Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі » ZHARAR © 2017 | айт мерекесіне арналған тілектер, айт мерекесі құтты болсын, айт батасы, айт бата, айт туралы бата, бата айту, тілек айт бата беру, қазақша бата тілек ораза айт, айт кабыл болсын пожелания на казахском, айт қабыл болсын поздравления на казахском, айт кутты болсын поздравления на казахском, ораза айт мерекесі құтты болсын




  • »

Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі

Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі казакша Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі на казахском языке

Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.
Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.
Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.
Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,
Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.
Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,
Таңдарың болсын, арайлап атқан.
Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла
Жамандық етер, жиынға барма,
Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,
Ата-анаңа, ауырлық салма.
Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан
Қара жүрек, қудан сақтан,
Адал ойды лайлайтын,
Өтірікші зудан сақтан

Елімізді жаусыз ет,
Дұшпандарды елсіз ет.
Ұл-қызымды, мінсіз ет.
Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Ұл-қызыңның болашағын,
Көретұғын шамаң болсын.
Дендеріне саулық берсін,
Несібеңді молғып берсін.
Жақсылықты жаршы етіп,
Ұлы Алла жарлық берсін.
Болсын аман туыстарың,
Жаман іске жұғыспағын.
Болмашыға өкпелесіп,
Достарыңмен суыспағын.
Мен тілеймін оңдасын деп,
Ұлы Алла қолдасын деп.
Осы отырған барлығыңа,
Еш жамандық болмасын деп.
Көл – көсірғып елге бақ бер,
Әрқайсыңа ұзақ жас бер.
Қосылсаңдар қол жайыңдар,
Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!

Әмин десең Алладан,
Берсін дейік қол ұшын.
Періштең кетпей айланып,
Жаман істен қорысын.
Пайғамбардың ақ жолын,
Қыдыр әкеп дарытсын,
Алтынды ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын.
Қиналғанда достарың
Қасыңнан әр кез табылсын.
Береке сақтап ұлдарың,
Тату өтсін абысын.
Айналаңнан кетпесін,
Жақының мен алысың,,
Дастарқаның жиналмай,
Еселеп өссін табысың.
Саған біткен мал – басқа,
Қожай, Даурен дарысын.
Әмин, АллаҺу Әкбар!

Дендеріне саулық берсін
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларын ынтымақты болсын,
Қыз балаларын гүл сияқты болсын.
Келіндерін ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.
Туысқандарын тату болсын,
Қиналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.
Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.
Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманыңды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет
Әмин Аллаһу Әкбар!

Батасын тура жолына,
Қайыр берсін соңына.
Кіріптар етпе бір Алла,
Залымның құрған торына.
Залымдық жолға жүргізбе,
Көңілге шайтан кіргізбе,
Тәубәсіз пенде атантып,
Дұшпаныма күлгізбе.
Дұшман көңілін семіртпе,
Тұрақсыз ғылып еліртпе,
Қиямет-мақшар күнінде,
Шерманда етіп телміртпе.
Шын тұрақты тілегім,
Былғанбаса екен жүрегім,
Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ,
Тайаныш мықты тірегім.
Құлшылық етіп Аллаға,
Құдіретіне сенгенмін.
Мұхәммәдәр-Расулуллаһ
Сүндетіне енгенмін.
Сенімін зор Құдайға,
Құдайсыз болса ұнай ма.
Сене алмаған адамның
Жүрегі ауыр ылайға.
Алдағы өмір жарық етер,
Зырлап барып жалт етер,
Үстіндегі адамзат,
Сыпырылып, жерге жалп етер.
Топырақ басар денесін,
Сонда не күй көресің.
Ерікті Алла сұраса,
Не деп жауап бересің.
Мүмкір, мәнкір қолға алар,
Алдында сұрақ бересі.
Қырық қадам кеткен соң,
Жатқан жерден тіріліп,
Сұраққа жауап берерсің.
Бар күнәңді тартасың,
Көрешекті көрерсің.
Ғамал дәптер оң жақтан,
Берілсін деп тілейік.
Әл-ләә ил-ләлләһ деп,
Иман айтып жүрейік,
Арам істен аулуқ боп,
Дін жолымен жүрейік.
Сақтасын Алла тозақтан,
Әмин деп қол жайдым,
Осы менің тілегім.

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханым мол болсын,
Абыройын зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сыңдыра алмаған сағыңды,
Дұшмандарың жер болсын.
Өмірің өрлей берсін,
Жүргенде жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын.
Аллаға ісің жақсын,
Есігің қыбылға бақсын.
Дәулетің судай тасысын,
Шаппай қылышың кессін,
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын.
Ел-жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала-шағаң, туған-туыстарың,
Бақытты өмір сүре берсін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын.
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің өнімді болсын.
Әйелің жібектей болсын,
Ары түлектей болсын,
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Достарың өсе берсін,
Дұшпаның аяққа баса берсін.
Ата-бабаңның аруағы қолдасын,
Ешқандай жамандық болмасын,
Үйіңе береке берсін,
Ішкен-жегеніңіз балдай батып,
Судай сіңе берсін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!


Санат: KZ портал » Қазақша Баталар жинағы | | 14 493
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Баталар жинағы, айт мерекесіне арналған тілектер, айт мерекесі құтты болсын, айт батасы, айт бата, айт туралы бата, бата айту, тілек айт бата беру, қазақша бата тілек ораза айт, айт кабыл болсын пожелания на казахском, айт қабыл болсын поздравления на казахском, айт кутты болсын поздравления на казахском, ораза айт мерекесі құтты болсын, ораза қабыл болсын тилектер, ораза айт қабыл болсын тилектер, ораза айт қабыл болсын поздравления, ораза айт қабыл болсын тілектер, ораза құтты болсын, ораза айт құтты болсын, ораза айт қабыл болсын, ораза айт қазақша, ораза айт бен құттықтау, ораза айы мен құттықтау, ораза айтқа құттықтау, ораза айт кабыл болсын пожелания, рамазан құтты болсын, рамазан құттықтау, рамазан айында құттықтау, рамазан айы құттықтау, рамазан, ораза кабыл болсын тилектер, айт мерекесіне арналған тілектер, айт мерекесі құтты болсын, айт батасы, айт бата, айт туралы бата, бата айту, тілек айт бата беру, қазақша бата тілек ораза айт, айт кабыл болсын пожелания на казахском, айт қабыл болсын поздравления на казахском, айт кутт, Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .