Гүл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 37
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 34
Өлеңдер: 396
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 12
Туындылар: 2
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Кім раушан гүлін алғысы келсе, тікенектерге төзуі керек.
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі
©  Самет Оқанұлы
Үнемшіл үйін гүл етер,Ысырапқор үйін тұл етер
©  Самет Оқанұлы
Гүл қайда, сонда тікенек бар.
Тыныштықты сақтай отырып өмір сүріңіз. Көктем келіп, гүлдер өздері гүлдейді.
Гүл түймесін жел ашар, жер пердесін ел ашар.
©  Естеу ЖҮНІС
Жаңа шыққан күнді көргенБір ғанибет.Жаңа ашылған гүлді көргенБір ғанибет. 
Жұпары жоқ гүлден без,Жұғары жоқ тілден без. 
Гүл жайнамайБұлбұл сайрамайды. 
Әр гүлдің исі басқа,Әр жердің жынысы басқа.
Жаңа туған айды көргенБір мұрат,Жаңа шыққан күнді көргенБір мұрат.Жаңа ашылған гүлді көргенБір мұрат. 
Тікен гүлін қорғайды.Балқурай бүрін қорғайды.
Қыз өссе - елдің көркі,Гүл өссе - әкімшіліктің көркі.
Гүл қайда болса,Көбелек сонда. 
Егінді күндіз егіп,Түнде суар.Гүлді күн көзіне егіп,Күнде суар. 
Тікеннен — гүл,Заһардан — бал. 
Әр гүлдің иісі әр басқа.
Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды.
Қыр гүлінің қырда гүлдегені игі.
Біліктінің сөзі — жанып тұрған жас гүл.
Бұлбұлдан опа күтпе,
Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды.
Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.
Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Тікенексіз болса,
Әтіргүл болар ма.
Гүлдің орны – бұта,
Төлдің гүлі – бота.