Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?


Қанша жастағы қазақстандықтар басқа елдерге жиі баратыны және шетелге шығу сапарларына қанша жұмсайтыны туралы, зерттеу барысында Freedom Life мамандары анықтады.


ҚР ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы шетелге

1 172 933 адам саяхаттаған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 20,3% артық. Басқа елдерге жасы 25-34 аралығындағы қазақстандықтар жиі сапар шегеді, ең аз саяхаттайтындар - жасы 55-64 аралығындағы туристер, олардың саны -111 518 адам.

 

Шетелге шығатын туристер саны бір жыл ішінде қаншалықты өзгерген

 

Туристер жасы

2022 жылдағы туристер саны

2023 жылдағы туристер саны

Туристер саны бір жыл ішінде қаншалықты өзгерген

15 жасқа дейін

145 887

115 409

-20%

жасы 15-24

60 563

116 817

92,8%

жасы 25-34

160 011

260 804

62,9%

жасы 35-44

228 549

253 041

10,7%

жасы 45-54

146 043

196 111

34,2%

жасы 55-64

144 293

111 518

-22,7%

жасы 65 және одан үлкен

89 424

119 229

33,3%

мәліметтер: ҚР ұлттық статистика Бюросы

орындаған: Freedom Life ӨСК

 

Шетелге шығатын туристердің шығындары

 

Барлығын алғанда, Қазақстанда 2023 жылы шетелдік туризм бойынша шығындары 326,7 млрд теңге құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 45% артық.

 

Шетелдік сапарлар бойынша облыстық шығындары ұлғайған, Абай (688%), Шымкентте (253%) және Маңғыстау облысында (215%). Бір жыл ішінде, Қарағанды және Павлодар облыстарында шығындану көрсеткіштері төмендеген – 1% және 2%. Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында елеулі төмендеуі байқалуда – 16% және 15%.

 

Қазақтандықтардың шетелге шығу бойынша дайындық шығындары 2023 жылы 31,4% өскен және 188,7 млрд теңге құраған. Қазақстандықтар бару/келу бойынша көлік қызметіне көп шығынданған, турпутевка құнын есепке алғанда – 83,3 млрд теңге.

 

Туристердің 2023 жылы шетелге шығу шығындары 138 млрд теңге құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 69,1% артық. Саяхаттау барысында, туристер шопингке көп ақша шығарған (киім-кешек, аяқкиім, азық-түлік, гаджеттер, кәдесыйлар сатып алу) – 42,7 млрд теңге, сондай-ақ, тамақтануға - 24,7 млрд теңге және орналасқан жерінде мекендеу шығындары – 19,2 млрд теңге.

 

 

Шетелдік туризм бойынша бір жыл ішінде шығындар қаншалықты өскен

 

Аумақ

Шетелдік туризм бойынша 2022 жылдың шығындары

Шетелдік туризм бойынша 2023 жылдың шығындары

Бір жыл ішінде шығындар қаншалықты өскен

Абай облысы

264 317 500,00

2 083 637 500

688%

Ақмола облысы

4 841 579 800

5 722 440 500

18%

Ақтөбе облысы

379 265 400

765 056 300

102%

Алматы облысы

8 852 808 000

14 565 805 800

65%

Атырау облысы

997 160 100

1 752 678 800

76%

Батыс Қазақстан

4 788 546 800

12 164 651 800

154%

Жамбыл облысы

6 917 496 700

13 391 329 800

94%

Жетісу

1 057 474 100

1 438 920 700

36%

Карағанды облысы

34 859 017 800

34 428 420 600

-1%

Қостанай облысы

7 814 644 800

10 460 848 600

34%

Қызылорда облысы

1 957 203 900

2 105 018 600

8%

Маңғыстау облысы

2 502 353 100

7 873 704 300

215%

Павлодар облысы

12 074 569 100

11 865 178 800

-2%

Солтүстік Қазақстан

7 834 371 300

6 580 597 700

-16%

Түркістан

10 326 194 900

8 735 626 400

-15%

Ұлытау

879 542 600

1 598 832 000

82%

Шығыс Қазақстан

6 384 010 100

7 614 886 400

19%

Астана қ.,

34 397 868 900

43 868 680 700

28%

Алматы қ.,

71 018 455 300

114 894 486 600

62%

Шымкент қ-сы

7 045 886 100

24 843 120 400

253%

мәліметтер: ҚР ұлттық статистика Бюросы

орындаған: Freedom Life ӨСК

 

Шетелге шығатындарды сақтандыру

 

Қазақстандық туристердің шығындары тізіміне, шетелге шығу барысында сақтандыру  енгізілген.

ҚР ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы міндетті туристік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемі 6,8 млрд теңге құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 24,8% артық. Туристерді ерікті сақтандыру бойынша, сақтандыру сыйлықақысының жалпы көлемі 4,3 теңге құраған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 0,6% артық.

 

Міндетті және ерікті медициналық сақтандыру құны, қазақстандық туристері үшін-нақты бекітілмеген және көптеген факторларға байланысты: туристің баратын еліне, бағдарына, көлікке, қанша күнге және т.б. Міндетті медициналық сақтандыру полисінің орташа құны- 15 евро (ағымдағы бағамға сәйкес-7 130 теңге) құрайды. 

«Freedom Travel бағдарламасы бойынша ерікті сақтандырудың орташа құны-шамамен 12 мың теңгені құрайды. Алайда, елге және сол елде болу мерзіміне байланысты-шамамен 130 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін. Сақтандыру жедел медициналық көмекке, шұғыл стоматологиялық қызметтерге, сақтандырылғандарды, қажет болған жағдайда үшінші тұлғалардың тұрғылықты еліне медициналық тасымалдауға және басқа да медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындарды қамтиды. Төлем 10 - нан 100 мың еуроға дейін болуы мүмкін», - деп түсіндірді Freedom Life ӨСК мамандары.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу