«Қазақ әдебиеті» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып


«Қазақ әдебиеті» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2022

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

 Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

 Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

 Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

  • Күтілетін нәтижелер
    •  тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
    •  әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
    •  көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
    •  әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
    •  көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
    •  мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
  • Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларын ың деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырма лар түрі

Түсіну және

жауап беру

Білу және

түсіну

-шығарманың тақырыбын, түрі мен жанрын,идеясын,автордың

Көп таңдауы

бар сұрақтар

көзқарасын,суреттеулерді,астарлы

мағыналарды түсінеді;

Қолдану

-әдебишығармадақолданылған көркемдегішжәнестилистикалық

құралдардыңерекшеліктерін

анықтайдыжәнеолардысипаттай

алады;

-әртүрліәдебишығармалардың мазмұнын зерттейді және өз түсінігін

ұсынады;

-әдеби шығармалардың мазмұнын баяндайды;

-поэзияданнемесеқарасөзден дауыстап үзінді оқиды;

-әдеби шығармалардыңмазмұны туралыпікірлерменкеліседіжәне

қарсыболады;

-әртүрлімедиаматериалдарды пайдаланады.

Анализ және

интерпретац

- әдебишығармалардың

сипаттаутәсілдерін анықтайды;

Қысқа жауапты

қажет ететін

ия

Жоғары деңгей

дағдылары

  • берілген әдеби шығармалардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайды және талдайды;
  • әдеби шығармалардың тілі мен құрылымын талдайды;

ашық сұрақтар

- әдеби шығармадағы дәлелдемелерді пайдаланып,өзкөзқарастарын

ұсынады;

- жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты

байланыстырады.

Бағалау

және

- авторлардыңжұмыстарымен

стильдерін бағалайды;

Жазбаша толық

жауапты қажет

салыстыру

- өзжазбаларында,соныңішінде шығармашылықжазулардаәдеби

ететін сұрақтар

құралдар пайдаланады;

  • жоспарлау әдістерін пайдаланады;
  • қазақ және әлемдік әдебиеттегі шығармалардыңмазмұнын

салыстырады.

  • Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

 Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

 Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

 Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

 Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

  • Модерация және балл қою

 Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы - 45 минут

 Түсіну және жауап беру – 10 минут

 Анализ және интерпретация – 15 минут

 Бағалау және салыстыру – 20 минут

Балл саны - 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

ипаттама

*Орындау уақыты, минут

Балл

1-5

10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Жауап

нұсқаларынан

бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6-8

10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

15

15

9

10.3.1.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы

45 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Бөлім: Өлең – сөздің патшасы

Шығармалар: Абай шығармашылығы«Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, «Ескендір» поэмасы

1-БӨЛІМ

1.«Ескендір» поэмасының құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз. [1]

Шығарма жолдары

Реттілігі

1

Қақпадан лақтырды бір орамал,

-Сыйым- осы, падиша мынаны ал!

Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,

Апар дағы, ойланып көзіңді сал

А) оқиғаның басталуы

2

Филипп өлді, Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды- солды.

В) оқиғаның байланысуы

3

Жолдасы –Аристотель ақылы мол,

Лақтырған сүйекті алады сол.

Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,

Көзіңе көрсетейін, хабардар бол»

С) оқиғаның шиеленісуі

4

Ойлап- ойлап патшаның мойны түсті,

Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.

Бекерлік екен менің бұл ісім деп,

Қолын алып жұртына қайта көшті.

D) оқиғаның шарықтау шегі

5

Жүре- жүре бір елсіз шөлге түсті,

Алып жүрген суының бәрін ішті.

Адам, хайуан- бәрі де бірдей шөлдеп,

Басына құдай салған қиын істі...

Е) оқиғаның шешімі

2. . «Сабырсыз, арсыз,еріншек» өлеңінің қай жолдарында мәселе ұлттық мүдде

тұрғысынан айтылған?

 А) Алыстан дәм татады

Қызмет қылып мал таппай,

 Ғылым оқып ой таппай,

Құр үйінде жатады.

В) Сабырсыз, арсыз,еріншек,  

Көрсе қызар, жалмауыз, 

Сорлы қазақ сол үшін,

Алты бақан алауыз.

С) Пысық деген ант шықты.

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз құбылған салт шықты

Д)Ұрлықпен мал табам деп 

Егессе ауыл шабам деп, 

Сүйтіп құдай атады. [1]

3. «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай,бойды таза сақтатұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? - деген үзінді қай кейіпкерге тән екенін табыңыз?

А) Қайрат

В) Ақыл

С) Жүрек

Д) Ғылым [1]

4. Өлең жолдарындағы асты сызылған тармақтарда қоғамдағы қандай мәселе көтерілген?

Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтықАздырар адам баласын.Таласып босқа,Жау болып досқа,Қор болып, құрып барасың.Өтірік шағым толды ғой,Өкінер уақытың болды ғой

А)көрінгенгекөзін сүзіп, тамақ асырайтындар туралы

В) ел билеген зорлықшыл жуандардың әрекеті туралы

С) жалқаулық,арызқойлыққа айналғандар туралы

Д) берекесі, бірлігі жоқ елдің іс-әрекеті туралы [1]

5."Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да" өлеңінің идеясындағы ұлттық құндылықтың әлемдік тақырыптармен үндестігі бар нұсқаны белгілеңіз.

А) болыстың сайлау үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстарын баяндау

В) ел қамын ойлап, табанынан тозып, жүгіріп жүрген болыстың портретін сипаттау

С) қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттерді сипаттау

D) алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу [1]

2-БӨЛІМ

6. Абайдың отыз үшінші қарасөзін еске түсіре отырып, автор идеясына қатысты ойыңыз бен өз көзқарасыңызды жеткізіңіз. Бүгінгі күнде өзекті ме? Пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [5]

7. Абайдың он жетінші қарасөзіндегі адам бойындағы қай қасиет басымдылық бергенде «Толық адамға» айналады. Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. [5]

8. « Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінен алынған үзіндідегі асты сызылған көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтап, ойыңызды жеткізіңіз.

Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы? [5]

3-БӨЛІМ

9. « Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалай отырып, «Абай – дәуіріндегі қазақтың рухани ахуалы» тақырыбында 200-250 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз. [10]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

1. С

2. А

3. Д

4. Е

5. В

В

А

С

С

1

1

1

1

1

1

1

1

1

6

Отыз үшінші қарасөзіндегі автордың идеясын анықтайды, ойын жеткізеді

Өз көзқарасы мен пікірін дәлелдейді;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

7

Он жетінші қарасөзіндегі басымдылық қасиетті анықтайды;

Өмірмен байланыстырады;

Өз көзқарасын жеткізеді;

2

2

1

8

Көркемдегіш құралды анықтайды,

Өз көзқарасы мен пікірін дәлелдейді;

Өзіндік ойын жеткізеді;

2

2

1

9

Өлеңнің идеясына талдау жасайды;

Өлеңнің тарихи құндылығын бағалайды;

Өлеңнің көркемдік құндылығын бағалайды;

Орынды пікір,дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты ашады;

Эссе құрылымын сақтайды..

2

2

2

2

2

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы – 45 минут

Түсіну және жауап беру – 10 минут

Анализ және интерпретация – 15 минут

Бағалау және салыстыру – 20 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім –түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

2

3

4

5

10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Жауап

нұсқаларынан

бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6

7

8

10.2.1.1 Әдеби шығарманың композициясын

уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

15

15

9

10.3.4.1 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

Барлығы

45 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Шығармалар: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы,

  Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі

1-БӨЛІМ

1. «Ақбілек» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.

A. ауыл-елдің тұрмыс–дәстүрлері, тіршілігі

B. қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі

C. Ақбілектің жетістікке жетудегі өмір жолы

Д. қазақ халқының өткен өмірі мен тарихы

[1]

2. «Ақбілек» романында Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырған кім?

А.Іскендір

B. Бекболат

C.Өрік.

Д.Мұқаш [1]

3. «-Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. Бір ауылнай елдің басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан кайтыс болған соң, әксміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жаңа ӛспірім қызын, беріп қойған жерінен, 15 караға бата бұзып алып еді. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды».-деген сөзді кім айтқан?

А. Мұқаш

В. Балташ

С. Диуана

Д. Бекболат [1]

4. «Аңыздың ақыры» шығармасындағы ұлттық құндылықты табыңыз.

А. Кіші ханымның шеберге сый көрсетуі

В. Кіші ханымның Әміршіге адалдығы

С. Жаппар шебердің мұнара соғуы

Д. Әміршінің жорықтан қайту салтанаты

[1]

5. «Аңыздың ақыры» романында Кіші ханымның ой-толғанысы, психологиялық ахуалы, күмбезбен үнсіз сұхбаты, Әміршімен, шебермен қарым-қатынасы қай бөлімде кеңірек сипатталғанын көрсетіңіз.

А. Мұнара

В. Қызыл алма

С. Аңыздың ақыры

Д. Махаббат

[1]

2- БӨЛІМ

6. «Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы» Кейіпкер бейнесін сипаттап, өз көзқарасыңды білдіріп жаз. Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. [5]

  7. «Жылқы бақтым- күлкі бақтым. Алыс- жақын, қатер ойыншық болды. Жылқы бақтым, кісі болдым...»Үзіндідегі көркемдегіш құралдың қолданысына талдау жасаңыз. [5]

8. Әлем әдебиетіндегі Әмірші сияқты кейіпкерлердің іс-әрекетін, бейнесін құндылықтар тұрғысынан байланыстырыңыз [5]

3-БӨЛІМ

9. «Ақбілек» шығармасын идеясы жағынан мазмұндас шығармамен салыстырып, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз. [10]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

  • В

С

Д

В

А

1

1

1

1

1

6

Шығармадағы қазақ қызының тағдырына қатысты оқиғаларды талдайды;

Өз көзқарасы мен пікірін дәлелдейді;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

7

Көркемдегіш құралдарды анықтайды,

Кейіпкер бейнесін ашудағы қолданысын талдайды;

Өзіндік баға береді;

2

2

1

8

Әлем әдебиетімен салыстырады;

Құндылықтар тұрғысынан талдайды;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

9

Шығарманың идеясына талдау жасайды;

Мазмұндас шығармалармен салыстырады;

Дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты ашады;

Сыни баға береді;

Эссе құрылымын сақтайды.

2

2

2

2

2

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы – 45 минут

Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 25 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

 *Орындау уақыты, мин

Балл

1

2

3

4

5

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілгенмәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

10.1.3.1көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1көркем

шығармаларданалған үзінділердіғаламдық тақырыптағыөзекті мәселелермен

байланыстыру.

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6

7

8

10.2.2.1шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;

10.2.4.1көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып,шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдебижәнееркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі

құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

10

15

9

10.3.2.1көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің

жаңашылдығынасыни тұрғыдан баға беру.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

25

10

Барлығы

45 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ

  • «Шақан шері» шығармасындағы кейіпкерлердің сөздері мен ойларын сәйкестендіріңіз.

1. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге.Орманның иесі,қамыстың қожасы

2.Менің малым-құмда өрген киік,

қырда жортқан құлан

3.3.Қаншама қоян алдың,қайсысы есіңде.Ал мына жанкешті шеріні ұмытып көрші.Балаңның баласына айтып кетесің...Жүрек пен жасыннан жаралған жолбарыстың тұқымы құрыр күн де алыс емес,-деді сосын сәл мұңайып.

А) Құба-мерген

В) Ажар

С) Қара батыр

4.Тым құрыса ,ел аралап,қайғыңды сейілтіп қайтсаңшы

Д) Шақан

А. 2-А, 3-В, 4-С, 1-D

В. 1-В, 2-D, 3-А, 4-С

С.1-А, 2-D, 3-С, 4-В

D.1-А, 2-С, 3-D, 4-В

[1]

  • «Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар. Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ешкімге. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен.Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой.Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған –осы жолбарыс екен »,-деп мінездеме берген кім?

A. Құба мерген В. Шақан шері

С. Атабек ақсақал

D. Қосаяқ

[1]

  • «Алғашқыұстаз»шығармасындаАлтынайСүлейменоваұстазыДүйсенді жамандағандарға неліктен ренжіп, Мәскеуге қайтып кетті?

А. ағасынан рұқсат алып, оқуға шақырғандықтан

В. ең алғаш сауатын ашып, жазу-сызу үйреткендіктен С. Алтынайды қорғап, Ташкентке оқуға жібергендіктен

D. барлық жауаптар дұрыс

[1]

  • «Алғашқы ұстаз» шығармасында автор мен кейіпкер арасындағы хаттың басты мақсаты қандай?

А. Ұстазының есімін мәңгі жадында сақтау,өмірін өнеге ету.

В.Кейіпкерлер туралы мәлімет беру.

С.Мәскеудегі өз өмірі туралы баяндау.

D. Болашағынан үлкен үміт күткендіктен

[1]

  • «Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.» өлең жолдарының негізгі идеясын табыңыз.

А.Ұлылық,батырлық,Намысшылдық

В. Мықтылық, өркөкіректік, ұлылық С. Ерлік, менмендік, жанқиярлық

D. Өр мінезділік, көрегенділік, шыдамдылық

[1]

2- БӨЛІМ

6.«Шақан шері» шығармасында адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың әрекетіне

-Ер.Мәрт.Бірақ ерлік-еңсе жаздырып,мәрттік-мұратқа жеткізер заман өтіп кеткен.Қас батыр қазаға ұшырамақ.Қас жаман жан сауғаламақ.Өлі арыстаннан-тірі тышқан.Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қамысы арасында.Қорлыққа көнбеді,басынғанға шыдамады-қарсы шапты,қазаға ұшырады.Жасанған жауға,жаңбырдай оққа қарсы ұмтыл-сен де жапаңнан түсесің,-деген үзіндіні автордың идеясымен қалай байланыстыруға болады?

[5]

7.«Біз түркілерміз» өлеңінде автордың ұстанымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Оқырманға қалай әсер етті деп ойлайсыз, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.

[5]

8.«Алғашқы ұстаз» әңгімесіндегі Алтынайдың қиын тағдырын қай автордың шығармасындағы әлеуметтік мәселелер тұрғысынан салыстыра талдауға болады, ойыңызды дәлелдеңіз.

[5]

3-БӨЛІМ

9.«Шақан шері» шығармасындағы басты идеяның жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп,өзіндік ой қорытыңыз. 100-150 сөз.

[10]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

C

A

C

А

A

1

1

1

1

1

6

Автордың идеясын анықтайды;

Автор идеясын оқиғамен байланыстырады;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

7

Көтерілген мәселені анықтайды;

Оқырманға әсерін талдайды;

Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді;

2

2

1

8

Ғаламдық мәселені анықтайды;

Ойын дәлелдейді;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

9

Көтерілген мәселені анықтайды; Сыни тұрғыдан талдайды; Жаңашылдығына баға береді; Орынды пікір, дәлел келтіреді;

Өзіндікұсынысын,қорытындышешімін жаза алады.

2

2

2

2

2

IV-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы – 45 минут

Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 25 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

*Орындау

уақыты, мин

Балл

1

2

3

4

5

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялықмазмұнынтерең түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілгенмәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

10.1.3.1көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.5.1шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6

7

8

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.3.1шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

10

15

9

10.3.3.1шығарманың идеясынжалпыадамзаттық

құндылықтұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

25

10

Барлығы

45 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ

  • Роман сюжетіне арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.
    • қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйренуі
    • орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі
    • шекара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері
    • қытайлардың қамал-қорғандарын соғуы

[1]

  • «Тәуекел той» әңгімесіндегі «...Осыларды да бауыр,жанашыр дейді-ау,-деп күйінді». –Саудагер.Жұмыртқадан жүн қырыққан... Бұларды туысқан деп несіне шақырдым?Үзіндідегі қай кейіпкердің сөзі?

А. Төрегелдінің В. Жеңіскүлдің С. Керімқұлдың

D. Төкеңнің

[1]

  • "Томирис" драмасында сақ қызы:

- Үш түрлі байлық: әуелгісі шексіз көк аспан, екіншісі – шексіз кең дала, үшінші байлықты саған өзім алып кеп тұрмын,-дейді.Бұл жердегі үшінші байлыққа нені теңеді?

    • Алтын
    • Күміс

С. Ақ құс

D. Қурап қалған жусан

[1]

  • «Тағдыр» романындағы «...Бірақ дәл қазір Демежанның рухын үстем етіп,мерейін тасытып тұрған-шексіз билік те,шен-шекпен де емес,мүлде басқа қуаныш.Осы жақында ғана көптен жанын жегідей жеп,маза бермей жүрген бір арманы орындалды» үзіндісі арқылы автор ойы?

А. Жаңа кәсіп

В. Жаңа қоныс

С. Абдыра мен Қара үңгір өзендері туралы

D. Ши-амбыдай ұлықтың тойы

[1]

  • «Тағдыр» романында қай елдермен Қазақстан арасындағы шекара бөлінісі суреттелген?
    • Өзбекстан мен Қазақстан
    • Грузия мен Түркменстан
    • Ресей мен Қытай
    • Ресей мен Татарстан

[1]

2-БӨЛІМ

  • «...Жап-жазық ашық маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қиғаш қасы, жауын шайған мойылдай мөлдіреген ұялы нәркес көзі, қызыл арайлана шапақ атып тұратын, ат жақты сұлу жүзі, түп-түзу пісте мұрыны мен уылжыған оймақ ерні бәрі бүгін айрықша көз тартып тұр». Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.

[5]

  • -Ер.Мәрт.Бірақ ерлік-еңсе жаздырып,мәрттік-мұратқа жеткізер заман өтіп кеткен.Қас батыр қазаға ұшырамақ.Қас жаман жан сауғаламақ.Өлі арыстаннан-тірі тышқан.Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қамысы арасында.Қорлыққа көнбеді,басынғанға шыдамады-қарсы шапты,қазаға ұшырады.Жасанған жауға,жаңбырдай оққа қарсы ұмтыл-сен де жапаңнан түсесің.Үзіндіде қандай астарлы ой бар?

[5]

  • «Томирис» драмасындағы «Жусан-жер қайысқан қалың сақ» деген Томирис сөзін қалай түсіндірер едіңіз? (3-6 сөйлем).

[5]

3-БӨЛІМ

  • Төменде берілген тақырыпта 100-150 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.

«Бір халықтың мүддесі тұрғысынан ізгілік, ерлікке баланған нәрсе,екінші бір қауымның көзімен қарағанда ,бұзақылық ,қарақшылық болып шығады екен»деген үзіндіге сай «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.

[10]

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

В

С

D

C

C

1

1

1

1

1

6

Көркемдегіш құралдарды анықтайды;

Көркемдегішқұралдардыңқолданысына

талдау жасайды;

Сипатына баға береді;

2

2

1

7

Үзіндідегі астарлы ойды анықтайды;

Автор көзқарасын талдайды;

Өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

8

Шығармадағы мәселені талдайды;

Өз ойын дәлелдейді;

Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді;

2

2

1

9

Шығармадағы қазақ халқының тағдырына талдау жасайды;

Өз көзқарасын білдіреді;

Шығармадан дәлелдер келтіреді;

Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жазады;

Логикалық бірізділікті сақтайды.

2

2

2

2

2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу