Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

№1 мектеп-гимназиясы

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

Секция:Әдебиет

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Теңелқызы

Аннотация

 Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан-жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік-жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т.б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.

 Гипотеза:

 Қазақ әдебиеті бойынша әңгімеде кездесетін нақыл сөздерді тауып, теріп қоймай, жинақтау арқылы тілдік қолданысқа, оқулықтарға енгізуге болады және жеке кітапша ретінде дайындап, оқырманға ұсынылмақ.

 

 Зерттеу кезеңдері:

 1. Б.Момышұлы шығармаларынан нақыл сөздерін жинақтау

 2. Б. Момышұлының өз жанынан шыққан мақалдар мен қанатты сөздерін топтарға бөлу

 3. Нақыл сөздеріне арналған кітапша шығару

 

 Жұмыс нәтижесі: Ғылыми жұмыста әңгімелер мен повестьтер, романдары толық қамтылып, Б.момышұлы – ұлттық болмысты қалыптастырушы қаламгер ретінде танылады. Мағыналық ерекшеліктері ашып көрсетіліп, тақырыптарына қарай топтастырылды. Арнайы мысалдар келтіру арқылы естілмеген нақыл сөздері жария болады.

 Ғылыми теориялық-тәжірибелік маңыздылығы: Нақыл сөздеріне назар аударып, зер салған жас ұрпақ жаһандану кезеңінде тура жолдан таймай, оптимисттік қабілетін арттырады. Ұлттық рухқа қаныққан оқырманның патриоттық сезімі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін нығайтады.

Мазмұны

 Кіріспе

 «Тырмысып әл келгенше көргенімді,

 Жалтақтамай, именбей ашық жаздым»

Зерттеу бөлімі

  • Б.Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім-тәрбие
  • Батырдың нақыл сөздері – қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы. 
  • Ұлттық рухты оятқан қанатты сөздер

Қорытынды

 Бауыржан мұрасы – ұлттың ұлы оқулығы.

 Кіріспе

  «Баукеңнің телегей-теңіз тағылымы –

  болашақтың, таяу мыңжылдықтың әңгімесі».

  Хамит Ерғалиев

 

 Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері

бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін еріксіз еске түсіресің. [1]

 “Қара шаңырақ” деген қазақтың киелі ұғымын Баукеңнің өзі де керемет қадір тұтып, “Ұшқан ұя” деп қастерлеп, перзенттік парыз махаббатымен аялаған. Әр қазақ бүгінде батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор ата һәм қатал әке Бауыржанның рухына тағзым етеді. “Мой Бауырджан” деп Алаштың ардақты азаматы Олжас Сүлейменов айтқандай, көкбайрақты қазақ жұртында әркімнің кеудесін күмбірлеткен өз Бауыржаны бар. Себебі, көзі тірісінде, орда бұзар отыздан асар-аспасында-ақ ерлігі мен өрлігі, ерендігі мен өрендігі аңызға айналып үлгерген Бауыржан – жалпы ұлттық дәрежедегі қаһарман ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Оның қаламынан туған түрлі тақырыптағы туындыларымен қалың оқырман әлі күнге дейін таныс та емес. Жазушының аузынан шыққан нақыл сөздердер бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Тіпті халықтық мұраға айналып кетті десек болады. Осы ретте белгілі ақын Сырбай Мәуленовтің «Бауыржан өлеңдерінде Махамбет сарыны басым. Махамбеттің өткір шешендік мақамдарын, күшті пафосын Байыржан көбінесе өзіне өнеге тұтатын сияқты... Әрбір ақынның өлеңінен өз мінезі жалт етіп көрініп жатады. Бауыржан өлеңдерінде де өзінің айбарлы үні асқақ шығып тұрады» [2,71] – деуін оның тек ақындық өнеріне ғана емес, бүкіл шығармашылығына берген бағасындай. «...Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ұстанымын, орнын көрсететін батырлар көп болды, дегенмен оны Б. Момышұлынсыз елестету мүмкін емес. Соғыстан кейін де Б. Момышұлы өзінің азаматтық ұстанымы, жазушылық қасиетімен жоғары дәрежеде қалды» дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді. Ал қаһарман жазушының шығармалары бүгінгі таңда зерттеуді қажет етеді.

 Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғары әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот болуымен қатар, қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы. Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелген. Олардың ішінде әдеби көркем шығармалармен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі. А. Бек, А. Кривицкийден бастап, М. Әуезов, Ә.Әбішев, М.Ғабдуллин, Ш.Мұртаза, Е.Ысмайылов, Ә.Нұршайықов, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметұлы, Б. Момышұлы (ұлы), З. Ахметова, Қ.Ергөбек т.б.ғалым-жазушылар қалам тербеп, батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді.

 Шығармаларында қазақ ұлтының өзіндік дүниетанымы, қайталанбас салт-санасы мен әдет-ғұрып, менталитеті көрініс тапса, нақыл сөздерінде бүгінгі таңдап алынған тақырыптың «тұздығы» берілген.қлттық тәрбиеге қанып өскен жазушы ұлттық мәдениетті терең біліп қана қоймайды, оны сақтап, қорғау қажеттігін де биік ой талғамымен ұғынып, оқырманға ұсынады.

 Ұлттық тағылымды түсіну үшін шығармаларындағы нақыл сөздерді талдау қажеттілігі туындап, мағыналарына қарай топтастырылды. Мақалы мен қанатты сөзінің әр жолын алсақ та айтпақ ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ар-намыс, ел қамын ойлау. алға қойған мақсаттарымызға қарай төмендегіше міндеттерді атқардым: нақыл сөздерін теріп, өз ішінен батыр жазушының өз нақыл сөздерін ажыратып, қанатты сөздерін бөлек топтастырып, 11 тақырыпқа жинақтап, жүйеледім.

 Кезінде отаршылдық саясаттың рухани әлемді тұншықтырып, ұлтты мәңгүрттендіруден басталатынын түсінген кемеңгер жазушы өз шығармасында оқиға желісіне жымдастыра суреттеу арқылы нақыл сөзбен түйіндеп, тұжырым жасайды және насихат жүргізуді мақсат тұтады.

 Қазіргі таңдағы ұлт тірегі – халықтық дүниетанымға негізделген, өміршең, көркемдік қуаты терең туындылар арнайы қаулылармен тұйықталса, ұлттық идеологияның қайнары болған Бауыржанның мақалдары мен өсиеті келешекте де ұлт мүддесіне қызмет ете береді.

Зерттеу бөлімі

  • Б.Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім-тәрбие.

«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,»

Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен» [3], - деген жолдар арқылы

Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бірауыз өлең жолымен танытқан.

Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы – Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі – батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір-бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.

Адамдық парызын дала философиясымен үндесе отырып, халықтық тәлім-тәрбиеден іздеп, ұрпағына ой салған жазушы өз шығармаларында тарихи маңызы мен тәрбиелік құүндылығын жоғалтпайтын оқиғаларға басты назар аударады. «Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне, осында» [4] деп ескерткен еді жазушы. Тумысынан асқан дарынды өзі үшін мүлде қиын да күрделі, халық даналығында айтқандай «Инемен құдық қазғандай» азапты тірлікке бет бұрып, сәтті туындыларды сыйға тарта білді.

«Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет-журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал-мәтелдеріне арналған.

Жоғарыда аталған шығармалар бойынша жазушы қолданысынан төмендегі тақырыптар бойынша қазақ халқының мақал-мәтелдерін көптеп кездестірдік.

Ерлік пен жаужүректік туралы

Адам туралы Тіл және сөз құдіреті туралы

Ел,Отан туралы Ақиқат пен шындық туралы

Білім,ақыл және ізгілік,адамгершілік туралы Еңбек және бірлік туралы

Айталық, «Адам қайраты» кітабында «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Білек бірді, білімді мыңды жығады» [5] секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды. Мақалдарды тізбектегенде халық даналығына 45 мақалды жатқызып, 7 тақырыпқа топтастырдық. Тақырыптарының өзі халықтық тәлім-тәрбиеге үндейді. Әсіресе ержігіттің бойына ерлік пен елдікті дарыту, қыз бойына әдептілік пен ар-ұят қасиетін сіңдіру әр қазақтың жауапкершілігі болса, қаһарман жазушы оны сезіне білді. Аз жазса да, саз жазатын, жазушылық бағытқа жәй келсе де, көп дүние қалдырған шағармаларында Бауыржан Момышұлының жүрегі «Әр қазақ-менің жалғызым» деп соққаны айқын көрінеді.

Енді назарларыңызға Б.Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:

1. Ерлік пен жаужүректік туралы

1.Қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді.

2.Күш-әкесін танымайды.

4.Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен ұят күшті.

5. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

6.Жығылған үстіне жұдырық.

7.Көз қорқақ,қол батыр.

2. Адам туралы

1.Сырлы аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпейді.

2.Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек.

3.Баланы бастан.

4. Түсі жақсыдан түңілме.

5.Кісідегінің кілті-аспанда.

6.Қорыққанға қос көрінеді.

7.Түсі тәуірден түңілме.

8.Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.

9.Көп жасағаннан сұрама,көп көргеннен сұра.

10.Аяз би әліңді,құмырсқа жолыңды біл

11.Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа.

12.Ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі.

13.Ұлың өссе ұлы жақсымен,қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.

14.Бір құмалақ,бір қарын майды шірітеді.

15.Он үште отау иесі.

16.Жетіге келгенше,бала жерден таяқ жейді.

3. Ел,Отан туралы

1.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

4. Еңбек және бірлік туралы

1.Еңбек түбі рақат.

2.Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

5. Білім,ақыл және ізгілік,адамгершілік туралы

1.Білек бірді,ақыл мыңды жығады.

2.Қалауын тапса қарда жанады.

3.Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.

4. Өлімнен ұят күшті

5.Жаным-арымның садағасы.

6. Ақиқат пен шындық туралы

1.Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

2.Шын айтпай,сын айтпа.

3. Өтірік – зиян, кесір.

4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.

5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.

6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.

7. Тіл және сөз құдіреті туралы

1.Сөз жүйесін,мал иесін табады.

2.Жылататын да,жұбататын да сөз.

4.Жаман айтпай-жақсы жоқ.

5.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

6.Жақсы сөз-жарым ырыс.

8.Сөз сүйектен,таяқ еттен өтеді.

 «...Ой толқынының шалқуы асау теңіздің шалқуынан оңай емес! Бір толқын бір толқынды қуа жөнелгенде шапшып, өрлей көтеріліп, көбіктене долданып барып, екінші толқынға барып соққанда таспен ұрғандай өзіңді лік-лік төмен тастап жібереді. Зымыратып зынданның түбіне бір-ақ түсіреді!» [6]деген батыр, шынымен де жан дүниесі бай, айтар ойы мол, ақылдылықты өсиет етіп, адалдықты жаны сүйгенін шығармаларын оқып отырып-ақ аңғаруға болады.

 «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» повесть, романы шоқтығы биік, тәлім-тәрбиенің тұнып тұрған тұнығы іспеттес. Жазушының қыр-сыры ашылып, күллі дүниені Бауыржанның қабылдауы сезім-түйсігі арқылы өтеді. Сонымен бірге бұл оның творчестволық тұлға ретінде қалыптасуы көрініс тапқан. Қай шығармасында да басынан өткен оқиғаларды оқырманға әдемі тілмен жеткізе отырып, реалисттік көзқарас пен шынайы болмысты ашық көрсетіп, шынайылық тудырады. Халықтық тәлім-тәрбиенің түп тамыры атам заманнан бергі нақыл сөздері болса, соның ішінде Б.Момышұлыдай дарынды ұлдың шығармаларының орны ерекше.

 «Ұшқан ұя» повесі – автобиографиялық шығармасы қаламгердің өмірбаяндық деректемесі ғана емес, оқушыны қиял қуаты, ой тереңдігімен ойландыра алатын көркем туындысы. Ой тереңдігі - ақыл, ар, ерік-жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш секілді қасиеттерімен анық көрініс табады. Жазушы материеһал жинап әуес болмайды, қайта оқырманға өз басынан кешкендерін көңілге тоқып, көкейге түйгендерін жазу арқылы үлгі болады. «Жетіге келшенше, бала жерден таяқ жейді», «Он үште отау иесі» [7, 316] секілді мақалдардан әр жас жастайынан тәрбиеге қанық болып өсуін, жауапкершілікті сезінуі хақында жазса, «Жақсы сөз – жан семіртеді» [7, 388] мақалы арқылы мақтан сөзге масаятын ақымақтың ісі екендігін көрсетеді.

 «Мен бір жан өмірімнің өзі дастан,

 Ыстық, суық ғұламнан көзін ашқан.

 Көктемдей құбылмалы мінезім бар,

 Мейлің күл, мейлің илан, мейлің жасқан» -

деп жырлаған Б.Момышұлы теңіздей терең сырға толы өмірінің бір сәттік көрінісін жырларына арқау ете отырып, тұтастай тұлғаның өшпес өнегелі өмір дастанын әдемі сөздермен әсерлі кестеледі. Бұған нақыл сөздерінің де әсері бол. Қашан да «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» - мақал екендігін ескерсек, дана да дара тұлға өз шығармаларында шебер пайдалана білді.

Әр мақалдағы айтпақ ойы шығарма шырағданына айналған ізгі қасиеттерді үнемі кейіпкерлерін сөйлету арқылы қолданған. Әрине, барлық шығармаларында бірдей аталмағанмен, басты ойы руханият үлгілерінен алыстап бара жатқан ұрпақ тағдырына алаңдаушылық білдіріп, ұлт діңгегіне түскен жегі құрт – орыстандыру саясатының қатерлі сипат ала бастағанына қауіп етеді. Осы мақсатта халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қайта жаңғыртады. Салт-дәстүр, ауылдағы келеңсіз жағдайлар мен адам бойындағы кертартпа мінездер, сондай-ақ шешендік сөздер мен нақыл сөздер көрініс тапқан. Елді елдігінен, ағайынды адалдығынан ай»ыруға бағытталған зымиян саясатты сол кезден аңғарғаны көрінеді. Бұл ретте жазушының рухани нәр алған қайнар көздерінің бірі – халқымыздың сарқылмас бай фольклоры. Қаламгердің: «Мен әдебиетті жақсы көремін. Көзімді ашқаннан халықтың ауыз әдебиетімен ауыздандым, рухани тұшындым» [8,123] деуі осының дәлелі.

 Оқырманға кейіпкер бейнесімен қатар сөзі арқылы әсер еткен жазушы құпиясының бірі де осында. Қайбір халық даналығынан алынған мақалдарын алып отырсақ, "еш уақытта өз күшіңмен білім парасатыңды алдын ала салмақтамай, құр бос сенімге алданба", «бойыңа сенбе,ойыңа сен, мақтанға ерме, тірлігіне ер» деп [8,56], тірліктің қызығы тек еңбек дегенді де аңғартады.

2.Батырдың нақыл сөздері – қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы. 

Әр қазақ бүгінде батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор ата һәм қатал әке Бауыржанның рухына тағзым етеді. «Сұрапыл соғыс кезінде және одан кейінгі ондаған жылдарда бар қазақтың намыс қайрағындай мақтанышы болып, елі мәңгі сүйсініп айта жүрер Ерліктің ерен жырын жасындай ойнатып, дауылдай сапырған Бауыржан батырдың жұлдызы туған елінің көгінде мәңгі жарқырап тұра бермек. Уақыттың мәңгілік, бақилық кеңістігінде оған пендешілік шаңы жұқпайды. Қала берді, Бауыржан бүкіләлемдік, күлліғаламдық күрделі де сирек құбылыстардың санатына қосылады. Қаламгердің өзінің бір сөзі бар: “Сексен мен жүздігімді ұрпақ атар, – Тарихтың түкпірінен сөз келгенде”. Жүз жылдығын атап өткен батыр бабаның шығармалары әлі де болса зерттеуді қажет етсе, соның бірі – нақыл сөздер.

 Жазушылық қырынан бөлек алып отырған бұл бөлімнің негізгісі өз жанынан шығарылған нақыл сөздер. Баукеңнің өмірі - қаһармандық үлгісі, ұлттық намыстың қайрағы.  Сөнген жұлдыздардың жарығы миллиондаған жылдарға жетсе, туған халқы үшін, кейінгі толқын ұрпақтары үшін қазақтың бас батыры Бауыржан өнегесі таусылмақ емес. Қаламгердің асуы - Алаш айбынын, мәртебесін асыра түсері сөзсіз.

 Бұл ретте жазушыны патриот ретінде ғана емес, кемеңгер, ойшыл ретінде де танытуға біраз жұмыстар жүргіздім. Нәтижесінде 11 тақырыпқа бөлінген нақыл сөздерін төмендегіше топтастыруды жөн көрдім.

1. Ерлік пен жаужүректік туралы

1.Қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді.

2.Ерлік ер басына жүре бітетін қасиет.

3.Күш-әкесін танымайды.

4.Ханның еркесі болғанша,жігіттің серкесі бол.

5.Мақтаныш- ерлік анасы.

6.Әсерсіз-қолбасшы қауқарсыз,басшысыз-әскер қауқарсыз.

7.Сын ерді шыңдайды,қорқақты қинайды.

8.Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен ұят күшті.

9.Ерлік елеусіз қалмасын,олжа-елге,атақ-ерге сауға.

10.Тәуекелсіз ерлік жоқ.

11.Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

12.Бірі бәрі үшін,бәрі бірі үшін.

13.Ерлікті таба білу,ерді тани білу.

14.Соғыс-халықтың күш-қуаты,ерлік жігерін сынайтын ұлы емтихан.

15.Ердің Еділ тобығынан келмейді,

Қорқақ қаққа шеңіп өледі.

16.Әдіссіздік-әлсіздік,

Ептілік те ерлік.

17.Қырағының өзі де,көзі де батыр.

18.Таяқтан тайсалмасаң,

Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бергін.

Бұқсақ-сұқты,

Тығылсақ-тықты,

Именсең-езді,

Өлдім дей бергін.

19.Анадан ешкім батыр болып тумайды.

20.Ана үшін аянба-ант ұрады,

Бала үшін аянба-бетің күйеді,

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба-жігітіңе сын.

21.Тәртіп тән үшін,ынтымақ жан үшін керек.

Тәртіпке бас иген құл болмайды.

Тәртіпсіз ер болмайды.

22.Елсіз ер бола ма?

Жұртсыз жігіт бола ма?

Ерлік елдің қасиеті,

Жүректілік жігіттің қасиеті.

23.Қол қашса қолбасшы боққа да жарамайды.

24.Біреу батыр юолғанша,мың батыр болсын.

25.Жалғыз батыр-жалғыз жан,

Майданға тұлға бола алмайды,

Азынап жалғыз арыстан,

Орманды билеп ала алмайды.

Жалғыз батыр болғанша,

Жалпы батыр болғаны,

Ел сипаты, ер сыны

Әрине батыр-батыр ғой

Бастаған батыр-ер пірі.

26.Мен істедім дегенше,

Мың істеді десеңші,

Мың істеді дегенше,

Ер істеді десеңші,

Ер істеді дегенше,

Ел істеді десеңші.

Мен мыңдікі болмасам,

Ер елдікі болмаса,

Кім істеді дер едің?

27.Шегініп серке болғанша,

Секіріп теке болғын.

28.Ерді ел үшін,

Жігітті жұрт үшін мақта.

Ежелден ер тілігі-ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.

Қол жайып шын ниетпен берген бата,

Шаршаған жауынгерге бел тірегі.

29.Жығылған үстіне жұдырық.

30.Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік-жігіттің қасиеті.

31.Жиырма жас-тарихи ерліктер жасайтын шақ,осыған әрқашанда әзір болу керек,

32. Қайрат – қамал бұзады.

33.Көз қорқақ,қол батыр.

34. Ерлік – тәрбие жемісі.

35. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

36. Солдаттың анасы – Отанның анасы.

37.Соғыстың заңы – өте қатал заң.

38. Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір!

39. Берік болмай ерік жоқ.

40. Өжеттіліктен не пайда,

Ерлігі мен ақылы

Көпті батыр етпесе.

41. Жауыңды жапыра біл,

Баудай түсіре біл.

42. Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.

43. Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта,

солдаттық борышыңа адал бол.

44. Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

45. Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

46.Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

47. Ұшқынсыз от тұтанбас.

48. Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,

қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

49. Жақсы командир жауынгерін зор етеді,

жаман командир офицерін қор етеді.

50. Елін сүйген жауынгер ер болады.

51. Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

52.Ер өледі, ел қалады.

53. Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

54. Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.

55. Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.

56. Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

57. Ерліктің атаусыз кетуі – халықтың трагедиясы

2. Адам туралы

1.Сырлы аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпейді.

2.Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек.

3.Өзі болған төркінін танымас.

4.Баланы бастан.

5.Иі қанбаған қамырды етке салма.

6.Түсі жақсыдан түңілме.

7.Кісідегінің кілті-аспанда.

8.Қорыққанға қос көрінеді.

9.Түсі тәуірден түңілме.

10.Адамның ішкі сырын түрінен тануға болады.

11.Балалы үй ұрлығын жасыра алмайды.

12.Тапшылыққа көне білген жоқшылыққа да көнеді.

13.Көп жасағаннан сұрама,көп көргеннен сұра.

14.Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас.

15.Аяз би әліңді,құмырсқа жолыңды біл

16.Әркім өз жөнін білгені жақсы.

17.Билік кімде болса сұрау да сонда.

18.Міндет адамға жауапкершілік жүктейді.

19.Адамның қолына қыруар билік берілген,одан көбірек сұрағын,жаратушым.

20.Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа.

21.Ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі.

22.Ұлың өссе ұлы жақсымен,қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын.

23.Тексізден тезек артық.

24.Зекетсіздің малы-арам,тілсіздің дауы-арам.

25.Бір құмалақ,бір қарын майды шірітеді.

26.Арсыздан аюан артық.

27.Өзін аяған дұшпанға дос.

28.Жанын аяған тәніне жау.

29.Жанын аямағанға жан сауға.

30.Он үште отау иесі.

31.Жетіге келгенше,бала жерден таяқ жейді.

32.Намысты нанға сатпа.

33.Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңі ақылыңды жолдас

34. Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.

35. Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.

36. Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

37. Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары.

38. Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

39. Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

40. Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.

41. Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.

42. Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

43. Жас адамға жүрек – би.

44. Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.

3. Өмір мен өлім туралы

1.Өмір үшін өлгенше соғыс.

2.Өмірді сүйген-өлімнен қорықпақ емес.

3.Өмір сүргің келсе сүріне істе.

4.Именіп жүріп көрген игіліктен,қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

5.Арпалысып жүріп алған абырой-өмірдің шырын рақаты.

6.Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

7.Өлу емес,өмір сүру керек.

8.Өлтірсең өлімнен құтыласың,

Өлтірмесең өлімге тұтыласың.

9.Айбындана шапқанннан ажал да сескенеді.

10.Тізе бүгіп тірі тұрғаннан,

Тіке тұрып өлген артық.

11.Өмір сүргің келсе,ақырына дейін айқас.

12.Өлімге асықпай ұрыс жүргізуді үйрен.

13.Ұйқы-өлімнің інісі.

14.Қырық жыл қырғында ажалды өледі.

15.ʺҚадірін білмеппіз ғой тірі кездеʺ

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

16. Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

17. Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.

18. Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш.

4. Ел,Отан туралы

1.Отан үшін отқа түс күймейсің.

2.Жерге тер төгіп,халыққа қан төгіп қызмет ет.

3.Ел дегенде езіліп,жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

4.Отанда опасызға орын жоқ.

5.Жаман елге жапалақта қожа.

6.Ел бақыты ер қолында.

7.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

8.Елсіз ер болмайды,ерсіз ел болмайды.

9.Парыз сезімі,адамгершілік-жеке басының,ұлттың,Отанның мақтанышы.

10.Атамекен жері үшін,

Қасиетті елі үшін,

Болмай қалар кім батыр.

11. Опасызда Отан жоқ.

12.Өсер елдің баласы әкеденде асып түсер.

13.Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.

5. Білім,ақыл және ізгілік,адамгершілік туралы

1.Білек бірді,ақыл мыңды жығады.

2.Қалауын тапса қарда жанады.

3.Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді.

4.Карта білгенге сенімді жетекші.

5.Сергек ой-ер серігі.

6.Қашаған жүйрік келеді.

7.Айқаймен ала алмайсың,

Ақылмен айла алғын.

8.Көп тұрған су сасиды,

Ойланбаған ми сасиды.

9.Үлкенді ізетте,кішіні күзетте.

10.Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол.

Мейірім түсер мезгілде,

Ағарып атқан таңдай бол.

11.Өлімнен ұят күшті.

12.Жаным-арымның садағасы.

13.Сақтанған-сақталады.

14.Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

15. Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.

16. Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.

17. Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

18. Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.

6. Еңбек және бірлік туралы

1.Еңбек түбі рақат.

2.Жүктің ауырын нар көтереді.

3.Бірліксіз тірлік жоқ.

4.Төртеу түгел болса төбедегіні алады.

5.Жастығымда еңбек бер,қартайғанда дәулет бер.

6. Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

7. Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

8. Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.

7. Ақиқат пен шындық туралы

1.Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

2.Шын айтпай,сын айтпа.

3. Өтірік – зиян, кесір.

4. Өтірік – барып тұрған зиянды у.

5. Шындық ақиқатты түсіндіруші.

6. Біздің нақты болмысымыз – шындық.

8. Халық пен ұлт туралы

1.Қиыстырып қалсаң отын жанар,қисындырып айтсаң халық нанар.

2.Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындық белгісі.

3.Қан майданда халық үшін

Намыс туын көтердік.

4.Қара қазақ ұлымын,

Жалпы жатқан елдегі,

Бұқараның бірімін.

5. Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

6. Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды.

7. Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

8.Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

9. Қалың солдат та әбден қалыптасқан халық.

10.Халық өлмейді.

9. Тіл және сөз құдіреті туралы

1.Сөз жүйесін,мал иесін табады.

2.Жылататын да,жұбататын да сөз.

4.Жаман айтпай-жақсы жоқ.

5.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

6.Жақсы сөз жан семіртеді,

құлақ құрышын қандырады,

үмітіңді үдетеді,

жүрекке қанат бітіреді.

7.Жақсы сөз-жарым ырыс.

8.Сөз сүйектен,таяқ еттен өтеді.

9.Ат жүйрігң айырады,тіл жүйрігі қайырады.

10. Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

10. Атақ,аброй,бедел туралы

1.Маған деген атақты,

Міндет етсең өзің ал.

Әділдікке бас ұрып,

У берсеңде маған бал.

2.Мақтанбаған мас болып,

Аброй алсаң табысқа,

Қоян болма тығылып,

Жау көргенде қамысқа.

Арыстансыма ақырып,

Даныштансыма ақылдан,

Елемей көзге жалпыны,

Айырылып қалма жақыннан.

3.Атаққа ілінудің жолы-алыс жол.

4.Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен,көп ізденіспен,адал еңбекпен келеді.

5. Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

6. Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

7. Ақылдылар үшін атақ-даңқ – бұл зіл батпан жүк.

8. Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.

11. Тәртіп туралы

1.Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.

2. Тәртіпті – елдің ұлы.

3. Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

4. Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

196 нақыл сөздерін жоғарыда аталған шығармалары бойынша теріп, мағынасына қарай жүйеледім. Әр сәтіне сынмен қараған қаламгер түйсігі он жылдық өмірдің алдын орап ойлайтындығы, келешегінің тағдырына алаңдатушылық білдіретіндігі еңсеңді көтеріп, алға қарай ұмтылуға жәрдемдеседі.

 «Жазушы» баспасының бұрынғы редакторы Л. А. Зотова да Момышұлының еркіндіксүйгіш мінезін атап көрсетеді: «Ол ерекше адам еді, өзін де ерекше ұстайтын. Ол ешкімге бағынышты болған емес… Жоғарыдағылар қаншама рет еңсесін түсірмек болды — республикалық газеттерде ол туралы небір ғайбаттаулар жазылды. Бірақ, ол өмірден еңсесін түсірмей өтті» [9].

Барынша шынайы сөздермен берілген ой-пікіріне көз жібере отырып, оның билік батырды еске алмағанын, биліктің есіне салынғанын, әділдіктің салтанат құруы биліктен талап етілгенін білмегенін байқауға болады. Осының нәтижесінде өз жанынан нақыл өздерді жазып, кейінгіге рухани мұра қалдыра білді.

3.Ұлттық рухты оятқан қанатты сөздер.

 «Кең тынысты ішкі монологтар титтей де жалықтырмайды. Қайта адам жанының иірім тұстарына тереңірек үңіліп, оны жан-жақты тануға мүмкіндік береді» [10, 80]. Бұл өзінің сөзі. Монологы арқылы немесе журналисттерге берген сұхбаты, ерекше бір тұжырымы қазақ әдебиетінде қанатты сөздер ретінде мұра болды.

 Қанатты сөздерін де 11 тақырыпқа бөліп, төмендегіше топтастырдым:

  • Ерлік туралы

1.Асқан ерлік ізгі тәрбиеден,озық өнегеден,ұлттық асыл дәстүрден туады.Ер-азамат сонда ғана елге қорған болады.

2.Жасық жан ержүрек бола алмайды. Ол жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

3. Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

4. Солдаттың алғашқы ерлігі – бұл офицердің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі – халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу.

5. Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу – жауынгерлік құрмет көрсету.

6. Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

7. Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.

8. Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

9. Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады

  • Ақиқат,шындық туралы

1.Шындықты айта білмегендіктен...Одан қашқақтайды да,тонын жамылған өтірікті тықпалайды.

2.Шындықты қызметке,іске пайдалы болу үшін айту керек.Шындықты әділдікпен айта алмаған адам оны дөрекі,өрескел,жөнсіз түрде жеткізбей-ақ қойсын.

3.Әрине,қаны тамып тұрған шындықты тану оңай емес,ал оны жинақтау одан да қиын.

4.Ұрыс бетпердені,өтірікті,жалған батылдықты жұлып тастайды.Жалғандық оқтың астанда шыдас бермейді.

5.Шындық-бас шабатын айбалта,бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта.

6. Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.

7. Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

8. Ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын өтірік болады. Бірақ та, бәрі бір өтірік әшкереленеді.

9. Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

10. Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

11. Өтірік – ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

  • Халық және ұлт туралы

1.Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.Меніңше интернациолизмнің негізі де осында.

2.Бір топ арыстанның қойдың қол астында болғанынан гөрі,бір қора қойдың арыстанның қол астында болғаны жақсы.

3. Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

4. Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

5 Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.

6. Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.

7. Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән

.

  • Тіл және сөз құдіреті туралы

1.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту.

2.Қазақ тілі еш уақытта,өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып,қатардан қалып өмір сүрмегендігі,өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқындалған.

3. Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

4. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.

5. Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

  • Адам туралы

1.Адамның көтеріңкі көңіл-күйі – ұрыста ең айбарлы қару.

2. Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді – барлық сылтауды жайып салады.

3. Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті.

4. Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

5. Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі.

6. Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.

7. Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады

8. Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

9. Күншіл – қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

10. Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

11. Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.

12. Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.

13. Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды

14. Адамның жан-дүниесі – ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

15. Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

16. Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

  • Өмір мен өлім туралы

1.Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

2. Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

3.Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

4.Ешқашан өмірден үміттене алмаған адам ғана үмітін үзе алады.

  • Ел,Отан туралы
  • Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

2. Соғыс ұзақ жылдарға Отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді.

  • Ақыл туралы

1.Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса – онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса – онда есерсоққа айналады.

2. Заттар мен құбылыстарды танитын күш-ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

9. Атақ,аброй,даңқ туралы

1.Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету – намыс деп аталады.

2. Егер атақ-даңқты көтере алмай ақымақтана, есіре түссе, бұл адамның жағымсыз көлеңкелі жағы.

3.Арпалысып жүріп алған абырой өмірдің шырын рақаты.

 

 10. Парыз туралы

1.Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

2. Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

3. Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді.

4. Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

5. Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

6. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды.

7.Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты, адам неге қабілетті болса, соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

8. Парыздан биік шың жоқ.Парыз – арман мен даңқ шыңы

9. Қорқынышпен күресте ерлік, жеңістің нәтижесінде парыз сезімі туады.

11. Соғыс және ұрыс туралы

1.Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

2.Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

3. Ұрыс идеалы дегеніміз – бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

4. Ұрыс өнері дегеніміз – бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

5. Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

6. Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.

7.Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

 Ерлік туралы – 9, Ақиқат,шындық туралы – 11, Тіл және сөз құдіреті туралы – 7, Тіл және сөз құдіреті туралы – 5, Адам туралы – 16, Ел,Отан туралы – 4, Ақыл туралы – 2, Атақ, абырой, даңқ туралы – 3, Парыз туралы – 9, Соғыс және ұрыс туралы – 7. Барлығы – 70.

 Бұл бағытта Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқат» роман-дилогиясының орны ерекше болды. Диалогтарында тұнған қанатты сөздерін теру – маңызды жұмыстардың бірі болды. Осы жерде ғалым Тұрсын Жұртбайдың ой-пікірі ойға оралады: «Даналар дәуірге тәуелсіз. Тек уақыттың еншісінде. Оның өзінде де пенде тұрғысынан алғанда ғана» [11, 263]. Көсемсөз деп те атауға келетін қанатты сөздері оқырманға ой салып, рухтандырмаса, одан зияны да жоқ. Ал оларды әлі де жүйелеу, оқулықтарға енгізу келешектің ісі екені даусыз.

Қорытынды

 Бауыржан мұрасы – ұлттың ұлы оқулығы.

 Баукең мұрасы - ұлт рухының ұлы оқулығы. Қаламгер университеті мен шығармаларын оқи отыра, қанып өскен әрбір адам халқына, ұлтына неғұрлым жақындай түседі, еліне деген перзенттік махаббаты арта түседі.

 Келіп өтіп кешегі от-жалыннан,

 Дүниеге ерлігімен танылған

 Кең жауырынды,талғардай тік иықты

 Бөрі кеуде,бүркіт қабақ Бауыржан.

 Шежіресін жазып соғыс кезеңін,

 Бүгін сенің жырға айналды есімің

 Бүгін тағы естіледі әлемге,

 Айқастарда атой салған өз үнің – деп,

 Сырбай Мәуленов жырлаған еді.

 Есімі жоғарыда аталған адамның бейнесінен қазақ халқы өзінің бұрынғы,байырғы ерлік бітімін көреді. Жарқын ойын, алмастай жарқылдаған жігер-қайратын, жақсылық атаулыға құштарлығын аңғарады.

 Бауыржан Момышұлың сом тұлғасынан халық өзіне тән пейіл-пиғылды сезген. Оның тұтас бейнесінен соғыс қаһарманын ғана емес, қайта тумас азаматты, ойға берік, ерекше дара тұлғаны көрген. Бауыржандай тұлғаның жалпақ елдің сынына түсіп,мейіріміне қанып, осындай зор абыройды иемденгені- әлбетте жойқын істер мен адал еңбектің арқасы. Жойқын еңбектің басы-ізденіс. Оған дәлел - оның «Ең ауыр айып-сенімді ақтамаушылық » ,- деген сөзі.Бұл сөзден кейін Бауыржан әдебиетке арқалар жүк , атқарар парызын білмей келді деу қиын. Оның отты жүректің ыстық қанымен жазылған « Жауынгер тұлғасы », «Москва үшін шайқас », «Қанмен жазылған кітап» атты кітаптарын оқып шықсаңыз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Ұлы Отанның даңқты генералы әрі атақты жазушысы Петр Веришгаро былай деген еді: «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып, ол екінші ерлік жасады. Екі ерлігі де, менің түсінігімше, бір-бірінен кем соқпайды ».

 Ал біздің талдағанымыз – нақыл сөздерін әлі де зерттеу, жинақ қылып шығару заман талабына сай туындап отырған дүние. Сондықтан да осы тақырыпта таңдап, 2 жылдан астам уақыт бойы жинақтаған жұмысымда талдауға арнадым. Әдеби теориялық талдау – алдағы жылдың еншісіне қалмақ.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Алтын орда газеті, 23 Қыркүйек 2010
  • Мәуленов С. ҚР ОММ Қор -1432, тізім-2, іс-44, 138б.
  • Момышұлы Б. Ерлігіміз – ұрпаққа өнеге //Қазақстан коммунисі. – 1968.-№7.- 20-21бб.
  • Момышұлы Б. Әдебиет және әскери өмір //Қазақ әдебиеті. -1964. -31 шілде
  • Момышұлы Б. «Адам қайраты»
  • Ана тілі газеті. 9 желтоқсан, 2010 жыл
  • Момышұлы Б. Ұшқан ұя
  • Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы:Жазушы,2000.-480б.
  • Ана тілі газеті. 18 наурыз, 2010 жыл  
  • Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232б.
  • Жұртбай т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368б.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу