Қазақша Жұмбақ: Физика

Қазақша Жұмбақ: Физика казакша Қазақша Жұмбақ: Физика на казахском языке

Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Жол

Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Уақыт

Қазақша Жұмбақ: Жәндіктер

Қазақша Жұмбақ: Жәндіктер казакша Қазақша Жұмбақ: Жәндіктер на казахском языке

Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шыбын

Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.
Шыбын

Қазақша Жұмбақ: Төрт түлік мал, жануарлар

Қазақша Жұмбақ: Төрт түлік мал, жануарлар казакша Қазақша Жұмбақ: Төрт түлік мал, жануарлар на казахском языке

Дүниеде ақас бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған.
Ақастың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той тойлаған.
Түйе және оның өркеші

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.
Тасбақа

Қазақша Жұмбақ: Құстар

Қазақша Жұмбақ: Құстар казакша Қазақша Жұмбақ: Құстар на казахском языке

Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр.
Бүркіт

Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.
Бүркіт

Қазақша Жұмбақ: Оқу, Білім, Кітап

Қазақша Жұмбақ: Оқу, Білім, Кітап казакша Қазақша Жұмбақ: Оқу, Білім, Кітап на казахском языке

Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап

Қазақша жұмбақ: Күн, ай, жұлдыз, аспан

Қазақша жұмбақ: Күн, ай, жұлдыз, аспан казакша Қазақша жұмбақ: Күн, ай, жұлдыз, аспан на казахском языке

Тең,тең тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Аспан, жер

Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.
Күн мен сағым

Қазақша Жұмбақ: Кәсіп

Қазақша Жұмбақ: Кәсіп казакша Қазақша Жұмбақ: Кәсіп на казахском языке

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Аспаз
  • Анализ сайта www.zharar.com