Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі

Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі

Маңғыстау гуманитарлық колледжі.

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: «Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.»

Қорғаған: ДЖанбаева Маржан Нұрымқызы.

Тобы: ЗТП-31 3курс

Тексерген: Ақкенже Жанұзаққызы.

Ақтау 2012ж

Жоспар.

І.Кіріспе бөлім.

Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.

ІІ.Негізгі бөлім.

А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.

Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.

Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.

В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

ІІІ.Практикалық бөлім.

Сабақ жоспары:«Тік белдемше , шығу тарихы»

Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы.»

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

І.Кіріспе бөлім.

    “Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында.”

Н.Ә.Назарбаев.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

    Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан, 1986 ж.) «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж.) «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988 ж.) «Жаңарту әдістемесі» және төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988 ж.) «Жаңа мектепке кіреміз» тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап өткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдау.

Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалімдер емес,әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады.

1

    Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.

        Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы –құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде  бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .

Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім.

    

  

2

ІІ. Негізгі бөлім.

3

І.Қ.М.Нұрғалиевтың(1925-1988ж.ж) өмірбаяны және ұстаздық

көз-қарасы.

Шығыс.Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген.«Шыңғысхан» мектебінің 6-сыныбын бітіріп,еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944ж жараланып екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталында екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол гопитальда емделген жылдарында 8-ші,9-шы, 10-шы сыныптар аралығында емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады.

Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс- тілі нәнінен сабақ беруден бастайды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды.

КСРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005жылдың қазан айында Құрмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерей тойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхаммед Қонаев былай деген: «Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік,шәкірттерді биік рухқа,адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып танылады.» Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгіге» ие болды. Мектеп ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар- техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ «Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев Педагогикалық әулет» атты кітаптан оқуға болады.

ІІ. Қ.М.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі. Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету,

4

жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.

Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттері ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті,адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.

Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диофильмдер,диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да,режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.

Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр,мединицалық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған.Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 6 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стеділер , мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған.Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп,құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев:«Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » - деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады.

І.Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі.

А.Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика- математика

5

факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксприменттік мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша «Тарлан-2000» сыйлығының иегері.

ІІ.Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу – тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып,әр оқушының еркін дамуына , азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды.Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізуде Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары.Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта- ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Архимед мектебінің міндеті – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттарымен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі- жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино , театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының «Экология негіздері» деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейнде өткізілген. Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері», т.б. курстар оқылып,балалардың толықтай орта білім алуына,өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды.

Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік- жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.

Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындарымен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды.

6

Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының «Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін », - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты- заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді. Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:

--Мектеп бітіргенде «аңғал сарыауыз балапан емес, өмірдің сынына, күресіне дайн азамат болып шығатыныма күмәнім жоқ».

Мектеп кеңесінің мүшесі, 9-сынып оқушысы Асфендияр Құрбанов:

--Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз. Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен бойжеткен сезінбесек болмайды.

--9- сынып оқушысы Данияр Орынбеков:

---Мектепті жақсы бітірген соң кез келген жоғары оқу орнына қиналмай түсерімізге сөз жоқ. Себебі мұндағы оқудың сапасы өте жоғары.

Міне, А.Ысқақов өз пәнімен қатар педагогтік мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне жол таба білген, үнемі даму,ілгері басу, ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер,әрі білікті, жігерлі ұстаз. Атаулы мектеп директоры оқушылар мен педагогтардың ұйымдастырушысы әрі білікті тәлімгер.

І.Нұртазина Рафиха Бекенқызы.(1921 жылы туған)

Р.Нұртазина педагог-әдіскер, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966),Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты(1974). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген(1951). Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы,қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі. 1972 жылы қазақ педагогика қоғамының төрайымы болып сайланды.

7

Бүкілодақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты (1968, 1988). Көптеген орден медальдармен марапатталған, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері.

Р.Б.Нұртазина орыс тілінің білікті маманы ретінде педагогика ғылымының және Қазақстан мектебінің бай тәжірибесін насихаттап Африкада, Вьетнам, ГДР,Монғолия, Жапония, тағы басқа елдерде дәріс оқыды.

1979-1986 жылдарда орыс тілі мен әдебиетін оқытатын мұғалімдердің халықаралық қауымдастығына (ассоциациясына) қатысты.Будапештте өткен конгресте 78 елден келген мұғалімдер алдында дәріс оқыды. Берлиенде өткен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің IV Дүниежүзілік конгресіне қатысты.1989 жылдан радиохабары арқылы қазақша тілұстарту сабақтарын орыс және қазақ тілдерінде жүргізген.

Идеялары: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп,диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау ; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен оқыту ; сабаққа енжарлыққа жол бермеу ; әрбәр сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру ; ана тілінде білім алу.Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.

Егер мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу-тәрбие процесі жақсы жүреді.

Ол орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың тәжірибелеріне талдау жасады. Ұстаздың өзіндік шеберлігі – оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау. Әр сыныпқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал- мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздық еңбек жылдарында жинақталды.Нұртазинаның бұл тәжірибесі республикалық конференцияларда талқыланды. Әр жылдарда арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланды.

Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда пәнаралық байланыс принципін қолдана отырып,біздің еліміздің ұсынысына қатынасына, оның жақсаруына үлес қосу жаңашыл ұстаз Р.Бекенқызының әр сабағының өзекті міндеті болып саналады.

8

Р.Б.Нұртазина өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат сезімін, оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм принциптерін,педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа алды.Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын ,білікті , іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды дамуына бағытталған , өзін-өзі басқару негізінде құрылған сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталды. №12 мектептің 60 жылдан астам уақыт ішіндегі шығармашылық еңбегін көрсететін тарихи мұражай бар.

І.Григорий Максимович Кубраков ұстаздық қызметі мен еңбектері.

Г.М.Кубраков – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп – интернатының директоры, КСРО халық мұғалімі, республикалық және Бүкілодақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты.

Г.М.Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог А.С.Макаренконың бай мұрасын бүгінгі мектеп жағдайында жүзеге асырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді сапалы биікке көтеруде тұлғаланып, бүкіл республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.

Г.М.Кубраков республикалық теледидар арқылы ұйымдастырылған арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков «По пути Макаренко» ( Алматы: Мектеп, 1982), По заветом Макаренко ( М , Просвещение, 1987).

І.Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева

Қанипа Бітібаева—Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі.

1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып,

оның жетекшілігімен ұстаздар «Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін » жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70 -тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтың авторы.

9

Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы » атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің

жолдары тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме , хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми- теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, «Абай жолы » эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген.Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс-тәсілдері де осы оқулықта жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы , Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты.

Қ.Бітібаева әдебиетті «өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы »-- деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбиесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.

Қанипа Бітібаева – оқыту процесінде баланің рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз. Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінен білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін, қазіргі мектеп бағдарламалары жөніндегі ой- жалғастарын ортаға салып , республикалық және халықаралық басылымдарда да жариялап отырады.

Қ.Бітібаеваның кітаптары:

1. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары.

2. Әуезов шығармашылығын оқыту.

3. Сабақ түрлері мен үлгілері.

4.Мектепте Абай шығармашылығын оқыту.

5. Әдебиетті оқыту әдістемесі.(оқулық)

6. Әдебиеттану.

10

7. Абайды таныту.

8. М.Әуезов – мектепте.

9. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.

10.Әдебиет оқулығы.

11. 7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі.

12. 5-9 сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту.

13. 10-11 сынып әдебиетін оқыту.

Осы заман педагогикасы –бұл тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.

    Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?

   Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтежесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.

    Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеяларын оқу-тәрбие процесінде қолдану барысында тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру жолында орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.

     Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, ұйым және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету;

кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына, оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.

     11

Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеалогиясының жаңаруы көптеген идеяларға негіздеді. Олар:

- тәрбие мақсатының реализм идеясы;

     - ересек адамдар мен балаларды бірлесу іс-әрекетінің идеясы;

     - тәрбие бағыттарының дербес идеясы;

     - тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;

     - өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;

     - бала күнінің жартысы;

     - қиын мақсаттық идеясы;

     - сүйеніш идеясы;

     - ірі блоктар идеясы;

     - ата-аналармен ынтымақтастық;

     - мұғалімдердің ынтымақтастығы;

     - өзін-өзі сыйлау идеясы;

     - өзін-өзін басқару (реттеу) идеясы т.т.,

Экспериментшіл мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында колданылып келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада» және «Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде» баяндалған.

     Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінез құлқыың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Мектеп жұмысының негізгі мақсаты:

"Мектебіміздің әр түлегін адамгершілік қасиеті жоғары, мәдениетті, тәрбиелі, жан-жақты дамыған, динамикалық өзгерістерге ұшырап тұратын әлемде өмір сүре алатын және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру"

12

Оқу тәрбие ісінің басты идеясы:

"Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі оқылса"

(Шәкәрім)

МҰҒАЛІМ:

Шебер - педагогикалық қызметтің техникасы мен әдіс-тәсілдері, білім беру технологиысын еркін меңгерген, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелерді ұтымды және шығармашылықпен қолдана білеін жоғары психологиялық білім мен дайындығы бар білімді педагог.

Жаңашыл - білім беру үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс-тәсілдермен іс-тәжірибесін толықтырып, өзіндік дидактикалық комплекстерді жасай отырып, білім беру мен тәрбиені дамыту жұмыстарында жоғары нәтижеге жететін педагог.

Зерттеуші - оқі үрдісінде жаңашылдығымен ерекшелене отырып, ғылыми-зерттеуші жұмыстармен шұғылданатын, бағдарламалар, оқулықтар құрастырып, эксперименттер жүргізе білетін педагог.

а) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.

  Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

 Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

 Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

  13

 Педагогикалық озат тәжірибенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолдану қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

 Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

 Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

 Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

 • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

 • өз беттерімен білім ала білуі;

 • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

 • оқушылардың жалпы дамуы.

 Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

 Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

 

  14

 Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар.

Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

 Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

 Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

 Ынтымақтастық - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:

 - мақсаттың бір екенін анық сезіну;

 - ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;

 - мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беруі.

 

15

 Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.

 Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.

 Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:

 - балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;

 - оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар беру;

 - баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;

 - тірек идеясы;

 - жаңарту идеясы;

 - озу идеясы;

 - жаңа мектеп;

 - тұлғаны дамыту идеясы.

Ә) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.

1. Ұжымдық оқыту технологиясы.

2. Саралап оқыту технологиясы.

3. Іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы.

4. Білім беруді ізгілендіру технологиясы.

5. Дидактикалық біліктерді ірілендіру технологиясы.

6. Проблемалық оқыту

7.Дамыта оқыту технологиясы.

8. Модульдік оқыту технологиясы.

16

9. Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы

арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi.

10. “Үшөлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы.

11.ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ.

12. Педагогикалық шеберханалар технологиясы.

13.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

14. Жаңа оқыту технологиясы.

15.Бағдарламалап оқыту технологиясы.

16. Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы.

17.Оқытудың компьютерлік технологиясы .

18. Оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін белсенді оқыту технологиясы.

19. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту технологиясы.

20.Түсіндіре оза оқыту технологиясы.

21. Өздігінен даму технологиясы.

22. Оза оқыту технологиясы.

1.Ұжымдық оқыту технологиясы.

Мақсаты:

Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, байқампаздыққа жетелеу.

Ерекшелігі:

Жұптық оқыту; Топтық оқыту; Ұжымдық оқыту;

Оқушы – оқушы

Оқушы – оқытушы

Оқушы – үйретуші міндеттерін атқарады.

Талаптары:Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек; өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау; өзі оқи отырып, өзгені оқыту; түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.

17

Технологияның жүргізілуі кезеңдері:

Тапсырмаларды даярлау кезеңі: берілген тапсырмамен танысу; шағын бөлімдерге бөлу; әр бөлімге ат қою; жоспар құру; жоспарға сүйене отырып; текст мазмұнын меңгерту; тексеру сұрақтарын даярлау.

Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:

Тақырыптың мақсаты не?

Жоспармен таныстыру; Мазмұнын түсіндіру; Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу; Өз бетінше жаттығу бойынша түсінгенін зерттеу;

Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.

Тәрбиелік мәні:

Өзін-өзі басқару;

Өзін-өзі қызмет көрсету:

Жауапкершілікті сезіну; Басқаның еңбегін бағалай білу; Белсенділік;

Ұқыптылық; Адалдық; Байқампаздық ; Зейінділік; Ынтымақтастық;

Ұжымдылық; Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін принципінің орындалуы.

2.Саралап оқыту технологиясы.

Оқу үрдісіне мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі. Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі. Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектептер мен кластар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құрды. Мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

Жас ерекшелігі бойынша;

Жынысына байланысты;

Қызығушылығы бойынша;

Ақыл-ой деңгейінің дамуы;

Тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;

Денсаулық деңгейі бойынша.

Ерекшелігі: Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;

18

Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;

Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

Оқушылардың қабілеті артады;

Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;

Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.

3. Іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы.

Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Ойынға кіріспе: Проблемалық мақсат қою; шарттарын білу; топ құру; рольдер бөлісу; регламент белгілеу; жалпы түсінік беру; тиісті консультация беру;

жүргізу кезеңі:

Топтық жұмыс: Әдебиеттермен жұмыс; тренинг; ойлану; ойыншылармен жұмыс;

Топ аралық жұмыс, пікірталас: Топтардың жұмыстарын баяндауы; нәтижені қорғау; пікірталас туғызу;

қорытындылау кезеңі: Ойынға қорытынды жасау

Талдау, рефлекция; баға және өзіндік баға; қорытындылау, жинақтау; ұсыныстар беру.

4. Білім беруді ізгілендіру технологиясы. (Ш.А.Амонашвили бойынша)

Мақсаты:

Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.

Ерекшеліктері:

Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; Бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті , әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.

19

5. Оқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубаева Ш.Т., Апатова Н.В.)

Шәкірттердің рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады.

Мысалы, 2-сынып Қазақ тілі сабағында “Сөйлеу мәдениеті” тақырыбын өту барысында “Телефонмен әңгіме” ойынында телефонмен сөйлесу мәдениетін үйрету мақсат етіліп, кім сыпайы әрі ұтқыр екенін бағалау көзделеді.

Білім алушылардың өздеріне қай жұптың сөйлеу мәнері дұрыс шыққанын таптыруға болады.

6. Дидактикалық біліктерді ірілендіру технологиясы.

Мақсаты:

Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.

Ерекшелігі:

Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; тура есептерді кері есептерге айналдыру; жүйелі де тиянақты білім беру.

Әдістемесі:

Бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту; Өзара қарама-қайшы ұғымдарды салыстыру; Тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру;Амалдардың орындалу тәртібін реттеу.

7. Проблемалық оқыту технологиясы.

Негізін салушылар мен зерттеушілер: Американдық: Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов

Негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену. “Проблемалық оқыту” сабақтарының типтері. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту:

-оқушының белсенділігін анықтау;

-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

-оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.

20

8. Дамыта оқыту технологиясы.

Негізгі зерттеушілері: В.Занков, В.Давыдов, В.Эльконин, П.Эрдниев.

Негізгі идеясы: Оқытуды бала жан-жақты дамитындай етіп ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың басты тұжырымдары:

Дамыта оқыту- іс-әрекеттік оқыту тәсілі.

Дамыта оқыту-даму заңдылықтарын ескеру.

Дамыта оқыту-баланы іс-әрекет субъектісі ету.

Дамыта оқыту мазмұны -теориялық ойлау.

Дамыта оқыту- мақсатты оқу іс-әрекеті.

Дамыта оқыту- оқу міндеттерін шешу.

Дамыта оқыту- ұжымдық ой қызметі, шынайы сұхбат, іскерлік қарым-қатынас. “Дамыта оқыту” технологиясының құрылымы.

8. Модульдік оқыту технологиясы.

Негізгі зерттеушілері: Дж.Блок, Б.Блум, М.М. Жанпейісова

Мақсаты: Тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы модульдік сипатта дамыту.

Ғылыми идеясы:

1.Модульдік оқыту – іс-әрекет принципіне негізделген:

Оқушының жүйелі түрде жүргізілген белсенді іс-әрекет білім мазмұны сапалы меңгеріледі.

2.Модульдік оқыту- дамыта оқыту идеясына негізделген:

Бұл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мазмұнын саралап, оқу әртүрлі формада (жеке, топтық, жұптық) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

3.Модульдік оқыту негізіне бағдарламалы оқыту алынған:

Бұл іс- әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының жұмыс мүмкіндігі, қарқыны, нәтижелерін салыстыру, өзін-өзі бақылау.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:

1.Кіріспе кезең (модульге, тарауға ену)

21

2.Сөйлесу кезеңі (диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру)

3.Қорытынды кезең (бақылау, бағалау)

9. Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi.

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген «Оқыту -екі есе оқу» технологиясы ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі.

І) Білімділік Ақпараттық деңгей.

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарынан бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. Тыңдайды,жазады,еске түсіреді, есте сақтайды,ойлайды.

ІІ) Түсіну Тезаурустық деңгей (ғылыми тіл)

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін,диологтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. Ойларын айтады,түсіндіреді,ерекшелігін көрсетеді,сұрақтар береді. Жазады.

ІІІ) Қолдану Методикалық деңгей

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді.

Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді. Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, Проблемалық ситуация т.б Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып,проблеманы шешу. Кітаппен жұмыс.

ІV) Талдау (Анализ) Технологиялық деңгей

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату. Топтық талқыға салады,ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып ,өз білімін толықтырады. Ізденеді.

V) Жинақтау (синтез) Зерттеушілік деңгей

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

22

.Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойлап табады,байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді. проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.

VІ) Бағалау.

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау. Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы.

Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыра алуының тірек қабілеттерін төмендегі жүйелерін дамытады.

- Шығармашылық әрекет,

- Проблеманы көре білу,

- Болжай білу,

- Жаңашылдықты ендіру,

- Өз жұмысының бағдарламасын жасау,

- Рефлексиялай алу,

- Шығармашылық ойды іске асыру үшін

- идеяларды тудыра алу.

Танымдық қызмет мақсатының категориялары: Деңгейлер, анықтама, оқушының іс-әрекеті.

