Жаңғақ туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 3
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Қанша жаңғақ ?
Портфелiмде әуелiОн үш жаңғақ бар едi.Науат пенен Маратқа,Самат пенен Сағатқа,Апасына ҚанаттыңЕкi-екiден тараттым.Қанша жаңғақ қалғанынАйта қойшы ал..
©  Сұлтан Қалиұлы
Жаңғақтар
 Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып..
©  Логикалық сұрақтар
Кіп-кішкене қазан,
Іші толы тағам.

Жауабы: Жаңғақ
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.

Жауабы: Жаңғақ
Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас.

Жауабы: Жаңғақ
Кішкене қозымның асы дәмді.

жауабы
Пісте жаңғақ
Алыстан қарасам әңгір-күңгір,
Қасына келсем қаптаулы темір,
Ашып қарасам аппақ,
Жеп қарасам тәп-тәтті.

жауабы
Жаңғақ
Асты тас, үсті тас,
Шағып жесең, піскен ас.

жауабы
Жаңғақ
Сырты тас, іші қуыс бөлек-бөлек,
Базардан оны сатып алса керек.
Алған жанға тағамдық пайдасы бар,
Шешіп бер, жұмбағымды болсаң..
Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау.

жауабы
Жаңғақ