Оқу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 36
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 78
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 48
Туындылар: 3
Әңгімелер: 24
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 5
Эсселер: 2

Оқысаң – озарсың,Оқымасаң – тозарсың
©  Самет Оқанұлы
Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ
©  Самет Оқанұлы
Жақсы тамақтандырылған асқазан, оқу үшін саңырау.
Оқу-бір, үйрену-басқа.
Қажет болса, оқу үшін жылаңыз: кейінірек күлесіз.
Тамақтандырылған қарын оқуға саңырау
Тәжірибе оқудан да жақсы
Тоқ қарын тұшынып оқымайды.
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.
Оқу ойдан ұзақ емес.
Әскерлік оқудан бейнет көрсең,
Ұрыста қиналмайсың.
Сен оқысаң, мен тоқығам.
Жалғыз шала жанбайды,
Шала оқыған оңбайды.
Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.
Көп оқыған білмейді,
Көп тоқыған біледі.
Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.
Оқығанның көзі төртеу.
Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
Білім көп орын алмайды.
Оқысаң, озарсың,
Оқымасаң, тозарсың.