Білім берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру, тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды.

Түсіну- жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану - жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді.

Талдау - алған білімді жіктеу, саралау,ең негізгітүйінін бөліпкөрсетубұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.

23

Топтау- Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.

Бағалау- (сын, пайымдау) Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.

10. “Үшөлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы.

Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалмауға тырысады.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.

Ж.А.Қараев Мектептегі педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау –міндетіміз. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқыушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.

Ж.У.Кобдикова

Сабақтың құрылымы:

Тақырыпты оқып үйренудің үш кезеңдік алгоритмі

І кезең

(5-7 минут) ІІ кезең

(20-25 минут) ІІІ кезең

(сабақтың қалған12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт) Сабақты ұйымдастыру; Үй жұмысын тексеру; (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру)

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру; (оқытудың проблемалық әдістері бойынша) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау;

24

Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут)

Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

11.ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ.

Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау-- Салыстыру өлшемі Оқыту әдістемесіне тән белгілер Оқыту технологиясына тән белгілер.

Мақсаттылық---Оқушылардың ақырғы мақсатты жете түсінбеуі Оқушылардың ақырғы мақсатты жете ұғынуы.

Тұжырымдамалылық---Мұғалімнің теорияны субъективті түсіндіруі Ғылыми негізделген теорияға сүйену.

Жүйелілік , Жүйелілік міндетті емес-- Оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістемесін, амалын жоғары деңгейде жүйелі пайдалануы мен жобалауы.

Диагностикалық-- Мұғалім қоятын талап деңгейіне байланысты Ғылыми объективті көлемдермен негіздеу.

Оқыту сапасына кепілдік--Мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты Тұрақты жоғары.

Жаңашылдық--Көбіне тактикалық (әдістемелік) сипатта болады Стратегиялық (іс-әрекеттік) сипатта болады.

12.«Педагогикалық шеберханалар технологиясы»

Шеберхана – оқыту процесін ұйымдастырудың өзгеше бір түрі (формасы). Бұл оқу процесінің өзге түрі, Француз ғалымдары (психологтар, педагогтар, философтар) ұсынған. Оның негізін құраушылар: П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.

Негізгі идеясы белгілі педагог Я.Каменский идеясы мен жақын, яғни «пәлсәнәні» тарату адамзатты дамытып жетілдіруі де, соғыс өртін жояды – дейді. Қоғамды дамытуға, тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болады деп есептейді.

Педагогикалық шеберханаларды ұйымдастыру қағидалары:

- Мастер барлықтары үшін ашық, еркін шығармашылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады.

25

- Тақырыпты меңгеруде оқушының жеке қызығушылығын оятып, оның сезімдеріне назар аударады.

- Мастер өзгелермен бірдей жұмыс істейді.

- Жауап беруге асықпайды.

- Қажет ақпараттарды шағын дозамен беріп отырады.

- Бала еңбегін бағалауда әдеттегі бағалау қабілеттерін дамыту үшін еңбектерін ашық көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).

Технологияның алғы шарттары:

- Баланың білімді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып алу, яғни білімді оның генезисі мен құрылымын зерттеу арқылы өздігінен ашып жетуі.

- Мастер басқаруымен және ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру).

- Педагогикалық шеберхана ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетектеуші, нұсқаушы роліне көшеді.

Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені ашуға жетеді. Өзінің «Я» сезіміне жетеді.

Шеберханада жұмыс істеу кезеңдері:

- «Индукция» (ой қозғау)

- Жинақтау (самоконструкция)

- Топта талдау (социоконструкция)

- Әлеуметтендіру (Социализация)

- Жария ету (Адаптирования)

- Презентация дайындау

- «Ескі мен жаңа байланысы» (разрыв)

- Рефлекция Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу.

13. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

(Л. Джинна Стил, С. Куртик Мередит, Чарльз, Тэмпл).

26

Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады.

Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

14. Жаңа оқыту технологиясы.

Технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /Академик В.М. Монахов/

Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді.

Технологиялық оқыту – өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды.

Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.

Әдістемелік құралымыздың мақсаты:

- “Білім” заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;

- Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.

Міндеті:

- Талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру,оларды өсіру, әр оқушының қабілетін танып білу.

Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі

27

ретінде өздігінен пайда бол ақоймайды.Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделіде шығынды эксперименттердің және, ақыр аяғында ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі.

… егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

Н.Ә.Назарбаев Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады

Уильям Уорд

15. Бағдарламалап оқыту технологиясы.

(Б. Скипер, Н: Крауер, В.П Беспалько)

Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.

16. Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы.(Хуторской А.В.)

Оқу- тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:

- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік еркшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);

- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс);

- оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу).

Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:

қарым-қатынастық әрекет;

28

шығармашылық әрекет;

баланың жеке дамуын қолдау;

баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.

Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады:

1) сыныпты дифференциациялау арқылы «жоғары-орташа-төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу;

2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау. Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау.

17.Оқытудың компьютерлік технологиясы .

Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады.

Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б

-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

-оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.

18.Оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін белсенді оқыту технологиясы.

Шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп алуына мүмкіндік жасайды.

Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:

сабақ құрылымының икемділігі;

оқығаны бойынша пікірталастың болуы;

дидактикалық ойындар;

интенсивті өзіндік әрекет;

тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;

білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.

29

19. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту технологиясы.

Пәнді оқыту барысында топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады,

шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі.

Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады.

Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндікі сәрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады.

Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс.

Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет.

Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет.

Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық,ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек. Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.

20.Түсіндіре оза оқыту технологиясы.

(С.Н. Лысенкова)

Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалдардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану.

30

Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

21. Өздігінен даму технологиясы. (М. Монтосорри)

Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогиканың ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету.

22. Оза оқыту технологиясы. (Н.С.Лысенкова)

Грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік

ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

В.Т.Кабуш технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

Мақсатты бағыты:

Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру; Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру; Азаматтық тәрбие, әлем мәдениетін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Тұжырымдаманың негізі:

Тәрбиенің ізгіліктік жүйесі; Тәрбиенің адамгершіліктік және демократиялық сипаты; Тәрбиенің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктік қызметін жүзеге асыру; Ынтымақтастық – еңбектестік – серіктестік – достық және олардың постулаттары.

31

Мазмұнының ерекшелігі:

Жанұялық тәрбие беру; Жалпы адамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу; Салауатты өмір салтын қалыптастыру; Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату; Азаматтық және ұлттық, әлеуметтік мәдениетке жетелеу; Өмірге қабілеттендіру.

Әдістемелік ерекшелігі: Тәрбие негізгі роль атқарады; Болжаған жетістікке жету жолдарында үздіксіз, тізбекті жұмыс жүргізіледі; Кез-келген балаға сенімділікпен қарау; Күштеусіз, зорлықсыз тәрбиелеу; Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс қарым-қатынасын орнату; Еркіндік; Шығармашылыққа жетелеу; Ізгілікті ойлауға үйрету.

ІІІ. Практикалық бөлім.

Сабақ жоспары: Сыныбы: 6

Тақырыбы: Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау. С/ж. Белдемше эскизін салу.

Мақсаты:

  • Білімділік:оқушыларды белдемшенің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру.Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімді сипаттауды үйрету;
  • Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
  • Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:теориялық, практикалық

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірме, көрнекілік.

Көрнекілігі:дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.

Техникалық құралдар: компьютер,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Технология» оқулық 6 сынып
  • «Технология» оқыту әдістемесі 6 сынып
  • «Технология» дидактикалық материалдар 6 сынып
  • «Мектептегі технология» әдістемелік журнал №11/2010 жыл
  • «Шаңырақ» энциклопедиясы

32

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,сұрақ жауап

арқылы пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

VI Жаңа сабақты түсіндіру.

V. Сарамандық жұмыс.

. Жаңа сабақты бекіту.

VІІ. Қорытынды

VIII. Жұмыс орнын жинастыру.

Сұрақ жауабымен келіссе «Иә - » , келіспесе «жоқ Λ » белгілейді.

1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. ( - )

2.Іс тігушімен машина столының ара-қашықтығы 16-. болу керек.(Λ )

3.Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек. ( - )

4.Ине майысқан: ине сынады, жіп үзіледі, тістері босатылады.(-)

5.Ине негізі төрт бөліктен тұрады.( Λ)

6.Қалың мата тігу үшін № 90 инені қолдану керек.( Λ)

7.Махавик тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.( - )

8.Машина іске қосылмай тұрғанда қысу табаны түсіп тұрады.( Λ)

9.Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.( Λ)

10.Аяқ машинасының ең керек деталы аяқ жетегі. ( - )

11.Ине дұрыс егелмеген: жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады. ( - )

12.Қол машинасымен аяқ машинасының сабақталуы бірдей емес. ( Λ)

14.Қайыққа шөрік дұрыс кигізлсе, сағат тіліне қарсы айналады. ( - )

15.Орындық машина инесіне қарама –қарсы тұруы керек. (-)

16.Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп10-15 шығып тұруы керек.(- )

Оқушылар графикалық диктант жазып болғаннан кейін жауап парақтарын бір-бірімен алмастырады. Сол кезде тақтаға графикалық диктанттың дұрыс жауабы слайд арқылы шығарамын. Оқушылар жұмысты тексеріп шығады, бағалау рейтенгісі арқылы үй жұмысын өздері бағалайды.

33

ІІІ.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Интерактивті тақтада белдемше суреттерін жасырып, бетіне сұрақтар

қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Белдемшенің шығу тарихы.

Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген.Белдікке тартылған терілер,жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.

Орта ғасырларда белдемше дегеніміз - тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.

ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.

ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин- каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.

XVII ғасырда бүрмелеу, түлі-түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.

XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.

XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Әр ғасырдағы белдемше суреттерін слайд арқылы көрсетемін.

34

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Белдемше костюмның бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.

Белдемше: силуэті бойынша- тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.

Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті- жиырылған немесе қатпарлы болады.

35

36

Мата таңдау.

 Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда жазда салқын түстегі ( ақ, көк, көгілдір) , жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.

 

V.Жаңа сабақты бекіту.

 

 

 Сәйкестендіру тесті

 

 

  37

  Тақтаға белдемше түрлерін жазып қоямын. Араласып жатқан белдемше суреттерінен әр белдемше қатарына іледі.

Интерактивті тақтада түрлі белдемшелердің суреттерін шығарамын, суреттердің арттарына бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар жасырылған(гиперссылкамен). Тақтадағы суреттің біреуін таңдап, қаламмен түртсе сұрақ шығады. Сұрақтарға жауап беру.

  • Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді ?
  • Пішіміне қарай қалай аталады ?
  • Киімге қандай талаптар қойылады ?
  • Конустық белдемше қалай пішіледі ?
  • Жаздық белдемшенің матасы қандай болады ?
  • Жылы түстерге қайсы түстер жатады ?
  • Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды ?

VІ. Сарамандық жұмыс.

Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу.

VIІ. Қорытынды.

  • Жақсы салынған эскиздерді көрсету(), мадақтау.
  • Бағалау. Бағаларын күнделікке қойып беру.
  • Үйге тапсырма беру.

Сантиметрлік таспа, қалам, қағаз,сызба алып келу.

әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше моделін салып келу.

VII. Жұмыс орнын жинастыру.

Тәрбие сағатының жоспары: 8-9 сыныптар аралығы.

Тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, нәтижесін алу, , ұлттық тәрбиесін шыңдау, білімдерін тексеру.

Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, ал Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу, дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайтуға баулу. Дұрыс ойын жеткізе білуге, өз ойын еркін айта алуға, оқушыларды алғырлыққа, жылдамдылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлауын дамыту.

38

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

I-тур. “Бәйге”.

1.

а) Мата б)Жүн в) Иірілген жіп

2.Тігін машинасын ең алғаш рет кім ойлап тапқан?

а)Карл Вейзенталь б)Томас Сент

ә)Леонардо да Винчи . в)Уильям Ли

3. Матада көлденеңінен жатқан жіп қалай аталады?

а) Арқау ә) Негізгі б) Көлбеу

4.Бисердің шығу тарихы ненің пайда болуына байланысты?

а) Моншақтың в) Тастың

б) Әйнектің

5. Жібек мата неден алынады?

а)Зығырдан б) Мақтадан

в) Тұт құртынан 39

6. Халықтық дәстүрлер сипатындағы осы заманғы киімдер

қай стильде тігіледі?

а) Фолкьлорлық ә) Романтикалық. б) Спорттық

в) Классикалық

7. Етті (мясной) салатының атауы?

а) Оливия ә) Винегрет б) Дәруменді

8.Белдің жарты орамының шартты белгісі?

а) МЖО ә) АрБҰ. б) БЖО

9.Ілмек бізбен қандай жіптер тоқылады?

а) Ирек жіп б) Жібек жіп в) Кендір жіп

10.Пласмассадан,әйнектен, інжу- маржаннан жасалған түрлі- түсті моншақты қалай атайды?

а) Ілгек б)Стеклярус в) Бисер

11.Техникалық сәндеуге не жатады?

а) Эскиз, сурет, фото б) Тігу, әшекейлеу в) Жапсырмалау

12. Декатирлеу дегеніміз не?

а) Матаны тігу

б) Матаны пішу в) Матаны дымқылдап өңдеу

13. Шайдың Отаны?

а) Қытай ә)Индия б) Япония

14. Бутербродты әзірлегенде артық тағамды ата?

а) Май б) Нан в) Сүт

15. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек ?

а) 3-сағат б) Жарты сағат

в) 20-30 минут

40

II-Дода.

ТАРИХ-20.

Қазақ ою-өрнектерінің тарихы қай көне мәдениеттен басталады?(Сақ Андронов.)

Тарих-30

Гобеленнің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?

(15 ғасыр)

Тарих-40.

Маңғыстау ою-өрнектерін зерттеген шебер кім?

(Д.Тайжанов)

Информатика-20.

Вирусты жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа ? (антивирустық программа)

Информатика-30.

Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?(сканер)

41

Информатика-40.

Суреттерді өңдеу үшін қандай программа қажет? (фотошоп)

Қазақ тілі-20

«Технология» сөзінің синонимі?(еңбекке баулу)

Қазақ тілі-30

Көз қорқақ........ батыр (қол)

Қазақ тілі-40

Жеті рет өлшеп, бір рет...... (кес)

Математика- 20

Бір жылда неше күн бар? (365 күн)

Математика- 30

Жұдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6метр көтеріледі,

Ал түнде 4 метр төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады ? (7 күн)

Математика- 40

Төртпен бестің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (4≤5)

География-20

Кестенің Отаны қай ел?(Қытай)

География-30

Заттың үлкен, кішілігін білдіретін өлшемдік шама? (масштаб)

География-40

Ас пісіру туралы алғашқы кітап қай елде шықты? (Греция)

III-Полиглот.

Тігінші—Портной, портниха—tailor.[teila]

Шебер ---Мастер--Master.[ma;sta]

Оқушылар бір шумақ өлең шығару.

42

IV- Көкпар.

Ұлттық тағамдар-20

Жаңа төлдеген малдың сүті?(уыз)

Ұлттық тағамдар-30

Сүтке мәйек қосып, ашытып, сары суы алынғанша қайнатып әзірлейтін тағамның түрі?(сары ірімшік)

Ұлттық тағамдар-40

Қымыздың қандай емдік қасиеті бар?(жүйке жүйесіне, ас қорыту бездеріне, туберкулез ауруына)

Ұлттық киімдер-20

Ұлттық ерлер бас киімінің түрлерін ата?(тақия, бөрік, айырқалпақ,тымақ)

Ұлттық киімдер-30

Шапан қандай киім түріне жатады?(сыртқы)

43

Ұлттық киімдер-40

Иткөйлекті қандай матадан тігеді және кімдер киеді?(Табиғи таза матадан тігіледі, кішкентай нәресте қырқынан шыққанша кигізеді.)

Ұлттық жиһаздар-20

Ертеде кішкене ол сандықты (шәй сандық) не деп атаған? (бөгіре)

Ұлттық жиһаздар-30

Тамақпен ыдыс аяқ сақтауға арналған жиһазды ата?(асадал)

Ұлттық жиһаздар-40

Киім және үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз?(адалбақан)

Ою-өрнектер-20

Қошқар мүйіз ою-өрнегі қай топқа жатады?(зооморфты)

Ою-өрнектер-30

Итқұйрық оюы қай бұйымға қолданылады?(шалбардың балағына)

Ою-өрнектер-40

Қошқар мүйіз оюы не мағынаны білдіреді?(байлық, молшылық)

Қолөнер-20

Кестені керетін құрал? (кергіш)

Қолөнер-30

Киіз басқанда пысыту, қатайту атауын не деп айтамыз?(қарпу)

Қолөнер-40

Қазақтың ұлттық өрімшілдік өнерімен жасалатын бұйым?(қамшы)

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Оқушыларды марапаттау.

44

Қорытынды.

Өз ойымды қорытындылай келе Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек екенін білдім. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді екен.

   Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани, ақыл-ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет екен. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, ақырында мектептен шығып кететін.

Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды қайтсе де оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу керек. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек.

« Мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » оқу-тәрбиесін, ізгілендіру деп Қ.Н.Нұрғалиевтың мынадай идеясы мені қызықтырды.

 Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды атқарушылық, шығармашылық қабілет т.б дамытады. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп білді.

 Бала дамуының жақын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқара алатын істері жайлы Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады.Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.

45

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.    

Педагогикалық ізденіс . Алматы, «Рауан», 1990.

     Шаталов В.Ф. Точка опоры, М., «Педагогика», 1987. Соловейчик С. Воспитание по Иванову, М., «Педагогика», 1989. Шаукенова Н.Р., КазГАСА ассистент профессоры, Алматы, 2011.

2.Педагогика Дарын—Алматы,2004ж.

Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж.. Мұқанова.

46

Мазмұны.

І.Кіріспе бөлім.

Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру

жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.______________________ 1

ІІ.Негізгі бөлім.

А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі._________3

Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану._____________________13

Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі._____16

В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.________31

ІІІ.Практикалық бөлім.

Сабақ жоспары:«Тік белдемше , шығу тарихы»______________________32

Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы.»_____________38

Қорытынды.____________________________________________________45

Пайдаланылған әдебиеттер.________________________________________46

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу