» » » Бата-тілек: Үй иесіне бата

Бата-тілек: Үй иесіне бата

Бата-тілек: Үй иесіне бата казакша Бата-тілек: Үй иесіне бата на казахском языке
Шаңырағың шалқи берсін.
Керегең кеңи берсін.
Осы үйге ән - күй келсін,
Дұшпаның кеми берсін.
Дастарқанға береке берсін.
Күнде мереке болсын.
Қастық ойлағандар,
Қабағы ашылмай келеке болсын!
Әумин!

***
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде,
Балаларың көп болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!
Әумин!
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын!
Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Еш жамандық болмасын,
Аман болмасын мал - басың!
Әумин!

***
Ордалы болсын еліңіз,
Құрметті болсын төріңіз.
Ұрпағың өсіп артыңнан,
Қызығын оның көріңіз.
Келінің болсын келісті.
Құрсағы болсын өрісті.
Ұлың болып арқалы,
Болмасын қызың кемісті.
Асың болсын табақты,
Баспасын қайғы қабақты.
Қоныс жерің қонды боп,
Туың болсын барақты.
Асың болсын қазанды,
Иманың болсын азанды.
Тыныш болып айналаң,
Алмасын ешкім мазаңды.
Торқалы болсын тойыңыз,
Отарлы болсын қойыңыз.
Біз келгенде қонаққа,
Семізінен сойыңыз!
Әумин!

***
Өрістен қайтып жамырасқан,
Шуылдасып маңырасқан.
Қошақанның енесі,
Қоңыр қой толсын қораңа!
Тұяқтары сартылдап,
Мүйіздері жалтылдап.
Бұзаулардың енесі,
Сиыр толсын қораңа!
Шудаларын шаң басқан,
Екі өркешін қом басқан.
Ботақанның енесі,
Інген толсын қораңа!
Құйрық - жалы төгілген,
Шапса көбесі сөгілген.
Құлыншақтың енесі
Бие толсын қораңа!
Әумин!

nurgul95 | 93 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Бата-тілек: Ұл балаға бата
Бата-тілек: Ұл балаға бата
Бата-тілек: Қарияларға бата
Бата-тілек: Қарияларға бата
Бата-тілек: Жас жұбайларға бата
Бата-тілек: Жас жұбайларға бата
Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Бата-тілек: Құрбан айт батасы
Бата-тілек: Құрбан айт батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Бекентайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Қанжығалы Асаубайдың батасы
Бата-тілек: Сапарға, жолаушыға бата
Бата-тілек: Сапарға, жолаушыға бата
Бата-тілек: Жастарға бата
Бата-тілек: Жастарға бата
Бата-тілек: Мал-жанға берілетін бата
Бата-тілек: Мал-жанға берілетін бата
Бата-тілек: Мерейтой батасы
Бата-тілек: Мерейтой батасы
Тақпақ: Бата
Тақпақ: Бата
Қазақша тақпақ: Бата
Қазақша тақпақ: Бата
Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)
Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (алғыс сөздер)
Бата: Тойда жас жұбайларға, үйленгендерге
Бата: Тойда жас жұбайларға, үйленгендерге
Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Күміс той
Қазақша Бата - тілек: Алтын той, Күміс той

KZ / Баталар жинағы, казакша бата-тілек Үй иесіне бата благословение на казахском, благословение Уй иесине бата на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Үй иесіне бата, казакша бата-тілек Үй иесіне бата благословение на казахском благословение Уй иесине бата на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно бата-тілек түрлері жинағы оқу виды благословения на казахском языке Үй иесіне бата, Бата-тілек: Үй иесіне бата бата бата беру қазақша дастархан бата беру қазақша дастархан батасы бата тілектер дастархан благословение на казахском языке