Қалам


Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектептің

3 сынып оқушысы Маханов Нұрберген

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі

Базылова Данагүл Дюсенбайқызы

Кіріспе

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Қаламның шығу тарихын зерттеу

2. Қалам түрлерін анықтау

3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу

4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау.

Зерттеу жұмысының нысаны:

Қазіргі кездегі қолданыста жүрген қаламдар.

Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:

Жұмысты жазу барысында ең алғаш пайда болған қаламдар мен қазіргі кездегі қаламдардың артықшылығын, пайдасымен зиянын зерттеп, сияны киімге төгіп алған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақыл - кеңестер берілді.

Зерттеуге қажетті құрал - жабдықтар: Ғаламтор желісі, өмірлік тәжірибе.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қаламның пайда болу тарихы

Біздің ғасырдың 600 - 1800 жылдарына дейін балауыздың арзандауы мен кеңінен таралуының нәтижесінде жалпыға қол жетімді болып табылатын жазу құралы талап етілді. Осындай қажеттілік сияға малынатын құстың қауырсынын жазу үшін қолайлы етіп, оны жазу мақсатында пайдалануға ынталандырды. Айтпақшы, ағылшын тіліндегі «ren» (қаламсап) латын тіліндегі «penna» (құстың қауырсыны) сөзінен пайда болған. Қаз қауырсыны өте көп уақыт бойы - 18 ғасырдың соңына дейін қолданыста болды. Қаз қауырсындары құс қауырсындарды қайып тігетін жинамалы пышақтың атауын ойлап табуға негізге айналды. Пышақты бәкі деп атады. 19 - ші ғасырдың соңында металлдан әзірленген қаламсаптар толығымен ұзақ уақыт пайдалануға жарамсыз, жиі ауыстыруды талап ететін қаз қауырсындарын ығыстырды.

1884 жылы сақтандыру агенті Левис Эдсон Ватерманның аты тарих шежіресінде сия құйылып (алдымен қаламсаптың бір бүйірінен, арнайы пипетканы қолданып) қолданылатын қаламсапты ойлап табушы ретінде лайықты орын алды. Левис Ватерманның жұмыста өте көп жазатындығы оны аталмыш ойлап табудың авторы болуына ықпал етті. Ватерман өз жұмысын тастап кетіп, «Ideal Pen» компаниясын ұйымдастырды. Аталмыш компания негізінің қалануымен қоса қауырсынды сия қаламсаптар да сатыла бастады.

Егер де 1943 жылы аталған салаға Ласло Биро өз ықпалын тигізгенбеген болса, күні бүгінге дейін біз қауырсынды сияға малып жазып жүруіміз де ғажайып емес еді. Өзінің қызмет бабы бойынша (ал ол журналист болатын)

Биро баспаханасында жиі қызмет ететін және де газеттің бетін әзірлейтін машинадан енді қана шыққан газеттің бір парағын толығымен құрғақ болып шығатындығын көрген сайын белгілі бір ойға келетін; оны алаңдататын мәселе: «мәңгілік қауырсын» орналасқан ыдысты баспаханалық бояу сынды тез кебетін, арнайы сиямен толтыруға болмас па еді? Бироның ойы іске асырылған кезде автоқаламмен жазу неғұрлым ұнамдырақ болар еді. Журналист осындай сиялар барынша қоюрақ болуы тиіс екендігін тез түсіне қойды. Бірақ, ондайда қою сия кәдімгі автоқаламның капиллярлар жүйесін лық толтырар еді. Яғни, олар үшін басқа бір жазу құралын ойлап табу керек болған. Өзінің ағасы, дипломы бар химик - маманмен ақылдасып, Биро қауыр сынды еркін айналатын түйіршк салып ауыстырды. Ең алғаш, тәжірибе ретінде іске енгізілген қалапсаптың үлгісі 1938 жылы әзірленген.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Венгриядағы саяси ахуал Биро сынды ымырашыл журналист үшін қауіпті болды. Ол алдымен Парижге, онан кейін Испанияға, ал 190 жылы Аргентинаға қоныс аударды. Биро Парижде болған кезде өз өнертабысына патент алды. Парижде ол өз қаражатын өзіндік идеяға жұмсауға келісім берген қаржыгермен танысты, қаламсаптың құрылымын жетілдіріп, шарикті өзектерді әзірлейтін машинаны ойлап шығарды. Биро

салған шағын фабриканың алғаш өнімдері 1943 жылы Аргентинада сатыла

бастады әрі олардың құны жақсы сия автоқаламсаптың құнынан неғұрлым қымбат болды.

Дағдылы «мәңгі қауырсындарға» қарағанда шарикті автоқаламсаптар атмосфералық қысым азайып кететін биікке көтерілген кезде ағып кетпейтін дігіне қол жеткізген ұшқыштар шарикті қаламсаптардың алғаш сатып алушылары болды. Уақыт өте «Авиациялық автоқаламсап» туралы мәлімет АҚШ қорғаныс министрлігіне де жетті. Қорғаныс министрлігі автоқаламсап тардың ең үздік өндірушілеріне жаңа өнертабыспен танысып, оларды американдық әскери ұшқыштарға арнап шығару тапсырмасын берді.

1944 жылы Биро өз өнертабысын АҚШ патентімен қорғап, лицензияларды екі ірі американдық фирмаларға сатты. Алайда аталған американдық фирмалар аталған автоқаламсаптар сату ісін дамытқанға дейін осындай автоқаламсаптың бірін сатып алған іскер бизнесмен М. Рейнолдс ешбір лицензиясыз осындай қаламсаптарды өзі шығара бастады; ол тек қаламсаптардың құрылымын біраз өзгертті.

Сот қудалауынан құтылу үшін ол 1888 жылы Дж. Лауд теңдер мен жәшіктердің өндірісі үшін алған, ал сол кезде ұмытылып кеткен американдық патентке сілтеме жасады. Лаудтың жүйесінде бояу құйылған баллонға орнатылған диаметрі 1 - 2 сантиметрлі серіппелі түйіршік қап тігетін матаның, қатырма қағаздың немесе тақтаның үстіне номерлер мен таңбаларды жазу үшін қолданылатын. Рейнолдс сотты оның қаламсаптары - Лауд өнер табысының азайтылған көшірмесі екендігіне және де Бироның жүйесі қаламсапты өндіру ісіне ешқандай қатысы жоқ екендігіне сендіре алды.

1945 жылғы 19 қазандағы ірі жарнама кампаниясы жүргізілгеннен кейін Рейнолдс автоқалам саптарының бірінші партиясы Нью - Йоркта орналасқан ірі универмагта сатыла бастады. Сол кезде автоқаламсапты сатып алу үшін кезекке тұрғандар саны өте көп болғандығы соншалықты, кезекте тәртіпті қамта - масыз ету үшін 50 полиция қызметкерлерін шақырып алуға тура келді. Он мың қаламсаптар бірнеше сағатта сатылып үлгерді. Ал Биро болса 1947 жылы барлық істерден бас тартып, бояу суреті өнерімен айналыса бастады. Алғашында өзектерді өндіру технологиясы өте қымбат болды. Шарикті өзектер сиялар орналасқан ыдыстардың көлемін арттыру үшін иілдірілген және олардың «қос ұзындығы» бар еді. Біртіндеп, қаламсаптарды өндіру технологиясы артып, енді неғұрлым жіңішке шариктер әзірлене бастады, сонымен қатар өзектердің құны да арзандай түсті. Және де 1953 жылы француз кәсіпкері Марсель Бич (Марсель Бич туралы біздің журналымызда «Ұлы кәсіпкерлер» атты арнайы айдар арналған) өз қара жатын арзан шарикті автоқаламсаптарды әзірлеу ісіне жұм сады, ол сол кезде қаламсаптардың бір рет қана пайдаланатын үлгілерін де ойлап шығарды. Сол кезде қаламсаптарды әзірлеу құны шарикті автоқалам саптар арзан бағамен сатыла алатындай етіп, енді көпшілік қолды болғанға дейін арзандаған. Сөйтіп, шарикті автоқаламсаптар бүкіл әлем бойы таралған, ал бір күні олар біздің өмірімізге де келіп жетіп, біздің таптырмайтын көмекшілерімізге айналды.

Ласло Йозеф Биро ойлап шығарған шарикті автоқаламсап баяғы кезден бері біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз енді тіпті шарикті қаламсапсыз өз өмірімізде елестете де алмаймыз.

Қазіргі кездегі қаламдарға шолу

Қаламдар бұрынғы кезде өте қажет зат болған. Қазіргі кезде, ол - адамның таптырмайтын көмекшісі. Қазіргі кезде қаламды өндірушілер көп. Қаламның қарапайым түрінен бастап, алуан - алуан түрі ойлап табылған және ойлап табылады да. Ағаштан жасалынған қаламдар болған, сырты жартылай металдан, сувинер ретінде жасалған қаламдарда бар, сыртын қымбаттық металдармен қаптап арнайы сыйлық ретінде жасалған қаламдар да баршылық. Соңғы кезде тек пластмассадан жасалған қаламдарды көптеп көреміз. Қаламды ойлап табу арқылы адамдар өздерінің ісін қаншама жеңілдетті. Қалам күнделікті өмірде кең қолданылатын болғандықтан оған онша мән де бере бермейміз. Қалам қазіргі таңдағы қол жетімді арзан тауар. Біздер қолданып жүрген қаламдардың бәрі аспанүсті елінен әкелінетіні кімге болса да аян. Егер байқап қарайтын болсақ оның адам өміріне зияны да баршылық. Қалам мұнайдың ең соңғы қалдығы парафиннен, қала берді қоқысқа тасталынған пластмасса қалдықтарынан жасалынатынын естен шығармаған жөн. Қаламның жаман - жақсы болуы оның сиясына байланысты. Сия әр түрлі болып келеді. Мәселен сұйық жазған кезде құйылып парақты кірлетеді. Кейбір қаламның сиясы өте қою болып қатып қала береді. Сондай - ақ басты ауыртатын исі де болады.

Мен осы қазіргі кездегі қаламсаптар туралы достарымның пікірін білгім кеп сауалнама жасаған едім. Ондағы сұрақтар төмендегідей:

1. Қазіргі кездегі қаламдар ұнай ма, ұнаса несімен ұнайды?

2. Өзің қандай қаламның түрін ұнатып ұстайсың және ол өзіңе ыңғайлы ма?

3. Жазуың қандай, бұзыла қалса қаламнан көрмейсіңбе??

4. Қаламның немесе сияның зияны бар деп ойлайсың ба? Болса қандай?

5. Қандай қаламдар болса екен деп ойлайсың?

6. Қаламдар не үшін керек?

7. Қандай қаламдарды мүлдем ұнатпайсың?

8. Сәнді қаламдарды ұнатасың ба?

9. Қаламдарды қайда өндіреді?

10. Егер сен өнер тапқыш болсаң, қандай қалам ойлап табар едің?

Сауалнамадағы достарымның жауаптарын саралағанда көпшілігінің қазіргі қаламдарды ұната бермейтіндігі байқалады. Осал яғни көпке шыдамайтындығын, сиясының исі бар екенін айтқан екен. Олар зиянын түсініп айта алмаса да жазудың бұзылуы қаламға да байланысты деген қорытындыға келген. Пайызға шағып айтатын болсақ 60% жазудың бұзылуы қаламнан және қазіргі сия зиян десе, 20% қаламдардың көпшілігінің ұнамайтындығын және зиян екенін айтады, 20% бейтарап қалып қойды.

2. 2 СИЯ

СИЯ, жазу, сызу немесе баспа ісінде ақпаратты берік тасымалдаушыда жазу мақсатында қолдану үшін пайдаланылатын сұйық немесе паста тәрізді материал. Египет тұрғындары б. ғ. дейін 2500 жыл бұрын папируста жазу үшін ыңғайлы материалды тапты. Олардың сиялары суда ерігіш табиғи қарамайлардан, желім мен судан немесе майдан ұнтақ тәрізді малдың немесе бояғыш зат ретінде қолданылатын өсімдіктің көмір қосындысынан әзірленетін. Қазіргі кезде пайдаланылатын сиялардың жоғарыда атап өтілген көне заманғы анайы материалымен ортақ тұстары өте аз. Барлық сиялар тасымалдаушы мен материалға ерекше қасиеттерді беру үшін пайдаланатын бояу затының біртектес қосындылары болып табылады. Қарапайым еріткіш сия тасымалдаушысы бола алады, алайда тасымалдаушылардың басым бөлігі еріткіш пен еріткіште ерітілген қара майдан немесе адгезионды қасиеттері бар басқа тез ұшып кететін қоспадан тұрады; кейде тасымалдаушылар ретінде тазартылған немесе тазартылмаған майлар да пайдаланылады. Бояғыш заттар немесе бояғыштар қосындысы болып табылады.

Жазуға арналған сиялар.

Жазуға арналған сиялардың өз тағайындалуына сай болуы үшін бірқатар ерекше қасиеттер бар болуы керек. Аталған қасиеттердің жалпыға ортақ деп сипаттауға болатындары - біркелкілік, аққыштық, физикалық және химиялық тұрақтылық, мүмкіндігінше әлсіз естілетін және зиянсыз иіс, қою, құнарланған түс пен кепкен кезде жабысқақ емес қабықшаның пайда болатындығы. Әдетте су осындай сиялар үшін еріткіш ретінде қолданылады, бірақ оларға көп емес мөлшерде аққыштық пен тұрақтылықты жақсарту үшін органикалық еріткіштер де қосылуы мүмкін. Жазуға арналған сияларда бояғыш зат ретінде әдетте суда ерітілетін органикалық бояғыш та пайдаланылады. Құжаттарды ұзақ уақыт бойы сақтау талап етілетін жағдайларда сия әзірленетін қоспаға тұрақтандырғыш ретінде темір қосылған құрама қосылады. Құжаттар толтырылатын сиялар әдетте суда тері илеуге арналған қышқылдың, галл қышқылының, темір сульфатының (ІІ) (тұрақтандырғыш) және көк бояғыштың қосындысы болып табылады. Осындай сиялардың түсі бастапқы кезден - ақ көк түс болады, алайда ауа араласқан кезде темір галлотаннаты пайда болады да сиялар біртіндеп қарая бастайды. Темір галлотаннаты - тұрақтылығы аса жоғары қосынды, алайда егер де ол темір оксидке айналса, сия кепкен кезде пайда болатын қабыршақ қағазда сақталады да оның қара түсін қалыпқа келтіретін галлды немесе тері илеу ісінде қолданылатын қышқылдың қоспасымен өңделінуі тиіс. Сызу үшін пайдаланылатын үнді сиялар (тушь) газдан әзірленген күл мен суда ерітілген шеллак, бура немесе сабын араласқан суспензиясы болып табылады.

Сияларды әзірлеу фабрикалық жабдықпен байланысты емес, және де сондықтан шағын өндірістерде сияларға қойылатын барлық талаптар сақтал - ған сияларды әзірлеуге болады. Ыдыс ретінде көне бөшкелерді немесе чан дарды, мыстан немесе темірден әзірленген қазандарды қолдануға болады; олар сияларды әзірлеу үшін де, сияларды сүзгіден өткізу үшін де пайдаланылады. Сонымен қатар, дайын сиялар құйлатын шыны ыдыстарды да қолданады.

Жазуға арналған әдеттегі сиялардан тыс сондай - ақ көшіру ісінде, гектографтың жұмысын қамтамасыз ету, сызу үшін, киімге таңба қою үшін және т. б. пайдаланылатын арнайы сиялар да әзірленеді. Жазу машинкалары, мөртабандарға арналған жастықшалар және т. б. жағдайларда қолданылатын бояуды әзірлеу ісін сияны өндіру ісі ретінде де қарастыруға болады, өйткені олар өз құрамдарымен сияға ұқсас болып табылады. Барлық әзірленетін сиялар келесі талаптарға сай болуы тиіс. Олар қауырсынды күйдіріп жібермейтіндей болуы тиіс, сия құйылатын ыдыста қалдық қалып қалмайтындай болуы тиіс, олардың құрамында қатты уландырғыш заттар болмау керек. Сиялар өте жіңішке сызықты салу үшін қауырсыннан жеңіл ағып кететіндей болуы керек. Сонымен қатар, олар берік болып, көгеріп кетпеуі де шарт.

Қазіргі кезде қолданылатын сияларды (1925 ж.) екі топқа бөлуге болады. Олардың ішінде құрамында тері илеу ісінде пайдаланылатын қыш қылы бар қара сиялар аса маңызды, әрі ең үлкен болып табылады. Екінші топқа енгізілген сиялардың құрамында тері илеу ісінде қолданылатын қышқылдар болмайды.

Жоғарыда атап өтілген, бірінші топқа енгізілген сиялар қазіргі кезге дейін кеңінен пайдалануға енгізілген болып табылады, әрі олар ең арзан сиялар. Олар тері илеу ісінде қолданылатын қышқыл мен галл қышқылын немесе құрамында тері илеу ісінде қолданылатын қышқылы бар заттарды қосып әзірленеді.

Сияларды әзірлеу барысында шикізаттан су арқылы алынатын тері илеу ісінде қолданылатын заттан арнайы сүзінділерді әзірлеу - негізгі жұмыс болып табылады, қазіргі кезде фабрикада әзірленген тері илеу ісінде қолданылатын экстрактар, сонымен қатар химиялық тұрғыдан таза тері илеу ісінде қолданылатын қышқыл қолданысқа енгізілген. Кеңінен сатылатын, ақ - сары немесе қоңыр ұнтақ түрінде кездесетін танинді шағын көлемде сияларды әзірлеу ісінде қолдануға болады.

Сияларды әзірлеу үшін қолданылатын суда тері илеу ісінде қолданылатын заттармен араластырған кезде ерітілмейтін қосындылар пайда болатын ең абзалы - жаңбыр, қар немесе таза, сүзгіден өткізілген суды пайдалану. Бөгде қосындылар болмау керек. Сияларды әзірлеу ісінде қоюлан дырғыш ретінде глицеринді, гуммиарабики желатинді, декстринді және т. б. заттарды қолданады. Көгеріп кетуден сақтау үшін карбол, салицилл қышқылы мен креозотты және т. б. пайдаланады.

Бояуларды әзірлейтін өндірістің дамуымен қатар сиялар өндірісі өте жеңілденді. Тиісті анилин бояуын суда жай қана еріту арқылы кез келген түстегі сияларды әзірлеуге болады, және де осындайда бояудың пропорциялары сияның кез келген түсінің талап етілетін қарқындылығына байланысты болып табылады.

Сиялардың, тушьтардың және т. б. сапасын арттыру үшін бояуыш сұйық заттарға алифатикалық қасиеттері бар, құрамындағы молекулада кем дегенде 4 көміртегі атомдары, мысалы: валериан немесе капрон қышқылы, спирт, эфир және кетондар бар ұшқыш органикалық қосындалырдың шағын мөлшерлерін қосу керек.

Егер де сонау заманда біреудің ойына шарикті қаламсапты әзірлеу идеясы келмеген жағдайда бүгінгі күні біздің күйіміз не болмақ еді? Ол туралы ойланбаған ба едіңіз? Жоқ, Сіз тек күні бүгінге дейін біздің столдарымызда белгілі бір маңызды құжатқа жиі төгіліп қала беретін сия құйылған оңқалардың тұрғандығын елестетіп қана көріңізші.

Сол үшін біз осындай қанағаттанбаушылық бүгінгі күні даусыз пайдалы болып табылатын өнертабысты ойлап табуға ықпал еткен және соның салдарларынан олар аталған шарикті қаламсаптарды ойлап шығарған адамдарға алғыс білдіруіміз керек еді. Ал барлығы, әрине қауырсыннан емес, ал онан да қарапайым заттардан басталған еді.

Біздің ғасырға дейін 4000 жыл қалған кез шамасында адам жазу үшін суға суға малынған саздан әзірленген тақтайшаларды алғаш рет пайдалана бастады. Осындайда ағаштан немесе қоладан әзірленген таяқша немесе сүйек қаламсап ретінде қолданылатын. Олар негізінен алғаш жазу құралдарына да айланған. Біздің дәуірге дейін 1300 жыл қалған кез шамасында римляндар балауыздың үстінде жаза бастады. Балауыз ағаштан әзірленген таблеттерге құйылатын. Сол кезде жазу құралына стилус атауы берілген. Стилус металлдан әзірленетін. Жазу керек емес болған кезде ол стилустың жалпақ сыртқы ұшымен өшірілетін. Римдік таблеттердің қазіргі кезде қалтаға салынатын компьютерлермен ұқсас болғандығына байланысты дисплеймен жұмыс істеуге арналған құрал да стилус деп аталған.

Ақауыздың үстінде жазу ісі 18 ғасырға жуық уақыт бойы, англосаксон елдерінің тұрғындары тар пергаментті ойлап тапқанға дейін қолданыста болған.

2. 3Сиялы дақтардан тазалауға байланысты ақыл - кеңестер:

Тиісінше, шарикті қаламсап қалдыратын дақтар оқушылардың, кеңседе қызмет ететін қызмет керлердің киімдерінде де пайда болды.... Көптеген жылдар бойы шарикті қаламсаптың сиясын киімнен кетіру талай әдістері сақталғандығы жақсы болды!

Осы материалда мен Сізге үйде қолдануға болатын әдістерді қана мысал үшін келтіремін. Осындайда, дақты кетіру эксперименттерін мүмкінді гіңізше киімнің белгісіз учаскелерінде - тігістерде, ішкі жағында қолданып көріңіз. Ал, қоспаның рецепті матаға қалай әсер ететіндігін біліп алған кезде оны дақ түскен жерде қолданыңыз.

Киімді сия дағының ағып кетуінен сақтау үшін парафиннен қорғаушы шеңберді әзірлеңіз. Ол үшін тең етіп вазелин мен парафинді тең етіп араластырыңыз да, ерітіңіз, онан кейін құлақты тазалауға арналған таяқшаны ыстық қорытпаға матырыңыз да әзірленген құрам матаны шылғи сіңдіретіндей етіп айналдырып шығыңыз. Дақтың астына картоптан әзірленген крахмалды ұнды себіңіз; ұн дақтың ағып кетуіне жол бермейді. Дақты кетіріңіз, онан кейін матаға соданы себіңіз де суда шайқаңыз, онан кейін бірнеше рет салфетка арқылы ыстық өтекпен өтектеңіз.

• Шарикті қаламсаптан енді қана түскен сияларды киімнен жылы ашыған сүтпен кетіреді, ол үшін матаны жылы сүтке бірнеше сағатқа матырып қою керек. Онан кейін киімді жылы сабынды ерітіндіде мәсітірлі спиртті қосып жуыңыз.

• Қызыл сидан енді қана түскен сияларды мәсітірлі спиртте сулаңыз, онан кейін киімді суық суда шайқаңыз.

• Шарикті қаламсаптан түскен сияны киімнен кетіру үшін уайт.. спиртті немесе мәсітірлі спирт пен сутегі тотығы қосылған ерітіндіні пайдалану керек. Арнаулы өнімнің 1 шай қасыққа тең келер көлемін бір стақан суға қосып, нәтижесінде пайда болған ерітіндімен дақты өңдеу керек.

• Даққа асқа салатын тұз себіңіз, онан кейін даққа лимонның шырынын құйыңыз.

• Таза медициналық спирт қою сияларды жақсы ерітеді, онан кейін даққа тұз сеуіп, салфеткалармен сүртіңіз, суық суда шайқаңыз.

• Лакты кетіретін сұйықтықты пайдаланыңыз.

• Шарикті қаламсаптан түсетін дақтарды одекалонмен кетіруге болады.

• Ақ киімге түскен дақты «Белизна» атты ағартқышпен кетіруге болады.

• Сірке суы мен спиртті тең мөлшерде араластырып, нәтижесінде пайда болған қосындымен дақты сүртіңіз.

• Сия жағылған матаны екі сағатқа глицеринге салып қойыңыз, онан кейін аз мөлшерде тұз қосылған суда шайқаңыз. Қажет болса киімді жылы сабынды суда жуып жіберіңіз.

Сия дақтарын киімнен кетіретін жалпы әдістер осындай. Алайда, біздің кеңестерімізді қандай матаға сия жағылғандыққа байланысты қолдану керек.

Қорытынды

Мен осы жазған зерттеу жұмысынан шығарған ең басты қорытындым:

1. Сиядан жасалған қаламдар адам денсаулығына зияндылығы бар.

2. Бірақ қаламсыз жаза алмаймыз. Қалам зиян болса да, біз онымен күнде жазамыз. Осы қаламды ойлап тапқан адамдарға рахмет айту керекпіз. Сонымен қаламның пайдасы мен зиянын білесіздер. Қаламды таңдауда оның зиянды жақтарын ескергендеріңіз жөн десек те болашақта қаламсаптың түрлерін өз елімізде экологиялық жағынан таза материалдардан жасалса деймін. Мысалы біздің елімізде ағаштың түрлері өте көп емен, қайың т. б. Ағаштан жасалған қаламдарға ұлттық оюлар салып, лактап сатылымға шығарса адамдар қызыға да, қуана да алған болар еді.

1. Балалар энциклопедиясы, III - том

2. Шаңырақ: Үй - тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990

3. http://www. aikyn. kz

4. http://ru. wikipedia. org

5. http://www. bayking. ru

6. http://astana - akshamy. kz

Жетекші пікірі.

Оқушының шығармашылығын ғылыми түрде ұйымдастыру ғылыми талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруды қажет етеді.

Қазіргі таңда оқушының ынтымақтастығын, білімділігін, эстетикалық талғамын, табандылығын, төзімділігін қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргіздім. Осындай жұмыстар жүргізу кезінде 3А – сынып оқушысы Маханов Нұрберген өз бетімен іздену, мұғалім тарапынан пікір, ескерту күтпей, шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренді

Оқушының осындай шығармашылық қабілеттерін байқап, мен онымен жұмыс жасауды өз жеке жұмыс жоспарыма қойдым. Бұл Нұрберген алғашқы жұмысы болғандықтан жұмыс жасауды басшылық жасадым.

Нұрберген өзін қызықтырған мәселелерді қағаз бетіне түсіріп отырды. Оның қаламды зерттеуге деген қызығушылығы арта түсті.

Нәтижеге қол жеткізді.

Нұберген - мектепте оқу үздігі. Сыпайы үлкенді сыйлай алатын ұстаздарының айтқанын орындай алатын, талапты, үнемі ізденісте жүретін оқушы. Ата - анасы да баланың ізденуіне, жұмыс жасауына жағдай жасап отырды. Келешекте Нұрберген зор үміт күтемін, сенім артамын.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу