Жылқы - малдың патшасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы
"Алға мектеп-бақшасы"ММ
4 сынып оқушысы Миратұлы Темірлан
Жұмыстың мақсаты:
«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған.
Төрт түлік малдың пайдасы. Еті - жесең тамақ Сүті – ішсең сусын. Жүні - кисең киім. Терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. Мінсең - көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ, қымыз - пайдалы сусын. Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы - халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз - адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.
Зертханалық жұмыстар
Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған, Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды Өңкей мама биемен Сауған сайын иіген, Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы Жылқы бассын үйіңді Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл 3. Тай - 2 жастағы жылқы 4. Құнан - 3 жастағы жылқы. Байтал - 4жастағы ұрғашысы 5. Дөнен - 4 жастағы еркегі 6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат 7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр. 8. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
Жылқы жүрісі
1. Аян 2. Жорға 3. Жортақ 4. Бүлкек 5. Бөкен 6. Сар желіс 7. Текірек 8. Шоқыту 9. Шабыс
Жылқының шабысы «Қобыланды батыр»- халық дастанында былай суреттеледі:
Тайбурылдың шабысы
Бауырына қамшы батқанда Тайбурыл шиыршық атты. Атандай төсі салынып, құбылып гулегенде табаны жерге тиер - тимес қалықтап созылды. Үкілі құйрық, майда жал алдынан ескен желмен судырай жайылып, суылдап қыл қобыздың нәзік ызылындай үн шығарды. Көктен құйған тамшыдай құлдырап зулаған Бурыл шабысты өршітті. Бүйірі қызған сайын елірген Бурыл ауыздықты қарш - қарш шайнады.
Жылқы түстері де әр алуан
Жылқы түсі
1. Көк 2. Торы 3. Күрең 4. Жирен 5. Шабдар 6. Қара 7. Ақбоз 8. Шұбар 9. Теңбіл 10. Бурыл 11. Сұр 12. Қарагер т. б
Жылқы малына қатысты салт - дәстүрлерді көптеп кездестіруге болады. Нәресте дүниеге келгенде кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, жиендер жиып алады. Бала үш жасқа толғанда жеке атқа мінгізіледі. Ол үшін балаға арнап ашамай дайындалады. Жас баланың атқа мінуі халқымыздағы балаға арналған тәрбиелік маңызы ерекше аялы қамқорлықтың бірі. Бұл оқиға ес біле бастаған жасөспірім үшін мәңгі естен кетпес қуаныш Сондықтан да баланың атқа міну қуанышына арналған той бала өміріндегі тойлардың ең елеулілерінің бірі болып саналатын. Атқа міну тойы баланың әжетке жарап, еңбекке араласуы, азаматтықтың басы деп ұққан. Ол балаға да үлкен ой туғызып, тез есеюіне әсер еткен. Баланы атқа мінгізу сияқты бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлердің бірі - сүндет той. Сүндет тойы да баланың атқа міну тойы секілді думанды тойдың бірі. Мұнда да баланы арнаулы «Сүндет ат» деп аталатын атқа мінгізіп, сәндеп киіндіріп, үкі тағып, ауыл - аймақты аралатады, баланы өз аузымен тойға шақыртады. Баланы бесікке саларда таза темірде немесе сол үйдегі қысқашты, темір көсеуді отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл - жын - шайтан өлсін, балаға бәле - жала жабыспасын дегені. Сонан соң әйелдердің біреуі: «Бала қырандай алғыр болсын» деп бүркіттің тұяғын бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан қылыш жарқылдатып: «Жау жүрек батыр болсын» десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: «Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын» деген тілек айтады. Яғни бұдан байқайтынымыз, қазақ халқы үшін жылқының орны ерекше. «Қыз баланың жат жұрттық екенін мойындағанмен, қазақ атамыз жиендерін ешқашан сыртқа теппеген. Қайта олар жат бауыр болып кетпес үшін жиі - жиі ат ізін салып, жиендерін жыл сайын бір - екі рет сыйлы қонақ етіп, тік тұрып күтіп алуды үлкен мәртебе санаған. «Ат - ер қанаты». Осындай нағашы аталары таңдап берген бәсерелерімен сал серілігі, атбегілік атағы шыққан бозбалалар халқымызда аз болмаған. «Үйдің жақсы болмағы - ағашынан, баланың жақсы болмағы - нағашыда» деген нақылды да аталарымыз осындайдан айтса керек.
Қорытындылау:
Мен жұмысымды қорытындылай келе, қымыздың емдік қасиеті жоғары, оның әлі де болса ашылмаған сырлары көп екенін ізденіп зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастырамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру