Кептер - Дүниетану пәні бойынша ғылыми жұмыс


Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы

«Амангелді орта мектебі» КММ

Дүниетану пәні бойынша ғылыми жұмыс

тақырыбы:

Кептер

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы

«Амангелді орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі, ғылыми жұмыстың жетекшісі Жакашева Г.К.

Бастауыш сынып оқушысы

Қажырлы Жанат

Ғылыми жұмыспен айналысатын дарынды оқушымен жеке жұмыс жоспары

Көгершін асырау арқылы бақылау

Көгершін асырау арқылы бақылау

оқушы

Мазмұндық бөлімі:

Көгершін құсы туралы жалпы дерек:

Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.

Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. Мысалы: клинтух ,вяхирь иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар ресейдің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін -зікірлі көгершін Мадагаскарға таяу жердегі аралдарында кездеседі.

XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді.

Қазақстан жерінде:

Кептер -кептертәрізділерКептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы.

Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептерТүркептер (мұндай бет жоқ) (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершінКөгершін деп атайды. Республиканың оңт. жартысында көк кептер АлтайАлтай, ТарбағатайТарбағатай, СауырСауыр (мұндай бет жоқ), ЖетісуЖетісу (Жоңғар) Алатауы, Солт. және Батыс Тянь-Шаньда құз кептер, ЖайықЖайық өз-нің аңғарында дыркептер, АралАрал т-нен АлакөлАлакөл қазаншұңқырына дейінгі шөл далада қоңыр кептер таралған. Сондай-ақ, республиканың таулы аймақтарындағы жалпақ жапырақты орман белдеуінің етегінде түркептер; шығыста, оңт. аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық жерлерде үлкен түркептер кездеседі. Кептерлердің қанатының ұзындығы 180 – 250 мм, салм. 240 – 350 г (дыркептер – 600 г-дай). Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. ДыркептерДыркептер, түзкептерТүзкептер, қоңыр кептерҚоңыр кептер, түркептер, үлкен түркептер – жыл құсы, қалған түрлері – отырықшы құстар. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4 – 5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдастарының дәнімен, шошқа жаңғақпен қоректенеді.

Құстардың шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз.

Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған болып саналады. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп алдыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.

Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі емес. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан.

Көбеюі:

Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан ұя салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады.

Қоректенуі:

Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған

Тарихи деректер:

Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері; денесі қауырсынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің кұрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстар-дың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жа-қын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқ-тары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыр-шағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан.

Тіршілік ету ортасы

Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.

Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгі-лері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.

Құстар класы

1-класс тармағы. Алғашқы құстар. Бұған жататын археоптерикс.

ІІ-класс тармағы. Нагыз құстар 1.Отряд үсті. Тісті құстар (Ргоtһогпіtһеs).

2. Отряд үсті. Қырсыз төстілер).

3. Отряд үсті. Пингвиндер

4. Отряд үсті. Қырлы төстілер

 

 

Халық даналығы

"Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы.

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Павлин кептеріПавлин кептері (мұндай бет жоқ)

Ағылшын кептеріАғылшын кептері (мұндай бет жоқ)

Архангель кептеріАрхангель кептері (мұндай бет жоқ)

Француз мондэніФранцуз мондэні (мұндай бет жоқ)

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу