👈 қаріп өлшемі 👉

Арық туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 4
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Арық бар жерде су бар.Су бар жерде ну барТау бұлағымен сүйкімді,Бұлақ құрағымен сүйкімді. 
Арықтың көркі — сәмбі тал,Аттың көркі — құйрық, жал. 
Құрыған ағаштың құрты да аш-арық.
Арық қазбасаң - атызға су келмейдi.
Кейде біз қызық ойлаймыз. Ешқандай әрекет жасағымыз келмейді, еңбек еткіміз келмейді, бірақ бай болғымыз келеді...
—  Гүлтас Құрманбай
Атаң мұрап болса да,Арықтың басында бол.
Арықты күтсең —тойынар,Кәріні күтсең — сойылар. 
Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.
Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.
Аштықтың – тоғы,
Арықтың семізі бар.
Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?
Қазарсың арықты,
Көрерсің жарықты.
Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы