👈 қаріп өлшемі 👉

Құрмет туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 19
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 20
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

Адвокат (қорғаушы) алдымен сәттілікке жетіп, содан кейін құрметке ие болып, содан кейін адал болуы керек.
Құрметті болып өмір сүру жақсы, бірақ жауапкершілігі өте үлкен.
Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
Әркім сыйлағанның құлы.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.
Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.
Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.
Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.
Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.
Құрмет етсең,
Құрмет көрерсің.
Жақсыға құрмет
Жас-жаранға міндет.
Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің.
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы