Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той

Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той казакша Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той на казахском языке

Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін,
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желігін,
Торсық шеке, ақ маңдай,
Өсе берсін бөбегің.
Өмірі ұзақ болсын деп,
Көңілі нұрға толсын деп,
Ақ батамды беремін.
Азамат боп ер жетсін,
Қиын кезде жолдастан
Аямайтын көмегін.
Тойың тойға ұлассын,
Бола берсін дегенің!
Аллаһу ақпар!

Берік болсын баулары балаңыздың,
Баспай өтсін біреудің ала жібін.
Ата-анаға қолғабыс тигізетін,
Дарыса екен бойына саналы ұғым.

Күн мен апта айлар боп өсе берсін,
Дені сау боп, күштері еселесін.
Ата-ананың тілегі қабыл болып,
Қыдыр Ата оңдасын пешенесін.

Күшті болсын Ата-ана денсаулығың,
Келіп жетті тілеген аңсар күнің.
Бала деген адамның бауыр еті,
Қуанышқып барлығың ән сал бүгін.

Қалжа сойып жасалды шілдехана,
Ат қойылды шақырып таңнан таза.
Есейгенде еліне қорған болып,
Ел сенімін ақтасын осы бала
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Беттер:
<< 1 2 3 >>




KZ » Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той, Қазақша Бата - тілек, Шілдехана бесік той, бесік тойда айтылатын тілектер, бесік тойда айтылатын баталар, бесик тойда айтылатын тилектер, шілдехана батасы, шілдехана баталары, шилдехана батасы, Қазақша Бата тілектер жинағы, Қазақша Бата тілек сайты, Шілдехана тойына арналған Бата - Тілек, Шілдехана бесік той қазақша бата тілек, Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той, Қазақша Бата - тілек: Шілдехана бесік той бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com