Студенттер арасында кездесетін тырнақ аурулары


Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

121 «емдеу ісі»

тобының студенті

Толеуова Айжан

жетекшісі:

Абылкасымова. Р.А.

Тақырыбы:

«Студенттер

арасында кездесетін тырнақ аурулары»

Астана қаласы 2013-2014 жылы

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 

 Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан)

 

 Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.

Негізгі басымдықтардың бірі:

 Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.

Соған орай менің ғылыми тәжірибелік жұмысымның негізгі мақсаты

Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогенезі,белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу.

Мазмұны:

І. Кіріспе ...................................................................................

ІІ. Тәжірибелік бөлім................................................................

ІІІ. Негізгі бөлім..........................................................................

IV. Қорытынды бөлім...............................................................

V. Тұжырым..............................................................................

VI. Слайд көрініс........................................................................

Кіріспе

 Зерттеу тақырыбы: Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу.

 Өзектілігі: Тырнақ ауруларының жасөспірімдердің денсаулығына, психо-эмоцияналдық жағдайына әсері.

 Мақсаты: Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларын анықтау, кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар,аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісі тәжірибелік зерттеу.

 Зерттеу міндеттері:

1. Тексеріс нәтижесі бойынша студенттердің проблемаларын анықтаймыз.

2.Проблемаға байланысты денсаулықты сақтау, сауықтыру және нығайту шараларының жоспары құрылды.

3.Жоспарды орындау шараларын жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 Зерттеу нысаны:

2013-2014 оқу жылы

1.Астана қаласы медициналық колледжінің 1, 2, 3, 4 курс студенттері тырнақтарын тексеруден бастадық. Олар 16 - 20 жас аралығындағы жасөспірімдер.

2.Олардың жасын, тамақтану режимін, болған ауруларын, тырнақ аурулары барма жоқпа екенін, студенттердің тұрмыстық жағдайын нысанаға алдық.

2013-2014 оқу жылы

1. Студенттерге сауалнама жүргізіп олардың тырнақ жағдайын , проблемаларын анықтадық .

2. Проблемаларға байланысты денсаулықты сақтау, сауықтыру және нығайту шараларының жоспары құрылды.

Негізгі бөлім

 Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісі тәжірибелік зерттеу.

 Біздің бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, кейінгі уақытта балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының төмендеуі. Біздің еліміздің тұрғындарында өзінің денсаулығына деген көзқарас дұрыс қалыптаспаған, көп адамдар өздерінің денсаулығын сақтап, нығайтуға жеткілікті көңіл бөлмейді, тек ауырғанда дәрігерге қаралады.

 Денсаулық – адамның дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы. Осы қабілеттер адам бойында үйлесім тапқанда ғана адам ұзақ өмір сүріп, тіршілікте ойына алған жоспарларын жүзеге асыра алады, қоғам игілігі үшін еңбек етеді, берекелі отбасын құрып, салауатты ұрпақ тәрбиелейді.

 Тырнақ аурулары туралы айтпас бұрын аяқ – қол тырнақтарының анатомиясымен, физиологиясымен танысуымыз керек. Тырнақ, оның құрылымы, гигиенасы, қызметіне тоқталамыз.

Тырнақ анатомиясы

 Тырнақ (Unguis)

 Тырнақ – саусақ ұштарының сыртын жауып жататын қатты мүйізденген пластинка. Тырнақ пластинкасының астында жатқан тері бөлігі тері қыртысымен жабылып жатады, оны тырнақ төсегі деп атайды. Артқы тырнақ белдігі тырнақтың артын доға тәрізді жауып келіп, эпидермистің жұқа мүйізді пластинкасын – тырнақ терісін құрады (eponychium). Тырнақтың алдыңғы ұшы (margo liber) еркін алға шығып тұрады. Ең артқы бөлігі тырнақ түбірі (radix unguis) деп аталады. Тырнақ түбірі артқы тырнақ көбесінің астына тереңінен қіріп жатады. Тырнақ түбірі жатқан эпителийдің бөлігі матрица (matrix unguis) деп аталады және тырнақтың өсуін қамтамасыз етеді. Матрицаның алдыңғы бөлігі, әсіресе бас бармақтарда аппақ, жарты ай сияқты көрініп тұрады. Тырнақ пластинкасы тығыз тұтас мүйізді массадан тұрады. Тырнақтын беті тегіс болғанмен асты бұдырлы, соның арқасында ол тырнақ құндағымен тығыз берік байланыста. К. Г. Андриасянның көрсеткеніндей, тырнақтың жасырын бөлігі – тырнақтың түбіріндегі және құндағындағы эпителийде өте үлкен, цитоплазмасы гомогенді, ақшыл ерекше клеткалар – онихобласттар бар. Бұл клеткалар мүйізді затты түзуге қатысады.

 Тырнақтың өсуін түбіріндегі онихобласттар қамтамасыз етсе, құндағындағы онихобласттар тырнақтың қалыңдауына ықпал етеді. Емізікті қабатта орналасқан қан тамырлары тырнаққа қызғылт түс береді.

Тырнақтың физиологиясы мен химиялық құрамы

 Тырнақ шаш сияқты тері қабатының мүйізді өсіндісіне жатады, яғни кератинді түзілістерден тұрады. Бірақ шаштың құрамындағы альфа – кератиннан айырмашылығы тырнақтың иілгіштік және қабат түзетін қасиет беріп тұратын бета – кератин белогы бар. Кератин – органикалық табиғатта кездесетін ең мықты ақуыздың бірі. Ол қышқылдар мен сілтілерге, жоғары және төмен температураға өте төзімді. Кератиннің жалпы массасында 5% күкірт кездеседі. Ал минералды заттардың ішінде тырнақ құрамында кездесетіндері: кальций, фосфор, цинк және мышьяк. Аталған заттардан басқа тырнақ суға бай, шамамен 14% - ға дейін және май тәрізді заттармен холестерин бар. Тырнақтың пластинкалық құрылымы өткізгіштік қасиетін қамтамасыз етеді. Теріге қарағанда тырнақтар суды жақсы өткізеді. Тырнақтар өте қарқынды түрде майды өзіне сіңіру қасиетіне ие. Бұл қасиет тырнақтың емделуін және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Олардың сіңіру қасиеттерімен қоса, сыртқа шығару қасиеттері бірге жүреді. Осылайша тырнақ бір - біріне қарама - қарсы екі қызмет атқарады - сыртқа шығару және қайта сіңіру. Тырнақ пластинкалары тері сияқты үнемі сыртқа ылғалдылық шығарып тұрады, бірақ тырнақтың теріден айырмашылығы, тырнақ қабаттарынан сыртқы ортамен зат алмасу процессі енжарлы жүреді. Ылғалдылықты сыртқа шығарудың жоғарлығымен әдетте тырнақ өңдеуде тырнаққа жанасатын бөгде немесе т.б заттар жақсы сіңеді. Тырнақтар қоршаған орта факторларына өте сезімтал келеді, соның әсерінен тырнақтар көлемі мен пішінін өзгертеді. Суық және құрғақ орта тырнақтың көлемінің кішірейуіне алып келеді, ал жылы және ылғалды ортада тырнақтардың керісінше көлемі үлкейеді. Тырнақтардың қалыпты болуы тері сияқты оның қосалқы құрылымдарына байланысты. Мысалы, тері жұқа әрі құрғақ болса, онда бұл жағдайда тырнақта жұқа және сынғыш келеді деп болжауға болады. Бірақта бұл пікір нақты ереже болып табылмайды, себебі терінің қалыпты жағдайында да тырнақ ақаулары көрінеді, яғни тырнақтың өсуге жауап беретін құрылымдары зақымданғаннан пайда болады. Әртүрлі ықпалдардың әсерінен тырнақ өсетін аймақта түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тырнақ пластинкасында көлденең жүлгелердің пайда болуы матрикстің өзгерісіне немесе оның зақымдануымен сипатталады. Ал дән тәрізді ақ дақтармен сызықтың(лейконихия) пайда болуы матрикса немесе гипонихия аймағында кератинизациялық үдерістің бұзылуын көрсетеді, яғни зат алмасу процесі бұзылды. Жоғарыда айтып кеткендей тырнақтың өсуі матриксаға және гипонихияға байланысты. Тырнақ пластинкасының толығымен ауысуы қалыпты жағдайда 3 - 4 көлемінде өтеді. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарына қарағанда 2 - 3 рет жылдам өседі, әйел адамдардың тырнағы ер адамдарда қарағанда баяу өседі, түнде жылдам күндіз жәй, жазда қарқынды кыста баяу өседі. Тырнақтың баяу өсуі зат алмасу процессіне және тырнақтың өсу аймағындағы жергілікті микроциркуляцияға байланысты. Тырнақтың анатомиясымен физиологиясын білу маңызды, себебі тәжірибеде және қызметі жағынан тырнаққа байланысты қосалқы түсініктер бар. Ол түсініктер "қауіпті аймақтар" деп аталады. 

 Тырнақ шетінің қызарып ісінуі

Тырнақ шетінің қызарып ісінуі әр түрлі себептерден дамуы мүмкін. Бұл мәселе көп жағдайда кутикуланың закымдануында немесе инфекцияның түсуінде көрінеді. Тырнақтың өсу аймағына бактерияның түсуінен тырнақ маңының қабынуы байқалады, жиі тырнақ саңырауқұлағы. Тырнақтың қызарып ісінуі тек қана қоздырғыштар ғана байланысты емес, сонымен қатар тырнаққа әр түрлі лактарды және оларды кетіруге арналған химиялық заттарды пайланғанда, көптеген кір жуғыш ұнтақтарды қолданғанда аллергиялық реакциялар нәтижесінен пайда болуы мүмкін. Осындай қауіп қатерлерді төндірмеу үшін келесі ережелерді ұстанған жөн:

  • Қолды өңдеген кезде кутикуланы қайшымен алуға болмайды.
  • Үй шаруасымен айналысқанда қолғаппен жұмыс істеуді ұмытпаңыз.
  • Қолыңызды үнемі таза ұстаңыз.
  • Егерде тырнақ маңы теріңіңзді жарақаттап алғанда жағдайда бірден 3% асқын тотығымен және йодпен өңдеңіз.
  • Ісінген теріні табиғи антисептик болып табылатын шай ағаш майын жаңығыңыз.
  • Кутикулалар кызарып ісінген жағдайда йод ертіндісімен жылы ванна жасаңыз.

Егер аталған ережелерді ұстанғанымен нәтиже болмай жатса, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн. Дерматологқа дер кезінде қаралып, оның нақты диагноз қоюына көмектесесіз. Ол мүмкін жай ғана аллергия немесе инфекция болуы мумкін, күрделі жағы саңырауқұлақ ауруы, паронихия және панарация (күбірткі) да болуы мүмкін.

 Паронихия – дегеніміз тырнақтың қабыну және жергілікті қызару белгілерімен көрінетін тырнақ шеткі тері қабынуы. Ол тырнақ кутикуласының астына немесе зақымдалған кутикулаға микроорганизмдердің түсуімен сипатталады. Паронихия жәй ғана қабыну емес, оның соңы тырнақтың қайта қалпына келмейтіндей патологиялық процесске әкеп соғады. Бұл ауру инфекциялы – қабыну болғандықтан түрлі орны толмас зақымдануларға алып келеді, яғни тырнақ пластинкасының қараюына және тырнақ бетінде көлденең жүлгелердің пайда болуымен сипатталады (кандидоз). Бұл ауру кезінде тек дәрігер дерматолог ғана көмектесе алады. Дәрігер аурудың дамуына байланысты диета тағайындайды және антибиотиктер, сыртқа арналған әр түрлі полидәрумендер жазып беруі мүмкін. Ал аурудың өте асқынған түрінде хирургиялық операциялар жүргізіледі.

 Панариция (күбіртке) - саусақ тіндерінің (ұлпасының) қатты іріндеп қабынуы. Бұл ауру да саусақ тіні тыртықталғанда, жарылған жерлерге бактериялар мен кеміргіштердің түсуімен сипатталады. Күбіртке ауруы тырнақ тіні мен тырнақ астының іріңдеп қабынуымен көрінеді. Егер ауырған жерге бір нәрсе тиіп кетсе зуылдап қатты сыздап ауырып қоя береді. Күбіртке өте қауіпті ауру: ол асқынған түрінде сепсис ауруын және саусақтың қайта қалпына келмеуін, яғни паралич тудыруы мүмкін. Күбіртке пайда болған жағдайда дереу дерматологқа қаралу керек, кері жағдайда асқынған түріне жетсе хирургиялық ем қолдану тура келеді. Өзбетінше жиналған іріңді жаруға болмайды.

 Емделу жолы 2 түрлі:

  • Үй жағдайында
  • Операциялық жолмен

 Үй жағдайында жылы ванна қабылдау арқылы емдеуге болады. Ол үшін тұздан жылы ваннан дайындаймыз (100 г ыстық суға 2 қасық ас тұзы). Қыздырғыш комперстер және булаулар көмектеседі. Жылы ваннан саусақты 3 минут ұстаған жөн.

Панарацияны операциялық жолмен де емдеуге болады. Операцияның мақсаты ірің жиналған дорбаны жарып, некрозға ұшыраған тіндерді алып тастау. Операциядан кейін жараны арнайы антисептикалық дәкемен байлап қояды.

Панарацияны алдын алу. Негізгі алдын алу шарасы қолды таза ұстау. Қолды өте құрғақ қылып кептіріп жіберетін жууға арналған сабындар қолдың терісінің жарылуына алып келеді. Соның нәтижесінде жарылған жерлерге ауру тудыратын микроорганизмдерде қолайды жер болады. Сондықтан башда немесе үй шаруасымен айналысқанда қолға міндетті түрде перчатка киіп істеу керек. Жұмысқа дейін және жұмыстан кейін арнайы қолға арналған кремдер жағып жүріңіз. Жараға микробтарды түсірмеу үшін басқа біреудің тырнақты өңдеуге арналған құралдарын қолдануға болмайды.

Панарация

 Тырнақтың етке кіріп өсуі – тырнақ пластинкасының тері етіне кіріп (көбінде аяқ тырнағының үлкен башпайы) өте ыңғайсыз және ауырсыну сезімін тудыруын айтамыз. Аурудың алғашқы белгісі ұзақ ауырсыну мен әсіресе жүрген кезде байқалады. Үлкен башпайға кірген тырнақ теріні ісітіп, қызартып тері рецепторларын тітіркендіріп, ауырсыну сезімін тудырады. Ұзақ уақыт ауыртып жүрсе берсе, кейін аяқ киім киюге мүмкіндік болмай қалады. Нәтижесінде бактерия түсіп, тырнақ асты пластинкасынан іріңді сұйықтық бөлінеді, ал ол өз алдында тырнақ шетінің қалыңдап ісініп, қан ағуына алып келеді. Әсіресе бұл жағдай қант диабетімен және аяқта қан айналым жүйесі бұзылған науқастарға қауіпті, себебі бұл ауруды емдеусіз – ақ үлкен башпай гангренасына алып келеді. Тырнақтың етке кіріп өсуі кішкентай балалардан бастап егде адамдарға дейін кездеседі. Бұл ауру көбінде тырнақты дұрыс алмағаннан, яғни тырнақтың шетін терең етің алғаннан пайда болады. Соның нәтижесінде тырнақ қисық өсіп, тырнақтың теріге кіруіне септігін тигізеді. Тырнақтың етке кіріп өсуін алдын алу үшін, тырнақты алған кезде оның шетін төртбұрыш тәрізді етіп және сәл шеттерін домалақ етіп алған жөн.

 

 

Керемет тырнақтардың ұзындығы мен пішіні бір бірімен сай, аздап майысқан, тегіс, кутикуласы жіңішке, шет жақтары қысылмаған және табиғи көрінетіндей болуы керек.

Қалыпты жағдайдан ауытқыған тырнақтар диогностикада, кейбір ішкі ауруларда көптеген ақпарат бере алады.

  • Тырнақтың шетінде бұдыр немесе толқын тәрізді өлкелердің пайда болуы тырнақтың дұрыс өспеуіне себепші болады, ол көбінде жаралардың және кейбір аурулардың салдарын туады.
  • Ойыстар (қуыстар) тырнақ ұзындығы бойынша созылып жата алады. Әдетте бұл тырнақ жасушаларының немесе аурулардың және матрицаның қызметі бұзылуының нәтижесі.
  • Тырнақ бетінде көлденең және терең қуыстар болса, онда ол тырнақтың өсуінің уақытша тоқтап қалуын айтады. Негізгі себептеріне ауыр аурулар жатады: мысалы, миокард инфарктісі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, шок және жоғары қызба.
  • Жұп көлденең жолақты, параллель қуысқа орналасқан тырнақ түрі жиі созылмалы бүйрек ауруларында көрініп қалып жатыр, себебі организмдегі ақуыз қорын көп мөлшерде сыртқа шығарудан тырнаққа қалыпты мөлшерде ақуыз мөлшері жетпей қалады.
  • «Дабыл таяқшалары» симптомы – аяқ пен қолдың саусақтарының буынынң үлкеюімен қатар тырнақтардың дөңгеленіп сағат әйнектеріне ұқсас өзгеруі, өкпенің созылмалы іріңді ауруларында және онокологиялық ауруларда жиі кезедседі.

  • Қасық тәрізді тырнақтар (койлонихия) – деп тырнақта әр түрлі зат алмасу бұзылысынан туындайтын ауру түрін айтады. Бұл ауру кезінде тырнақтар өте жұқа және алдыға қарай қайқыйып, қасыққа ұқсас келеді. Койлонихия ауруы тұқым қуалау арқылы берілуі мүмкін. Осы ауру дамуының бірнеше себептері бар: сыртқы және ішікі факторлар, тырнақ пластинкасы жарақатқа ұшыраған жағдайда, көптеген химиялық заттардың тырнаққа әсер ету нәтижесі, әсіресе құрамында ацетоны бар тырнақ лагын кетіретін сұйықтықтар және анемияда бір себебі бола алады.

Койлонихия

  • Тырнақтың тым жуандап кетуі (гипретрофия) – әдетте ішкі ағза бұзылыстарында көрінеді, мысалы, жергілікті инфекция.
  • Тырнақ пластинкаларының жіңішкеруі (атрофия) – тырнақ өз жылтырлығын жоғалтады, өте нәзік болады, тіпті кейде жоқ болып кетеді. Негізгі себептері: эндокрин жүйелері ауруларында, дерматоздар, дәрумен жеткіліксіздігінде, жарақат және қабыну.
  • Тырнақтардың бөлшектенуіне алып келетін негізгі себептер қатарына саусақтың жарақаттануы, тырнақ кетіретін еріткіштерді шамадан тыс қолдану, тырнақтардың сынуға бейімділігі, және шылым тарту, тамақтануды дұрыс ұйымдастырмағаннан және химиялық заттармен тікелей байланысқаннан болады. Шылым шеккеннен бұл ақау кезінде тырнақтардың беті сап – сары болып кетеді. Тырнақтардың бөлшектенуі организмге Д дәрумені, кремний және кальций жетіспеушілігінен болуы да мүмкін.
  • Тырнақ төсегінен пластинкалардың бөлініп қалуы (онихилизис) – бұл ауру тырнақтың беткі қабатының бұзылысы, нәтижесінде тырнақ пластинкасың тырнақ жатындысынан бөлінуі. Қысқа айтқанда тырнақ астында қуыс пайда болады. Тырнақ пен тырнақ жатындысы арасында қуыс пайда болғандықтан тырнақтың түрі өзгереді, яғни сарыдан көкшіл түске дейін өзгеруі мүмкін. Негізгі себептері: табиғатта бұл аурудың инфекциялық және инфекциялық емес түрлері кездеседі. Шамамен 30% – 50% барлық жағдайда саңырауқұлақ аурулары, ал қалған пайызы басқа себептерден туады, яғни инфекциялық емес түрі. Инфекциялық емес түрінің негізгі себептері: әр түрлі ішкі және сыртқы факторлар, фторхинолин түріндегі антибиотиктерді қабылдау, жарақат, нейрорегуляция, қан айналым бұзылыстары және аллергендермен қатынаста болған жағдайда, яғни кір жуғыш ұнтақ, еріткіштер және әр түрлі химиялық реактивтер.

Онихилизис

  • Тырнақ – қабық - тырнақ көрінетіндей өте нәзік, кәдімгі тырнақтарға қарағанда ақ және іріп – шіруге өте бейім келеді. Мұндай ауытқушылық созылмалы ауруларда көрінуі мүмкін.

Тырнақ пішіндерінің өзгерулері

  • Сұқ саусақ – бас ауруларында
  • Ортаңғы саусақ – асқазан – ішек ауруларында
  • Аты жоқ саусақ – бүйрек және өкпе ауруларында
  • Кішкентай саусақ – жыныс мүшелері ауруларында

Тырнақ түсінің өзгерулері

Қалыпты жағдайда тырнақтың түсі ашық қызғылт. Ал оның өзгерістері түрлі ішкі аурулардың көрінісі бола алады.

  • Көгілдір тырнақтар – тырнақтардың көгілдір және көк – боз түс болуы безгекке қарсы препараттарды қолданғанда, миноциклинда, күміс нитраттарының, сонымен қатар гемохроматозда, Вильсон ауруында (мыстың организмде шамадан тыс көп жиналуы) және қан айналым бұзылыстарының нәтижесінен дамиды.

.

  • Көгерген тырнақтар тырнақ бетінде қара және күлгін дақтарды болу. Тырнақ төсегінің әр түрлі жарақаттарында және қан кетумен байланысты. Кепкен қан тырнаққа жабысып сонымен бірге үлкейіп өсе береді. Қысымдардан аулақ болу керек. Тырнақ пластинкасы тырнақ төсегінен жекешеленген болуы мүмкін.
  • Қоңыр және қызыл нәзік жолақтар – тырнақ астына ұзына бойы қан құюлулар. Көп жағдайларды жарақаттан пайда болады. Басқа да себептеріинфекциялы эндокардит, мұндай жағдайда әдетте тырнақ төсегінің орталығы зақымданады.
  • Ақ дақтар – тырнақта ақ дақтар пайда болса, организмде мырыш мен кальция қорының таусылғаны. Ақ дақтар көлемі және пішіні жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Кішкене мөлшердегі ақ дақтар тырнақтың барлық бетінде кездессе - саңырауқұлақ ауруының белгісі деп білуге болады. Бұл кезде тырнақ лайланған, бұлыңғыр және жуандап қабаттанып кетеді. Бұл жағдайда тек қана саңырауқұлаққа қарсы терапия жүргізіледі, ол оны жоғары квалификациялы дерматолог маман ғана тағайындайды. Егер тырнақтың төменгі жағы ақ түс болып, ал жоғары жағы қалыпты болса, бүйрек ауруларын күмандауға болады. Ақ дақтар тек қана ауру белгісі емес, сонымен қатар тырнақты соғып алған кезде және маникюр салдарынан туындауы мүмкін. Бірақ тырнақ өскеннен кейін жоғалып кетеді.

  • Сары тырнақтар (сары - жасыл) – көбінде тырнақта зат алмасу процесінің бұзылыстарында (бұлыңғыр, мөлдір емес, жуан, дөңгелек тәрізді және баяу өседі), лимфа түйіндерінің патологиясында (беттің, саусақтардың және буындардың ісінуі) және кейбір ішкі ағзалар ауруларында (тыныс жолдары аурулары немесе қатерлі ісіктер) байқалады. Бауыр ауруларының негізгі белгісі бола алады. Кедір – бұдыр сары тырнақтар қант диабетінде және саңырауқұлақ зақымдауларында кездеседі.
  • Тырнақ өлкелерінің сары – қоңыр түс болуы (май дақтар)псориаз белгісі.
  • Қоңыр тырнақтар бүйрек жетіспеушілігінің бірінші сатында, гемозроматозда, алтын препараттармен емделгенде және мышьякпен уланға пайдп болады. Меланома кезінде тек қана тырнақ пластинкалары ғана емес, сонымен қатар тырнақ төсегіде қою қоңыр түске боялады. Соның нәтижесінен тырнақ біртіндеп бүліне береді.
  • Ақ – қызғылт немесе ақ – қоңыр (екі түсті) тырнақ – бұл кезде ай тәрізді ойық көрінбейді. Сирек жағдайда жүрек жетіспеушілігінде және бауыр циррозы ауруында альбуминдердің тым азайып кетуінен болуы мүмкін, сонымен қатар бүйрек жетіспеушілігінде де көрінуі мүмкін (уремия).
  • Тырнақтың артқы белдікшесінде капиллярлардың кеңеюі мен созылуы дерматомиозите, жүйелі қызыл сүйек кемігінде және жүйелі склеродермияда байқалады.

Тырнақ жеу әдеті (онихифагия) жүйке жүйесінің зақымдалумен байланысты балалық шақ пен жасөспірім жаста көп кездесетін әдеттің бірі. Өте сирек орта жастағы адамдарда да кездесуі мүмкін, көбінде әйел адамдарда. Қарапайым адамдар тырнақ жеуді жай ғана зиянды әдет деп есептейді. Ал медицинада мұндай әдет қандай да бір невроглогиялық ауытқу барын айқындайды. Мұндай жағдайға селқос қарауға болмайды, арнайы мамандарға неврологтарға қаралу керек.

Белгілері: Тырнақ шеттері пилкамен егеген сияқты қыры шығып тегістелген. Тырнақ ұзындығы өте кішірейген (тырнақ орнын көбінде тері жауып кетеді). Қолды көргенде саусақтары быртық, ұсқынсыз, қысқа болып келеді. Кейде кеміргіш адам тырнақтарды жұтып жеуі мүмкін, ол көбінде психо- неврологиялық ауруларда кездеседі.

Диагностикасы: адамдардың не үшін тырнақты аузына салып жеуін анықтау үшін міндетті түрде дәрігер – неврологқа қаралған жөн.

Сынғыш тырнақтар - көбінде организмге дәрумендердің жетіспеушілігінен болады: А, Е, С, сондай – ақ микроэлементтер: темір, кальций және мырыш. Сондықтан алдын алу үшін ең алдымен тамақ рационыңызды өзгертіңіз. Рационда сүт тағамдары, миндаль, інжір, дәндер және орамжапырақ мол болу керек. Әрине құрамында А дәрумені мен бета – кератині бар тағамдар: сары май, бауыр, жұмыртқа сарысы, сәбіз, асқабақ және бүргенді (облепиха) болу керек.

Тырнақтарыңызды күте біліңіз

Көктемде, әдетте, тырнақтарымыздың жағдайы мүшкіл болады: жұқаланып, қабаттанып, сынып та жатады. Тырнақтарыңызға сұлулық пен саулықты қайтарамын десеңіз, жалқауланбай қолыңызға маскалар жиі жасап, крем жағыңыз.

  • Қайнап тұрған судың үстіне кішігірім ыдыс қойып, 1 ас қасық зәйтүн майын қыздырыңыз, оған 3 – 4 тамшы лимон шырынын қосыңыз. Қоспаны тырнақтарыңызға ұқалай етіп жағыңыз. Үстінен мақтадан жасалған қолғап киіп, бір түнге қалдырыңыз. Аптасына 1 – 2 рет істеген абзал. Бұл қоспа тырнақты қатайтады.
  • Жарты шай қасық үгітілген қызыл бұрышқа 1 шай қасық кез – келген майлы крем мен 10 тамшы су қосыңыз. Қоспаны су буына қыздырып, тырнақтарыңызға жағыңыз. Масканы 20 минутқа қалдыру керек. Уақыт өткеннен кейін қолыңызды жуып, қатайған тырнақтарыңызды тамашалаңыз. Масканы айына 1 рет қана қолданады.
  • 4 гр ара балауызын су буына ерітіп, пісірілген жұмыртқаның сарысын майдалап қосыңыз. Қоспа қоюланбағанша оған шабдалы майын қосып отырыңыз. Осы қоспаны күнделікті қолданып отырсаңыз, тырнақтарыңыз берік, ал қол теріңіз жұмсақ болып шығады.
  • 1 ас қасық лимон шырынын бірнеше түйір тұзбен араластырып, қоспаны тырнақтарыңызға 20 минутқа жағып қойыңыз. Соңынан қолыңызды сумен шайып жіберіңіз. Бұл қоспаны аптасына 1 – 2 рет қолданса болады. Пилинг эффектісі бар бұл маска тырнақтарды тазалап, емдейді.
  • Түймедағы, түйежапырақ тамыры және шайқурай шөптерінің қоспасынан 2 ас қасықты 1 стақан қайнаған суға қосып, бірнеше сағат демделуін күте тұрыңыз. Суыған қоспаны қыздырып, қайнатпаға саусақтарыңызды салыңыз. Бұл дауа тырнақтарыңызды қатайтып, қажетті заттармен қоректендіреді.
  • 2 ас қасық бал мен 2 ас қасық зәйтүн майын араластырып, қоспаны су буына қыздырып, оның суығанын күтіңіз. Кейін оған 1 піспеген жұмыртқа қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, саусақтарыңызды 20 минутқа салып қойыңыз. Артынан қолыңызды сумен шайып жіберіңіз.
  • Жарты ас қасық желатинді 1 стақан ыстық суда ерітіңіз. Суығаннан кейін саусақтарыңызды қоспаға 20 минуттай салып қойыңыз. Желатин тырнақтың саулығын қайтарады. Бұл дауаны аптасына 2 – 3 мәрте істесе болады.
  • Дәріханадан А және Е дәрумендерін сатып алып, күнделікті ұйықтар алдында оларды тырнаққа жағып отырыңыз. Ол тырнақтарыңызды берік қылады.
  • 1 ас қасық сұйық майын су буына қыздырыңыз, суығанын күтіп, 1 – 3 тамшы А дәруменін, 3 тамшы йод және жарты ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Саусақтарыңызды қоспаға 20 минут салып отырыңыз. Артынан қол жуудың қажеті жоқ. Бұл қоспа сынғыш келген және де қабаттанып кететін тырнақтарға таптырмас дауа.

Сауалнама №1

  • Аты жөніңіз,тобыңыз?
  • Қайда тұрасыз (пәтерде, үйде, жатақханада)?
  • Қандай тырнақ ауруларын білесіз?
  • Өз басыңызда тырнақ ауруы болдыма (болса қандай)?
  • Аяқ – қол тырнақтарыңызды күту үшін арнайы салондарға барасызба?
  • Маникюр, педикюр жасату туралы не ойлайсыз?
  • Тырнақ жеу әдетіңізде барма?
  • Тырнағыңыздың түсі қандай?
  • Қол тырнақтарыңыз сынғыш келеме?
  • Аяқ тырнақтарыңыз ауыртып өсеме?
  • Тырнақ аурулары пайда болуына әкелетін бірнеше факторларды атаңыз?
  • Тырнақ ауруларын алдын алу үшін не істеу керек?

Сауалнама №2

  • Аты жөніңіз,тобыңыз?
  • Тырнағыңызды күте білесізбе?
  • Күбіртке деген қандай ауру?
  • Күбірткенің негізгі симптомдарын, асқынуларын білесізбе?
  • Күбіртке кезінде қандай ем қолдану керек?
  • Тырнағыңыз сынбас үшін не істеу керек?
  • Тырнақтың сынуына алып келетін факторлар?
  • Тырнағыңыз тері ішіне кіріп кетпес үшін не істеу керек?
  • Не себептен тырнақтар терінің ішіне кіріп кетеді?

Астана қаласы медициналық колледжінде оқитын студенттеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі

 Зерттеу нысаны:

2013-2014 оқу жылы

Астана қаласы медициналық колледжінің 1, 2, 3, 4 курс студенттері денсаулығын тексеруден бастадық. Олар 16 - 20 жас аралығындағы жасөспірімдер.

1 курс арасынан 25 студент қатысты

2 курс арасынан 25 студент қатысты

3курс арасынан 25 студент қатысты

4 курс арасынан 25 студент қатысты

Барлығы 100 студент қатысты

Тұжырым

 Студенттер арасында кезедсетін тырнақ ауруларын зерттей келе, қызыққа толы ақпарат жинадым. Қыздардың көбі маникюр жасатудан бас тартпайды, ал бірде – бірі педюкир жасатпайтын болып шықты. Негізгі мәселе көптеген жиі кездесетін тырнақ ауруларын біле тұра, олардың этиологиясын, патогенезін, себепші факторларын және сол аурудың денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін, тіпті асқынуларында білмеуі. Көз – жанның айнасы, тырнақ – денсаулық айнасы демекші, көзге қарап адамның жай – күйін біле алсақ, ал тырнақ арқылы көптеген ішкі аурулардың алдын алуға болады. Себебі әр түрлі жарақаттарда, созылмалы ауруларда, оған қоса ішкі және сыртқы факторлардың әсерлерінен, зат алмасудың көптеген бұзылыстарынан шеткері тіндер зақымданып көптеген тырнақ ақауларына әкеп соғады. Осындай салдарды туғызбас үшін қолды үнемі таза ұстап, күтіп, өскен тырнақты уақытымен алып отыру керек. Әрине ең алдымен салауатты өмір салтын қалыптастырып, дұрыс тамақтану керек.

Қорытынды

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қоршаған ортаға, табиғатқа, өз денсаулығымызға құрметпен қарап үйренуіміз қажет. Болашақ медицина қызметтері үшін денінің сау болуы жеткіліксіз, ол психологиялық жағынан да мықты болу керек. Жасөспірім кезінде қалыптасатын зиянды әдеттерден білім алушылардың бойын алшақ ұстасақ, біз көптеген асқынулардың алдын аламыз.

 Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір жасөспірім өз денсаулығын нығайтып, жыл сайын шыңдап отырады. Ғылыми жұмыс барысында тырнақ ауруларын психология – әлеуметтік және медициналық жағынан әсерін студенттерге жеткізе білдім деп ойлаймын. Тамақтану режимдеріне көңіл аударсақ,біздің студенттеріміздің тамақтану режимдері жақсы. Тағы да көңіл аударатын жәйт, кейбір балалар демалыс уақытында әртүрлі үйірмелерге қатысатыны белгілі болды.

 Қорыта айтқым келегені, біз болашақ медицина қызметкерлері жұмыс барысында түрлі іс әрекеттерді істеуге міндеттіміз. Сол манипуляцияларды іске асыру үшін саусақтарымыз әп – әдемі, тырнақтарымыз қысқа алынған,сау болуы керек. Ол дегеніміз мейірбикеге жүктелген міндеттерді орындап ғана қоймай, сол міндетті орныдауда тиянақты, ұқыпты әрі таза болу істелінетін жұмысымыздың жарты нәтижесі.

 

 

 

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу