Бекет ата "Аңыз бен ақиқат"
«Т.Аубакироватындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба тақырыбы:
“Бекет ата.
Аңыз бен ақиқат”
“Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі”
10 “а”сыныбы оқушысы
Есжанов Жарылқасын
Мазмұны
Тақырыбы: "Бекет ата.Аңыз бен ақиқат"
Орыс және ағылшын тілдерінде абстракты ( аннотация)
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бекет атаның ғибратты ғұмыры
2.Бекет ата мешіттерінің ғылыми негізде салынуы және тәлім- тәрбиелік ордалар ретіндегі орны
3.Ұлысқа ұран атанған Бекет ата
4.Бекет ата туралы аңыздар
5.Бекет ата бейнесі әдебиет пен өнерде
6.Қазақ зиялылары Бекет ата туралы
7.Бекет атаның ұрпақтары
ІІІ.Қорытынды
Аңыз адам және киелі орындардың тарихи танымды қалыптастырудағы маңызы
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Презентация материалдары
Бекет ата.Аңыз бен ақиқат.
“...Маңғыстауға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді.Мен еш жерде мұндай жұлдыз нөсерін ,олардың көз шаршатар жарқылын көрмедім.Оның жарқылының әсері сондай,түн сайын шексіз тұңғиықтан,жұлдыздар осынау үнсіз Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі” К.Г.Паустовский “Қарабұғаз” хикаясы
Маңғыстау үш қиянның өткен жері
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері
Иеленіп ен даланы,елсіз жерді
Атамыз Адай мекен еткен жері
Мединеде-Мұхаммед,
Түркістанда -Қожахмет,Маңғыстауда -Пір БекетБекет ата Мырзағұлұлы (1750 - 1813,Маңғыстау) қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы,Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта,Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған.Бекет ата - қол бастар көсем,елді ұйытар шешен,емші, көріпкел,әулие,ағартушы,рухани ұстаз,сәулетші ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған.
...Ақ құранды қолға алып,
Отырған екен әкесі
Баласының назарын,
Құранмен байқап білеіді.
“Малды таста балам” деп,
“Бір Алла болсын панаң “ деп.
Ер Бекетті жетелеп,
Шопан атаға келеді.
Боз қасқа малын таратып,
Тілек тілеп Алладан,
Сол жерге Бекет түнеді.
... “Шопан ата менмін” деп,
Бекетке аян береді.
Тіріге өлі пір болмас,
... Хорезмнің ойында,
Атаңыз Бақыржан қажы еді.
“Соған бар балам,Бекет ! “ Деп,
Бір дауыстап жөнеді...
Қасиетті бабам – Пір Бекет
Жақсылық Елеусінов,ақын
,"Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы",-деген деген имам Ағэам сөзін қабыл алған Бекет ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген.
Бекет ата Шопан ата басына зиярат етуге барғанда,әулие аян беріп,білімнің баға жетпес байлық екенін сездіреді.14 жасқа толған жасөспірім ата-анасынан оқуын медреседе жалғастыруға рұқсат сұрайды.Бекет бабамыз 1726 жылдары Шерғазы хан салдырған медресені ұлы замандастары - түрікмен халқының классик ақыны Мақтымқұлы Пырағи (Азади),қарақалпақ халқының сөз зергері Әжінияз Қосыбайұлы ,өзбек ақыны Пахлаван Равнаки сияқты талантты тұлғалармен бірге оқып бітірген.Бұл білім ордасы халық арасында "Білімдарлар ордасы" деп аталған.Хорезмдегі "Шерғазы хан" медресесінде Бақырған қажыдан оқып,білім алады.Медреседе оқып жүрген кезінде-ақ
теология,медицина,математика,астрономия,география сияқты жаратылыстану ғылымдарынан білім алған.
Бекет атаның бастапқы қалпын сақтап қалған жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.Алып ғимараттың есік ойығына таудың қалақ тастарымен шегенделіп өрілген жақтау қабырғамен бекітілуі және тереңге орналасуы жақсы сақталуына себепші болған. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме.Әулиенің Оғландыдағы мешіті көптеген ғылыми негіздерге сүйеніп салынған деген пікір бар.Ғалымдардың Оғыланды мешітінің мына қасиеттерін айқындаған.Мешітте оқылған құран ,дұға,аяттар,мұнда қанша адам отырсада ,бәріне анық естілетіндей болуы үшін акустикалық жағы қарастырылған,жылдың қай мезгілінде де ауаның ылғалдылығы санитарлық - гигиеналық талаптардан аспайды,үңгіп салынған ғимаратта есігі мен түндігі ашық тұрсада қумажел болмайды.Мешіт Мекке бағытымен салынған,ал есігі шығысқа бағытталған.Атаның емшілікпен айналысқанын мешіт бұлағындағы сүліктер дәлелдейді.Бекет ата осы сүліктер арқылы адамдарды емдеген.Сүлік бұл бұлақтан басқа суда өмір сүре алмай өліп қалады.Оның табиғаты тек осы бұлаққа лайықталған.Мешіттің төбесіне қарағанда,Темірқазық жұлдызы төбенің дәл үстінде тұрады.Мұны Бекет атаның обсерваториясы болған сияқты деуге болады
“Қараман ата басындағы анттасу”
... Аттары қалып,айдайлар келіп бәйгеден,
Түрікпеннен бүгін кетіпті қашып айдын өң.
Аты озбай қалса,атасы өлгендей болушы ед-
Шөгермесі шөгіп,шөкелеп отыр қайғымен.
Жетті енді ! –
Маңғыстауыңды қанжығасына бөктерді,
Құлыныңды ұрлап,бәйгіңді тартып алады,-
Дүрдімұрат бек дүрдие сөйлеп кеткен- ді.-
Кешегі бәйгі ат – айнымай қапты бітімі,
Баяғы біздіің “Суынғараның” тұқымы.
Байрағын алсын,бәйгі атын бірақ қайтарсын,
Түрікпеннің басқа болмайды,-деңдер,-бітімі!
Адалдығын ақтап,
Қараман ата басында .
Адай мен түрікпен анттаспақ болды,ақыры.
Бәле- жаладан арылып елің шығу шарт,
Ең ардақтыңныңең аяулысын Антқа ұстап...
Светқали Нұржан,ақын
Оғыланды – Бекет атаның мәңгілік мекені
Оғыланды мешітінің маңында тау-тас арасында арқарлар бар.Адамдар жыландарға ,аққуларға,арқарларға тимейді,атпайды,ауламайды.
Бұл жерде – арқар айналған асыл аңға
Астасатын Үстірттің қиырымен,
Басталатын алып ой бүйірінен.
“Бекет ата” басында арқар деген,
Үйірімен,жүреді үйірімен.
...Бұл жерде арқар-
Айналған асыл аңға,
Оларды ешкім шошытып,қорқытпайды
Оларды ешкім атпайды осы маңда.
Ақын,Темірхан Медетбек
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақмешіт елді мешіті мекеніндегі 1771-1774 жылдары салынған.Жем өзенінің оңтүстігінде,Құлсарыдан 66 км
Тобықтының ойындағы Бекет ата мешіті,екі бөлмелі болған.Қазір құлаған мешітке жөндеу жұмыстары қажет.Шетпеден 90 км
Бастапқы қалпын сақтап қалған Оғыландыдағы жерасты мешіті –ғылыми негіздерге сүйеніп салынған тарихи- сәулет ескерткіші
Бейнеу кентінің оңтүстігінде 20 км жерде орналасқан мешіті төрт бөлмелі,ішкі құрылысы киіз үй пішіндес,төбесі күмбез тәріздес.Тастақ төбенің жақпар тастарын қашап,кеулеп тұрғызылған
Бесінші мешіті Арал теңізі жағасындағы - Баялыда
Бекет ата геосаяси нүктелерге мешіттерін салған.
”Аруағым риза болсын десеңдер,құтханаларыма жау тұяғын жолатпаңдар.” ”Мен бардағы Алла бұйыртқан атамекеннен айырылып қалмаңдар!”
Нағашысы тама Есет батыр Көкіұлы.Кіші жүз ханы Әбілқайырмен қимас дос болған.Орыс патшайымы Анна Иоанновнадан аты-жөні жазылған естелік қанжар мен хан тарапынан "тархан" деген құрметті атақ алған.Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке:
Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін.
Ақ пен қараны айырар,
Жауды кері қайырар,
Атың да айтып тұрғандай дүр боларсың.
Елге шуақ шашып нұр боларсың,
Үш жүзге танымал пір боларсың.
-деп бата берген екен.
“ Ердің соңы – Есет,
Пірдің соңы - Бекет”
Бекет атаның Исатайға берген батасы:
"- Исатай!Алдағы екі мүшеліңнен аман өтерсің.Өкіметке одан кейін- бөтенсің...Болыс әлде би боларсың.Ханға бірде жақын,бірде алыс қонарсың.Қыста-"оңарсың",жазда-"тоңарсың".Балуан емес,батыр боларсың.Отызыңда отбасыңа толарсың.Сұлтанның иті қауып,жарлыға жақын барып қонарсың.Қырықтың бесеуі мен алтауында өзіңе абай болғайсың...Сол жасқа дейңн сен солмайсың...Ал енді сенің берген атаныңды екі-үш жыл бағармын...Содан кейін келіп жетер менің де бір хабарым..."
Бала Махамбеттің болашағын болжап ,мына сөздерді айтқан екен:"-Екінші мүшеліңде хан ордасына еркін кіресің,бір бөлек елді басқарасың...-Әділетсіздікке төзбейсің,ол маңдайыңа жазылған.Басыңа пәле ханның өзінен емес,туыстары мен маңындағыларынан болады...-Арқалы ақындық қонғалы тұр,халық әр сөзіңді жатқа айтатын болады...-Отызыңнан асқанда ордадан кетесің,ханнан аулақ қонып,қару алып шабысқада барасың.Даудың басы жер мен әділетсіздік..-Ең жақын досың сен үшін басын оққа байлайды...Өкімет үшін сенің қадірлі де қымбатың-басың мен ақындығың болады,батырлығың мен қолбасшылығың одан бұрын қалады...-Еліңе сыйлы боласың,атағың тек жеті атаға емес,жер бетіне жүздеген жылдарға жайылады,кейінгі ұрпақ өзіңді мақтан тұтады
Бекет атаның Исатай және Махамбетке бата беруі
Бекет атаның ұрпақтары
Бекет атаның киелі асасының қазіргі иесі- Тұрсынғали Ләтіпұлы
Ислам қажы Мырзабекұлы,Бекет ата тараған Қосқұлақтың ұрпағы,40 жыл бойы Бекет ата тарихын зерттеуші,Бекет ата жөнінде бес кітаптың авторы
Бекет атаның жетінші ұрпағы Бердіхан Аяпбергенұлы.Бекет атаның екінші асатаяғының иесі
Бекет атаның ұрпағы Көбен Аралбайұлы пір атаның қарашаңырағының маңдайша ағашын қастерлеп ұстауда
Тұрғанбай Сәулеұлы,Бекет атаның сегізінші ұрпағы,Оғыландыдағы Бекет ата бейітінің шырақшысы
."...Асқақ жұртының ақар- шақар шың басындай тәкәппар жүрегінен мәңгілік жәннәт тапқан,Әлсізге Медет,Күштіге Айбар,Зарыққанға Жебеу,Тарыққанға Демеу,Асқанға Тосқан,Сасқанға Сая,Ұрпаққа Ұстаз,Ұлысқа Ұран,Ел Иесі,Жер Киесі Пір атаға қанша тағзым қылсақ та артық емес... Ол- көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің,қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың,қатыгездікке жол бермес Мейірімділіктің,арсыздыққа жол бермес Парасаттықтың асқан үлгісін танытып,үлкен- кішіні,алыс- жақынды,дос- пен дұшпанды түгел мойындатқан адам“ Әбіш Кекілбаев
"Бекет ата ғибратты ғұмыр кешкен,ел арасында әулие атанған тарихи тұлға екені белгілі.Ол халқымызға жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды таратып,ізгілік дәнін септі.Ұлы бабаның мұрасы да,мұраты да елдің рухани өсіп,толысуына қызмет ете беретіні кәміл"Н.Назарбаев
"Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып,мешіттер,сағаналар салдырғаны анық.Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды?
Меніңше,ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты.Атаны іздесек,жүректерден іздейік!" Е.Раушанов
".Көзі тірісінде-ақ ел ішінде батыр,сәулетші,ағартушы,қасиетті әулие ретінде аты аңызға айналған Бекет ата қазіргі мына ұлт болып ұйып жатқан шағыиызда бізге рухани дем бермек" И.Тасмағамбетов
Қазақ зиялылары Бекет ата туралы
Мекемтас Мырзахметұлы:
”Қазақ халқының санасынан сопылықты іздесек Бекет атадан табамыз”
Досай Кенжетай:
“Бекет атаның кереметі намазбен тығыз байланысты болып келеді”
Қабиболла Сыдиықұлы:”
Бекет ата туралы деректер мен аңыздар”
“Бекет ата” кітабының авторы
Басшы Әзірханов:
“Қазақ жерінде өмір сүрген ғұламалардан Иасауи мен Бекет ата ғана сопылық жолдың піірі болған”
Алтай Тайжанов:
“Әулие ата тұлғасын жаттанды таным тұрғысынан түсіну де,түсіндіру де мүмкін емес”
Тасқара Қаратайұлы:
“Бақыржан қажы көк асаның төрт қасиеттін ерекшелеп берген ”
Бекет ата туралы ізденіс,зерделеу және толғамдар
Өмірзақ Озғанбаев,т.ғ.докторы:
”Бекет ата – тарихта кездесетін феномен тұлға”
Бекет ата туралы ақындар шығармашылығы
Темірхан Медетбеков,ақын,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
“Бекет ата басында”
Есенғали Раушанов,ақын:
“Бекеттің бел жайлауы”,
“Сөзім бар еді ата”
”Светқали Нұржан,ақын:
“Қараман ата басындағы анттасу”
Фариза Оңғарсынова,ақын,Қазақстанның халық жазушысы:
“Оғыланды”
Аманқос Ершу,ақын:
“Өсу””Кие” поэмасы
”Сабыр Адай,ақын:
“Иманның шамы сөнбесін”
Ғафу Қайырбеков(1928-1994)
ақын,Қазақстанның халық жазушысы “Бекет ата туралы аңыз”
Рахат Қосбармақ,ақын:
“Бекет ата”кітабының авторы
Ағартушы
емші
көріпкел
Рухани ұстаз
шешен
батыр
әулие
сәулетші
... Ашылмаған құпия көп тірлікте,Әрбір адам зерттелмеген бір нүкте.
“Бекет!”,”Бекет!” дейді әркім әр жерде,Бірақ біздер оны терең білдік пе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру