Қауын туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 2
Әңгімелер: 2

Қанша қауын?Самат қаппен арқалап,Бес қауыннан тасыды.Қабы болмай ал ТалапҚос қауыннан тасыды.Он реттен сабылып,Екеуі әбден шаршады.Тасып алған..
©  Сұлтан Қалиұлы
Сап - сары боп түзде жатыр,Ішінде ұрық жүздеп жатыр. (қауын)
Көктемде тұзақ құрғанмын,
Қолайлы деген қырға бір.
Тамызда барып жинадым,
Бір арба қызыл қырғауыл.

Жауабы: Қауын
Байлап қойдым қойымды,
Желіде жатып тойынды.

Жауабы: Қауын
Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.

Жауабы: Қауын
Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

Жауабы: Диірмен, балық, қауын
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.

Жауабы: Қауын
Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.

жауабы
Қауын
Атасынан бұрын баласы базарға барады.

жауабы
Қауын
Бір арқанда отыз қой байлаулы жатыр.

жауабы
Қауын
Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,
Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті.
Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп,
Есепсіз ақты-қара бала..
Қарала қойымды,
Байлап ем,
Желiде жатып тойынды.
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.

жауабы
Қауын - Жауын
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.