Адам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Шіріген шөпті мал жақтырмайды,Шіренген адамды ел жақтырмайды
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам – күншуақ,Білімді адам – шам-шырақ
©  Самет Оқанұлы
Адамның күні адаммен
©  Самет Оқанұлы
Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады,Адам жақсысы ұзақ істе сыналады
©  Самет Оқанұлы
Әдепті адам – арлы адам
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам қартайса,Жазып қойған хаттай.Жаман адам қартайса,Бықсып жанған оттай
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам – ай мен күндей,Көпке бірдей
©  Самет Оқанұлы
Адам кейде көл, кейде шөл
©  Самет Оқанұлы
Жаман адам өзі бола алмайды,Болғанды көре алмайды
©  Самет Оқанұлы
Құдайға сенсең, құстай ұшасың,Адамға сенсең, мұрттай ұшасың
©  Самет Оқанұлы
 Адамның күні – адаммен
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адам езуінен енші береді
©  Самет Оқанұлы
Адам мəңгі жасамас,Көрге кірсе – кері қайтпас.
©  Түркі халықтары
Құтты адамға қос-қостап жауар.
©  Түркі халықтары
Адам баласы мұңая бермес,Иттің күшігі жата бермес.
©  Түркі халықтары
Қарғаның кəрісін кім білер,Адамның аласын кім табар.
©  Түркі халықтары
Адам – үрленген қап,Ауызы ашылса – бос қалар.
©  Түркі халықтары
Адам аман болса, өмірден көп көрер.(Есен болса жаның – көрерің көп).Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп дегенді насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Ене жаманға саналса да,Адамға саналмайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Адам адамнан артық емес,Боқ байлығы болмаса.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өлген кезінде бәрі жақсы,Жаман адам қайдан шығады?
©  Ермахан Шайхыұлы
Отаны жоқ адам, ол әнсіз Бұлбұл.
Сіз адамдарға қандайсыз, адамдар сізге де солай.
Егер асқазан ұйықтаса, адам ұйықтайды.
Қираған адам достарын бір қолдың кішкентай саусағына санай алады.