Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессионалды саясаты
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№247 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
[b]Абуова Ақмарал Сапарғалиқызы[/b]
"Н. Назарбаевтың конфессионалды саясаты" тақырыбындағы БАЯНДАМАСЫ
[b][i][center]Кіріспе[/center][/i][/b]
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударылды. Әр ұлт әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосты. Өйткені ұлттың байлығы оның санымен өлшеуге болмайды. Қазақстан осы әлеуетті сақтауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тек полиэтникалық емес көп конфессиялы мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессяның өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60 – тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар провославия, протестант, буддизм, котолик, т. б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор, өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау, басқаша айтқанда, жаратушының бар екеніне сенетін барша Қазақстандықтар бірдей дәрежеде төзімді, бейбітшіліксүйгіш және ізгі ниетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз осы.
[b][i][center]Рухани келісім – гүлденуіміздің негізі[/center][/i][/b]
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекет әртүрлі этностар мен конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруінің өзіндік моделін жасады. Біздің елімізде мұсылмандар және провословиеліктер, котоликтер және протестанттар, буддисттер және иудейлер барлығы бір – біріне құрметпен қарайды. Өйткені әрбір адам басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмей - ақ өзінің діни көзқарасын таңдауға құқылы.
Міне, сондықтанда Қазақстанда бүгінге дейін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш құрылтайы өткізілді, Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың данышпандығы мен саяси сұңғылалығы, біздің халқымыздың топтаса білгендігі мен патриотизмінің Қазақстан сияқты жас мемлекеттің ел болудағы қиын жолын жүріп өтуге көмектесіп, оны тек қана Орталық Азия мен ТМД - дағы ғана емес әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елге айналдырды. «Әрбір Қазақстандық өзінің ұлтына қарамастан, тәуелсіз Қазақстан – бұл туған Отаны екенін, сол Отанның әр адамның құқықтарымен бостандықтарын кез - келген уақытта қорғауға дайын екенін жан - жүрегімен сезінуі керек», - дейді ұлт көшбасшысы, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
Біздің елімізде бейбітшілікпен тұрақтылық, ұлтаралық және рухани келісім, діни төзімділік, адамдар арасындағы достық пен өзара сыйластық нығайып келеді. Алайда бүкіл әлем мойындаған осынау жетістігімізге қауіп төндіріп тұрған екі жаманшылық: лаңкестік пен экстремизм. Мемлекет басшысы бұл мәселеге Парламенттің кезекті 5 - сессиясын ашып, сөз сөйлегенде ерекше тоқталды. «Дін аралық келісім – бұл біздің халқымыздың бірлігінің негізі. Парламент осы сессияда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды қабылдауы қажет және бұл заңды міндетті түрде қабылдауға тиіспіз. Бұл жерде мемлекетті діни экстремизмнен қалай қорғауымыз жөнінде әңгіме болып отыр. Бұл бағытта біз Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған елдерден үйренуіміз керек. Біз неге барлығын бетімен жіберіп қоюымыз қажет?!...
Қазір кім көрінген ойына келгенін істеуде. Біздің елге кім көрінген келіп, діни мекеме ашып, өз әкесінің атын беріп, мешіт салуда. Ал осы мешіттер немен айналысатынын ешкім білмейді. Өйткені оларды ешкім тіркеп, ешкім бекітпейді.
Бұл Қазақстан деген мемлекет, яғни біз өз үйімізде өзіміз тәртіп орнатуымыз қажет», - деді Елбасы аталған жиында.
Қазақстандықтар бүкіл әлемге өркендеудің жалғыз дұрыс жолы – халықтың топтасуы екенін дәлелдеді. Бізде барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Біз жаңа онжылдықтың жаhандық қауіп қатерлеріне тек осылай ғана қарсы тұра аламыз.
Біздің табыстарымыз әлемде аса жоғары баға алуда. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына жасаған басты сыйымыз, - деген мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы құрылтайында сөйлеген сөзінде.
[b][i][center]Батыс пен Шығыс арасындағы байланыс көпірі.[/center][/i][/b]
Қазақстан Республикасы Ислам конференциясы ұйымына 1995 жылдан мүше. Қазақстанның әлемімен ынтымақтастығы Елбасының сыртқы саясаттағы басымдылықтарының тірі болып саналады.
Биылғы 2011 жылғы Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесіне біздің республикамыздың, Президент Назарбаевтың дүниежүзілік қауымдастық елдер арасындағы беделі, халықаралық аренадағы реформаторлық бейбіт саясаты ұйымға мүше болған жылдан бері, Қазақстан ИКҰ - мен тығыз және нәтижелі байланыста. Еліміздің бұл мәртебелі ұйымға дүниежүзілік қауымдастықта алатын орны мен мұсылман әлеміндегі абыройы арқасында 38 - сессиясында сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Өткен 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуын жан - жақты қолдаған Ислам конференциясы ұйымы 2011 жылдағы Қазақстанның ИКҰ - ға төрағалық етуінен үлкен үміт күтуде.
2011 жылы 28 - 30 маусымда Тәуелсіздік сарайында Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 - сессиясы өз жұмысын бастады. (Ислам Конференциясы Ұйымы1969 жылы 2 қыркүйекте құрылған. Азиядағы, Африкадағы, Европадағы және Оңтүстік Америкадағы 57 мемлекеттен құралған. ББҰ - дан кейінгі екінші орындағы ең ірі ұйым. Қазақстан 1995 жылдан бастап мүше.) Қазақ жерінде бұл сессияда Ислам конференциясы ұйымы «Ислам ынтымақтастық ұйымы» деп аталатын болды.
Сессияда сөз сөйлеген президентіміз мұсылман әлеміндегі аласапыран тақырыбын аша сөйлеген. Өйткені бұл Ислам елдерінің әлемдік ұйымының Астанадағы жиынына арқау болған басты мәселелердің бірі еді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың байламынша, бүгінде мұсылман үмметі аласапыранға түсіп, астаң-кестеңі шығып, ауысып жатқан әлемде салмақты қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Елбасы Ислам қоғамдастығының бейбітшілікке, жаңаруға, ғылыми - техникалық өрлеуге және ағартуға дегдар екендігін жеткізді.
«Экономикалық дамуға басымдық беру біздің қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты және қоғамдағы рухани келісімді тиімді қамтамасыз етуге әкеледі»,- деді, Нұрсұлтан Назарбаев. Жастардың дін мен Ислам мәдениетіне деген қызығушылығын қозғайтын, мұсылман рухани құндылықтарын, тарататын ISLAM Интернет – ресурсын құруды ұсынды.
Мұсылман әлемімен батыс арасында ашық та адал диалогты жолға қоюды келесі міндет деді. «Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы ұйымына төрағалығы осындай ізгілікті мақсаттарға қол жеткізуді көздейді»,- деп сендірді Қазақстан Президенті.
Қазақстанның ұйымға төрағалығы «Бейбітшілік, Ынтымақтастық және Даму» ұраны аясында өтуі бекер емес. Осы үш өлшем бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізген біздің еліміз ИЫҰ - ның беделінің арта түсуіне күш салады.
Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жаhандық діни форум келесі жылы кезекті рет шақырылатыны мәлім. Хатшылық жиынында оның нақты уақыты белгіленді. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІҮ съезінде 2012 жылы Астанада 30 - 31 мамыр күндері өтпек.
Бұл дата кездейсоқ таңдалмаған екен. 31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Яғни Ұлттық аза күні! Большевиктік «қызыл қырғын» Қазақ жерінде талай дінбасылардың да және тек бір Аллаға ғибадат еткен қарапайым адамдардың да басын жалмағаны мәлім.
Бүгінде Ислам әлемі өзінің тарихи дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басуда. Қазақстан үшінде қоғамда бейбітшілік пен келісімнің сақталуы маңызды міндеттің бірі. Бұл тіпті еліміздің саяси доктринасында Қазақстанның болашақта тұрақты және толыға дамуы үшін маңызды шарт ретінде қарастырылады. Бұған елбасымыз Н. Ә. Назарбаев үнемі көңіл бөліп отырады. Оны «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетеді.
Көп ұлтты және көпконфессиялы ұлт ретінде Қазақстан өзінің бүгінгі демократиялық даму жолында бір мемлекет ішіндегі түрлі ұлт өкілдері мен діни сенімдердің бейбіт өмір сүруінің тиімді формасын жасауға ұмтылады және оны біртіндеп іске асыруда.
Соңғы жылдарда Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы бейбіт сұхбаттар өткізу үшін тұрақты кездесу орны болып жүргені кездейсоқтық емес. Біздің елімізде соңғы жылдары бүгінде тұрақты сипат алған әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жұмысы үш рет ұйымдастырылды. Астанадағы осы мақсатқа арнайы салынған Бейбітшілік және Келісім сарайы біртіндеп дінаралық сұхбаттар дамуы бойынша игі бастамаларға арналған өзіндік штаб - пәтерге айналып келеді.
Қазақстан аумағында осындай әлемдік деңгейдегі форумдар өткізудің бұрын көрсетілгендей, субъективті алғышарттары мен қатар (Мысалы, Елбасы Н. Назарбаевтың рөлі) объективті алғышарттары да бар. Оған Еуразияның кіндігінде орналасқан әрі негізгі Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері шоғырланған біздің еліміздің геосаяси жағдайы куә. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы 23 - 24 қаңтарда Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің I Съезі өткізілді. Осы басқосуда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінің декларациясын қабылдады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері мен жоғары өкілдері жер шарының бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі діннің рөлі айта келе, бүкіл әлем діндерінің өкілдері арасындағы сындарлы үнқатысуды жалғастырудың қажеттілігіне тоқталып, Съезді 3 жылда бір рет өткізіп тұруға, дінаралық үнқатысудың тұрақты органын құруға және келесі басқосуды 2006 жылы 12 - 14 қыркүйекте Астанада өткізуді шешті. 2006 жылы 12 - 13 қыркүйекте ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен елордамыз Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі өткізіліп, онда сан алуан дүниетаным, әдет - ғұрып және діндер басшыларының басын қосты.
Түсінушілік пен татуластыққа жол ашқан бұл басқосу барлық қатысушылардың көңілінен шықты десе болады. Форум әлемнің аса ірі мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан қолдау тауып, әлемнің аса ірі мемлекеттері мен бүкіләлемдік ұйымдардың басшылары – БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, Франция Президенті Жак Ширак, Түркияның экс - Президенті Сүлеймен Демирель, АҚШ экс - президенттері Джимми Картер, Билл Клинтон, Польшаның экс - Президенті Лех Валенса, Чехияның экс - Президенті Вацлав Гавел, Францияның Экс - Президенті Валерии Жескар д` Эстен, Испания Үкіметінің Премьер - министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро, Түркия Үкіметінің Премьер - министрі Режеп Тайып Ердоган, ГФР экс - Канцлері Герхард Шредер II Съезд атына жылы лебіздерін білдірген жолдаулар жіберді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі ҚР Президентінің идеясымен дүниеге келіп, сәулеті мен салтанаты асқақтаған жаңа ғимаратта: «Бейбітшілік пен келісім» сарайында өткізілді.
II Съезд жұмысы басталмастан бұрын ү. ж. 11 қыркүйекте Съезд Хатшылығының Отырысы өтті. Отырысқа жан - жақтан шақырылған әлемдегі діндердің өкілдері қатысып, Съезде қабылданатын құжаттар қаралды. 2 күнге созылған II Съезд жұмысы барысында Съездің күн тәртібіне сәйкес дін лидерлері мен Съездің құрметті қонақтары ресми бекітілген «Өзге діндер өкілдерін құрметтеу және діни сенімге бостандық» және «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діндер лидерлерінің рөлі» тақырыптары бойынша сөз сөйледі, пікір алмасты. Съездің негізгі құжаты «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінің декларациясы» және «Дінаралық үнқатысудың қағидалары» дін басшыларымен бір ауыздан қабылданды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері мен жоғары өкілдері жер шарының бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі діннің ролін айта келе, бүкіл әлем діндерінің өкілдері арасындағы сындарлы үнқатысуды жалғастырудың қажеттілігіне тоқталып, келесі басқосуды 2009 жылы Астанада өткізуді шешті. 2009 жылы «Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі өз жұмысын аяқтады. Съезге келген барлық делегация басшыларына жемісті еңбектері үшін ризашылығымды айтқым келеді. БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар өкілдеріне, әр елдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлеріне съездің жұмысына шақыруымызды қабыл алғандары үшін шексіз алғысымызды айтқым келеді», деді Елбасы.
[i][b][center]Қорытынды[/center][/b][/i]
ИКҰ - ның 2006 - 2016 жылдарға арналған 10 жылдық жоспарында толеранттық құндылықтарды бекіту, экстремизм мен зорлық - зомбылықтан бас тарту мен лаңкестік пен бірлесіп күресу секілді маңызды бағыттар айқындалған. Осы ретте Астанада өтілген әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне Ислам мемлекеттерінің жетекшілері жоғарғы деңгейде қатысып, аталған жиынның әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосатын маңызды рөлін атап көрсетіп келеді.
Қазақта «Жауластырмақ - жаушыдан, Елдестірмек елшіден» деген сөз бар ғой. Сол сөз бекерге айтылмаған. Қазақстан Батыс пен Шығысты жалғастыруда осы елшілікті бетке ұстайды. 2009 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ - съезінде Біріккен Араб Әмірлігінің атынан қатысқан БАӘ - Президентінің діни және құқықтық істер бойынша кеңесшісі Сейд Али Әл - Хаями Президент Н. Назарбаевтың аталған бастамасы басқа мұсылман мемлекеттерінің басшылары үшін үлгі болуы тиіс деген пікір білдірген болатын. Қазақстанның ИКҰ - ға мүше елдер сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығы барысында дінаралық ықпалдастықты дамытуға қатысты іс - шаралар мен бастамалар өз жалғасын табады деп күтілуде.
[center][b][i]Пайдаланылған әдебиеттер[/i][/b][/center]
1). Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі» кітабы.
2). Назарбаев «Сындарлы он жыл» - Алматы «Атамұра», 2003.
3). Діндер үнқатысуы және адамзат тағдыры. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан» газеті. 02. 07. 2009.
4). «Егемен Қазақстан» газеті. 29. 06. 2011 және 29. 06. 2011 шығарылымдары.
5). «Айқын» газеті. 22. 06. 2011 және 22. 09. 2011 шығарылымдары.
6). Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана 2009
7). «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы.
8). Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. – Алматы «Дәуір». 2003
9). Ислам. Энциклопедиялық сөздік.
10). Қазақстан. Ұлттық Энциклопедия. Алматы «Қазақстан Энциклопедиясы» 1998 - 2007
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру