Құт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 23
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
©  Самет Оқанұлы
Құтты адамға қос-қостап жауар.
©  Түркі халықтары
Берекесізден құт қашар.
©  Түркі халықтары
Құтсыз құдыққа кірсе, құм жауар.
©  Түркі халықтары
Үлкенді сыйласа, құт болар.
©  Түркі халықтары
Жақсы қатын құт, жаман қатын жұт.
©  Естеу ЖҮНІС
  Ұлыны ұлы тұтса – құт болар.

Ұлылық дегенді қалай түсінесіз? Адамды қандай белгілеріне қарап ұлы дейді?
Сіз кімді ұлы дейсіз? Неге?..
©  Гүлтас Құрманбай
 Құты қашқан құдыққа құласа, үстіне құм құйылар.

Құт сөзінің синонимі береке. Сонда берекесі қашқан адам дегенді білдіреді. Ал осы мақалдың..
©  Гүлтас Құрманбай
Бәрі түгел: құт пен бақыт алдаса,
Адам бірақ өзін құртып алмаса.
Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.
Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Қарты бар үйдің құты бар.
Көсе бетінен қылтанақ көрсе,
Қырғанша құты кетеді.
Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.
Құт қонған елде
Қыдыр қыдырып жүреді.
Елге ел қайрылса — құт,
Елден ел айрылса — жұт.
Сиырдың сүті — тілінде,
Жігіттің құты — білімде.
Жақсының жақсылығын айт,
Мейірі тассын,
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын.
Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт.
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.
Қонақ келсе құт келер.
Жақсы қонақ - құт, береке.