Медицина | Шұбаттың емдік қасиеті


Новоукраин негізгі мектебі

Басталған уақыты: 2011/2012 жылы қараша

Мерзімі: 2011/2012 оқу жылы

Жетекшісі: Тлегенова Бактыгуль Бахытжановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Естурин Жандәулет Ерғалиұлы

Тақырыбы:

Шұбаттың емдік

қасиеті

(Ғылыми жұмыс)

Тақырыбы: Шұбаттың емдік қасиетті

Мазмұны:

1.Кіріспе.

2. Шұбаттың емдік қасиеті.

3.Қазақстанның ұлттық бренді-шұбат

4.Зертханалық жұмыс.

5.Қорытынды.

6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жобаның мақсаты.

Қазақ халқының байырғы сусыны - шұбаттың емдік қасиетін анықтау арқылы маңызын көрсету.

Қазақтың байырғы сусыны ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Жобаның міндеті.

- Қазақтың ұлттық сусыны-шұбатпен танысу;

- Шұбаттың адам өміріндегі алатын орнын көрсету;

- Шұбаттың адам денсаулығына пайдасын көрсету;

Кіріспе.

Түйе –төрт түліктің төресі.Ауыр жүк арытылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады.Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаныда белгілі.Көзін тауып,өңдей білсе ,жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат.Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар.Соның бірі біздің елімізде .Алайда, түліктің төресі түйені өсіріп,оның өнімдерін ұлттық брендке айналдыра алмай отырғанымыз да шамбайымызға бататын шындық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан кешенді бағдарлама жасалып, осы саладағы ұсақ-түйек шаруашылыққа барынша нақты қолдау көрсетілмесе бүгінгідей мысықтабандаумен ұзаққа бармайтынымыз белгілі.

-Түйенің пайдалы жақтары көп қой.Бір ғана сусынының өзі неге тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем. Сүтінен шұбат дайындап,құрт қайнатады. Шипалық қасиеті мол, дәмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі.Көптеген Азия елдері әрі тағам,әрі киімге шикізат,дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен күнге ғалымдарды таңғалдыруда.

Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті ,өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады.Осыған орай шұбатты әлемдік нарыққа шығару үшін ғалымдар өнімді кептіру,құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрін жасау технологиясымен де айналысуда. Алайда шұбаттан жасалған өнімдерді әлемдік нарыққа шығарып,ұлттық брендімізге айналдыру үшін қыруар қаржы,көлемді инвестиция қажет екені анық. Ал,әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сауықтыратын медициналық сусын деп бағалап отырған шұбаттың пайдасын ескергендер саны саусақпен санарлықтай.

Шипалы қасиеті мол дәмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Көптеген Азия елдері әрі тағам, әрі киімге шикізат дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен-күнге ғалымдарды таң қалдыруда.

«Балдырған» журналынан шұбаттың емдік қасиеті туралы қызық деректерді оқып, осы бір түйенің сүтін ішіп көрсем деп армандадым.

Осы арманым орындалып Исламғали ағамның үйіне барып, шұбатты ішіп едім, дәмі ауызымнан кетпеді. Осыдан бастап шұбат туралы деректер жинақтап, шұбаттың емдік қасиеттерін зерттей бастадым.

Шұбаттың емдік қасиетті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми академиясының академигі Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тамақтану академиясының директоры Төрегелді Шарманов шұбатпен өкпе құрты ,бауыр ауруларын ,холиститцитті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады. Ұзақтығы 6 сағатқа созылатын бұл процесс шынымен де жаңалыққа толы.Өйткені, қатырылып, вакуммен ауасын сору нәтижесінде түйе сүтінен жасалып шыққан таблеткаларды жарты жылға дейін сақтауға болады.Ал,кәдімгі шұбат аптадан артық сақтауға келмейді. Яғни тәжірибе барысында мамандар шұбаттың 1 литрінен 87 грамм құрғақ сүтін алған. Демек,бұл-1 шай қасық құрғақ шұбаттан 100 грамм сапалы, барлық емдік қасиеті сақталған шұбат шығады деген сөз.Сондай-ақ 1литр түйе сүтінен 40 дана таблетка алынады. Әр таблеткадан 100грамм шұбат алуға және оны әлемнің кез-келген жеріне тасымалдауға болады. Осыған орай шұбатты әлемдік нарыққа шығару үшін ғалымдар өнімді кептіру, құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрін жасау технологиясымен де айналысуда. Алайда шұбаттан жасалған өнімдерді әлемдік нарыққа шығарып,ұлттық брендімізге айналдыру үшін қыруар қаржы қажет еткені анық.

Емдік қасиетті ежелден белгілі шұбат қазақтың дәстүрлі сусындарының бірі жанға дауа шипалы ,нәрлі сусын .Алуан түрлі ауруға ем ретінде пайдаланылатын сусын адам ағзасына жеңіл қорытылады.

Асқазан жолының бездерінен сол шығаратын қасиетті де бар. Қарын сөлінің қорытқыштығын күшейтіп, ішектің қызметін жақсартатынын дәлелдеген.

Осы тұжырымдаманы дәлелдеу мақсатында Байғанин ауданы Оймауыт ауылының 1976 жылғы тұрғыны Көшетов Асқар Рустемұлымен сұхбаттасқан болатынмын.

Оның 1999 жылы жаз айында асқазаны (гастрит) қатты ауырады. Ол 15 күн бойы таңертең аш қарынға бір кесе шұбаттан ішіп отырады. Содан кейін ол шұбаттың арқасында жазылады.

Сонымен қатар Бақытжан атамның әңгімесінен шұбаттың туберкулез ауруына да пайдасы зор екендігін білдім.

1939 жылы туылған Новоукраин ауылының тұрғыны,

тракторист Дүйсенбин Бақытжан ата 1982 жылы туберкулез ауруына шалдығады. Содан оны дәрігерлер тіркеуге алып, ауруханаға жатқызады. Бірақ оған ауыр дәрілер жақпайды. Содан ол шұбаттың емдік қасиетін естіп, өзін сол шұбат арқылы емдеу мақсатында шұбатты алдырып, күніне таңертең және кешке 2 мезгіл ішеді. Бір жыл өткеннен кейін оны толық тексеруден өткізгенде оның

сауыққаны анықталып, оны тіркеуден алып тастайды.

Академик Асылбек Баймұхановтың басқаруымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дастанбек Баймұханов ғылым кандидаты Мүсәтіллә Тоқанов және Болат Тоқанов құрамына енген ғалымдар тобы түйе сүтінен балқаймақ және шалап айыруды жүзеге асыруды. Дайындалған балқаймақта майлылығы 15 пайызға дейін жеткен. Ал, спирт 1 пайыз мөлшерінде .жоғарыдағы әзірленген шұбат өнімдері балаларды тамақтандыруға өте қолайлы әрі өт жолдарына бірден-бір ем. Барлық жастағы адамдар денесіне жара шыққанда оны ем үшін ішсе болады.Ұмытшақтық,сусамыр ауруына шалдыққандар да пайдалана алмақ. Бір сөзбен айтқанда ,түйенің сүтінен дайындалатын сусынның шипалық қасиетті өте мол.Мүсәтолла Тоқановтың ғылыми еңбектеріне жүгінсек ,түйе сүтінен әзірленген шұбаттың табиғи иммундық қасиеті өте жоғары. Сондықтан оны тыныс алу, авитаминоз, қант диабеті,(шұбатта көп мөлшерде инсулин болады) өкпе туберкулезі,қан аздылық,гастрит, калит,ағзаны әлсірететін өзге ауруларды емдеп, алдын-алатын қуатқа ие.оның үстіне шұбатта ағзадағы зат алмасуға қажет деген фосфор кальций магний тұздары өте көп. Оның үстіне сиыр сүтіне қарағанда шұбатта А, В, В, С және Д витаминдері үш есе көп,ал казин аз болады. Түйе сүтіндегі көп мөлшердегі лактоза қанты-миды, жүйке жүйесін қоректендіреді.

Бүгінгінің басты мәселесі –шұбатты ұзақ мерзімде сақтау болып отыр. Көктем,жаз мезгілдерінде мол болатын шұбатты имуниттет төмендейтін күз, қыс кездерінде табу қиын.Шұбаттың құрамындағы микро организмдер үнемі өсіп-өніп, ашыту процесіне белсене араласатындықтан ,сусынды ұзақ мерзімге сақтау әзірге мүмкін болмай отыр.Өзгеден бұрын өз кәсіпкерлеріміз бен фермерлеріміз түйе шаруашылығына ден қойса, халқымыздың денсаулығы да жақсарып, экономикамыз да ілгерлей түсер еді...

Шұбатты экспортқа шығарып, қазақтың брендіне айналдыру үшін тер төккен ғалымдардың айтуынша ,табиғи шұбаттың таблеткалы түрі, құрғақ түйе сүті, йогурт, балқаймақ және шалап секілді жаңа әдістермен алынған өнімдер әлем нарығына шықса, теңдесі жоқ ұтымды тауар белгісіне айналары сөзсіз.Егер бұл іс жүзеге асса әлемдік нарықта шұбаттан мұнайдан түсетін кірістен кем емес пайда табуға болады деп есептейді мамандар.

Қалай десек те, қымыз бен шұбатты әлемдік деңгейге алып шығуға біздің ғалымдардың шамасы жетеді. Бұл үшін біздің елде экономикалық мүмкіндік мол. Бар гәп-жанашырдың болмауында. Сондықтан, мемлекет осыған көп көңіл бөлсе дейміз...

-Түйе сүтінің қышқылтым дәмі бар.Біртекті қоймалжың сұйықтық араластырғанда қатты көпіріп ,өзіне тән дәмімен айрықшалана түседі. Әсіресе ,қос өркешті қазақ түйелерінің сүті емдік қасиетімен құнды саналады. Шұбатты дайындау барысында микрофлор аштқысының көмегімен түйе сүтінде күрделі биохимиялық өзгерістер жүреді; сүт қанты ыдырап ,сүт қышқылының , спирттің және көмірқышқылының жаңа заттары түзіледі.

Сонымен қатар шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады.

Түйенің сүті шұбат

Қышқылдық 18 % 28%

Майлылық 4,3% 4,3%

Лактоза 2,75% 1,32%

Құрғақ заты, майдың 8,2% 6,6%

Минералды заттар 0,86 % 0,75%

Этил спирті 1,1%

Аскорбин қышқылы 5,6 % 4,8%

Адам ағзасындағы В1,В12,және С витаминдеріне деген тәуліктік қажетін қанағаттандыра алады екен.Дәстүрлі сусынмен қатар ,ішек, бауырды тазалап, өт жолдарының жұмысын жақсартады.Қышқыл бөлуді тездетіп, асты жылдам қорытуға септігін тигізеді. Айран мен сүтке қарағанда тиімділігі анағұрлым жоғары болады екен. Сондықтан, шұбат емдік қасиеті үшін жиі қолданылып жүр. Қымыз және сиыр сүтінен жасалатын өнімдерге қарағанда, шұбаттың құнарлы заттары көп.

Қорытынды

Шұбаттың - адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік , тұрмыстық пайдасы бар екенін білдік.

Қазіргі заманда жастардың көбі осы сусынды, оның денсаулыққа пайдалы екеніне білмейді. Өз сыныптастарымнан шұбаттың емдік қасиеттері туралы сыныптастарымнан сұрастырғанда ,біреуіде білмей шықты.Тәрбие сағатында өз жобаммен таныстырдым. Өз отбасым да , құрбыларымда осыған көз жеткіздім. Менің ойымша , шұбат Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайықты.Себебі қазіргі кезде адамдар кока-кола, спрайт, пепси-кола сусындарын пайдаланғанша неге шұбатты , сыраханалардың орнына неге шұбатханалар ашылмасқа. Дәріханалардан дәрі алғанша тұңғыш рет Шымкенттен шыққан шұбаттың таблетка түрін неге пайдаланбасқа.Шұбатты экспортқа шығарып, қазақтың брендіне айналдыру үшін тер төксек табиғи шұбаттың таблетка түрі, құрғақ түйе сүті,иогурт, балқаймақ және шалап секілді жаңа әдістерімен алынған өнімдер әлем нарығына шықса,теңдесі жоқ ұтымды тауар белгісіне айналар еді. Егер бұл іс жүзеге асса, әлемдік нарықта шұбаттан мұнайдан түсетін кірістен кем емес пайда табуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кенжеахметұлы С., Қазақтың дастарханы, алматы кітап 2007ж

2.Анфимоа Н.А. Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение 2002ж

3.Матюхин З.П. Тамақтану ,гигиена және физиология негіздері, Просвещение

4 Алтын орда 15 сәуір 2010 ж

5.Уикипедия –ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

6.Егеменді Қазақстан газеті №415 25 шілде 2012 жыл

7.Егеменді Қазақстан газеті №416 26 шілде 2012 жыл

8.Ақтөбе газеті 13 қыркүйек 2012 жыл

9. «Жыл он екі ай» журналы №2 2005 жыл

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу