Адасу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 60
Нақыл сөздер: 8
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 2

Кім сұрайды, ол адаспайды.
Айлы түн адаспасқа жақсы.
Адаспасаң мақсатқа жете алмайсың.
Білгіші бар жаңылмас,
Жершілі бар адаспас.
Адасқанды сөкпеңіз,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ұрлағанды кешіңіз,
Тоғыз алып жапқан соң.
Адасқанның алдында еш нәрсе жоқ.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Алдыңғы көштің адасқанын,
Кейінгі көш біледі.
Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.
Адасқанның алды жоқ.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Адасқан жігіт жол таппас.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
Адассаң, көппен адас