![]() |
|
![]() |
Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Қызықтырды көзімді,Қызуында ыстық күн.Қып-қызыл боп көрінді,Тұмсығындай күшіктің.(Итмұрын)
— Кеңесжан Шалқарұлы
Қиыны ғой қиынның,Алу үшін түйірін.Бұжыр-бұжыр жаралған,Бүйрегіндей сиырдың.(Бүлдірген)
— Кеңесжан Шалқарұлы
Өзі азулы, тырнақты,Жейді шөпті, қияқты.Айтсам егер бейнелеп,Ақ аюдың көлеңкесі сияқты.(Қара аю)
— Кеңесжан Шалқарұлы
Тау, даланы тұмшалап,Көміп кетіп барады.Күреңітіп күн санап,Көлкіп кетіп барады.(Тұман)