Қазақша Бата - тілек: Дастархан, Ас қайыру » ZHARAR © 2017 | дастархан бата беру, дастарханға беретін бата, бата дастархан басында, дастархан бата беру, ас қайыру батасы, ас қайыру бата беру тілек




  • »

Қазақша Бата - тілек: Дастархан, Ас қайыру

Қазақша Бата - тілек: Дастархан, Ас қайыру казакша Қазақша Бата - тілек: Дастархан, Ас қайыру на казахском языке

Құдайым осынау үйге дуа берсін,
Тіл-аузын дұшпанның буа берсін.
Келіннің балағынан бала саулап,
Салпы ерін сары ұлдар туа берсін.

Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!

Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан,
Қошақанның анасы,
Салық бассын үйіңді!

Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді.

Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!

Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Сүйістікпен иіскескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.

Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.

Аумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Алтыннан – жағаң,
Күмістен – тағаң.
Оң жағыңнан кетпесін
Күрпілдек қара сабаң.
Жортсаң жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Тілеуің қабыл,
Мұратың асыл болсын.
Ішкенің қымыз,
Жегенің сырбаз,
Кигенің түлкі болсын,
Жүрген жерің ойын-күлкі болсын!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 424 106
Рейтинг:
(голосов: 456)

KZ портал » Қазақша Баталар жинағы, дастархан бата беру, дастарханға беретін бата, бата дастархан басында, дастархан бата беру, ас қайыру батасы, ас қайыру бата беру тілек, Қазақша Бата: Дастарханда, Қазақша Бата, Дастархан бата на казхаском языке, бата беру дастархан, дастархан батасы, дастархан бата беру, дастархан бата тілектер, дастарханға бата тілек, дастархан бата тілектер, бата на казахском языке дастархан, ас қайтару батасы, ас қайыру батасы, ас қайыру бата беру, бата ас қайыру, бата, ас, бата қайыру, бата қайтару, Қазақша Баталар жинағы: дастархан арналған Бата - Тілек Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Баталар сайты, Баталар жинағы, Қазақша Баталар, дастархан арналған Бата - Тілек, Қазақша Бата: Дастарханда, Қазақша Бата, Дастархан бата на казхаском языке, бата беру, Қазақша Бата - тілек: Дастархан, Ас қайыру бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .