Бекет ата "Аңыз бен ақиқат"


Слайд жүктеу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,

Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі

Орындаған: Есжанов Жарылқасын Кенжебайұлы 10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

Тақырыбы: "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат"

Бағыты:

Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашаққа саяхат

маршруттары

Секциясы: Қазақстан тарихы

Мазмұны

Тақырыбы: "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат"

Орыс және ағылшын тілдерінде абстракты ( аннотация)

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Бекет атаның ғибратты ғұмыры

2. Бекет ата мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім - тәрбиелік ордалар ретіндегі орны

3. Ұлысқа ұран атанған Бекет ата

4. Бекет ата туралы аңыздар

5. Бекет ата бейнесі әдебиет пен өнерде

6. Қазақ зиялылары Бекет ата туралы

7. Бекет атаның ұрпақтары

ІІІ. Қорытынды

Аңыз адам және киелі орындардың тарихи танымды қалыптастырудағы маңызы

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Презентация материалдары

Аннотация

Ғылыми жұмысымды жазудағы басты мақсатым - өзімнің болашақ таңдаған мамандығыма байланысты туды. Себебі актер және режиссер болу үшін тарих, әдебиет және өнер пәндерін терең меңгеру қажет екеніне ұстазым кеңес берді. Бүгінгі таңда Қазақстанның кино өнері даму жолына енді түсуде. Әсіресе халқымыздың өнегелі өмірімен үлгі тұтарлық тарихи тұлғалары туралы зерттеу еңбектерінің аздығына байланысты олар туралы деректі және көркем фильмдер балалар үшін жеткіліксіз, әрі Отандық телеарналар арқылы жүйелі түрде берілмейді. Актерлер өмір жолы туралы оқығанымда, мысалы "Шоқан" рөлін сомдау үшін оның өмірі, білім алуы, ғылымға бет бұруы, халқының қамқоршысына айналуы, әлемге танылуы арқылы қазақ халқын танытқанын оқып, терең талдау қажет екенін білдім. Қажет болған жағдайда сол тұлғаның жүріс - тұрысын да айнытпай сала білу қажет екенін ұқтым. Суретші тарихи шайқасты бейнелеу үшін де, сол тақырыпты оқып зерттеуі қажет екенін ұғындым.

Бұл зерттеу еңбегім арқылы Қазақстан тарихы пәнінде дерек мүлде аз қамтылған тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ағартушы - гуманист ретінде халықты білім мен ілімнен сусындатып рухани азық бергенін, батыр және шешен ретінде дау мен жау шапқанда еліне қорған болғанын, әулие және пір ретінде ұрпаққа ұран, жабыққанға дем болғанын, сәулетші ретінде мешіттерінің математика ғылыми негізінде салынғанын, мешіттің астрономия ғылымы негізінде обсерваториялық қызмет атқарғанын, физика ғылымы негізінде мешітінде акустикалық жағы қарастырылғанын, медицина ғылымы негізінде емші ретінде сүліктерді пайдаланғанын, санитарлық - гигиена талаптары сақталғанын, география және саясаттану негізінде ғимараттарының геосаяси нүктелерге және климаты қолайлы орындарға салынғанына көзімді жеткіздім.

Бекет атаның рухани қазынасына сусындаған ақындар, жыршылар, күйшілер, жазушылар шабытпен өз туындыларын өмірге әкелгенін ұғындым.

АННОТАЦИЯ

Главная цел научной работы связана с выбором моей профессии.

Для того чтобы стать актером или режисером, мой научный руководитель посоветовал мне углубить знания по искусству, литературе и истории. В настоящее время в Казахстане искусство кино начинает активно развиваться.

Особенно мало детских фильмов об выдающихся исторических деятелях, потому что нехватает материалов научных исследований и телевидение мало освещает этот аспект.

Читая роль Шокана я целиком прочувствовалазначимость мировоззрений этого человека, поняла что мне надо изучитьего жизнь, научные достижения, как он познакомил мир с жизнью и бытом казахского народа. Нужно до мельчайших подробностей изучить мысли, желания, его манеры и походку.

Работая над своей научной темой я поняла, что Бекет ата во время постройки мечетей применял свои знания и расчеты по математике, астрономии, физике, медицине, санитарной гигиене, географии, климатическом влиянии. Он строил свои мечети по строгим расчетам, вплоть до границ мечетей, с целью дальнейшего сохранения и защиты этих исторических обьектов и родного края.

Бекет ата был гуманистом и философом, своим потомкам он передал свое духовное наследие.

Изучив наследие Бекет ата музыканты, композиторы, писатели и акыны в своих творения просвещают этого великого человека.

ABSTRACT

Main safe scientific work is connected with choice of my professions.

To become the actor or режисером, my scientific leader has advised me to deepen the knowledges on art, literature and histories. At present in Kazakhstan art cinema begins actively to develop.

Particularly little baby films about prominent history figure since нехватает the material of the scientific studies and television little illuminates this aspect.

Reading role SHokana I wholly feelled deeply value of the worldoutlooks of this person, has understood that me it is necessary to study his(its) life, scientificachievements, as he has introduced the world with life and бытомkazakhfolk. It is Necessary before the most small details to study to thoughts, desires, his(its) manners and gait.

Working on its scientific subject I have understood that Beketата during building of the mosques used their own knowledges and calculations on mathematician, astronomies, physicist, medicine, sanitaryhygiene, geographies, climaticinfluence. He built their own mosques on strict calculation, up to borders of the mosques, for the reason the further conservation and protection these history обьектов and native edge.

Beketата was a humanist and philosopher, its descendant he has sent its spiritual heritage.

The Studied heritage Beketатаmusicians, composers, writers and акыны in their own creations enlighten this great person.

Пікір

Есжанов Жарылқасын Кенжебайұлы 1997 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің 10 "А" сыныбының үлгілі оқушысы.

Мектепішілік дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын сайыстардың жеңімпазы.

Халықаралық "Кенгуру"интеллектуалдық байқауының сертификат иегері.

"Дүниежүзілік өркениет" тарихы пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасынына қатысып, ауданда ең жақсы нәтиже көрсеткенін растайтын сертификат иегері.

Тарих пәні мұғалімі ретінде өзім дайындаған "Тарихи тұлғалар" авторлық жобамның негізінде оқушыларыма мектеп бағдарламасында әліде зерттеліп пән оқулықтарында қамтылмаған тақырыптарды, әсіресе тарихи тұлғалар туралы шығармашылық жұмыстарды тапсырма ретінде ұсынып отырамын.

Есжанов Жарылқасынның бұл зерттеу жұмысынан көп рухани білім алғанына көзім жетті. Болашақта алған білімін өмірде қолданып, талай адамдарға насихаттай алатынына сенемін.

Тарихи тұлғалар өмір жолы жас ұрпақтың рухани жан дүниелерін байытып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Мектепішілік ғылыми жобалар байқауында І орынды иеленді.

Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Алибекова Т Қ

Оңтүстік Қазақтан облысы, Мақтарал ауданы

Есжанов Жарылқасын Кенжебайұлы

10 "А"сынып оқушысы

Жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі Алибекова Тәрбие

Тақырыбы: "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат"

Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.

Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету.

Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану.

Мақсатқа жету жолындағы алға қойылған міндеттер:

- Тұлғалар мәдени мұрасын зерттеген еңбектерді оқып, талдау;

- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;

- тарихи тұлғалар ескерткіштерінің тұрған жерін, орнын анықтау, салыну ерекшелігіне мән беру;

- келешек ұрпақ үшін маңыздылығын анықтау;

Жұмысымның тәжірибелік құндылығы: Жиналған материалдар негізінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: "Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық, балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы",- деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тарихи тұлғалардың өмірлік мұратын, мәдениетті дамытуға қосқан еңбегі мен үлгісінен өнеге алу, рухани - адамгершілік құндылықтарды бойыма сіңіре отырып, болашақта өз ортама насихаттау.

І. Кіріспе

Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыс, ғимарат, т. б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық, тарихи, сәулет өнері және монументтік(мүсін) өнері. Сондай - ақ, ескерткіштерге тарихи - танымдық немесе тарихи - көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.

Қазір Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте: "... Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл - ойы мен іс - әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл - ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді - кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.... Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс - жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.... Ал рухани - мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.

... Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет."- деген болатын. [1]

ІІ. Негізгі бөлім

1. Бекет атаның ғибратты ғұмыры.

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келген.

"... Пендесінің тілегін екі етпеген,

Иман - Рухым, Пір Баба - Бекет деген.

Текті атам - Адай шал жерұйық деп,

Маңғыстауға ұрпағын жетелеген" Фариза Оңғарсынова

Бекет ата Мырзағұлұлы (1750 - 1813, Маңғыстау) қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған. Бекет ата - қол бастар көсем, елді ұйытар шешен, емші, көріпкел, әулие, ағартушы, рухани ұстаз, сәулетші ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған.

Әкесі Мырзағұл дәулетті, барынша мырза, діни сауатты ел ақсақалы болған. Мырзағұл Жаналыұлынан 4 ұл (Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл,

Бекет) және 2 қыз бала (Әпуаш, Ақмаңдай) дүниеге келген. Анасы - Жәния.

Немересі бес жасқа келгенде атасы Жаналы алғаш өзі оқытып, кейін ауыл молдасына беріп сауатын ашады. Бала Бекет дәріске өте ынталы, зерек болған. Ауыл молдасынан дәріс алған 3 - 4 жылдың ішінде - ақ бала Бекеттің білім дәрежесі, түйсігі ұстазынан кем болмаған. 14 жасқа толған жасөспірім ата - анасынан оқуын медреседе жалғастыруға рұқсат сұрайды. Бекет бабамыз Шерғазы хан салдырған медресені ұлы замандастары - түрікмен халқының классик ақыны Мақтымқұлы Пырағи (Азади), қарақалпақ халқының сөз зергері Әжінияз Қосыбайұлы, өзбек ақыны Пахлаван Равнаки сияқты талантты тұлғалармен бірге оқып бітірген. Бұл білім ордасы халық арасында "Маскани Фозилон", басқаша айтқанда "Білімдарлар ордасы" деп аталған. Хорезмдегі "Шерғазы хан" медресесінде Бақырған қажыдан оқып, білім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Бақырған қажыдан жеті жыл дәріс алып, медресені үздік аяқтап, елге оралады. Маңғыстау, Атырау, Үстірт, Арал аймағында мешіт - медреселер салып, халқын сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Сөйтіп,"Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы",- деген деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген.

Нағашысы тама Есет батыр Көкіұлы. Кіші жүз ханы Әбілқайырмен қимас дос болған. Орыс патшайымы Анна Иоанновнадан аты - жөні жазылған естелік қанжар мен хан тарапынан "тархан" деген құрметті атақ алған. Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке:

Үстіңнен дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,

Жауды кері қайырар,

Атың да айтып тұрғандай дүр боларсың.

Елге шуақ шашып нұр боларсың,

Үш жүзге танымал пір боларсың.

- деп бата берген екен.

2. 2. Бекет ата мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім - тәрбиелік ордалар ретіндегі орны.

Бекет ата - жерасты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер. Бекет ата Хиуадағы "Шерғазы хан" медресесін бітірген соң, еліне келіп, ерекше дәстүр бастап,

Мұғалжардан, Жемнен, Бейнеуден, Тобықтыдан бала оқытатын жерасты мешіттерін, ал Байшағырдан намазхана салады. Шәкірттеріне діни білім берумен қатар, география, медицина, математика, физика, астрономия сияқты ғылым салаларын да үйреткен. Зерттеу мақалаларындағы деректерге қарағанда, атаның өзі бұл ғылым салаларының негіздерін терең меңгерген сияқты.

Бекет атаның барлық мешіттері үңгу арқылы тас жартастар қойнауына орналастырылған. Жердің астыңғы қабаттарындағы бізге мәлім емес энергия көздерінің адамға жақсы әсер ететінін сопылар ерте аңғарған. Сондықтан бала оқыту үшін жер асты, немесе жартастардан ойылған арнайы жайларды көбірек пайдаланған. Құрылысшылардың көзімен қарағанда қабырғасын тастан қалап жасаған ғимараттың, тасты ойып жасағаннан әлдеқайда оңай екен. Бірақ табиғат қуатын пайдалану үшін сопылар ауыр еңбектен қашпаған. Сондай мешіттерінің бірі Бозащы түбегін сауаттандырған "Тобықтының ойындағы Бекет Ата мешіті"Бұл мешіт Шетпе - Қызан жолынан Қаранар төбесінің тұсына жете (Шетпеден 80 шақырым) оңға бұрылса12 шақырым жерде орналасқан. Тобықты ойы Ақтау қаласынан Қаражамбас жолымен жүргенде 200, ал Шетпе арқылы жүргенде 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Шетпеден 90 шақырым жердегі Тобықты ойындағы мешіт бір әк шоқы бауырын ойып жасаған екі бөлмелі жай екен. Бір бөлменің төбесінен қалдырылған терезе тесігінің тұсынан опырылып құлаған ғимарат жартысына дейін көмілген. Егер мешітті жандандыру жұмыстары жүргізілетін болса, 700 метр жерде Еділ суын жеткізіп жатқан су құбыры мен электр желілері жүйесі өткен екен.

Бекет ата медреседегі оқуын бітірген соң, Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақмешіт елді мекеніне оралады. Болашақта осы өңір балаларын бір орталықтан оқыту мақсатын көздеп, ақбор төбенің батыс жағындағы баурайынан дөңгелек пішіндес екі бөлмелі мешіт салдыра бастайды. Бекет атаның ауылдасы Соқырша деген жігіт басшылық жасап, үш жаз бойы еңбектеніп, шамамен 1771 - 1774 жылдары аралығында салып бітірген. Ақмешіт Құлсары қаласынан солтүстік - шығыста 66 км қашықтықта, Жем өзенінің оңтүстік бетінде өзен жағасына таяу орналасқан.

Бекет атаның ескі Бейнеудегі мешіті - Бейнеу кентінің оңтүстігінде, 20 км жерде орналасқан Мешіт үйі негізінен төрт бөлмеден тұрады. Тастақ төбенің жақпар тастарын қашап, кеулеп тұрғызылған мешіттің ішкі құрылысы киіз үй пішіндіде, төбесі күмбез тәріздес.

Бекет атаның бастапқы қалпын сақтап қалған жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи - сәулет ескерткіші. Алып ғимараттың есік ойығына таудың қалақ тастарымен шегенделіп өрілген жақтау қабырғамен бекітілуі және тереңге орналасуы жақсы сақталуына себепші болған. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Әулиенің Оғландыдағы мешіті көптеген ғылыми негіздерге сүйеніп салынған деген пікір бар. Ғалымдардың Оғыланды мешітінің мына қасиеттерін айқындаған. Мешітте оқылған құран, дұға, аяттар, мұнда қанша адам отырсада, бәріне анық естілетіндей болуы үшін акустикалық жағы қарастырылған, жылдың қай мезгілінде де ауаның ылғалдылығы санитарлық - гигиеналық талаптардан аспайды, үңгіп салынған ғимаратта есігі мен түндігі ашық тұрсада қумажел (сквозняк) болмайды. Мешіт Мекке бағытымен салынған, ал есігі шығысқа бағытталған. Атаның емшілікпен айналысқанын мешіт бұлағындағы сүліктер дәлелдейді. Бекет ата осы сүліктер арқылы адамдарды емдеген. Сүлік бұл бұлақтан басқа суда өмір сүре алмай өліп қалады. Оның табиғаты тек осы бұлаққа лайықталған. Мешіттің төбесіне қарағанда, Темірқазық жұлдызы төбенің дәл үстінде тұрады. Мұны Бекет атаның обсерваториясы болған сияқты деуге болады. Оғыланды мешітінің маңында тау - тас арасында арқарлар бар. Адамдар жыландарға, аққуларға, арқарларға тимейді, атпайды, ауламайды.

Бесінші мешіті Арал теңізі жағасындағы Баялыда.

Ол салдырған бес мешіттің орналасу тәртібі ұлы бабаның геосаяси көрегендігінен хабар бергендей. Ол өліспей беріспейтін төрт стратегиялық нүктеге жұрт жаппай бас иетін төрт мешіт салдырған. Арттағы ұрпағына "Аруағым риза болсын десеңдер, құтханаларыма жау тұяғын жолатпаңдар!" деп өсиет қалдырған. Онысы "Мен бардағы Алла бұйыртқан атамекеннен айырылып қалмаңдар!" дегені секілді. Ол мешіттерінің бәрінде ежелгі керуен жолдарының ең түйінді бунақтарына, біреуін өзен жағасына, біреуін жол айырығына, екеуін ел шебіне салдырған. Мұнысы - бұдан былай өзің иемденіп отырған атақонымты ойдағыдай ұқсатып игере алсаң ғана ие бола алатыныңды меңзегені сияқты. Жаугершілікті қойып, малшылықпен қанағаттанбай, сауда жасап, егін салып, тас қашап, баспана тұрғызып, отырықшылыққа бейімделіп, білім қууға, ерлікке емес, еңбек пен құлшынуға өзі бас болып өнеге көрсеткен тәрізді.

3. Ұлысқа ұран атанған - Бекет атаның Маңғыстаудағы адай руының ұранына айналуы.

Табиғатқа саясаттан да көбірек әрі тікелей тәуелді көшпенді үрдіс рух ықпалын қашанда бірінші орынға қойды. Табиғи өзгерістердің өзіндік жүйесі мен заңдылығы барын ежелден аңғарды. Оны өз - өзінен емес, санадан тысқары әлдебір құдіреттің еркімен болып жатқан құбылыстар деп түсінді. Қауым сол өзгерістерден аман қалу үшін табиғатқа ықпал ете алатын құдіреттің тілін таба білуі керек деп санады. Бұл кез келгеннен емес, айрықша қасиетке ие болып жаралған аруақты адамдардың - абыздардың қолынан келеді деп есептеді. Ондай қасиеттерімен көзге түскен адамдардан халық билік иелерінен бетер айбынып, аса зор құрмет тұтты. Биге құлақ асса, сардарға бағынса, пірге табынды, Хан ауыссада, пір ауыспады. Сондықтан кейде билікші әулет саяси үстемдікпен қоса, рухани үстемдікті өз қолына алуға тырысты. Тәуке ханнан Абылайға дейін барлық ханға пір болған Сұпы Әжі (Мүсірәлі) дүние салғаннан кейін жалпықазақтық пір сайланған емес. Кие, аруақ туралы ғылым агиологияда жұрт алдында аруақ салыстыруды "таңғажайып сайыс" деп атайды. Әлемдік агиографиядажандадан гөрі жансызға тіл алдыру, әсіресе тау - тас пен өзен - суға әмір ету жоғары бағаланады. Бойындағы айрықша қасиетті тек күн көріс айырып, мал табуға жұмсайтындар, әрине, бақсылықтан әрі аса алмайды. Ал көптің басын айналдырып көзін байлауға, өзгелерден өктем түсугежұмсайтындар көзбояушы сиқыршылыққа ұрынары аян. Тек өзін кемелденген үстіне кемелдендіріп, адалдық пен әділеттің ала жібін аттамай, жалпы жұртты жақсылыққа бастай алатындар ғана пір атына лайық.

Көнекөз қариялардың айтуынша, Бекет ата алғаш Ұлысқа ұран атанғанда 22 - 23 шамсындағы жігіт екен. Бірде бейсенбінің түні, яғни қасиетті жұма күні таңда аян алып оянған Бекет таң намазын оқып болған соң, ел ағаларына түсіндегі аянды айтады."Ал, ағалар, түнде ғажап түс көрдім. Түсімде аян берілді. Оны айтпасаам екі дүниеде күнәһар болармын... Себебі бейбіт отырған ауылдастарым тектен - текке қырылғалы тұр. Анығырақ айтар болсам, енді екі күннен соң сәскеде 5 аттылы жасақпен осы тұста отырған қалың елге ойран салмақ ниетпен түрікмендер қарулы жасақ құрып жатыр... Түрікмендерді Жем бойындағы ауылдардың тұсына келтірмей, алдарынан шығып, осы арадан он шақты шақырым жерден қарсы алуымыз керек. Түрікменнің 500 кісісіне 50 кәсәмен қарсы тұрсақ, жарап қалар. Иншалла, құтын қашырып, оларды соғыссыз, қантөгіссіз кері қайтарамыз",- дейді.

Сонда ел ағасы ақсақал:"Уәжіңе құлдық, Бекетжан. Ендеше, жауға қарсы аттанатын қолды өзің басқарарсың"- дейді. Сонда Бекет:"Мен қол бастап бармаймын, бірақ сіздерден де қалмаймын. Жау келер тұстағы үлкен сайлардың біріне күні бұрын барып жайылыңқырап тұрыңыздар. Жау жақындағанда алдарыңыздан аққу болыпжауға қарай саңқылдап ұшармын. Сол сәтте сіздер де қиқулап, жауға қарай атой сала шауып, төбе басына шыға келіңіздер де, ат басын тежеңіздер, оқ атпаңыздар. Осы кезде күшті жел соғып, тозаң тұрар, аспанға алдын көрсетпес шаң көтерілер. Нәтижесінде сіздердің 50 атты жасақтарыңыз дұшпанға жердің шаңын аспанға көтерген жер қайысқан қол болып көрінер. Олардың ойлануға да мұршасы келмей, құты қашып қаша жөнелер. Қашқан жауды қумас болар. Тағы да қайталап айтамын, өзі бас сауғалап қашқан жауға оқ атып, Құдай алдында күнәһар болып жүрмеңіздер"- деп тапсырады.

Жау жақындап, аттарының дүбірі естілген кезде Бекет аруағы аққу болып ұшып, жауға қарай бағыт алады. Осыны күткен қазақ жігіттері"Бекет! Бекет!"деп атой сала қыр басына шауып шыға келеді. Дәл осы сәтте күшті жел соғып, тозаң көтеріліп, жерді шаңын аспанға көтередіде, бұлардың шағын жасағы жауға жер қайысқан қол болып көрінеді. Осы оқиғадан кейін Бекет ата елге толық танылып, ұлысқа ұран бола бастаған екен.

Батыр Бекет. Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы болған. Оның ақыл - кеңесімен жергілікті халық сыртқы шапқыншылықтан аман қалып отырған. Өлкеге көз алартқан басқыншыға оның атын айтып ұрандап, ұрпағына ту көтертіп, қол бастатып, тойтарыс берген.

Жылыойлық Жолдасқали Сүйесінов Бекет ата жайлы мәліметтің 1820 жылдары Бөкей ордасында болған неміс саяхатшысы Щульцтің жазбаларында бар екенін сөз еткен. Ол сонымен бірге "Еділ қалмақтарымен болған соғыста Бекет ата жиырмадағы жігіт болса керек. Қалмақ әскерлеріне қарсы Бекеттің жалғыз өзі ту көтеріп шыққанда жау быт - шыт болып, жан - жаққа қашады"деп жазған.

1771 жылдың басында Еділ жағалауынан Жоңғарияға қарай үдере көшкен Убаши бастаған 30909 үй қалмақ пен жергілікті қазақтардың арасындағы шайқасқа Айшуақ сұлтан басшылығындағы Сағыз бойындағы, Нұралы ханның бастауымен Ойыл мен Мұғалжар маңындағы қазақтардың қатысқаны туралы А. Левшин жазбаларында кездеседі.

4. Бекет ата туралы аңыздар "... Пірдің соңы - Бекет"

Табиғатқа саясаттан да көбірек әрі тікелей тәуелді көшпенді үрдіс рух ықпалын қашанда бірінші орынға қойды. Табиғи өзгерістердің өзіндік жүйесі мен заңдылығы барын ежелден аңғарды. Оны өз - өзінен емес, санадан тысқары әлдебір құдіреттің еркімен болып жатқан құбылыстар деп түсінді. Қауым сол өзгерістерден аман қалу үшін табиғатқа ықпал ете алатын құдіреттің тілін таба білуі керек деп санады. Бұл кез келгеннен емес, айрықша қасиетке ие болып жаралған аруақты адамдардың - абыздардың қолынан келеді деп есептеді. Ондай қасиеттерімен көзге түскен адамдардан халық билік иелерінен бетер айбынып, аса зор құрмет тұтты. Биге құлақ асса, сардарға бағынса, пірге табынды, Хан ауыссада, пір ауыспады. Сондықтан кейде билікші әулет саяси үстемдікпен қоса, рухани үстемдікті өз қолына алуға тырысты. Тәуке ханнан Абылайға дейін барлық ханға пір болған Сұпы Әжі (Мүсірәлі) дүние салғаннан кейін жалпықазақтық пір сайланған

емес. Кие, аруақ туралы ғылым агиологияда жұрт алдында аруақ салыстыруды "таңғажайып сайыс" деп атайды. Әлемдік агиографияда жандыдан гөрі жансызға тіл алдыру, әсіресе тау - тас пен өзен - суға әмір ету жоғары бағаланады. Бойындағы айрықша қасиетті тек күн көріс айырып, мал табуға жұмсайтындар, әрине, бақсылықтан әрі аса алмайды. Ал көптің басын айналдырып көзін байлауға, өзгелерден өктем түсугежұмсайтындар көзбояушы сиқыршылыққа ұрынары аян. Тек өзін кемелденген үстіне кемелдендіріп, адалдық пен әділеттің ала жібін аттамай, жалпы жұртты жақсылыққа бастай алатындар ғана пір атына лайық.

Сопылықжолдың рухани басшысын арабтар "шейх"(ақсақал), парсылар "пир", ал қазақтар пір дейді. Бекет ата 40 жасында ұстазы Мухаммад Бақиржан Әзизден бата алып, ислам әлеміне танымал "сопылық жолдың" Пірі болады.

... Хиуа медресесіндегі ұстазы Бақыржан қажы Бекеттің жай адам еместігіне шәкірттерінің көзін жеткізбек болады. Бекет оқитын топтан 20 шәкіртін Әмударияның Хиуаға таяу тұсынан қайықпен өтіп, өзеннің арғы бетінен отынтшауып келуге жұмсайды. Көктемгі су тасқыны кезінде қайық түгіл, кеменің жүзуі екіталай. Бекет топ арасынан бөлініп өзенге қарай жүре бастайды. Өзен дегі су бетімен кәдімгі жердегідей жүріп, арғы бетке шығады. Күн бата шапқан отындарын арқалап, өзен суы тобығына келмей жолдастарының қасына келеді.

... Бақыржан қажы медресе жанынан шәкірттер үшін қосымша үй салдырмақшы болады. Үйдің төбесін жабатын бөренелердің біреуінің ұзындығын әдейі бәр қарыс кем кестіріп қояды. Шәкірттері бөренені жабыла көтеріп үйдің төбесіне қоярда оның қарама - қарсы қабырғаға бір қарыс жетпей тұрғанын ұстазына айтады. Сонда ұстазы Бекетке бұрылып:"Ал, Бекетжан, мына құрбыларың үйдің төбесіне шығарған бөренені бір қарыстай кем кесіліпті деп жатыр. Кем жерін жалғап жібермеспе екенсің қарағым",- дейді. Ұстазының ойын сезген Бекет үй төбесіне көтеріліп:"Бисмилллаһир рахманир рахим"деп еңкейе түсіп, қолын бөрененің жетпей тұрған бұрышына тигізе бергенде, бөрене ішінен сатыр - сұтыр дыбыс шығады да, бөрене бір қарысқа ұзарып, үйдің ұарсы жақ қабырғасын дәл жауып тұрған екен.

Ел арасында Бекет Ата хақында аңыз әңгімелер көп. Қабиболла Сыдиықұлы (1934 - 2001) өзінің «Бекет ата» атты кітабында бұл жөнінде былайша сыр толғайды:

Тәубеге келу. Жас кезінде жолаушылап келе жатып, Жем өзенінің тұсындағы бір өткелден өтерде өзенге көзі түскен Бекет су ішінен әуелі бір саусақ, сосын бес саусақ көтеріліп, ақыр аяғында ол да көрінбей батып кетіп, орнына отыз, одан соң қырық саусақтың шошайып шыққанын көріп ойға қалады. «Е - е, Алла тағаланың ақ жолға бағыттаған аяны шығар бұл. Жасаған иемнің жалғыз саусақ көрсеткені -«бір Құдайыңды біл», бес саусақты шошайтқаны – «бес уақыт намазыңды қаза қылма», отыз саусағы – «отыз күн оразаңды ұста», қырық саусағы – «қырық парызыңды орындап жүр» дегені екен ғой», - деп ой түйген Бекет осыдан бастап нағыз Құдай жолына түсіпті.

Бекет атаның бір бай құрдасы: - Осы жұрттың есі ауысқан ғой деймін, сіңірі шыққан біреуді «Бекет!», «Бекет!»деп әз әулие тұтады, бізден несі артық оның? – деп қызғаныш білдіреді.

Ел жайлаудан Маңғыстау ойпатына көшкенде бай үйі де бірге Үстірт жолдарының бірімен төменге түспек болады. Емшектегі баласын текеметке орап, алдына алған бай бәйбіше отырған көш басындағы түйе құлама жолдан аяқтары тайып ұшып кетеді.

- Уа, Бекет! 300 бойдақ қой садақа, - деп қалады бай сасқанынан.

- Боталы інген садақа, - дейді бәйбішесі қорыққанынан.

«Бәйбіше де, бала да, түйе де мертігіп өлген шығар?» - деп үмітін үзген бай көштің өзге түйелерін қиялап түсірсе, төмендегі жазықта бәйбішесі түйесін шөгеріп қойып баласын емізіп отырғанын көріп, аң - таң қалады.

- Құрдастың шапағаты тиген болар, барып кел! – дейді бәйбішесі. Бай Бекет атаға келеді.

- Неге келдің? – дейді ата бай құрдасына қарап.

- Сенің кереметіңді көрейін деп келдім, - дейді бай. Болған оқиғаны қаз - қалпында баяндайды. Әйелі атаған боталы түйені бермек болады.

- Әй, сен бері қара, - дейді Бекет ата. – Мына арқама көз сал!

Құрдасы атаның жон арқасында түйенің төрт табанының ізі қалғанын көреді. Тау баурайындағы құлама жолдын баласы мен бәйбішесі отырған түйе тайып, төмен қарай ұшып бара жатқанда арқасын тосып, аман алып қалған Бекет ата екеніне көзі жеткен ол:

- Сорлы - ау, өзіңе де жан керек емес пе? – дейді.

- Сараң да болсаң құрдассың ғой. Үй іші аман болсын деп, барымды салдым, - дейді ата.

Бай Бекеттің құр адам еместігін мойындап, қайран қалады.

- Боталы түйені әкеліп берейін, - дейді.

- Сен әуелі өзің айтқан 300 бойдақ қойыңды, сосын боталы түйеңді әкел, - деп күліпті ата.

Бекет атаның Исатай Тайманұлына бата беруі.

1810 - 1811 жылдары шамасы Ойыл өңіріндегі бір тойда жиырмада жанып тұрған жас Исатай татар балуанын Бекет атаның батасымен жеңіп, жеңіс жүлдесі ақ атанды жетегіне алады. Жүлдесін Бекет атаға сыйламақ болып:

-"Бекет ата, мына атан сіздікі. Сіздің батаңыздың қолдауымен абыройым тасып, атансыз да көңілім көтеріліп тұр. Оның үстіне қалың қазақты жерге қаратпай, бір масқарашылықтан құтқардыңыз. Еңбегіңіз зор ата. Алыңыз, өтінемін"- дейді. Сонда Бекет атаның Исатайға берген батасы:

"- Исатай! Алдағы екі мүшеліңнен аман өтерсің. Өкіметке одан кейін - бөтенсің... Болыс әлде би боларсың. Ханға бірде жақын, бірде алыс қонарсың. Қыста -"оңарсың", жазда -"тоңарсың". Балуан емес, батыр боларсың. Отызыңда отбасыңа толарсың. Сұлтанның иті қауып, жарлыға жақын барып қонарсың. Қырықтың бесеуі мен алтауында өзіңе абай болғайсың... Сол жасқа дейңн сен солмайсың... Ал енді сенің берген атаныңды екі - үш жыл бағармын... Содан кейін келіп жетер менің де бір хабарым..."

Бекет атаның Махамбет Өтемісұлына бата беруі

Бекет ата о дүниелік боларынан екі - үш жыл бұрын әулиеден болашақтарын білу, батасын алу мақсатымен 7 - 8 жастағы Махамбетті ертіп әкесі Өтеміс сәлем бере келеді. Бала Махамбеттің болашағын болжап, мына сөздерді айтқан екен:"- Екінші мүшеліңде хан ордасына еркін кіресің, бір бөлек елді басқарасың...- Әділетсіздікке төзбейсің, ол маңдайыңа жазылған. Басыңа пәле ханның өзінен емес, туыстары мен маңындағыларынан болады...- Арқалы ақындық қонғалы тұр, халық әр сөзіңді жатқа айтатын болады...- Отызыңнан асқанда ордадан кетесің, ханнан аулақ қонып, қару алып шабысқада барасың. Даудың басы жер мен әділетсіздік..- Ең жақын досың сен үшін басын оққа байлайды... Өкімет үшін сенің қадірлі де қымбатың - басың мен ақындығың болады, батырлығың мен қолбасшылығың одан бұрын қалады...- Еліңе сыйлы боласың, атағың тек жеті атаға емес, жер бетіне жүздеген жылдарға жайылады, кейінгі ұрпақ өзіңді мақтан тұтады."

Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қадірлеп, жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ - даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл күнде мешіт басы күні - түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

Қанша уақыт өтседе Бекет атаға деген ел сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрмеген. Өйткні, ол тірісінде - елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат. Жаудан елді арашалаған батыр, дауда әділетті арашалаған қазы, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған пірәдар. Елі мен жерін шексіз сүйген асыл азамат, абзал адамды еліде шексіз сүйеді. Ол - көзі тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің, күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыыгездікке жол бермес Мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттылықтың асқан үлгісін танытты.

5. Бекет ата бейнесі әдебиет пен өнерде.

Бекет ата туралы өлең - жырлардың авторы және тізімі

1. Фариза Оңғарсынованың "Оғыланды" өлеңі

2. Ыбырайым Құлбайұлы (1886 - 1982) шежіреші, халық ақыны

"Бекет деп ұран шақырған"

3. Жақсылық Елеусінов, ақын "Қасиетті бабам - Пір Бекет"

4. Светқали Нұржан, ақын "Қараман ата басындағы анттасу"

5. Ғафу Қайырбеков (1928 - 1994) ақын, Қазақстанның хлық жазушысы "Бекет ата туралы аңыз"

6. Аманқос Ершу, ақын "Өсу" ("Кие"поэмаснан үзінді)

7. Темірхан Медетбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

"Бекет ата басында"

8. Есенғали Раушан, ақын "Бекеттің бел жайлауы...",

"Сөзім бар еді, ата"

9. Сабыр Адай, ақын "Иманның шамы сөнбесе..."

10. Түмел Балтабасұлы "Маңғыстау" дастаны

Бекет ата туралы екі деректі фильм түсірілді.

Біріншісі -"Бекет ата" атты деректі фильм.

Екіншісі - "КиеліҚазақстан"атты деректі фильмді Алматыдағы "Керуен" қоғамдық қоры түсірген. Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша жасалған бұл деректі фильмнің ұзақтығы 45 минут. Сценарийін жазған Базарбек Атығай, режиссері Ерлан Хойлан, операторы Марс Умаров, редакторы Абылай Мамырайхан, жарық түсіруші Талғат Оданов, музыкалық редакторы Бейбіт Ақош. Түсіндірме бергендер - филиология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахметов пен тарих ғылымының докторы Мәди Кереев.

Алматы облысы үшқоңыр аылында өткен Бекет атаның асында белгілі әскери журналист Кенжебек Тұманбайұлы "Жер иесі" атты арнайы журнал шығарған.

Жұмабай Доспанов "Бекет ата. Аңыз бен ақиқат" кітабының авторы.

Рахат Қосбармақ, ақын,"Бекет ата" кітабының авторы.

Қабиболла Сыдиықұлы (1934 - 2001) әдебиеттанушы, филиология ғылымының кандидаты,"Бекет ата" кітабының авторы.

Шәміл Әбілтай, күйші - домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,"Маңғыстауда Пір Бекет" күйінің авторы.

7. Қазақ зиялылары Бекет ата туралы

1."... Асқақ жұртының ақар - шақар шың басындай тәкәппар жүрегінен мәңгілік жәннәт тапқан, Әлсізге Медет, Күштіге Айбар, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға Сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі Пір атаға қанша тағзым қылсақ та артық емес... Ол - көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес Мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттықтың асқан үлгісін танытып, үлкен - кішіні, алыс - жақынды, дос - пен дұшпанды түгел мойындатқан адам" Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Халық жазушысы.

2."Бекет ата ғибратты ғұмыр кешкен, ел арасында әулие атанған тарихи тұлға екені белгілі. Ол халқымызға жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды таратып, ізгілік дәнін септі. Ұлы бабаның мұрасы да, мұраты да елдің рухани өсіп, тлоысуына қызмет ете беретіні кәмілі"Н. Назарбаев

3". Көзі тірісінде - ақ ел ішінде батыр, сәулетші, ағартушы, қасиетті әулие ретінде аты аңызға айналған Бекет ата қазіргі мына ұлт болып ұйып жатқан шағымызда бізге рухани дем бермек" И. Тасмағамбетов

4". Бекет ата - бүгін бір ұлтанды ұлыстың ғана ұраны емес, ризыққа бастар береке - бірліктің, ұлтты ұйытар тұтастықтың да ту байлар тұғыры. Бекет ата - берекелі іс пен биік парасатқа бастар даңғыл"

Қырымбек Көшербаев

5."Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? Меніңше, ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты. Атаны іздесек, жүректерден іздейік!" Е. Раушанов

8. Бекет атаның ұрпақтары1. Ислам қажы Мырзабекұлы, Бекет ата тараған Қосқұлақтың ұрпағы, 40 жыл бойы Бекет ата тарихын зерттеуші, Бекет ата жөніндегі бес кітаптың авторы.

2. Тұрсынғали Ләтіпұлы - Бекет атаның киелі асасының қазіргі иесі.

3. Бердіхан Аяпбергенұлы - Бект атаның жетінші ұрпағы, Бекет атаның екінші аса таяғының қазіргі иесі.

4. Бекет атаның ұрпағы Көбен Аралбайұлы пір атаның қарашаңырағының маңдайша ағашын қастерлеп ұстауда.

5. Тұрғанбай Сәулеұлы, Бекет атаның сегізінші ұрпағы, Оғыландыдағы Бекет ата бейітінің шырақшысы.

Қорытынды "Тарихи - мәдени ескерткіштер - еліміздің ертеңі"

... Ашылмаған құпия көп тірлікте,

Әрбір адам - зерттелмеген бір нүкте.

"Бекет!","Бекет!"дейді әркім әр жерде,

Бірақ біздер оны терең білдік пе? Рахмет Аяпбергенұлы "Бекет ата"

Ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов:"Ата көзі тірісінде талай мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтарының жүрегіне орнатты. Атаны іздесек, жүректерден іздейік!"- дегеніне ықыластана қосыламын.

Тарихи тұлғалар ескерткіштерінің тарихын, сәулет өнерінің сырларын тек мектеп бағдарламасы арқылы оқып, толық мәлімет алып шығу жеткіліксіз. Киелі орындар мен діни кешендер туралы мәліметтер өте аз, жеткіліксіз. Сондықтан қосымша ғалымдардың зерттеу еңбектерімен, БАҚ материалдарымен және интернет жүйесін пайдаланудың орны ерекше.

Тарихи - мәдени орындар, сәулет ескерткіштері және тарихи - танымдық жазбалармен елге қасиетті тұлғалар сырларын үйрену арқылы көкірегіміз имандылық нұрымен сәулеленеді. Тарихи тұлғалар ескерткіштерін білу арқылы тарихи танымымыз қалыптасады. Тарихи танымға - өз ұлтының әдет - ғұрыпын, салт - дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады. Қазақ жеріндегі және шет жұрттағы тарихи тұлғалар ескерткіштерін білу, оның тұрғызылу себебін білумен халқымыздың ұлы тұлғаларымен, Отаныммен мақтанамын.

Рухани дағдарыстың түбі - адамдардың иманын, адамгершілігін әлсіретіп, өмірдегі негізгі мақсатынан, ізгілік жолынан адастырады. Жеке бастың қамы үшін арын, тілі менділін сату сияқты теріс құбылыстарға жол ашыла бастайды. Міне осындай қазақ қоғамына жат құбылыстармен күресті ұлы ойшыл ағартушылар ілімін дұрыс қолданумен жүргізе аламыз. Пір Бекет бірде алақұйындауыл болып келсе, бірде аққу, қаз болып ұшыпөз елін, жерлестерін жаудан қорғаға. Бір қарағанда аңыз сияқты. Бірақ халық жадыосылай сыр шертеді. Ал, анығы мынада. Пір Бекет ата халқымен мәңгі бірге болған.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 1 млн. тарта жастар өзге дінге кірген. 100 мыңдай азаматтың ұлты анықталмай келеді. Бұл аз десеңіз, 50 мыңдай қазақ қыздары шетел азаматтарына тұрмысқа шығып кеткен. Тек он жылда 8500 қазақ баласы мұхит асып, бөтен ұлт ошағына көзін сатып, жетімдік қамытын киіп отыр. Қоғамымызда уаххаби, сәләфи, т. б. жат ағымдар етек алуда. Мұндай жағдайлар қазағымыздың сүттей ұйып отырған бірлігіне сына қағады. Ендеше, қазақ қоғамының бірлігінің ұстыны - рухани тірегі - ата - бабаларымыздың ақ жолы, рухани ұстаздарымыздың ақ жолы мен ұлағатты ісіне дақ түсірмейік. Бірлік жолы осы. Бірлік бар жерде, тірлік бар. " [2]

"Ұлы баба әлсізге - Медет, күштіге - Айбар, зарыққанға - Жебеу, тарыққанға - Демеу, асқанға - Тосқан, сасқанға - Сая, ұрпаққа - Ұстаз, ұлысқа - Ұран, ел Иесі, жер Киесі"- деген заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың аузынан шығып, қаламына ілінген лебіздері халық арасында қанатты сөзге айналуы тегін емес.[3]

Сілтемелер: 1. Н. Назарбаев."Мәдени мұра" бағдарласы

2. Өмібек Озғанбеав, академик."Аңыз Адам"журналы

3. Әбіш Кекілбаев, Қазақстан халық жазшысы."Аңыз Адам" журналы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 3 том

2. Тарихи тұлғалар кітабы.

3. Интернет материалдары "Елеулі есімдер - тағылымды тұлғалар"

4. Авторы: caspionewsks. "Атырау" газеті, 14. 09. 2010ж

5. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа,- Астана - 2009

6. Абай Бектұрсын."Маңғыстау" газеті, 26. 07. 2012ж."Тобықты ойындағы Бекет ата мешіті"

7. Тұрар Шапқара. Атырау. Интернет материалы."Бекет атаның берекесін кетіріп жүрген кімдер?"

8. Ерік Ержанұлы. Қазақпарат. Интернет сайты."Киелі Қазақстан"

9. Қазақстанның мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы. Интернеттен.

10."Бекет ата". "Аңыз адам"журналы,№14 (50) Шілде 21012ж

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу