Сүю туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 23
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 342
Нақыл сөздер: 43
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1

Адамдар сені жақсы көруі үшін адамдарды сүй.
 Елін сүю – ердің ісі,Елден безу – ездің ісі
©  Самет Оқанұлы
 Сыйлылық қымбат емес, сүю қымбат
©  Самет Оқанұлы
Тасты қозғауға болмаса, сүю керек.Бұл мақал адам ойлаған мақсатына жету үшін кішіпейіл,инабатты болу керек депнасихаттайды.
©  Түркі халықтары
Сүю және сүйікті болмау тек уақытты жоғалту керек.
Кейбір әйелдер сүйген кезде қызарады; кейбіреулері полиция шақырады, кейбіреулері ұрысады, кейбіреулері тістейді. Бірақ ең жаманы-күлетіндер.
Әдемі бетті кез-келген адам сүйеді.
Ұрып-соғады - өкінеді, ұрысады — сүйеді, ашуланады — аяғымен таптайды.
Халқын сүйген – салтын да сүйедi.
Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтың көне тарихымен бірге жасасып..
©  Гүлтас Құрманбай
Шын сүйгендер жоққа шыдар,
Азаптау мен оққа шыдар.
©  Кенен Әзірбаев
Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Ел сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгендей қосың болсын.
Елін сүйген ер болар.
Өзің сүйгенді алма,
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.
Сүймеске асылма,
Арзымасқа шашылма.
Арыстан күшігін тістеп сүйеді.
Сыйынғаннан сүйенгенің
Күшті болсын.
Әркім сүйгенінің құлы.
Сыйлық қымбат емес,
Сүю қымбат.
Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.