Бет туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 22
Жұмбақтар: 3
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 4
Эсселер: 1

Бетің былғанса, су тазалайды,Арың былғанса, не тазалайды?!
©  Самет Оқанұлы
Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді
©  Самет Оқанұлы
Бетімнің қалыңдығы – жанымның рахаты
Егер көздер үлкен болса, онда бет үлкен болуы керек.
Өз бетіңді көрмейсің.
Әдемі бетті кез-келген адам сүйеді.
Ұялмайтын бетке,
Талмайтын жақ береді.
©  Кенен Әзірбаев
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
©  Бауыржан Момышұлы
Бергеннің бетіне қарама.
Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.
Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.
Бетке айтқанның бекері жоқ.
Жалған айтуға да жалпақ бет керек.
Ауыз асаса,
Көз бетін басады.
Жоғарыға түкірме,
Бетіңді көмер көбігі.
Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.
Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылар.
Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.
Бетінің ашық реңі –
Тұнып тұрған жүрегі.
Мұрыны кішкентайдың
Есесі бетінде.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.