Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі


№21 жалпы білім беретін орта мектебі

Оралбаева Төлеубала

8 сыныбы

«Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі»

Бағыты: таза табиғи орта – Қазақстан 2050 стратегиясын іске асырудың негізі

Секциясы: биология

Жетекшісі: Нурсагиева А.Б.

2013-2014 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе

І-бөлім. Өсімдіктердің фотосинтездеуші аппаратының

құрылысы

1.1 Жапырақтың анатомиялық құрылысы

1.2 Өсімдік клеткасының құрылысы

1.3 Фотосинтезге сыртқы жағдайдардың әсері

1.4 Фотосинтезге температураның әсері

ІІ-бөлім. Зерттеу материалдары мен әдістемелері

2.1 Канада элодейі өсімдігінің зерттеу обьектісіне

сипаттама

2.2 Элодей (сужапырақ) жапырағындағы

хлоропластар және алғашқы крахмал

2.3 Микроскоптың құрылысы және онымен

жұмыс жасау

2.4 Уақытша препараттар дайындау

ІІІ- бөлім. Зерттеулер нәтижесі.

3.1 Элодей жапырағының құрылысының

ерекшелігі

3.2 Элодей жапырағына жарықтың түсуіне

байланысты фотосинтездеуші аппаратын анықтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиттер тізім

Кіріспе

  Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар-болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А.С.Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3-не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молеклалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға-ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т.б бағытта жұмсалады.

Фотосинтездің жарық деңгейіне байланысты өзгеруі жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктерде біркелкі болмайды. Біріншілерінде фотосинтездің қанығуы екіншілеріне қарағанда жарықтың жоғарырақ деңгейінде байқалады. Көлеңкеге төзімділерге ормандардағы шөптесін өсімдіктер, кейбір ағаштар, теңіз балдырлары жатады. Көптеген әдеби деректерге сүйенетін болсақ, фотосинтездеуші аппараттың қызметі жайында толық ашылып жазылмаған. Осыған байланысты «Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағының хлропласт санының өзгеруі» тақырыбына дайындалған бітіру жұмысының мақсаты: Элодея өсімдігінің фотосинтездеуші аппаратының құрлысы және оларға жарықтың әсерін зерттеу. Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылды:

  • Жарықтың түсуіне қарай фотосинтездеуші аппараттың өзгеруін зерттеу.
  • Элодея өсімдігінің дамуына байланысты фотосинтездеуші аппаратын анықтау.
  • Жарықтың әсерінен фотосинтездеуші аппараттың өзгеру дәрежесін анықтау.

Жапырақтың үстінен көтеріліп тұратын, ұзын түктердің эпидермисінің түп жағының клеткалары біршама үлкен болады. Эпидерманың сыртын кутикула жауып тұрады. Үстіңгі және астыңғы эпидермаларының екеуінде де устьица аппараттары болады. Өткізгіш шоқтары жабық, коллетеральды, ксилемасы жапырақтың үстіңгі жағына, ал флоэмасы астыңғы жағына қарай бағытталған болады. Шоқтары үлкен де және кіші де болады. Әрбір шоқ, дөңгелек, қабыршалары жұқа болып келетін, хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады. Осы клеткаларда фотосинтез процесінің өнімдері жиналады. Мизофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан, азды-көпті біртектес клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ортаңғы жұқа бөлігінде, мизофилл оның тек төменгі жағында ғана болады, ал, қалған кеңістігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткалармен толтырылған. Орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады. Яғни клетканың фотосинтез процесі жүретін бөлігінің де көлемі ұлғаяды деген сөз. Смола жолдары қатпарлы паренхиманың әр жеріне өтіп жатады. Жапырақтың қатпарлы паренхимадан, эндодерма арқылы бөлініп тұратын, ортаңғы бөлігінде, коллатеральды типті екі өткізгіш шоғы орналасады. Олардың ксилемалық бөлігі қылқанның жалпақ жағына, ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытталған болады. Яғни, морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстіңгі беті, ал дөңес жағы астыңғы беті болып есептелінеді.

Өткізгіш шоқтарының арасында механикалық ұлпа орналасады. Жапырақтың ортаңғы бөлігінің қалған кеңістігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.

1.2 Өсімдік клеткасының құрылысы.

 Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетканы сырт жағынан жауып тұратын біршама қатты және мықты көмірсутекті қабықша: протопласт (грекше протос-алғашқы, пластос – белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.

Клетка қабықшасы және вакуоль протопластың тіршілік әрекетінің нәтижесінде, клетка дамуының белгілі кезеңінде түзеледі. Протопласта және клетка шырынында (сирек клетка қабықшасында) белгілі бір пішінге ие болатын басқа заттар кездеседі. Олар туын заттар (кристалдар, крахмал дәндері, белок, май тамшылары және басқалар) деп атайды. Протопласт күрделі бөлік, органелла (немесе органоидтар) деп аталатын әр түрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылымы, атқаратын қызметі бар. Клетка органгеллаларына: ядро, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық ретекулим, диктиосомалар, пароксисомалар, лизосмалар жатады. Органеллалар, олардың өзара қарым-қатынасын жүзеге асыратын гиалоплазмаға батып тұрады. Гиоплазма ядродан басқа органеллаларымен клетканың цитоплазмасын түзеді (мұны бұрын жәй ғана плазма деп атаған). Органеллалардың сандық қатынасы мен құрылым ерекшеліктері клеткалардың арнаулы қызмет атқаруға бейімделулеріне қарай өзгеріп отырады. Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының органеллалары молекулалық құрылым бойынша бір-біріне ұқсас, ал химиялық құрамы жағынан жақын, сондықтан да олардың атқаратын қызметі де ұқсас болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік процестерінің көп ортақ жақтарының бар екендігі байқалады. Сонымен қатар олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Өсімдіктер клеткасының өзіне тән ерекшеліктері – оларда плазмодемалармен жабдықталған клетка қабықшасының пластидтер және орталықта ірі вакуольдерінің болуы. Аталмыш ерекшеліктер тек өсімдіктер клеткасына ән нәрсе. Бұл олардың бір дерге бекініп тіршілік етуіне, қаңқасының болмай, автотрофты қоректенуіне және оларда қалдық заттарды бөліп шығаратын жүйенің болмуына немесе нашар жетілуіне байланысты.

І-бөлім

    • Жапырақтың анатомиялық құрылысы

Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне-фотосинтез алмасуын реттеу жатады. Жапырақ тақтасы эпидермадан, мезофиллден, өткізгіш шоқтарынан (жүйкелерден) тұрады.

Буктың жапырағының үстіңгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласына қарағанда біршама қалың болып келеді. Үстіңгі эпидермасында устьица аппараттары болмайды. Үстіңгі эпидерма мен астыңғы эпидерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мизофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды. Бұл бағаныл паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астыңғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық қуыстары үлкен, біршама дөңгелектеу болып келген клеткалар – борпылдақ паренхима орналасады. Оның негізгі атқаратын қызметі газдың алмасуын және судың булануын /транспирация/ реттеу болып табылады. Мизофиллде бір-бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстіңгі эпидермистен астыңғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалыңдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстіңгі бетіне қарай, ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бұл жабық коллетералды шоқ. Ол склеренхимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасыл колленхима жатады.

Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмалық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен, буктың жапырағының дорсальды /арқа/ және вентральды /астыңғы/ жақтары әртүрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әртүрлі болады. Мұндай жапырақтар дорсинвентральды деп аталады. Олар өсімдіктердің көпшілігіне тән. Жүгерінің жапырағының үстіңгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады қысқа біз тәрізді және ұзын жіп тәрізді.

Қылқан жапырақты өсімдіктердің қылқан деп талатын жапырағының құрылысы ерекше болады. Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады – эпидермадан және гиподермадан.

Эпидерма кутикуланың қалың қабатымен жабылған болады. Көлденең кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес, қабықшалары қалың болып келеді. Жапырақтың екі бетінде де, гиподерманың деңгейіндегі ойыстау жерлерде устьица аппараттары орналасады, олардың астында үлкен ауа қуыстары болады. Екі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының қабықшалары сүректенеді. Гиподерма бір қатар, бұрыштарында 2-3 қатар, қабықшалары аздап қалыңданып сүректелген, клеткалардан тұрады. Оларда бойына суды жинау және механикалық қызметте атқарады. Гиподеманың астында мизофилл орналасады. Ол қабықшалары кейбір жерлерде клетка қуысының ішіне өтіп, қатпарлар түзетін /қатпарлы паренхима/ клеткалардан тұрады. Бұл цитоплазманың хлоропластары бар, клетка қабықшасына жақын. Жапырақтың осы бөлігінде, эпидермистің астында, склеренхиманың сүректенген сілемдері орналасады. Олар жапырақ тақтасының астыңғы жағынан, шоққа дейін жететін шығыңқы төмпешіктер түзеді. Жапырақ тақтасының қалған бөліктерінде, склеренхиманың субэпидермалық сілемдері /тяжи/, үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады. Сонымен элосся жапырағының екі жағы да бірдей қызмет атқарады және құрылыстары бірдей болады. Бұл изолетаральды жапырақ. Құрылысы мұндай болып келу, біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән.

Цитоплазманың құрамында көптеген химиялық қосылыстар енеді. Мұнда су мөлшерін 70-90%, белок 10-20%, липиттер 2-3%, көмірсулары 1-2%, минералды тұздар 1%. Цитоплазманың химиялық құрамы ондағы жүретін зат алмасу реакциясына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Цитоплазманың құрамында жәй және күрделі белок бар.

Сондықтан да кейбір өсімдіктердің тұқымы тыныштық күйінде 80-100 С температурада ешбір зақымданбайды. Ал өсіп келе жатқан кезде 50-60 С температурада олардың цитоплазмасы коагуляциланады.

Эволюциялық дамудың барысында жер шарының әр түрлі тереңдіктерінде өсетін өсімдіктердің цитоплазма коллоидтарының тұрақтылығы қалыптасқан. Мұндай тұрақтылық тұқым қуалайды. Мысалы, Саханың ормандарында өсетін Сібір қарағайы, балқарағай -52 суыққа төзе алады. Ал Закавказьенің кейбір жеміс беретін өсімдіктері – анар, інжір. Батумиде өсетін эвкалипт, драцена – 15 С температурасында үсіп қалады. Сол сияқты температурасы 60-90 С ыстық бұлақтарда тіршілік ететін төменгі сатыдағы организмдер белгілі. Кейбір төменгі сатыдағы организмдердің спорасы 100-200 С температураға төзімді.

Хлоропластар жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақ мезофилиндегі кеуекті және бағана тәріздес клеткаларында көп болады. Олар жапырақ эпидермисіндегі устьицалардың тұйықтаушы клеткаларында да біраз мөлшерде кездеседі.

Клеткалардың көлемі ұлғайған сайын хлоропластардың саны да көбейе береді. Шпинат өсімдігінің палисадтық клеткасының біреуінде хлоропластардың саны 300- 400 –ге жетсе, кеуек ұлпа клеткасында 200-300- ге жетеді. Әдетте олар клетка жиектерінде плазмалемманы жанай орналасады.

Барлық хлоропластардың құрамында оларға жасыл түс беретін хлорофилл пигменті болады. Қоңыр және қызыл балдырларда хлорофилдің жасыл түсі басқа реңді пигменттермен бүркеліп қалады.

Өсімдіктер әлемінің әр түрлі өкілдерінде тилакоидтардың хлоропластарда орналасуы түрліше болады. Қызыл балдырлар клеткасында олар жекеленіп бір-біріне қатарласып орналасады. Олардың сыртқы мембранасына құрамында фикобиллипротеин молекулалары бар фикобилисомалар деп аталатын бөліктер орныққан. Өсімдіктер клеткасында қабықша мен вакуольдың болуынан олар созылып өседі. Мұндай өсу барысында клетка көлемінің ұлғаюы протопластың емес, вакуоль мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүреді.

Жануарлар клеткасының тағы бір айырмашылығы – жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысатын центриольдің болмауы.

Өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Бір клеткалы көк – жасыл балдыр хрококктың, жасыл балдыр хлорококктың клеткасы, сондай-ақ бактерия тұқымдас коккалар клеткасының пішіні шар тәрізді, вибриондардікі үтір тәрізді болып келеді. Клеткаларының көлемі жағынан ең ұсағы бактериялар. Кейбір бактерия түрлері микроскоппен мыңдаған есе үлкейткенде ғана көрінеді. Олардың үлкендігін микронмен ғана өлшейді. ( 1 микрон 0.001 мм-ге тең).

Сонымен қатар, қарапайым көзбен көруге болатын ірі клеткалар да бар. Мысалы: цитрустар (апельсин, лимон, мандарын) мен қауын, қарбыз, помидор, алма, алмұрт жемісінің клеткалары ірі болады.

Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:

Паренхималық клетка;

Прозенхималық клетка.

Паренхималық (латынша – тең және грекше «энхима» - құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрлері барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады.

Прзенхималық (грекше «прос» - бір бағытқа қарай) клеткалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық, ұшы сүйір болады.

Көптеген талшық беретін өсімдіктер зығыр, кене шөптің, тін талшықтарының (прзенхималық клеткаларының) ұзындығы 20-40 мм, қалақайда 80 мм, ал қытай қалақайында (рами) – 220 мм.

Прзенхималық клеткалардың ені бірнеше микрометрден аспайды.

1.3 Фотосинтезге сыртқы жағдайлардың әсері.

Фотосинтезге жарықтың әсері.

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар-болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы күн батар кездегі күн сәулесінің өзі-ақ жеткілікті деуге болады. А.С.Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3-не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы немес қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады.

Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молеклалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға – ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т.б. бағытта жұмсалады.

Фотосинтездің жарық деңгейіне байланысты өзгеруі жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктерде біркелкі болмайды. Біріншілерінде фотосинтездің наығуы екіншілеріне қарағанда жарықтың жоғарырақ деңгейінде байқалады. Көлеңкеге төзімділерге ормандардағы шөптесін өсімдіктер, кейбір ағаштар, теңіз балдырлары жатады. Жарық сүйгіштерге ауыл шаруашылық өсімдіктердің көпшілігін, ағаш, тектестерді, сондай-ақ тайыз суларда өсетін балдырларды жатқызуға болады.

Жарық деңгейі жоғары болған жағдайда (жарыққа қанығу деңгейі) фотосинтез қарқындылығы тыныс алу қарқындылығынан әжептәуір күштірек болады.

Жарық деңгейі белгілі шамаға дейін төмендегенде фотосинтезбен тыныс алу қарқындылығы теңесіп, СО2 сіңбей, О2 бөлінбейтін сияқты болып көрінуі мүмкін. Осы кездегі жарық деңгейін компенсациялық нүкте (теңесу) деп атайды. Бұл нүктенің шамасы көмірқышқыл газының консентрациясы -0,03 %, температура 20 С – ке тең кезде анықталады. Бұл шама бір клеткалы балдырларда ондаған люкс, көлеңкеге төзімді жоғары сатыдағы өсімдіктерде 800-2000 люкстік жарыққа дәл келеді.

Фотосинтездің жарыққа байланысты өзгеруін жүзеге асыру үшін ұзындықтары әр түрлі сәулелер қажет. Осыған байланысты, фотосинтез қарқындылығына жарықтың сапасы – спекторлік құрамы да әсер етеді.

Фотосинтез қарқындылығының ең жоғары деңгейі қызыл сәуле әсер еткенде байқалады. Оның себебі, осы сәулеің 1 квант энергиясы (42 ккал/молб) хлорофилл моллекласының 1-ші синглекттік – S 1 қозған күйге көтерілуіне толық жеткіліктілігінде. Осы энергия толығынан фитохимиялық реакцияларға жұмсалады. Энергиясы молырақ (70 кк) көк сәуле сіңгенде хлорофилл молекуласы 2-ші синглеттік –S2 күйге дейін көтеріледі де, артық энергия молекула S деңгейге қайта ауысқанда жылу күйінде бөлінеді. Инфрақызыл сәуле квантының энергиясы суды фотолиздеуге жеткіліксіз. Бірақ, күкірт бактериялары үшін осы энергия фоторедукция процесінде H2 S – тің тотығуына толық жеткілікті. Сондықтан осы бактериялардағы фотосинтез бактериохлофилдің қатысуымен, адам көзіне көрінбейтін инфрақызыл сәулелерді сіңіру арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар, қызыл сәуле барлық уақытта жерге түсетін күн нұрының негізгі бөлігі болып есептеледі. Егер күн 90 – тық бұрышпен түсетін болса, жерге жететін барлық сәулелердің ¼ - 1 қызыл сәулеің үлесіне келеді де, 5 – тық бұрышпен түскенде -2/3 –не дейін көбейеді.

Жарықтың сапалы құрамы фотосинтез өнімдеріне де түрліше әсер ететіндігі дәлелденді. Көк сәуленің әсерінен жапырақтағы алғашқы пайда болатын өнімдердің ішінде амин қышқылдары және органикалық, негізінен аланин, аспарагин, алма қышқылдары көбірек кездеседі. Қызыл сәулемен әсер еткенде, ең алдымен, ерігіш көмір сулар, кеңірек крахмал пайда болады.

1.4 Фотосинтезге температураның әсері.

 Температураның әсері өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне байланысты барлық процесстерде байқалады. Фотосинтездің алғашқы фотофизикалық реакциялары – энергияның сіңуі мен көшкіні, қозған күлері температураға онша тәуелді емес. Фотосинтездік фосфорлану процесстері температура жағдайына көбірек сезімтал келеді.

Өсімдіктердің көптеген түрлерінде, соның ішінде бидай, темекі және қант қызылшасы сияқтыларды 10 – 35 С аралығында қалыпты деп есептелетін температура шамасы онша анық емес.

Фотосинтездің температуға тәуелділігі, ең алдымен оның қараңғы сатысындағы реакцияларында анығырақ байқалады. Негізінен ферменттік есептелетін осы реакциялардың жылдамдығы температура 10 С –қа (О 10) көтерілгенде 2 – 4 есе жоғарылайды. Жарықтағы реакциялар үшін бұл көрсеткіш – 1,0-1,2 шамасында ғана болады.

Фотосинтездің температураға жалпы тәуелділігін бір төбелі қисық сызық арқылы бейнелеуге болады.

Бұл бейнеден негізгі температуралық үш нүкте байқалады: ең төменгі – фотосинтездің басталу температурасы, қалыпты және ең жоғары.

Жапырақты ағаштарға фотосинтездің ең жоғары температуралық шегі + 40 С шамасына тура келеді. Қыналарда, солтүстік және қоңыржай аймақтарда өсетін қылқанды ағаштарда фотосинтездің ең төмен температуралық шегі – 15 С... -0,5 С, тропикалық өсімдіктерде - + 4-8 С шамасына тура келеді.

Өте ыстық қайнарларда тіршілік ететін көк жасыл балдырларда СО 2- нің фотосинтездік игерілуі 70 – 80 С – да жүзеге аса береді.

Жасыл балдырлар фотосинтезінің ең жоғарғы температуралық шегі 60 С немесе одан төмендеу болады.

Қоңыржай аймақтарда өніп өсетін өсімдіктер үшін қалыпты температура – 20- 30 С, ең жоғарғы шегі – 40 – 43 С шамасында.

Шөл далалық өсімдіктердің кейбіреулерінде фотосинтез процессі 58 С- лық температурада жүзеге аса береді.

Жаздық өсімдіктерде ассимиляцияның ең төмен деңгейі – 0 С шамасында, күздік өсімдіктерде - 2 – 7 С аралығында байқалады.

Өсімдіктердің қысқа, суыққа төзімділік қабілеті фотосинтез процессімен тығыз байланысты.

Қыстап шығатын өсімдіктердің басым көпшілігінде ерте күзден бастап тұрақты суық басталғанша дайындалу – шынығу процесстері жүреді. Бұл кезеңдерде фотосинтездік аппараттағы өзгерістер мен қатар уытсыз заттардың концентрациясы жоғарылап, уыттылардың концентрациясы төмендейді. Сонымен бірге қорғаныштық мәні бар қанттардың, амин қышқылдар мен бірге қорғанышқтық мәні бар қанттардың, амин қышқылдармен тұздардың, т.б заттардың мөлшері көбейеді.

Температуралық жағдай фотосинтез өнімдерінің сапасына да үлкен ықпал жасайды. Мысалы, температура жоғарылағанда СО 2-нің гликол қышқылына айналуы күрт төмендейді. Бұның себебі осындай жағдайда гликолаттық циклдің күшейіп, гликоль қышқылының көбірек шығындалуына байланысты.

Фотосинтез процессінің ең төмен жоғары және қалыпты темперетуралық шектері әліге дейін толық , дәл белгіленбеген.Бұл көрсеткіштер өсімдіктердің даму сатыларына жзәне түрлеріне.

Сыртқы жағыдайларға байланысты құбылмалы болады .Мысалы,қалыпты температура жапырақтағы фотосинтездің қарқындылығы жоғарлаған сайын төмендейді

Дәлдеген деректерге байланысты өсімдік денесімен қоршаған ауа арасындағы температура айырмашылығы жақындаған сайын ,және мжапырақтың үстіндегі беті мен астыңдағы айырмашылық көбейген сайын фотосинтез қарқындығы жоғарлайды .

Температура фотосинтез процессіне тікелей ғана емес, экологиялық фоктор ретінде жанама да манызды роль .Жекеи өсімдік түрлерін өздеріне ғана тән ,ассимилляция өнімдерің таралауы мен жапырақтардың өсуіне қолайлы түнгі темперетураның шектері болатындығы дәлелденді

ІІ –бөлім Бөлім.Зерттеу материалдарды мен әдістемелері

2.1 канада элодейі өсімдігінің зерттеу обьектісініе сипаттама

Суқоректілер тұқымдасын –Нydrochafitacеае 16 туыстық және 120түрлерден тұрады.

Барлық жерде таралатын сулы өсімдіктер .көпжылдық немесе біржылдық шөптер. Өсіидік тамыр сабақтарда жапырақтардың жер тоғаны (розеткасы) пайда болды . Жертоғаның қолтығынан гүл сағағы шығады. Гүл сағақта екі біріккен гүл жапырақшадан тұратын жамылғыш болады. Жамылғыш қолтығында гүл немесе гүл шоғыры орналасады. Гүлдері актиноморфты, тостағанша мен күлтесі 3- саны, андроцейі – 1-5 аталықтан, гинецейі – 3-6 (15) жеміс жапырақшадан тұрады. Жемісі көптұқымды етті. Аквариумды өсімдіктер: канада элодеясы.

Ализматидтер кластармағы. Даражұрнақтылар класында алазматидтер ең кіші кластармағы деп саналады, алазматидтер кластармағына 14 тұқымдас немесе 475 түрлер кіреді.

Алазматидтердің өкілдері – Сулы немес батпақты өсімдіктер, олар суда немес судың бетінде тіршілік етеді.

Алазматидтер қарапайым белгілерімен, сонымен қатар жоғары бейімделген белгілері бойынша сипатталады. Гүлдің құрылысында гүл бөліктерінің саны тұрақсыз, гинецейі апокрапты, гүлдері актиноморфты, қосарланған гүлсерікті болып келеді. Аталық пен жеміс жапырақшалардың саны біреу немесе бірнешеу болады, аналықтың түйіні төменгі, тұқымдары эндсопермсіз.

2.2 Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар алғашқы хромал.

Сужапырақ – ағынсыз суда, баяу ағатын тұщщы су. Суаттарда таралған су өсімдігі. Сужапырақ бөлме жағдайларында аквариумда жақсы өседі, сондықтан жыл бойы сабаққа қажет уақытта пайдалануға ыңғайлы. Сужапырақ жапырағы орталық бөлінгенде екі қатар жиегінде бір қатар клеткалар тұрады. Жас өркеннің ұшынан 1-2 см төмен орналасқан. Онша үлкен емес жапырақтың біреуін пинцеппен жұлып алып, зат әйнегіндегі бір тамшы суға саламыз.Үстінгі беті жоғары қараған жапырақ тақтасы суға толық батыруы керек. Енді жабын әйнекті ауа талмайтындай етіп жауып, дайындалған уақытша препаратты әуелі микроскоптың ішкі обьектілерімен қараймыз.

Сонда жапырақтың пішіні, оның орталық жүйесіндегі ұзын бойылы орналасқан бірнеше қатар мөлдір клеткалары және қара жолақтар түзіп орналасқан, ішкі ауаға толы клетка аралықтар анық көрінеді.

 Ауа көпіршіктері клетка құрамын көруге кедергі жасайды, сондықтан препаратты үлкен обьектифпен қарау алдында жапырақтың негізінде таяу орталық жүйкеге жақын жатқан мөлдір клеткаларды таңдап аламыз.

 Микроскоппен үлкен обьективімен қараған кезде цитоплазмаға батырылып, ретсіз орналсқан, реңі жасыл, пішіні линза тәрізді хлорофилл дәндерін көреміз.

 Осы препараттың хлорофилл дәндерінде жинақталған алғашқы ассимиляциялық кромальды көруге болады. Кромаль дәндері реактивімен әсер етеміз. Ол үшін зат устелдегі препаратты жабын әйнегін оның жағына шыны таяқшамен реактивті тамызып, сол жағына сорғыш қағаздарды тақап орналастырамыз, сонда сарғыш қағаз препараттағы суды бойына сіңіріп алып, судың орнын реактив басады.

 Реактив клеткаларға еніп, оларды өлтіреді. Клетканың құрамындағы цитоплазма, пастиндер сары түске, ал хлоропластағы кромал дәндегі қара көк түске боялады.

 Тірі клеткаларға жарық сіңдіру көрсеткіші цитоплазмамен сәйкес келетіндіктен ядро байқалмайды, ол өлі клеткаларды сары түске бояп анық көрсетеді.

 

2.3 Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс жасау.

 Зерттеуге қажетті материалдар: гүлдеп тұрған өсімдіктердің (бөлме немес дала өсімдіктері) гүл түйіршігі тәрізді плаумның споралары, кәдімгі қарағайдың құлқұйырдың тозаңдары, МБР -1 Биолум , МБС-1 микроскоптарды, қол лумпа және штативі лумпа, сызу апараттары, акуляр және обьектив микрометрлерді, әрбір жұмыс орнында микроскоппен жұмыс жасауға жабдықтар:

 Тапсырма:

  • Биологиялық МБР – 1 микроскоптың немесе биолумның құрылысымен танысып онымен жұмыс жасау жаттығу.

Уақытша препараттар жасаудың әдісмесін оқу.

Кез келген гүлдеп тұрған өсімдіктер атаулының тозаңдарынан немесе түйреуіш тәрізді плаунның спорларынан, кәдімгі қарай, құл қайырдың тозаңдарынан уақытша препараттар жасау. Жасалған препараттарды микроскоптың алдымен кіші, одан кейін үлкен обьективтермен қарау. Қаралған обьективтердің суреттерін салып тиісті белгілерін жасау.

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай тәртіпті және операцияның жүйелігін сақтап отыру керек.

  • Микроскопты столдың шетіне қойғанда, окуляр сол көздің қарасында тұратындай керек және жұмысты толық бітіргенге дейін оны қозғамайды. Дәптер және басқа да жұмысқа қажет заттар, микроскоптың оң жағында орналасуы тиіс. Микроскоппен барлық уақытта отырып, жұмыс істейді. Орындықтың биіктігі окулярға отырып тіке қарай алатындай болу керек.
  • Диафрагманы барынша ашып, конденсорды ең жоғарғы деңгейге дейін көтереді. Егер столша орталыққа кептірілмеген болса оны вентиктердің көмегімен жылжытқанда, конденсордың линзасы столшаның тесігінің ортасына дәл келетіндей етеді.

8х номерлі обьективті жұмыс жағдайына келтіреді, яғни оны зат столшасынан 1 см дей қашықтықта қояды. Микроскоппен жұмыс істеуді барлық уақытта кіші үлкейткішпен бастайды.

Сол көзбен окулярға қарап және ойыс айнаны пайдалана отырып жарықты терезеден / тікелей күннің сәулесін емес/ немесе электр лампасынан /егер лампа күңгірт болмаса, онда конденсордың астындағы сақинаға күңгірт айна қояды/, обьективке бағыттайды және көру аймағына жарық береді. Оң көз ашық қалып отыру керек, өйткені оң көз жабық болған жағдайда, барлық күш сол көзге түседі, ал ол көздің еттерінің талып шаршауына әкеліп соғады.

Препарат зат столшасының үстіне қойылады/ қарастырылатын обьект обьективтің астында тұруға тиісті/ және жанынан қарап обьективті дөрекі келтіретін винттердің көмегімен обьективтің фронтальды линзасымен препараттың арасындағы қашықтық 4-5 мм. Болатындай етіп, төмен түсіріледі.

Окулярға сол көзімен қарай отырып және дөрекілеу келтіретін винтті өзіне қарай бұрап, обьектівті жайлап обьекттің кескіні жақсы көрінгенге дейін көтереді. Егер препараттың кескіні көрінбесе онда 5-ші және 6-шіпунктердің барлық операциясын басынан қайталау керек. Дөрекілеу келтіретін винтті өзіңнен кері айналдыра отырып, окулярға қарауға және обьективті төмен түсіруге болмайды. Өйткені бұл жағдайда фронтальды линза жабын айнасын сындыруы мүмкін және өзінің беті де тырналады.

Кесікін көрінгеннен кейін, препаратты қолмен жылжытып обьектінің қажетті жерін табады, содан соң көру аясының ортасына орналастырады және препаратты клемалмен қосып бекітеді.

Препараттың кескінін таза көрінуіне қол жеткізіп отырып обьектінің фронталды линзасын қажетті жағдайда келтіреді. Жарық шамадан тыс көп болған жағдайда, көріну конденсорды төмен түсірген сайын жақсара түсіреді.

Обьектінің қандайда бір бөлігін микроскоптың үлкен үлкейткішімен зерттеу үшін, сол бөлігі препаратты қолымен жылжыта отырып көру аясының ортасына қояды. Содан соң револьверді айналдырып 40х номерлі обьективті жұмыс істеу жағдайына келтіреді. /обьективті көтеру керек/. Осыдан кейін микрометрлі винтті пайдалана отырып обьектінің көрінісінің тазалағына қол жеткізіледі. 40х номерлі обьектив үшін иристі дифраграмның оптималды диаметрін келтіреді.

Үлкен клеткішті обьективті пайдалану кезінде препаратты тек столшыны қозғауға арналған тетіктің көиегімен жылжытуға болады.

Үлкен клеткішпен жұмыс істеуді аяқтағаннан соң, револьверді бұдан бұрай отырып, микроскопты ішкі үлкейткішке келтіреді, тек осыдан кейін препаратты алады. Препаратты 40х номерлі обьективтің астынан суырып алуға болмайды, өйткені оның жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін ара қашықтығы 0.6мм тең. Бұл өте жақын ара қашықтық сондықтан да байқамаса фронтальды линзаны бүлдіріп алуға болады.

Микроскопты күтіп ұстау керек. Тек күтіп ұстаған жағдайда ғана микроскоп көп жылдар бойы жақсы жұмыс істейтін болады. Әсіресе оның оптикалдық бөлігінің тазалығына көп көңіл бөлу керек: обьективтерге, окулярға конденсорға.

    • Уақытша препараттар.

Уақытша препараттар жасағанда қарастырылатын обьектіні зат айнасының үстіне тамызған судың немесе грицелінің, реактивтің немесе бояғыш заттың ерітіндісін үстіне салады да, бетін жабын айнасымен жабады. Мұндай препаратты бір айдан артық сақтауға болмайды. Ұзақ уақыт бойы сақталған препараттарды тұрақты препараттар деп атайды. Кесіндінін ұстарамен жасайды. Ұстараның өткірлігі оның шаш алатындай болуы керек. Егер ұстара онша өткір болмаса, оны алдымен жұмсақ қайрақпен содан кейін қайыс белдікпен қайрау керек. Егер ұстарынң жүзінде іркіс-тіркіс тістері болмаса онда оны ұзақ дән тәрізді қайрақпен, содан соң барып жұмсақ қайрақпен қайрайды. Қайрақтың бетін керосинмен голицеринмен немесе сумен сулап отырады. Қайрақтың ені 5 см аспау керек, қайраған кезде ұстараның жүзін тасқа жалпағынан жатқызады. Қайрақты сол қолдың саусақтарымен қысып, ұстарын шамалы қисықтау ұстап, оның жүзі түгелімен тасқа тиетіндей етіп алға қарай жылжытады. Жылжудың соңғы пунктіне жеткенде ұстарынң қайрақтың бетіне алмасатын кері бұрады. Осылайша бірнеше рет қайталанғанна кейін ұстараның жүзін белдікке немес арнайы қайысқа жанып, жүзін тегістейді.

Ұстаранын жүзін белдікпен тегістеу басқаша жүреді Ұстараны белдікке көлденеңнен ұстап онын оның жүзі жағымен емес ,керсінше тұйық жағымен алға қарай жылжытады.

Қайрап және тегістеп болғансон ,ұстаранын өтілімділігің шашқа салу арқылы анықтайды .

Кесінділер дайындау үшін ұсақ обьектілерді бузинанын өзегінің жарықшағына ,тығынға картоптын түйнегін немесе сәбіздін түбірінің жарықшағына қыстырады .

Цилиндр тәрізді оргондарын сабақ тамыр 3 бағытта кесуге болады; көлдеңінен ұзынша радиалды, ұзынша тангенталды.

Обьектіні сол қолдың үлкен және сұқ саусақтардың арасынан қысады да/үлкен саусақ кесіндінің деңгейінен төмен тұруға тиісті/, скалпелмен оның үстін тегістейді, содан соң ұстарамен өзіне қарай жұқалап үлкен жылдамдықпен қиғаш кесінділер жасайды. /егепе көруге болмайды/. Бұл жағдайда обьектіні мүмкіндігінше тік алып ұстараны горизонтальды бағытта ұстау керек, олармен столға сүйенуге немес кеудеге қысуға боламайды. Бірден бірнеше кесінді жасау керек. Ұстараны және обьектіні үнемі сулап отыру керек. Кесіндіні ұстарда суға салынан кисточкаменалады да оның кеуіп кетпес үшін суға салады.

Ұстарамен жұмыс істеген кезде мынадай ережелерді сақтау керек.

  • Ұстараны тек кесінді жасау үшін ғана пайдаланады.
  • Ұстараны уақтылы қайрап және түзетіп отырады.

Столдың үстіне ұстарын ашық қалдырмайды.

Ұстарадағы кесіндіні алғанда, оған қатты нәрсемен тиіп кетпеу керек.

Жұмыс аяқталған соң ұстараны жақсылап сүртіп қояды.

Уақытша препараттар жасағанда, жұмыстың/ операцияның/ мынадй жүйелігін сақтау керек.

Зат айнасымен жабын айнасын тазалап жуып сүрту керек. Зат айнасының бетіне суық немесе тамызады, /суды/ глециринді реактивтің немесе бояғыштың қоспасын /.

Зертетйтін органның кесіндісін ұстарамен жасайды. Ең жұқа кесіндіні таңдап алып, оны зат айнасының үстіндегі су тамшыларының бетіне салады.

Кесіндіні жабын айнасымен жапқанда, оның астында ауа қалып қоймайтындай етеді. Ол үшін жабын айнасының қырынан екі саусақпен алдынан алды астындағы қырын сұйық тамшының шетіне тақап әкеледі де, біртіндеп түсіреді.

Егер сұйық көп болса, ол жабын айнасының астынан ағын шығады, мұндай артыұ сұйықты арнайы кесіп дайындаған сорғыш қағазбен алады. Егер жабын айнасының астында ауамен толтырылған қуыс қалса, онда жабын айнасының ішіне сұйықты тамызып қалған ауаны осы сұйықпен ығыздырады.

ІІІ бөлім.

    • Элодей жапырағының құрылысының ерекшелігі.

Кез келген ағын суда кездесетін элодея өсімдігінің бұтағы материал бола алады. Пинцеппен элодейдің жапырағын алады, оны зат айнасының бетіне тамызылған судың бетіне салады, содан соң жабын айнасымен жабады.

Микроскоптың кіші обьективімен қарағанда жапырақтың клеткалы жақсы көрінеді. Сонда жапырақтың жалпы пішінін көруге болады. Жапырақ шеттеріне мөлдір клеткалырың қызғылт қабықшалары иректелген тіс тәріздес көрінеді. Жапырақтың клеткалардың қызғылт қабықшалары иректелген тіс тәріздес көрінеді. Жапырақтың орта бөлімінде ұзыннан созылған өте ұсақ өтеді және олар бірнеше қабаттан тұрады. Ортаңғы жүйенің бойынан гелоплазмазасы қабықшаның ұзына бойымен қозғалып бара жатқан клетканы табады. Мұндай қозғалысты айналмалы қозғалыс деп атайды/ шеңберлі ротоциялы/ ол гелоплазманың өзімен бірге хлоропластарды жылжытып ала кетуіне байланысты айқын көрінеді.

Жапырақтың негізгі тақтасы және қалған бөлігі екі қабат клеткадан, көптеген ұсақ жасыл бояуға боялған дөңгелектенген денеден тұрады. Ол хлоропластар немес клеткаларлық хлорофилді дәндер. Егер пияз қышқылында клеткалық заттар болмаса онда элодейдің жоғарғы және төменгі клетка төменгі қабаттарын ұзын және жіңішке каналы – ол клеткаларлық кеңістіктер, оны жерде клеткалық заттар жоғарғы немес клеткалар бөлінеді. Осы клеткаларлық кеңістік сумен толса олар көрінбейді. Ол газбен толса ондай бөлінген клеткалар түзеді. Жеке клеткалардың құрылысын обьективті ұлғайту арқылы көруге болады. Ол үшін элодей жапырығының жұқа жерлерінен хлоропластарды анық көруге болады. Жапырақтың негізінде жүйенің қасындағы клеткалар анық көрінеді. Микроскоппен қарап бір клетканы таңдап аламыз. Клетка екі қабаттан тұрады. Егер обьектіні ұлғайтқанда жоғары немес төменгі қабаты анық көрінеді.

Микросметрлік винтті айналдырғанда ғана клетканың орналасуы екі қабат екенін анықтап және кейбір клеткаларды басқа клеткаларға қарағанда үлкен екені байқалады. Элодея жапырығының ең үлкен клеткасының таңдап алып қарағанда оның құрылысы пияз қабықшасының клеткаларындағы мөлдір жұқа біркелкі қабаттарына ұсақ болып келеді. Клеткалар бір-біріне ажарыған кезде клеткалардың кеңістік түзететін және әрбір клетка өзіндік клеткалармен қабықшалармен қоршалған. Клетка ішінен көп хлоропластарды көруге болады яғни клетканың түссіз қалған бөлшектерін алып жатқан сияқты. Бір қарағанда бүкіл клеткалардың іші жасыл хлороплаттардан тұратын сияқты. Анықтап тексере келе клетканы астарлап жатқан қабықшасы пияздың қабықшасы тәрізді мөлдір, түссіз плазмадан тұратынын анықтауға болады. Сопақша келген хлоропластар плазма қабықшаларына тығыздала орналсқанын көруге болады. Егерде микроскоптың бұрандасын бұрап дұрыстап бақылайтын болсақ дөңгелек шар тәрізді хлоропластардың клетка орталығында ретсіз орналқанын көруге болады. Бұл жерде біз қорыта келе хлоропластың екі түрі болуын байқаймыз.

Шар тәрізді хлороплатар,

Сопақша хлоропластар

Клетканың тірі бөлігін құрайтын заттар: пластиндер, ақуызды денешіктер хлорофил түйіршіктері. Хлорофил өсімдіктер жасыл түс беретін пигмент. Яғни элодея өсімдігінің жасыл болу хлопластарға байланысты.

3.2 Элодей жапырағына жарықтың түсуіне байланысты фотосинтездеуші апаратын анықтау.

Хлоропластардың өсімдіктер тіршілігінде маңызы зор. Хлоропластарда көмір қышқыл газы мен су және күн энергиясынан органикалық зат түзеледі. Тіршілікке өте қажетті процесс ол фотосинтез. Фотосинтез процесі- ол хлоропластардың ішінде жүреді. Ал элодея өсімдігінің хлоропластардың ішінде крахмал түйіршіктені көруге болады. Мұндай хоромал фотосинтездің бірнеше сатысында бөлінетін өнім немес ассимиляциялық крахмал деп атайды. Анықтап қараған кезде, клетка қабықшаларының қабырғаларымен хлоропластра бірінен соң бірі реттеп қозғалады да, клетка бұрышына келген кезде, бірінің үстіне бірі жиналып барып, клетка қабырғасымен ретпен қозғалады. Қатар тұрған екі клетканың ішіндегі хлоропластың қозғалысы бір-біріне қарама – қарсы қозғалуы да мүмкін, кей уақытта кейбір клеткалардың хлоропластарды тынықтық күйінде болуы мүмкін. Әрбір клетканың плазмасында ретсіз қозғалыс жүреді. Бұл жағдайда клетканы суретке түсу арқылы немес суреттің салу арқылы белгілі бір уақыт арқылы байқауға болады. Элодея өсімдігі жапырақ клеткасының хлоропластарды тез қозғалады. Сол хлоропластардың қозғалыстардың жылдамдығын сағаттың минөттік стрелкасымен салыстыруға болады. Хлоропластағы хоромалдың жиынтығын көру үшін жоғарғы қабаттарындағы қараған жағына байланысты. Жарық жақсы түскен кезде хлоропластың ішінен бір немес екі жылтыр ұсақ денешіктер көруге болады.

Зерттеу өте ерте болған кезде қорға жиналған крахмал түнгі уақытта жоғалған немес крахмал бар.

Жарықтың түсуі нашар.

Иодопен боялған кезде крахмалдың түсі сия көкке боялады. Жабын шынысынң астында иод ерітіндісінің тамшысын тамызамыз, хлоропластың ішінде денешіктердің түсі сия көк немес қара сия көк түске, клеткалардың ішінде қалған бөлігі сары немесе қоңыр түске боялады. Осыдан денешіктердің құрамында крахмал бар екенін анықтауға болады.

Элодея жапырағының әр клеткасында ядро орналасқан, бірақ кейбіреулеріне анық көрінбейді.

Біріншіден мөлдір ядро жасыл хлоропластардан көрінбей қалған.

Екіншіден ядроның көлемі ядроның шығылысуына және протоплазмаға өте қатты әсер етеді. Дәнешіктердің шығылысуының көрсеткіштері өте жақсы болса, онда протоплазмадағы ядро мүлдем байқалмайды. Мысалы шыны таяқшаны ауада қарағаннан суға батырғандағы шыны таяқшасы көзге онша байқалмайды.

Элодея жапырағының ядросы мөлдір ара тәрізді жапырақ жиегінде бөлігінде жақсы көрінеді. Егер иодпен әсер ететін болсақ, ядроны көруге болады, себебі олар протоплазмаға қарағанда анақы боялады. Егер клетканы анықтап қарайтын болсақ, тірі клеткадан плазманы байқауға болады, ол плазмолизден кейін анығырақ көрінеді, ол үшін иодпен өлтірілген жас жапырақты аламыз, жапырақтағы алмастырар бұрын сүртіледі. Жапырақты заттық шынының үстіне қойылғаннан кейін тұз ерітіндісіне тамызып, алдымен микроскоптың кіші содан кейін үлкен обьектілерімен көреміз. Үлкен обьективке қойған кезде протоплазма қабықшадан бөлініп, пленканың ортасына қарай барлық хлоропластарды өзімен бірге таратытынын байқаймыз. Осы препараттан протоплазмаға хлоропластардың жинақтауын байқауға болады.

Төмендегі №1 кестеде элодей жапырағы клеткасының хлороплас санының жапырақтың орналасу орнының өзгеруіне байланысты өзгерілгеніне көз жеткіздік. Бұл көріністен жарық жақсы түсетін бөлмеге қойылған элодей өсімдігінің ең төбесіндегі жапырақ клеткасының хлоропласт саны жарықта 42-ге тең болса ол алғашқы буында хлоропласт саны 11-ге шейін төмендегеніне көзіміз жетті.

Элодей жапырағының сабақта орналасуына байланысты хлоропласт санының өзгеруі.

Хлоропласт

Жарықта

Көлеңкеде

1

Ең төбесінің

42

28

2

10-шы буынының

29

16

3

20-шы буынының

18

10

4

Алғашқы буынының

11

6

Ал керісіше жарық мүлдем түспейтін бөлмеге қойған элодей өсімдігінің ең төбесіндегі жапырақ клеткасының хлоропласт саны жарықта 28-ге тең болса, ал алғашқы буында хлоропласт саны 6-ға дейін төмендегеніне байланысты байқалады. Осы зерттеу жұмысы барысында элодей өсімдігінің хлоропласт санының өзгеруі тек жарықтың әсерінен ғана емес, сонымен қатар сабақта орналасуына байланысты да өзгерітіне көз жеткіздік.

Екінші кестеде элодей жарық жақсы түсетін бөлмедегі және жарық мүлдем түспейтін бөлмедегі, жапырақтардың алды сәйкес келетін клеткаларындағы хлоропласт сандары есептелінеді. Сонымен қатар бөлме температурасына да көңіл бөлінеді.

Жарықтың әсерінен фотосинтездеуші апараттың өзгеруіне сипаттама.

№2 кесте

Жағдай

Температура

Жапырақтың ауданы

Хлоропластар саны

Хлоропластардың саны

1 см/ көлемі

Жарықтағы

24 С

3,5 см

36+1,2

10,2

Көлеңкедегі

18 С

22+1,4

6,3

Қорыта келгенде жарықтың әсерінен хлоропаст санының өзгергеніне көз жеткіздік. Яғни жарықтағы хлоропласт саны 36-ға тең болса, ал көлеңкедегі хлоропласт санының 22-ге дейін төмендегенінен байланысты бұл жерде фотосинтездеуші апараттың жұмысы жоғалғандықтан, хлоропластардың кейбіреулері мүлдем жойылып кеткен. Өзіміз көріп отырғандай жапырақтың ауданы бірдей болағанымен хлоропласттардың саны өзгерген.

Қорыта келгенде элодей өсімдігінің фотосинтездеуші апараттарына жарық қаншалықты әсер ететіні анықталады.

Жарықтың түсуіне қарай фотосинтездеуші апараттың өзгерітіні анықталады. Элодей өсімдігінің дамуына байланысты фотосинтездеуші апараттың, яғни хлоропласт санының өзгеруіне байланысты. Жарықтың әсерінен фотосинтездеуші апараттың өзгеру дәрежесі анықталады.

Қорытынды

Қорыта келгенде элодей өсімдігінің фотосинтездеуші апараттарына жарық қаншалықты әсер ететіні анықталады. Элодей жапырағы клеткасының хлоропласт санының жапырақтың орналасу орнының өзгеруіне байланысты өзгергеніне көз жеткіздік. Бұл көріністің жарық жақсы түсетін бөлмеге қойған элодей өсімдіктің ең төбесіндегі жапырақ клеткасының хлоропласт саны жарықта 42-ге тең болса, ал алғашқы буынында хлоропласт саны 11-ге шейін төмендегеніне көзіміз жетті. Ал көрсеткіш жарық мүлдем түспейтін бөлмеге қойған элодей өсімдігінің ең төбесіндегі жапырақ клеткасының хлоропласт саны жарықта 28-ге тең болса, ал алғаш буынында хлоропласт саны 6-ға шейін төмендегенінен байқалады. Осы зерттеу жұмысы барысында элодей өсімдігінің хлоропласт санының өзгеруі тек жарықтың әсерінен ғана емес сонымен қатар жапырақтың сабақта орналасуына байланысты өзгеруіне көз жеткіздік.

Элодей жарық жақсы түсіретін бөлмедегі және жарық мүлдем түсірмейтін бөлмедегі жапырақтардың ауданы сәйкес келетін, клеткаларындағы хлоропласт сандары есептелінеді. Сонымен қатар бөлме температурасына да көңіл бөледі. Қорыта келгенде жарықтың әсерінен хлоропласт санының өзгеруіне көз жеткізеді. Яғни жарықтағы хлоропласт саны 36-ға тең болса, ал көлеңкедегі хлоропласт санының 22-ге дейін төмендегені байқалады.

Бұл жерде фотосинтездеуші аппараттық жұмысы жоғалғандықтан, хлоропластардың көбеюлері мүлдем жойылып кеткен. Өзіміз көріп отырғандай жапырақтың ауданы бірдей болғанымен, хлоропластардың саны өзгерген.

Қорыта келгенде элодей өсімдігінің фотосинтездеуші аппаратына жарық қаншалықты әсер ететіндігі анықталады.

Жарықтың түсуіне қарай фотосинтездеуші аптаның өзгерітін анықталады. Элодей өсімдігінің дамуына байланысты фотосинтездеуші аппараттың яғни хлоропласт санының өзгерісі байланысты. Жарықтың әсерінен фотосинтездеуші аппараттың өзгеруі дәрежесі анықталады.

Пайдаланылған әдебиттер тізімі.

  • Әметов Ә.Ә Ботаника . Алматы 2002
  • Мухаммединов Н.М . Бегенов А.М, Айдосова С.С Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994 ж
  • Ағелеуов А.Б Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы . Алматы 1990 ж
  • Фасиллейов.А.Е. и др Ботаника морфология анатомия растений Москва 1988
  • Барыкина Р.П. и др. Практикум по анатомии расстений Москва 1978
  • Комарнипкин.Н.А Уранов А.А Ботаника системетика расстений учебник – М. Просвещение 1975
  • Абдрахманов. О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер ситематикасы Алматы мектеп 1972ж
  • Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер ситематикасының практикалық жұмыстары .Алматы 1994 ж І-бөлім.
  • Әметов .Ә.Ә Мырзақұлов П.М Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ситемикасы Алматы қазақ университеті. 2000.
  • Иллюстартивный определитель растений Казахстана. Алматы 1972.
  • Рейвен П., Эвер Р., Айхорн.С. Современная ботаника: М.Мир, 1990.
  • Жизнь расстений М., 1982.
  • Қалекенұлы Ж.Өсімдіктер физиологиясы.: Алматы. 2004.
  • Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманкулова Ботаника: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы «Санат», 1998.
  • Силаева А.М Структура хлоропластов и факты среды. Киев, 1978.
  • Тарчевский И.А Основы фотосинтеза. М., 1977.
  • Тарчевский И.А . Физиология фотосинтеза. М., 1982.
  • Холл.Д., Рао К. Фотосинтез. М., 1983.
  • Шульгин И.А. Растение и солнце. Л., 1973.
  • Кефели В.И Рост растений. М., 1984.
  • Уалиханова Г.Ж. Өсімдіктер биотехнологиясы. Алматы. 2011.
  • Силаева А.М. Структура хлоропластов и факты среды. Киев, 1978.
  • Лархер В.Экология расстений М., 1980.
  • Свенсон К., Уебстер П. Клетка. М., 1980.
  • Харрис Г. Анатомия растений. М., 1969.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу