«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Кеңістік пен уақыт» бөлімі

Шығармалар: Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Орындау уақыты, минут

Балл

1-5

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

10

5

6-8

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

15

15

9

11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

20

10

Барлығы

минут

30

І БӨЛІМ

1. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» аталуының себебі неде? (1 балл)

  • Өмірзая – «тоталитарлық дәуір» деген мағынаны білдіреді;
  • Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр;
  • Өмірзая – коммунистік партия атауы ;
  • Өмірзая – 1917–1990 жылдар аралығы солай аталды.

2. Зерделі тарихшы, жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын алып жейтін тағы бір мінезі – қызбалығы. Шығармада қай кейіпкердің бейнесі суреттелген? (1 балл)

  • Алдияр Ақпанұлы
  • Аяған
  • Жақия
  • Асылхан
  • Алтай

3. «Өмірзая» романы кейіпкерлерінің жалаға ұшырау себебі: (1 балл)

  • Абылай хан туралы жазғандықтан
  • Кенесары хан туралы жазғандықтан
  • Әбілқайыр хан туралы жазғандықтан
  • Жәңгір хан туралы жазғандықтан

4. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бойынша берілген үзінді оқиғасы қай жерде болған? (1 балл)

– Пәтер бар ма, апай?

– Бір қыз керек.

– Пәтер бар ма, ағай?

– Бір жігіт керек.

– Апа, пәтер керек еді.

– Екі қыз керек.

– Келіншегім екеуіміз тұрсақ бола ма?

– Болмайды, келіншегіңнің қасына бір қыз қос та, өзің басқасын жалда. (1балл)

  • Автовокзалда
  • Жетім бұрышта
  • Базарда
  • Дүкенде

5. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі көтерілген мәселе қандай? (1 балл)

  • Еңбек мәселесі көтерілген
  • Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңіндегі қиындықтар.
  • Еліміздегі, әсіресе жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады
  • Ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғау.

ІІ БӨЛІМ

6. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» романы бойынша талдау жұмысын жүргізіңіз.

Оқиғаның тарихпен сабақтастығы

Романда айтылатын тарихи тұлғалар

(5 балл)

7 Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің сюжетін композициялық құрылымына сәйсестендір. (5 балл).

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Маклермен болған әңгіме

Тар қапастағы тағдыр

Қожайынның талабы. Қожайынға берген жауап.

Пәтер іздеп, «Жетім бұрышқа» келген жас отбасы

Оқиғаның шешімі

Далада қалған жастар

8. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бойынша берілген үзінділердегі көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.

Қолым дірілдеп, ішімнен иманымды үйіре түсіп, телефон құлағын бұрадым. Ар жағынан ер адамның барылдаған жуан дауысы шықты.

Есіктен төрге дейін көзі шарасынан шыға жаздап үрейлене көз жүгірітті.

Массаждан шыққан адамдай қиралаңдап жеттік ақыры.

Ұйқы келер емес, жалмауыздың жалғыз көзіндей жарқыраған шырағы құрғыр көзімді талдырып жіберді.

— Шәй ішіңіз, аға, – деймін қайнағама жапақтап, іштей шәйді аз ішсе екен деп тілеймін, түзге шығу бұл үйде қиямет екенін қайнағам байқұс қайдан білсін!

(5 балл).

ІІІ БӨЛІМ

9. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» романындағы көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалаңыз. (10 балл).

«Өмірзая» романындағы заман көрінісі

Қазіргі заман көрінісі

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1

2

3

4

5

В

В

В

В

С

1

1

1

1

1

5

6

7

Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» романы бойынша талдау жұмысын жүргізеді:

Оқиғаның тарихпен сабақтастығын анықтайды;

Романда айтылатын тарихи тұлғаларды жазады.

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің сюжетін композициялық құрылымына сәйсестендіреді:

Оқиғаның басталуы;

Оқиғаның дамуы;

Оқиғаның шиеленісуі;

Оқиғаның шарықтау шегі;

Оқиғаның шешімі.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

8

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бойынша берілген үзінділердегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;

Қолданысына талдау жасайды.

1

1

1

1

1

9

Мәселені анықтайды;

«Өмірзая» романындағы заман көрінісін талдап жазады;

Бүгінгі өмірмен салыстыра отырып бағалайды;

Ойын жүйелі жеткізеді;

«Т» кестесі арқылы бағалайды.

2

2

2

2

2

10

Барлығы

30

Ықтимал жауаптар

1. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» аталуының себебі неде? (1 балл)

  • Өмірзая – «тоталитарлық дәуір» деген мағынаны білдіреді;
  • Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр;
  • Өмірзая – коммунистік партия атауы ;
  • Өмірзая – 1917–1990 жылдар аралығы солай аталды.

2. Зерделі тарихшы, жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын алып жейтін тағы бір мінезі – қызбалығы. Шығармада қай кейіпкердің бейнесі суреттелген? (1 балл)

  • Алдияр Ақпанұлы
  • Аяған
  • Жақия
  • Асылхан
  • Алтай

3. «Өмірзая» романы кейіпкерлерінің жалаға ұшырау себебі:

  • Абылай хан туралы жазғандықтан
  • Кенесары хан туралы жазғандықтан
  • Әбілқайыр хан туралы жазғандықтан
  • Жәңгір хан туралы жазғандықтан

4. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бойынша берілген үзінді оқиғасы қай жерде болған?

– Пәтер бар ма, апай?

– Бір қыз керек.

– Пәтер бар ма, ағай?

– Бір жігіт керек.

– Апа, пәтер керек еді.

– Екі қыз керек.

– Келіншегім екеуіміз тұрсақ бола ма?

– Болмайды, келіншегіңнің қасына бір қыз қос та, өзің басқасын жалда. (1балл)

  • Автовокзалда
  • Жетім бұрышта
  • Базарда
  • Дүкенде

5. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі көтерілген мәселе қандай?

  • Еңбек мәселесі көтерілген
  • Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңіндегі қиындықтар.
  • Еліміздегі, әсіресе жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады
  • Ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғау. (1 балл)

ІІ БӨЛІМ

6. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» романы бойынша талдау жұмысын жүргізіңіз.

Оқиғаның тарихпен сабақтастығы

Романда айтылатын тарихи тұлғалар

1917–1990 жылдар аралығы Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңі.

Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төре туралы көлемді зерттеу жұмысын жүргізеді. Ал

коммунистік партия хандық билік пен би-болыстарды теріске шығарып, ал байларды «халық

жауы» ретінде жер бетінен жойып жіберген. Бұл

туралы жазбақ тұрмақ, айтуға да тыйым салған.

Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы;

Сыздық Кенесарыұлы (Садық сұлтан, Сыздық төре; 1837 жыл – 1910 жыл) — XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.

(5 балл)

7 Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің сюжетін композициялық құрылымына сәйсестендір.

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

1

2

3

4

5

Пәтер іздеп, «Жетім бұрышқа» келген жас отбасы

Маклермен болған әңгіме

Далада қалған жастар

Тар қапастағы тағдыр

Оқиғаның шешімі

Қожайынның талабы. Қожайынға берген жауап.

8. Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі бойынша берілген үзінділердегі көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.

Қолым дірілдеп, ішімнен иманымды үйіре түсіп, телефон құлағын бұрадым. Ар жағынан ер адамның барылдаған жуан дауысы шықты.

Есіктен төрге дейін көзі шарасынан шыға жаздап үрейлене көз жүгірітті.

Тұрақты тіркес (иманымды үйіре түсіп, көзі шарасынан шыға жаздап)

Метафора (телефон құлағын бұрадым)

Эпитет (жуан дауысы)

Автор сөзді ауыспалы, астарлы мағынада қолданған.

Массаждан шыққан адамдай қиралаңдап жеттік ақыры.

Ұйқы келер емес, жалмауыздың жалғыз көзіндей жарқыраған шырағы құрғыр көзімді талдырып жіберді.

Теңеу

Құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын теңей суреттеп тұр.

— Шәй ішіңіз, аға, – деймін қайнағама жапақтап, іштей шәйді аз ішсе екен деп тілеймін, түзге шығу бұл үйде қиямет екенін қайнағам байқұс қайдан білсін!

Метонимия

Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсетіп тұр.

(5 балл).

ІІІ БӨЛІМ

9. Б. Мұқайдың романының «Өмірзая» романындағы көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

«Өмірзая» романындағы заман көрінісі

Қазіргі заман көрінісі

1917–1990 жылдар аралығы Кеңес өкіметінің өмір сүрген кезеңі ретінде

тарихта қалды. Бұл кезеңде коммунистік партия деп аталған бір ғана партия

болды. Осы партия бүкіл жауапкершілікті, билікті өз қолына алып, халықты уысынан шығармай ұстады. Кеңес өкіметіне, партияның ұстанған саяси бағытына қарсы келген бірде-бір шығарма жарыққа шықпайтын, ал қарсы тұрған адам аяусыз жазаланып, құлдық сананың құрбанына айналып отырған.

Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік

алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала бастады.

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды

тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның

ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер – тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы – профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды.

Ал қазіргі кезде «Ауыз өзіңіздікі, қаламыңыз азат!» Ұлттың тәуелсіздігі, Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы ең алдымен қазақ Жазушысына еркіндік берді.

Әдебиет қашанда сапамен өлшенбек. Көркемдік сапа ғана емес. Шынайылық деңгейімен, қоғамдық өмірдің терең қатпарларын қопарған ауқым, қуатымен маңыздылығы артады. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі қаламгер – қазақта жүз елу жылдан бері болмаған, тіпті, орыстың ұлы әдебиетін жасаған Толстой мен Тургеневтің өзінің еншісіне бұйырмаған толық еркіндікке жетіп отыр. Бұрын айтылмаған шындық, ақтарылмаған кесапат – халқымыз өткерген, әсіресе, советтік кезеңде бар қияметін көрген зобалаңдар қағаз бетінде көркем таңбаланып, жарияға шыға бастады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу