Сабыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 30
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 48
Нақыл сөздер: 34
Әңгімелер: 4

Орман тамырдан,ақыл сабырдан қуат алады
©  Самет Оқанұлы
 Қазаға – сабыр жолдас
©  Самет Оқанұлы
 Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет
©  Самет Оқанұлы
Əумесер шыбын сүтке түсер.Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Безілдек (жан) бөктергі ұстар,Əумесер (адам) лашын ұстар.Бұл мақал əрқашанда сабырлы болуға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Есендікте асығыс жоқ.Дені сау адам əсте асықпайды. Бұл мақал əрқандай істе асығыстық жасамауға,сабырлы болуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Сабыр – күн түсірмейтін сая, Асығыс – аунатып кететін мая.
«Сабыр түбі – сары алтын» деген де өз бар. Сабыр Аллаһтың..
©  Гүлтас Құрманбай
     Қуантар болсаң асық, Мұңайтар болсаң сабыр тұт.

Сізге осы мақал ұнай ма? Адамдарға қуаныш сыйлау дегенді қалай түсінесіз?..
©  Гүлтас Құрманбай
Уақыт пен сабыр тұтты жібекке айналдырады.
Не болса да - сабыр қыл. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Сабыр-түбі сары алтын.
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
©  Бауыржан Момышұлы
Сабырлыларға тегiн келетiн нәрселер, шыдамсыздарға қымбатқа түседi.
Бол ұстамды, қатты келсе қаһарың,
Сабыр етсең, келер шаттық баһарың.
Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.
Сабыр еткен, мұратқа жеткен.
Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Қазаға - сабыр жолдас.
Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.