Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы

 Биология  | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының  морфологиясы

Мазмұны


КІРІСПЕ 4
I.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Жайық өзенінің сипаттамасы географиялық орны. 5
1.2.Зерттелуші балықтардың систематикасы, таралуы , қоректенуі 6
1.3.Омыртқалы жануарлардың бауырының морфологиялық жалпы мәліметі 10
1,4. Балық бауырының морфологиясы 10
II. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР 14
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23


Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді.
Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды.
Жайық өзенінде мекендейтін балықтар - жартылай өткінші. Олар әдетте тіршілігінің көпшілік уақытын Жайық өзенінде өткізіп, қоректенуі үшін Каспий теңізінің тұздылау жеріне келеді. Қазіргі кезде Каспий теңізіндегі мұнай өндіру процесінің қарқынды жүруіне байланысты судың ластануы байқалады. Судың ластануы балық мүшелерінің морфофункционалдық жағдайына әсер етеуіне байланысты. Сондықтан біздің бітіру жұмыста Каспий бассейнінен ауланған сазан мен торта балықтарының бауырын гистологиялық жағынан зерттелуге арналған.
Жұмыстың мақсаты – 2007 жылы Жайық өзенінен ауланған сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясын зерттей отырып, 2005 жылғы Каспийден алынған торта балығының бауырының морфологиясын экологиялық жағдайымен байланыстыра отырып салыстыру.
Міндеті: әр жылдары ауланған сазан және торта балықтарының бауырларынан гистологиялық кескін жасап, оның морфологиясын зерттеп салыстырмалы гистологиялық талдау жүргізу.


I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.


1.1. Жайық Каспий алабындағы өзен.Ол Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінде ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.Жайықтың жалпы ұзыдығы 2428 шақ, су жиналатын алабының ауданы 237 мың шақ , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 шақ. Орал тауы жотасынан басталып жоғарғы бөлігіне оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғарымен ағып, Верхнеуральск қаласымен төмен қарай жазықпен ағады. Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды.
Жазық даламен ағатын тұсында оған сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші, Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек салалары құяды. Өзеннің жоғарғы ағысында қарашаның басында, орта төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады [1].

Жайық-Жем артезиян алабы
Алап Каспий ойпатының шығысында орналасқан.Ол Жайық пен Жем өзенінің аралығындағы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының жерін қамтиды. Жер астындағы мол да әртектес қабатты , тұз күмбезді сулы аймақ. Жалпы ауданы 200 мың шақ жуық [1].

Жайық-Каспий Қоңыр көмір алабы
Атырау Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Жалпы аумағы 150 мың шаршы м. Көмірлі түзілімдер туралы алғашқы деректер 19 ғасырдың аяғында белгілі болған. Алабтың жекелеген кен көздері игеріліп, 1941-1945 ж.ж.жергілікті отын орталығы болды [1].

Каспий теңізі
Каспий теңізі- тұйық теңіз.Ол жер шарындағы ең ірі тұзды көл болғанмен көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м , орташа ені 320 щақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Ауданның 371 мың шақырым, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Шешен, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды [1].
Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жазық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында атыраулық жаға ұлғаюда.
Рельеф. Каспий теңізінің түптік рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспийге бөлінеді [1].
Гидрологиялық режим. Каспий теңізінде өзен ағындарымен желге байланысты судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да , Апшерон түбегіне жеткенде екі тармаққа бөлінеді. Оның 1-шісі бағытын жалғастыра береді де, ал екіншісі шығысқа бұрылып, шығыс жағалауындағы солтүстікке бағытталған ағысқа қозғалады. Судың орташа тұздылығы 12,7 ‰ , шығыс жағалауында 13,2‰.
Фаунасы мен флорасы. Каспий теңізі Фауна мен флораға кедей. Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі бар. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсена және жүрекше моллюскалар жатады.[1].
Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балықтар түрлеріне бай.Онда бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, тұщы су балықтар (табан балық, көксерке, сазан т.б.) , ит балық ауланады.Кейінгі кезде мұнай өнімдеріне байланысты теңізден ауланатын балық мөлшері азаюда.


Систематикасы, таралуы қоректенуі.

Систематикасы

Тип: Chordata-Хордалылар
Тип/тар: Vertebrata-омыртқалылар
Бөлім : Gnathostomata-жақтылар
Кл/үсті: Pisces-балық
Клас :Osteichtyes-сүйекті балықтар
Отр/үсті: Cyprinimorpha--тұқылар
Отр: Cypriniformes-тұқы тәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae-тұқылар
Туыс :Cyprinus -тұқы
1. Түр : C. carpio-сазан
Түрше: Cyprinus carpio aralinsis-арал сазаны
2. Түр: Rutilus rutilus-торта

С. саrріо көп кездесетін түрдің бірі. Сурrinus тұқымдасына торта,
нәлім, елец, аққайран, гольец, қызылқанат, жерех, оңғақ, подуст, пескарь, усач, шемай, мөңке тағы басқа көптеген балықтар жатады [2].
Сурrinus туысы СССР және Европада ихтиофаунасында біреу (сазан), ал Қытай ихтиофаунасында 2 туыс:
1. Сурrinus саrріо Linne – сазан Европа, Қара және Каспий теңізінің бассейніде Қазақстанда Жайық,Эмбі өзендерінде, Волга –Жайық суқоймаларында, және Шалқар және Каспий теңізінде кездеседі. Е.Н.Казанчеевтің көрсеткіші бойынша соңғы зонада кездескені. Мангышлау п-ова [2].

Сипаттамасы.

Бүйір сызығы 33 5-6/5-6 41 қабыршық, 36-38 омыртқа, Д ІІІ-ІҮ (15), 16-21 (22), А ІІІ –5-6, Р І 15-17, V ІІ 7-8, желбезек тычинкасы 20-29, жұтқыншақ тісі 1•1•3 – 3•1•1 немесе 1•2•3 - 3•2•1 (Берг, 1949; Серов, 1959; Шапочникова, 1964; Митрофанов, 1973; Казанчив, 1981)
Корсеткіштерімен зерттеу белгі барлық авторлардың көрсеткішімен ерекшеленбейді [2].
Г.Х.Шапаникованың айтуынша Жайық өзендегі сазанды одан арғы зерттеулермен анықтаулар боған жоқ. П.Н.Серов (1959) сазанның пластикалық белгісі: мынадай денесінің ең биік жері 25,4-34,1 (орташа 29,0) ең аласа жері 10,3-12,5, антедореальдісі 44-56, ростдореальді 11,7-22; антеанальное 68,5-79,3, антевентольное-41,4-51,8, пектовентрольді-18,4-27, ұзындығы Р – 15,3-18,8. құйрық сабағы – 15,7-21, Д биіктігі – 9-14,3, А биіктігі – 10,2-14,8 .

Биологиясы.

Сазанның жыныстық жетілу жасы 3,4.Жайық сазаны үнемі порциялап уылдырық шашатын балыққа жатады. Г.Х.Шапаникованың көрсетуінше порциялап уылдырық шашатындары 18-20% өрістеуі су температурасы 17-18 0 С, Жайық бассеиніндегі сазан әдетте сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында. Сазан балығының тұқымдалығы денесінің салмағы мен жасына байланысты. Е.Н. Казанчеев көрсеткіші бойынша Волга өзендегі сазан жасы 3-10 жас, дене ұызындығы 35-69 см, тұқымдығы 179-дан-1113 мың уылдырық, ал орташа 530 мың уылдырық, диаметрі 0,35-1,6 мм. Камьни – Самарекий өзеніндегі аналық сазан жасы – 5-8 жас, абсолютті тұқымдылығы 76-480 мың уылдырық, диаметрі 1,2 мм. Шалқар өзенінде 6-10 жылдық сазан 126-637 мың уылдырық береді [2].
Баковка көліндегі Чиров тоғанында (Батыс қазақстан облысы) 1968 жылы тұқымдылығы (дене ұзындығы 42-43 см, массасы 1450-1500г) 273-301 мың ұылдырық берген. Уылдырығы жабысқақ күйде болады. Эмбрион 3-5 тәуілікте шығады. Жарып шығу дене узындығы 4,5-5,5 мм. Н.П.Серов корсеткіші бойынша Қазақстанда Европалық сазанның максимальді жасы 14 жас. Қазақстандағы сазанның максимальді ұзындығы 44 см және 8,3 кг. деп әдебиеттерде көрсетілген. Жайық өзеніндегі сазан негізінен бентоспен қоректенеді. Олар: зоопланктонмен, хиронмид личинкасымен, көктемдіктер, біркүндіктер, азқынтанды құрттар, бүйірімен түзушілер, су өсімдіктерімен және детритпен қоректенеді [2].
Cyprinus carpio arelinsis – арал сазаны. Бүйір сызығының үстінгі қабыршақ саны 5-7, ал астында 4-7 қабыршақ, жұтқыншақ тістерінің формуласы 1•1•3 – 3•1•1. Пластикалық белгілері едәуір ажыратылған. Көптеген авторлар сазанның жыныс деморфизмі әлсіз білінеді деп жазады. Мысалы: Іле өзеніндегі аналық сазанның аналь қанаты биік (Таранов, 1959), аталықтың құрсақ қанаты қысқарған. Сазан түсі оның тіршілік ортасына байланысты. Түрліше болады, басының үсті қара түсті, арқасы мен бүйірі ашық қоңыр немесе жасыл-қоңыр, ашық-алтын түсті бүйірі, құрсағы әркез-сары немесе сары сұр, арқа қанаты күңгірт, жұп қанаттары қызылдау түс [2].
1949-1950 жылдары А.И.Герюнованың айтуынша сазанның омыртқасы майысқан, массасы аз, өсуі баяу көріксіздігі байқалады. Битликоль, Аккөл көлдерінде және Талас бассейнінде омыртқалының қисаюы, құйрық қанаттарының аймағы, аноль қанаттарының сәулелері, жұп қанаттарының ұзаруы болған. Оның дене ұзындығы 38 см болса, кеуде қанаттарының ұзындығы 19 см. болған [2].

Көбеюі.

Арал сазанының жыныстық жетілуі 3-7 жас. Солтүстікке қарағанда оңтүстік аралда бір жыл ерте жетіледі. Бұқтырма су қоймасындағы аталық сазанның жыныстық жетілуі 4 жас, дене ұзындығы 30см, ал аналықтары Б жас, ұзындығы 34 см, Авторлардың айтуынша негізінен сазан 4 жаста, дене ұзындығы 16-30 см жетіледі деп жазады. Арал сазаны полицикльді, порциялап уылдырық шашатын балық. Өрістеуі үшін судың температурасы 10-120С төмен болмау керек. Сырдария және Талас бассейіндерінде өрістеу наурыз айының аяғымен сәуір айының ортасы. Оңтүстік арал сазаны солтүстікке қарағанда 10-15 күн ерте өрістейді, ал Балқаштың оңтүстігінде, солтүстікігіне қарағанда 10 күн ерте болады (Пианев, 1985).
Бойы және жасы. Арал сазанының бойының өсуі оның су қоймада қоректенуіне байланысты. Сазанның өсуі келесідей жүреді. Аралда ай сайынғы ұзындығы 20 мм (Гостива 1956) шілде айының соңында орташа – 27 мм, ао июльде 9-47, орташа – 37мм. (Никольский 1940). 1960-1964 жылдары теңізде июль айындағы сеголетканың көлемі 22,7-43 мм, орташа массасы 629-2810 мг. (Маркова 1969). Шардара су қоймасында мамыр айының соңында шабақтары 25-26 мм және 0,44-0,51г, ал қыркүйек айының соңында 72-87 мм және 9,7-18,6 г (Ерещенко 1970) болады. Бөген су қоймасында мамыр айының соңында шабақтарының ұзындығы 12-24,маусым айының басында 14-42, тамыздың ортасында 40-90, орташа....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады