауырын нар көтереді,Ел ауырын ер көтереді
—  Самет Оқанұлы
Көп қорқытады,Терең батырады
—  Самет Оқанұлы
Пейіліңді кеңге сал,Қырманыңды дөңге сал
—  Самет Оқанұлы
Тойдың тамашасына бақпа,тағылымына бақ
—  Самет Оқанұлы
Адамның күні адаммен
—  Самет Оқанұлы

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы