Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Тырнақ аурулары

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Тырнақ аурулары казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Тырнақ аурулары на казахском языке

Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі (Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан)

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай - ақ медицина мекемелерінің материалдық - техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Негізгі басымдықтардың бірі:
Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық - түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.
Соған орай менің ғылыми тәжірибелік жұмысымның негізгі мақсаты
Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогенезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу.

Мазмұны:
І. Кіріспе...................................................................................
ІІ. Тәжірибелік бөлім................................................................
ІІІ. Негізгі бөлім..........................................................................
IV. Қорытынды бөлім...............................................................
V. Тұжырым..............................................................................
VI. Слайд көрініс........................................................................

Мақсаты: Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларын анықтау, кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісі тәжірибелік зерттеу.

Зерттеу міндеттері:
1. Тексеріс нәтижесі бойынша студенттердің проблемаларын анықтаймыз.
2. Проблемаға байланысты денсаулықты сақтау, сауықтыру және нығайту шараларының жоспары құрылды.
3. Жоспарды орындау шараларын жүргізу.

Зерттеу нысаны:
2013 - 2014 оқу жылы
1. Астана қаласы медициналық колледжінің 1, 2, 3, 4 курс студенттері тырнақтарын тексеруден бастадық. Олар 16 - 20 жас аралығындағы жасөспірімдер.
2. Олардың жасын, тамақтану режимін, болған ауруларын, тырнақ аурулары барма жоқпа екенін, студенттердің тұрмыстық жағдайын нысанаға алдық.
2013 - 2014 оқу жылы
1. Студенттерге сауалнама жүргізіп олардың тырнақ жағдайын, проблемаларын анықтадық.
2. Проблемаларға байланысты денсаулықты сақтау, сауықтыру және нығайту шараларының жоспары құрылды.

Негізгі бөлім
Астана қаласы медициналық колледжінің студенттері арасында кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, диагностикасы, классификациясы, кең тараған қате пікірлер, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісі тәжірибелік зерттеу.
Біздің бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, кейінгі уақытта балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының төмендеуі. Біздің еліміздің тұрғындарында өзінің денсаулығына деген көзқарас дұрыс қалыптаспаған, көп адамдар өздерінің денсаулығын сақтап, нығайтуға жеткілікті көңіл бөлмейді, тек ауырғанда дәрігерге қаралады.
Денсаулық – адамның дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы. Осы қабілеттер адам бойында үйлесім тапқанда ғана адам ұзақ өмір сүріп, тіршілікте ойына алған жоспарларын жүзеге асыра алады, қоғам игілігі үшін еңбек етеді, берекелі отбасын құрып, салауатты ұрпақ тәрбиелейді.
Тырнақ аурулары туралы айтпас бұрын аяқ – қол тырнақтарының анатомиясымен, физиологиясымен танысуымыз керек. Тырнақ, оның құрылымы, гигиенасы, қызметіне тоқталамыз.

Тырнақ анатомиясы
Тырнақ (Unguis)
Тырнақ – саусақ ұштарының сыртын жауып жататын қатты мүйізденген пластинка. Тырнақ пластинкасының астында жатқан тері бөлігі тері қыртысымен жабылып жатады, оны тырнақ төсегі деп атайды. Артқы тырнақ белдігі тырнақтың артын доға тәрізді жауып келіп, эпидермистің жұқа мүйізді пластинкасын – тырнақ терісін құрады (eponychium). Тырнақтың алдыңғы ұшы (margo liber) еркін алға шығып тұрады. Ең артқы бөлігі тырнақ түбірі (radix unguis) деп аталады. Тырнақ түбірі артқы тырнақ көбесінің астына тереңінен қіріп жатады. Тырнақ түбірі жатқан эпителийдің бөлігі матрица (matrix unguis) деп аталады және тырнақтың өсуін қамтамасыз етеді. Матрицаның алдыңғы бөлігі, әсіресе бас бармақтарда аппақ, жарты ай сияқты көрініп тұрады. Тырнақ пластинкасы тығыз тұтас мүйізді массадан тұрады. Тырнақтын беті тегіс болғанмен асты бұдырлы, соның арқасында ол тырнақ құндағымен тығыз берік байланыста. К. Г. Андриасянның көрсеткеніндей, тырнақтың жасырын бөлігі – тырнақтың түбіріндегі және құндағындағы эпителийде өте үлкен, цитоплазмасы гомогенді, ақшыл ерекше клеткалар – онихобласттар бар. Бұл клеткалар мүйізді затты түзуге қатысады.
Тырнақтың өсуін түбіріндегі онихобласттар қамтамасыз етсе, құндағындағы онихобласттар тырнақтың қалыңдауына ықпал етеді. Емізікті қабатта орналасқан қан тамырлары тырнаққа қызғылт түс береді.

Тырнақтың физиологиясы мен химиялық құрамы
Тырнақ шаш сияқты тері қабатының мүйізді өсіндісіне жатады, яғни кератинді түзілістерден тұрады. Бірақ шаштың құрамындағы альфа – кератиннан айырмашылығы тырнақтың иілгіштік және қабат түзетін қасиет беріп тұратын бета – кератин белогы бар. Кератин – органикалық табиғатта кездесетін ең мықты ақуыздың бірі. Ол қышқылдар мен сілтілерге, жоғары және төмен температураға өте төзімді. Кератиннің жалпы массасында 5% күкірт кездеседі. Ал минералды заттардың ішінде тырнақ құрамында кездесетіндері: кальций, фосфор, цинк және мышьяк. Аталған заттардан басқа тырнақ суға бай, шамамен 14% - ға дейін және май тәрізді заттармен холестерин бар.

Тырнақтың пластинкалық құрылымы өткізгіштік қасиетін қамтамасыз етеді. Теріге қарағанда тырнақтар суды жақсы өткізеді. Тырнақтар өте қарқынды түрде майды өзіне сіңіру қасиетіне ие. Бұл қасиет тырнақтың емделуін және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Олардың сіңіру қасиеттерімен қоса, сыртқа шығару қасиеттері бірге жүреді. Осылайша тырнақ бір - біріне қарама - қарсы екі қызмет атқарады - сыртқа шығару және қайта сіңіру. Тырнақ пластинкалары тері сияқты үнемі сыртқа ылғалдылық шығарып тұрады, бірақ тырнақтың теріден айырмашылығы, тырнақ қабаттарынан сыртқы ортамен зат алмасу процессі енжарлы жүреді. Ылғалдылықты сыртқа шығарудың жоғарлығымен әдетте тырнақ өңдеуде тырнаққа жанасатын бөгде немесе т. б заттар жақсы сіңеді.

Тырнақтар қоршаған орта факторларына өте сезімтал келеді, соның әсерінен тырнақтар көлемі мен пішінін өзгертеді. Суық және құрғақ орта тырнақтың көлемінің кішірейуіне алып келеді, ал жылы және ылғалды ортада тырнақтардың керісінше көлемі үлкейеді. Тырнақтардың қалыпты болуы тері сияқты оның қосалқы құрылымдарына байланысты. Мысалы, тері жұқа әрі құрғақ болса, онда бұл жағдайда тырнақта жұқа және сынғыш келеді деп болжауға болады. Бірақта бұл пікір нақты ереже болып табылмайды, себебі терінің қалыпты жағдайында да тырнақ ақаулары көрінеді, яғни тырнақтың өсуге жауап беретін құрылымдары зақымданғаннан пайда болады. Әртүрлі ықпалдардың әсерінен тырнақ өсетін аймақта түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тырнақ пластинкасында көлденең жүлгелердің пайда болуы матрикстің өзгерісіне немесе оның зақымдануымен сипатталады. Ал дән тәрізді ақ дақтармен сызықтың(лейконихия) пайда болуы матрикса немесе гипонихия аймағында кератинизациялық үдерістің бұзылуын көрсетеді, яғни зат алмасу процесі бұзылды. Жоғарыда айтып кеткендей тырнақтың өсуі матриксаға және гипонихияға байланысты.

Тырнақ пластинкасының толығымен ауысуы қалыпты жағдайда 3 - 4 көлемінде өтеді. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарына қарағанда 2 - 3 рет жылдам өседі, әйел адамдардың тырнағы ер адамдарда қарағанда баяу өседі, түнде жылдам күндіз жәй, жазда қарқынды кыста баяу өседі. Тырнақтың баяу өсуі зат алмасу процессіне және тырнақтың өсу аймағындағы жергілікті микроциркуляцияға байланысты. Тырнақтың анатомиясымен физиологиясын білу маңызды, себебі тәжірибеде және қызметі жағынан тырнаққа байланысты қосалқы түсініктер бар. Ол түсініктер "қауіпті аймақтар" деп аталады. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Тырнақ аурулары жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыстар пән, Тырнақ аурулары, гылыми Тырнақ аурулары жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыстар пән Тырн, Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Тырнақ аурулары Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы