Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

 Қазақ тілі | Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы

Мазмұны

КІРІСПЕ ..........................................................................………...3
1 Профессор Құдайберген Жұбанов
және қазақ тіл білімі .....................................................................4
Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі ……………..4
Фонетика саласына қатысты зерттеулері ............……..6
Морфология мен синтаксис салаларына қатысты
зерттеулері ……………………………………………....10
Терминология саласына қатысты зерттеулері ………..17
2Проф. Қ.Жұбанов тың зерттеулеріндегі қолданбалы лингвистиканың жаңа бағыттарының көрінісі …………..21
Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі статистикалық әдістің көрінісі ........................................27
Табиғи тілдің синтаксисі мен семантикасын модельдеуге қатысты қысқаша мәліметтер ....................21
Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі модельдеу әдісінің көрінісі....................................................………...43
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................54

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов «қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге» ат салысып, теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы, ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған «Статистикалық лингвистика», «Лингвистикадағы модельдеу» бағыттарының кейбір бастамаларын Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі

Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған мектеп «корпусы» - жыпырайған шым үй. «Педколлективті» құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура келеді. Қосуақтамда тағы бір «оқу орны» болатын. Ол – бір кластық орыс мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы «Хұсайния» медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес, «дүнияуи» пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны мәлім. Осындай медресе «Хұсайнияда» Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды. Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды, медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам болады.
Енді Құдайберген орысша білімді тиіп – қашып өз бетімен емес, мектептен жүйелі түрде алғысы келеді. Сол мақсатпен ол 1916 жылдың күзінде Жұрын станциясындағы 2 сыныбтық (бес жылдық) орыс мектебінің 4 сыныбына келіп түседі. Табиғатынан зерек, алғыр, жасы да болса естиярлау Құдайбергенге Жұрын мектебінің берері аз болады. Баяғы орысша әліппені танытқан Хұсайын Ашығалиев Күйік қаланың (қазіргі Елек) орысша екі сыныбтық (6 жылдық) училищесіне баруға ақыл қосады. Бұл 1917 жыл еді. Сол Күйік қала училищесінің 5-6 сыныбын бір жылда (1918 жылы) үздік бағамен бітіреді. Үзіп – жұлып 2,5 – 3 жылдай оқыған орыс мектептерінен ол орыс тілін жақсы меңгеріп алады, дүниетану білімін толықтырады, өзі ұнатқан ғылым саласының қайсысын болса да өз бетімен игеріп кететіндей дәрежеге жетеді. Қ.Жұбановтың орта білімі осымен аяқталады [1,5].
1928 жылы Ленинградтың Шығыс тілдері институтын бітіріп, жоғары білімге ие болады.
1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды: - 02.1929-09.1930. (1,5 жыл) Шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша; - 10. 1930-09.1932. (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жалпы тіл білімі бойынша). Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.
Қызметі жөнінде:
1. Темір аудандық, Құлжа – Темір болыстығы - әуелі хатшысы, кейін – председателі – 10. 1918 – 04. 1920 ж.ж.;
2. Темір аудандық бақылау комитетінің басқармасы – 0920 – 1922 ж.ж.;
3. Темір аудандық атқару комитеті (РИК - мүшесі) – 1922 – 1923 ж.ж.;
4. Темір уездік оқу бөлімінде инспектор – 12. 1923 – 09. 1925 ж.ж.;
5. Ақтөбе губерниялық оқу бөлімі – нұсқаушы методист – 09. 1925 –12. 1928 ж.ж.;
6. Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда осылай аталып, кейін КазПИ болған), салыстырмалы түрік тілдері кафедрасында ғылыми қызметкер – 12. 1928 – 02. 1929 ж.ж.;
7. Қазақ педагогткалық институты (КазПИ), Алматы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі әрі профессоры; - 01. 09. 1932 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
8. Ағарту халық комиссариаты – коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, Мемлекеттік терминком бюллетенінің бас редакторы. 01. 1933 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
9. СССР Ғылым академиясының, Қазақстандық филиалы – лингвистика секторының меңгерушісі, қазақ тілінің Академиялық сөздігінің бас редакторы, Қазақ филиалының Ғылыми советінің және Президиум мүшесі – 1936 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
10. Қазақстандық ұлт мәдени ғылыми – зерттеу институтының ғылыми кеңесінің мүшесі – 1935 – 1936 ж.ж.;
11. Бүкілодақтық және әліп Орталық комитетінің Қазақстандық мүшесі 1935 – 1937 ж.ж.
12. Сайланған:
Темір аудандық атқару комитетіне (РИК) – 1922 – 1923 ж.ж.
Каз. ЦИК мүшелігіне – 1935 – 1937 ж.ж.
XVI Бүкілресейлік Советтер съезіне делегат – 1935 ж.
13. «Қазақстанның 15 жылдығы» Құрмет белгісімен наградталған – (1935 ж.)
14. 1937 ж. желтоқсанның 19 – күні «халық жауы» деген жаламен ұсталып кетті (қамауға алынды).
15. 1938 ж. ақпанның 25 – күні «тройканың» үкімімен атылып кетті.
16. 1957 ж. қазан айының 3 – күні азаматтық тұрғыдан ақталды.
17. 1958 ж. ақпанның 22 күні партиялық қалпына келтірілді [3,576.].
Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен және көлемімен өлшенбейді, мән – маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланады. Осы тұрғыдан келгенде Қ.Қуанұлы Жұбанов – халқымыздың мәдениет, ғылым, өнер тарихындағы аса бір жарқын құбылыс. Творчестволық жолы ерте үзілген, жан – жақты әрі үздік талант иесі Құдайберген Жұбановтың бізге жеткен барша ғылыми мұрасы бір томның көлемінде. Бұған ғалымның бізге жеткен еңбектері дәлел [7,55.].
Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алып, Құдайберген Жұбанов зерттеулерімен жалғасқан қазақ тіл білімінің теориялық негіздері бүгінгі ғылымымызда дәстүрлі жалғасын тауып отыр.
Ғалымның ғылыми мұрасы өткен күндердің мирасы, сонымен бірге теориялық тұжырымдар мен бүгінгі ізденіс, зерттеуге арқау екенін көреміз. Қ.Жұбановтың мұраларының бір саласы күн тәртібінде тұрған тіл құрылысы проблемаларын шешіп беріп, тіл практикасында бірте – бірте орныққан еңбектері болса, екінші бір саласы – озық ойлы теориялық ізденістері мен зерттеулер [4,30].

1.2 Қ.Жұбановтың фонетика саласына қатысты зерттеулері

Тіл білімнің өзіндік орны бар, маңызды бір саласы – фонетика. Сондықтан тіл дыбыстарын, оларға тән заңдылықтарды зерттеп және терминологиялық жүйесін қалыптастыру лингвистиканың осы фонетика саласының міндеті болып табылды. Қазақ фонетикасында бұл реттегі алғашқы зерттеулер профессор Қ.Жұбанов есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің зерделі зерттеулері нәтижесінде қазақ тіл білімінің басқа салаларымен қатар фонетиканың да обьектісін анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстың саны мен сапасы, буын, сингармонизм, екпін, алфавит, орфография, терминология т.б. мәселелерге байланысты тұжырымды пікір айтып, тұңғыш рет қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасады [5,3].
Қ.Жұбановтың ғылыми фонетиканың орны мен объектісі туралы көзқарастары. Алғашқы кезеңде зерттеушілердің бірі фонетиканы грамматика құрамында қарастырьп, соған қатысты ғана сөз етсе, енді бірі оны жеке ғылым саласы деп қарады. Сондықтан фонетиканың зерттеу объектісі де әртүрлі түсіндірілді. Қ.Жұбанов бұрынғы тілші ғалымдар фонетиканы дыбыс жайындағы ғылым деп түсінетінін, бірақ табиғаттағы (күн күркіреуі, арба сылдыры, т.б.) адамнан тысқары, қоғамдық қажеттіліктен тумаған (түшкіру, кырылдау т.б.), қоғамдық (музыка т.б.) және бір тілде сөйлеушілерге түсінікті (малды шақыру, жел шақырғандағы ысқыру, т.б.) дыбыстарды фонетика тексермейтінін айтып, адамның пікір алысып, сөйлеуге қызмет ететін тіл дыбыстарын ғана фонетика өзінің зерттеу объектісі ететінін ескертеді. Ол: "Фонетика - дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым", - деп, қазақ лингвистикасында алғаш рет фонетиканың зерттеу объектісін көрсетіп берді - дейді Ә.Жүнісбеков [8,192].
Дыбыстау мушелері. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасында бұл бағытта да алғашқы болып зерттеу жүргізіп, "Қазақ тілінің грамматикасы" оқулығында дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы толымды пікір айтты. Бүл оқулыққа дейінгі еңбектерде сөйлеу органдарының артикуляциясы талданбаған болатын. Бұл мәселе қазақ фонетикасына осы оқулықтан бастап енді. Қ.Жұбанов дыбыстау аппараттары өкпе, ауыз, мүрын және кедергі мушелер деп, "өкпе, сырнайдың көрігінше, ісініп-басылып, ауаны біресе сыртқа теуіп, біресе ішке тартып тұратынын", ал ауыз, мұрын қуыстары дыбысты зорайтып тұрса, ауа ағыны бірде еріннен, бірде тіс түбі, не таңдай, не көмейден бөгеліп, кедергіленеді де, дыбыс та кедергісіне байланысты әртүрлі шығатынын айтады. Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне, ал дауыссыздарды шығарған кезде ауыз ішіндегі кедергі мүшелерге күш түсетінін дұрыс көрсетіп, олардың қызметін де дәл тани білген. Дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы Қ.Жұбановтың пікірлері А.А.Реформатский, Л.Р.Зиндер, М.И.Матусевич, І.Қ.Кеңесбаев, Ә.Н.Нұрмаханова оқулықтарын-дағы ой-тұжырымдармен ұштасып жатқандығын байқатады. Тіл дыбыстарын түрлі аспектілер арқылы зерттеп тану бағытындағы ғалым ізденістері жалпы фонетика тұрғысынан да маңызды [5,12].
Дыбыс пен фонема. Қ.Жұбановтың еңбек еткен кезеңінде фонетика мен фонологияның жігі ашылып, тіл дыбыстарының мағына айқындауға қатысын анықтауға ерекше назар аударыла бастаған еді. Әсіресе, фонема теориясы туралы көзқарастар тіл дыбыстарың фонологиялық түрғыдан тексеруге жол ашты. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған И.А.Бодуэн де Куртенэ фонетиканы жаратылыстану, ал фонологияны қоғамдық ғылымдар қатарына жатқызған болса, Ф.де Соссюр де мұны екі ғылым ретінде таныды. Н.С.Трубецкой сөйлеу дыбыстары фонетиканың, тіл дыбыстары фонологияның объектісі деп есептеді [9,7]. Л.В.Щерба бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға қарсы болып, бұлар бір мәселенің екі аспектісі екенін айтып, фонема мен оның варианттары туралы теорияны жасады [10,18-12]. Ал Қ.Жұбанов өз кезінде Л.В.Щерба идеясы негізінде фонема теориясын терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялық тұрғыда қарастырды. Сондықтан оның еңбектерінің өн бойынан "тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана зерттеу керек" деген қағиданы аңғарып отырамыз. "Бір сөзді екіншісінен айырғанда екеуінің дыбысталуында бір айырмашылық болғаннан айырамыз'', - деп, сөз бен сөзді айыратын негізгі белгі ретінде дыбысталу мен оның мағынамен байланысына назар аударады.
Дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар екендігін айтып, оларды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік қасиеттеріне қарай алғаш рет топтастырушы В.В.Радлов болды [11,71-72]. Бірақ ол и мен у аралық немесе жарты дауысты дыбыс деп атаған. Сондықтан Қ.Жұбанов "дыбыстау түріне қарай" дауыстыларды толық дауыстылар /а, ә, е, о, ө/, келте дауыстылар /ы, і, ұ, ү/ және қосынды дауыстылар /ұу/үу, ый/ій/ деп үш топқа бөлген. Қазақ тіліндегі дауыстылар жуан-жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатынын дұрыс аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен белгіленетінін айтьп, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп есептеп, ұу/үу - бір ғана у, ый/ій косындылары й әріптерімен таңбалануын ұсынған. Жасалу түріне қарай ерін дауыстылары /о, ө, ұ, ү/ және езу дауыстылары /а,ә, е, ы, і/ деп топтастырған. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын алғаш рет үш оппозициялық топқа бөліп жіктеген В.Радлов болса, оның ісі Қ.Жұбановтың ана тіліміздегі зерттеу еңбегінде жалғасын тапты. Қазақ тілі дыбыстарының жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып карама-қарсы қойылуының фонематикалық мәні зор. Дауыстылардың бұл жіктелісі сингармонизм заңдылығын терең түсінуге көмектеседі десек, Қ.Жұбанов та соған сай топтастыра білген. Қазіргі оқулықтарда дауыстылар жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болып жіктелсе, Қ.Жұбанов дыбысталу түріне қарай толық, келте деп бөлген. Олай болса, бір еңбекте артикуляциясына, екіншісінде акустикалық ерекшеліктеріне қарай топтастырылғанын көреміз. Ғалым келте дауыстылардың ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Себебі қысаң дауыстылардың ғалым айтқандай "бірде сапасынан айрылып" мүкі айтылуы редукцияға бейімділігі деп білеміз [16]. Қ.Жұбанов "сөзге ән беретін - дауысты дыбыстар" деп, қазақ тілі дауысты дыбыстарының акустика-артикуляциялық кестесін жасап, В.Радлов, А.Байтұрсынов ізденістерін жалғастырып, ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеп берді.
Дауыссыз дыбыстар. Қ.Жұбанов жалпы қазаққа тән дыбыс пен оның жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылуы туралы жалаң атап өтумен шектелмей, "диалектілік ен-таңбалардың қазақ тілінің қай-қай салаларынан көрініс беретінін басын ашып таныған, саралап және дәл көрсеткен" [2,184].
Қ.Жұбанов: "салдыр болып, я салдыры басым болып шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз", - дейді [3,173]. Ол п, б, с, з, ш, ж, т, д, к, қ, ғ, г дыбыстарын ғана дауыссыз деп: "Дауыссыз дыбыстардың бәрі егіз болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылған болады. Дыбысы тек салдыр болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз дейміз. Дыбысында салдырға үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз", - дейді. Ендеше, дауыстың катысына қарай Қ.Жұбанов үнсіз / п, т, с, ш, к, қ /, үнді / б, д, з, ж, г, ғ / деген дыбыстар В.Радлов еңбектерінде - қатаң, ұяң, ал А.Байтұрсыновта қысаң жолды, босаң жолды деп аталғанын білеміз. Дыбысының созымды-созымсыздығына, яғни дыбыстың шығу, айтылу жолына қарай дауыссыздарды үздікті / т, д, п, б, к, г, қ, ғ /, үздіксіз /с, ш, ж, з/ дыбыстар деп те жіктеген. Бүл дыбыстар туралы І.Кеңесбаев: "Шұғыл фонемаларды айтқанда ауа үзіліп шыкқандықтан бұларды үздікті деуге де болады. Ызың фонемаларды айтқанда ауа үзілмей шыққандықтан бұларды үздіксіз деуге де болады", - деп, Қ.Жұбанов ізденістерінің дұрыстығын айғақтайды [14,257-258]. І.Кеңесбаев ғ дыбысын айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысатындықтан оны ызың дыбыстар тобына қосып, Қ.Жұбанов зерттеулерін одан әрі дамытты. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық ерекшелігіне қарай жабысыңқы /п, б, т, д, к, г, қ, ғ/, жуысыңқы /с, з, ш, ж/ деп топтастырған еді.
Сонорлар. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз, сонор деп үш түрлі акустика-артикуляциялық топқа бөліп, "үні мен салдыры тең бірқатар дыбыстар бар, оларды сонорлар дейміз" деген еді. Ол үн мен салдыр дауыстыларға да, дауыссыздарға да тән екендігін, тек дауыстыларда - үн, дауыссыздарда салдыр басымдығына қарай екеуі бір-бірінен ажыратылатынын, ал сонорлардың "салдыры мен үні тең" болатынын айтып, у, й, р, л, м, н, ң сонор дыбыстар деп көрсетеді. Бүл жеті дыбыс та қазіргі таным бойынша үнді дауыссыздар ретінде дауыссыздар құрамында қаралатыны белгілі. Ғалым сонор дыбыстарды ауаның шығу жолына қарай тура жолды / у, и / және айналма жолды / р, л, м, н, ң / деп екі топқа бөлген. Шығатын орындарына қарағанда, у -еріннен, й - таңдайдан шығатын, ал жасалу түрі мен созымдылығына қарай екеуі де жуысыңқы, сондықтан екеуі де созуға келетін үздіксіз дыбыстар дейді.
Қ.Жұбанов айналма жолды сонорларды ауыз жолды айналма / р, л / және мұрын жолды айналма / м, н, ң / деп екі топқа бөліп, ауыз жолды айналма сонорлар шығарда дем мұрынмен айналып өтпсйді, ауыздың өзінен шығатынына, яғни "ауыздың өзінің ішінде-ақ бұлтарып жүріп барып шығатынын" айтады.
Қ.Жұбанов н, м, ң дыбыстарын мұрын жолды айналма сонорға жатқызып, "бұларда дем тура ауыздан шықпай, кеңсірікпен айналып барып, мұрыннан шығады" дейді. Ол н "тіл ұшының үстіңгі күрек тіске соғуынан" жасалатын курек тіс дыбысы десе, І.Кеңесбаев - тіл ұшы, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабековтер тіл алды фонемасы деп үш түрлі атағанымен де, бұл дыбыстың артикуляциясын барлығы да Қ.Жұбановпен бірдей көрсеткен. Сол сияқты, ғалым л - азу, р - қызыл иек, й - таңдай, ң – көмей дыбыстары деп басқалардан өзгеше атағанымен, жалпы алғанда артикуляциялық ерекшеліктерін дұрыс таныған [5,17-18].....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 959



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі