Темір туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 30
Жұмбақтар: 5
Өлеңдер: 23
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Темірді кеннен ізде,Бақытты терден ізде
©  Самет Оқанұлы
Ағашыңды ұзын кес,Теміріңді қысқа кес.
©  Түркі халықтары
Көк темір тек тұрмас.Темір тиген жерін бүлдіріп, жаралап кетеді. Мұның бір мағынасы бар. Қырқыз,ябақу, қыпшақ, тағы басқа халықтар ант ішіп..
©  Түркі халықтары
Темір әлі ыстық кезінде соқ.
От заттарды күйдіреді, бірақ темірді күйдірмейді.
Егер біреу сізді тасқа сүйреп апарса, оны темірге сүйреу керек.
Аз сөз – алтын, көп сөз-темірӨзіңе берсін Алла ұзын өмір,Көнгіш бол қорғасындай, болма темір.Разымын өзіңе де, сөзіңе де,Мақал бар: "Аз сөз – алтын..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Темір отта шынықтырылса, адам-мұқтаждықта.
Қайрақ-қара темірді де жейді.
Темірді балға істемейді, бірақ темір ұстасы істейді.
Темір сырын отта танытады,Адам сырын сөз балқытады.
Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.
Темір сырын оқта танытады,Адам сырын жоқта танытады.
Еменнен қатты ағаш жоқ,Көп жатса жерде дерт ілер.Болаттан қатты темір жоқ,Тасқа салса кертілер. 
Жүніне қарай матасы,Теміріне қарай балтасы.
Іс көп-темір аз,Ұста көп-көмір аз.
Ағаш кессең-ұзын кес,Темір кессең қысқа кес.
Теміршінің қолындаТемір еріп су болар.
 Болат сынады, темір шіриді.
Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Ұстаның қуаруын білгенше,
Темірдің суаруын біл.
Кемсіте көрме көмірді,
Көмір ерітер темірді.
Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.
Көк темір көре өлтірмес.