Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

«№ 15 орта мектеп» ММ

Аджибаева Мерея

Жетекшісі: Қожанова Зинаида

Секция: Әдебиет

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Абстракт

Зерттеудің мақсаты:

Мұқағали ақынның Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Мұқағали ақынның ақындық әлеміндегі Отанға, туған елге, жерге арналған өлеңдеріндегі ойларды қосымша ғылыми зерттеулермен жұмыс істеуге, ақындық кредосын (ойының түп қазығын) табу, зерттеу.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық дүниесіне шолу, соның ішінде Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін саралау.

Екінші кезең: Мұқағали туралы естеліктерді жинау, газет - журналдардан «Ақынның өмірде зерттегені - алдымен өзін зерттегені»деген тақырыпқа сәйкес материалдар іздеу. Отан, туған жер туралы шығармаларына, поэмаларына, аудармаларына, прозалық шығармаларына шолу жасау.

Үшінші кезең: Мұқағали туралы буклеттер, баяндама, альбомдар шығару.

Зерттеудің жаңалығы мен жұмыстың өздігінен орындалуы:

Мұқағали Мақатаев жайында, оның Отансүйгіштік тақырыбында жазылған шығармалары негізінде тәлім сағаттарын өткізу.

Жұмыстың қорытындысы: Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік тақырыбына жазылған өлеңдерінен тәрбиелік мағына қабылдау. Ғылыми жұмыстың аяқталу кезеңіндегі ақынның «Қазақстан»өлеңі бүкіл тақырыптың тәрбиелік мағынасын, рухани мағынасын, патриоттық мағынасын ашып тұрғандығының дәлелі.

Абстракт

Цель научной работы:

Изучать жизнь и творчество акына Мукагали Макатаева, найти в его стихах патриозм, любовь к Родине.

Исследование этапы:

Первый этап: Изучать произведение тема о Родине, любовь к народе, найти кредо жизни Мукагали Макатаева.

Второй этап:

Изучать в газетах, журналах материалы о М. Макатаева. Исследовать жизнь акына, это

исследовать самого себя. Изучать поэмы, произведении, переводы,

прозаические произведения. Сделать буклеты, доклады, альбомы о

М. Макатаева. Изучать произведение тема о Родине, любовь к народе, найти кредо жизни Мукагали Макатаева. Проходить воспитательные классные часы.

Выводы:

Воспринимать воспитательную смысль в произведениях М. Макатаева. Стихотворение «Қазақстан»охватывает духовное и смысловое понятие работы. Данную работу можно использовать на уроках русского языка и литературы и других предметов, на внеклассных мероприятиях для изучения истории и культуры родного края

Жоспары:

І. Кіріспе:

1. Ақынның өмірбаянына шолу.

2. Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға.

3. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Мұқағали Мақатаевтың Отан, тыныштық, бейбітшілік жайлы философиялық ойлары.

2. Мұқағали ақынның Отансүйгіштік, патриоттық тақырыбындағы шығармаларын зерттеу,

өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу.

3. Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі.

ІІІ. Қорытынды: Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік поэзиясының өзінен кейінгілерге ықпалы. Қазақ поз\эзиясының Хантәңірі

Кіріспе

Ақынның өмірбаяны

Ол 1931 ж. 8 - ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8 - інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан¬да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата - әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Хронология

1948 - 49 ҚазМУ - дың филология факултетінің студенті;

1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;

1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

1960 - 62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;

1963 - 1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 - 1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963 - 1965 жж.), «Жұлдыз» (1965 - 1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 - 1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған

ортада өткізген аз ғана жылдар ішінде өзіндікдара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының

қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен

бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

Поэзиядағы алғашқы қадамдары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры”

атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә. Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18. 3. 1960).

Шығармалары мен аудармалары

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір - өзен”, ”Өмір - дастан” және т. б. жыр жинақтары, сондай - ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық

кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі

тірісінде 3 аударма кітабы У. Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У. Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д. Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964),

Поэмалары

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару - ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили - шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”,

“Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай - Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма - толғаулары бар. 650 - ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді

туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір - Ана, бірде Жер - Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман - әнін жеткізеді.

Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес - ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны - сырын ұғу

үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының діні “өзін - өзі” зерттеуден тұрады. Мен — өзін - өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар - намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі - өзі өмірден көрген - білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық, ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін - ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т. б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті - мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай

тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т. б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға - жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді.

У. Уитмен, У. Шекспир, Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю. А. Александров, Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен

ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ғайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанына терең бойлап, оның болмысын

шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек - жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына

дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды. Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар - жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры

мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат”

пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім”, “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев,

Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т. б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.

Өлеңнен үзіндісі

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының

ұлттық Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,

— деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан...

... Сені іздедім.

Ӏздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын,

жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз...

Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді

Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға - жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау - өлеңін жазды. Шығармалары өзбек, қырғыз, т. б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К. Сейтова “Мұқағалидің ақындық мұрасы” (1991), К. Хамидуллаев “Мұқағалидің ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З. Қазанбаева “

М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700 - ге тарта еңбек (мақала, естелік - эссе, роман, поэма, өлең, т. б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық

тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н. Тілендиев, Д. Рақышев, Ш. Қалдаяқов, І. Жақанов, А. Қоразбаев,

Т. Рахимов, М. Рүстемов, Т. Мұхамеджанов, Ә. Тінәлиев, Б. Оралұлы, Т. Досымов, т. б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма

вторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М. Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды. 1999 жылы Мұқағалидің «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтті. Осы мерекеге орай мектебімізде "Мұқағали – ақиық ақын»атты поэзия кеші өтті. Мәні зор осы рәсімді өзінің шығармаларында молынан пайдаланғанын кездестіреміз. «Райымбек, Райымбек!» дастанында Қабай жырау әулиелер зиратына бұрылып, олардан қорғап, қолдауын сұрап:

Қан сасыған даламның,

Қатын менен баламның,

Кегін қайтып алармын,

Жебеп жібер, Әулие! – десе, он сегізге толған Райымбек елді жау шауып жатыр деген сөзді

естігенде, ойланып – толғанып Қабай жырауды іздеп келіп:

– Ар ма, ата!

Арнай келдім, батаңды бер?

Аятым болсын менің атап жүрер! – дейді. Қабай жырау ұзақ жырлап келеді де соңында:

Кегіңді қайра ақылға,

Жалғыз жортып шатылма.

Аттанып жар сал ер ұлым,

Ел – жұртыңды шақырда.

Дүние – қоңыз, енші бер,

Соңыңнан ерген пақырға, - барып аяқтайды. Ақын халық дәстүрімен қоса батаға лайықты жыраулық үлгіні ұтымды меңгергені көрініп тұр.

«Өмірдастан» поэмасында да осындай дәстүр кездеседі. Оқу бітіріп аудан орталығына аттанғалы жатқан, мінуге ат таппаған балаға жаны ашыған ауыл қарты ат мінгізіп тұрып:

Бар, балам, қала көрме қатарыңнан,

Қала көрме үмітті сапарыңнан, - деп батасын береді. Бұдан байқайтынымыз қай кезде батаның қандай түрі берілуі керектігін ақын жақсы біледі. Соған орай оның мазмұн - мәнін ақындық шабытпен өзгертіп, құбылтып отырады.

Сондай - ақ үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету де ұрпақтан - ұрпаққа сабақтасын келе жатқан

дәстүрдің бір түрі. Мұқағалидың «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» өлеңінде: Әй, болашақ!

Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата қыран ұялы.

Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін

Атаң саған ұзақ ғұмыр қияды.

Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.

Дария шалқар даналығын ал, тыңда!

Ақынның халықтық дәстүрді көре білу, оны ақын жанымен сезіне білу мен жырлай білуінде өзгеге ұқсамайтын өзгешелік бар. Мұндай өлеңдерінде халық дәстүріне деген шексіз сүйіспеншілігін аңғартып отырады. Бата мен алғысқа қарама - қарсы ұғым ретінде халық дәстүрінде қарғыс та ерекше орын алады. «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры» өлеңінде:

Ала жібін адамның

Аттамап еді ардағым,

Неліктен тәңірім оны алды,

Оранушы еді алғысқа.

Дәуқара аман оралды,

Оранды қайта қарғысқа, - деген жолдарды кездестіреміз.

«Әкеме» өлеңінде:

Зиратың аяқ асты болмасын деп,

Бұзылған қорғанымнан тас қаладым, - деуінде әке алдындағы парызын өтеудің бір көрінісі

деп ұғамыз.

Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,

Өнердің кереметін сөзбен өрген.

Қалайда айтарымды айтып өлем,

Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?- деп сөз құдіретін аса жоғары бағалаған ақын: Қалам ба

деп қайғырмаймын көмусіз,

Кетем бе деп қапаланам өмірсіз, - деп күдігін де жасырмайды.

Дегенмен: Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деуі де нағыз шындық. Ақынның өзі өлгенімен, оның өлмес өлеңдері Мұқағалидың есімін мәңгілікке сақтап қалары даусыз.

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін... –

деп өзі жырға қосқан, сенімін артқан, жырын аманаттаған «қалың ел - қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен санасына, халқының жүрегі мен жанына, елінің көкіркгі мен жанына – уақыт желі, заманалар дауылы шайқай алмас тереңге жіберген

бақытты да, армансыз Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда мына сыры мен

сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер құдіретті Жырдың да халқымен бірге, ұлы даласымен бірге, ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат.

Бүгінгі таңда Мұқағали Мақатаев поэзиясын зерттеу ісі қанатын кеңге жаюда. Ақын шығармашылығының күрделілігі, алуан тақырыптылығы, кең арналылығы зерттеушіден ұзақ даярлықты, мол білім мен озық тәжірибені талап етеді. Мұқағали адамдар арасындағы сатқындықты, ездікті сынап, адамдардың мінез - құлықерекшеліктеріне, көңіл құбылыстарына,

жан дүниелеріне үңілуге тырысады. Оның прозалық шығармалары замандас танымын танытуға, эстетикалық немесе тәлім - тәрбиелік мән дарытуға, адамның өзін - өзі тәрбиелей білуіне, таным көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесі бар дүниелер. Мұқағали поэзиясында психологиялық көркем поэзияның өнері бар. Мақатаев поэзиясындағы қордалы ой мен қабысып жататын нәзік сезім оның өлеңдерінің өн бойынан нұрлы шуақ есіп тұрғандай әсер етеді.

Мұқағали бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне, ыстық ықыласына бөленген сүйікті ақын.

Ақынның жыры шынайылықтан, қарапайымдылықтан, сыршылдықтан тұрады.

Ой - қырынан мың сәлем мен көрмеген,

Шөлдермен, тауларға, көлдерменен.

Құмда отырған қара үйін.

Қайсы бір сарайлардан кем көрмеп ем.

Жетім қалған қозыға жем берген ем,

Жетіліп, жетісіп ем, сендерменен

Кешір менің жанымды емделмеген!

Мұқағали ата қоныс, туған жерін одан әрі шабытты, үлкен жүрекпен жыр толқынына ілестіріп асқан шеберлік, алаулы сезіммен кестелі өлең жолдары арқылы суреттейді. Ақын шығармаларында оның Отанға, туған жерге деген сағынышын, махаббатын, құштарлығын

ерекше көркем түрде сездіріп, оқушысын тәнті ететін ойнақы лирикалары да баршылық: «Отанның қадірін білем десең», «О, Туған ел», «Қазақстан», «Отан», «Туған жерде», «Туған жер сағындырды», «Туған елге», «Сен менің еліме бар», «Адамзаттың ұрпағы», «Тірі адамдар өлмесін», т. б. Міне, осы аты аталған өлеңдерінде ақын туған жердің не бір тамаша

сұлу да әсем көрінісін сөзбен сурет салып көркем шындықпен, поэтикалық терең оймен, эстетикалық тұрғыдан шебер бере білген. Бұларды оқи отырып жанына рухани азық, эстетикалық, тәрбиелік әсер алып, ақынның ақиқат жыр дүлдүлі екеніне сүйсінесің, әрі таңданасың да.

Талғампаз ақынның өмір шындығына зер сала отырып өзінің шығармашылығына өзек боларлық обьектіні, олардағы оқиғаларды уақытпен бірге адымдатып, шебер соғылған сом тармақтармен

өрнектеген қас шебердің өзі екендігін байқағандай боласың.

Мұқағали Мақатаев талантының биік тұғыр тасы – шаңдағына аунап, тентек өзеніне шомылып, құстар қиқуын тыңдаған туған топырағында ол соған тартып туған. Қайда болып, қайда жүрмесін Қарасаз ғұмыр тепсінген ой, уылжыған сезімнің діңгегіне айналады. Ақын дала мен тау, атажұрт

арқылы Отанды, адамзаттың алтын бесігі – жұмыр жерді сүйеді. Кішкентай жүрекке кең дүниені сыйғызып, әлемдік кеңістікке құлаш ұрады. Кемелденген кеңестік құрылыстың ақыны екені бір пәс

есінен шықпайды. Не айтса да, бар жан – тәнімен айтады екен.

Басымды иіп тіземді бүгіп тұрып,

Ажарында айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Жақсы аттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім, ием де сен!

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.

Сен менің жүрегім иен қанымдасың,

Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,

Сырым бар саған айтар ішімде көп.

Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,

Қорқамын, бәрі осының түсім бе деп.

Қазақстан! Пай – пай – пай! Ардағым – ай!

Сен менің шолпанымсың жанған ұдай!

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым – ай!

Ғылыми жұмыстың аяқталу кезеңіндегі ақынның бұл өлеңі бүкіл тақырыптың тәрбиелік мағынасын,

рухани мағынасын, патриоттық мағынасын ашып тұр.

Ұсынысым:

Мұқағали Мақатаевтың Отан, туған жер

тақырыбындағы шығармалары мектеп

бағдарламасына көптеп енгізілсе екен, сонымен қатар, «Мұқағалитану» факультативтік сабақ енгізілсе құба – құп болар еді.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу