Сұрау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 21
Өлеңдер: 34
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 3

Кім сұрайды, ол адаспайды.
 Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады,Адамнан сұрағанның екі көзі шығады
©  Самет Оқанұлы
Адамнан сұрасаң ашуланады,Алладан сұрамасаң ашуланады
©  Самет Оқанұлы
 Құдайдан сұрағанныңекі бүйірі шығады,Адамнан сұрағанның екі көзі шығады
©  Самет Оқанұлы
Кім көбірек білсе, көбірек сұрайды.
Жеткілікті алу үшін көп сұраңыз.
Басыңды көтеріп елден сұрағанша,Басыңды иіп жерден сұра. 
Жақсы тілек тілесең,Жасамыстан сұра.
Бердім бір ай,
Келдім сұрай.
Адалға есеп, арамға да сұрау бар...
Ат сұраған қорлық емес,
Ер–тоқым сұраған қорлық.
Сұрағанға текке бер,
Сусағанға жекке бер.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Білмегенді сұраудың ұяты жоқ.
Алмақтың салмағы бар, берудің сұрауы бар.
Өзіңнен бір көйлек тоздырғаннан сұра.
Сұрай-сұрай Меккеге барады.
Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.
Іздегенге – сұраған.
Бұраудың да сұрауы бар.
Есі кеткеннен ем сұрама,
Есіріктен жөн сұрама.