Ізгілік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 41
Өлеңдер: 14
Нақыл сөздер: 15
Эсселер: 2

 Ізгі іс істе де, міндет қылма
©  Самет Оқанұлы
Үйінде Құраны бардың,Ізгілікке құмары бар
©  Самет Оқанұлы
Ізгілікті судың түбіне тастап,Бетінен ізде.
©  Түркі халықтары
Ізгілік болса, ер өлмес (арымас),Іштік болса, ат жауыр болмас.Бұл мақал əрбір істің алдынала жай-жапсарын жан-жақты ойластырып алуғашақырады.
©  Түркі халықтары
Аурудың өсиеті ізгілік болар.Бұл ауру адамды өсиет айтуға уағыздайтын мақал.
©  Түркі халықтары
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
Білген ердің сөзін тыңда ізгілік,
Қасиетін үйреніп ап көзге ілік.
Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.
Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.
Нәрсізге назынды айтпа, сағың сынады.
Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады.
Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.
Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.
Өзінің түйедей мінін көрмей,
Біреудің түймедей мінін көрер.
Өзім білем өрге апармас.
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
Көзіне қарама, сөзіне қара.
Қолы жетпеген кәріп.
Басқа түссе, баспақшыл.
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
Ымды білмеген, дымды білмейді.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.