👈 қаріп өлшемі 👉

Ұят туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 87
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 36
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 51
Туындылар: 1
Әңгімелер: 20
Анекдот, әзілдер: 10
Эсселер: 1

Көздің тазалығын кірпік сақтаса, Жүректің тазалығын ұят сақтайды. 
Кедейлік-ұят емес; ұят-кедейліктен ұялу
Жақсы мен жетесін мұратқа Жәлеппен жетесін ұятқа
Ұялмаған бұйырмағаннан ауыз тиеді
Ұят қымбат, ар қымбат,Жаның сүйген жар қымбат. 
—  Қазыбек би Келдібекұлы
Опасызда ұят жоқ,Ұятсызда опа жоқ. 
—  Әлішер Науаи
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.
Адам ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.
Тастақ жерде қияқ болмайды,
Сондай-ақ, тазда ұят болмайды.
Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.
Ит ұялса, тастаған сираққа да ұмтылмас.
Жұлқылап сен тарттың,
Ұятқа мен баттым.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Ашық құмыраны көргенде,
Мысыққа ұят не керек.
Ұрымен жақын болсаң,
Ұятқа қаларсың,
Бөрiмен жақын болсаң,
Қораға шабарың.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.
Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы