Сүт тағамдары, оның денсаулыққа пайдасы
« Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі » ММ
« №27 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ
Жоба тақырыбы:
«Сүт тағамдары, оның денсаулыққа пайдасы»
Жоба авторы: ШҚО,Семей қаласы,
«№27 ЖОББМ» КММ
4 «В» сынып оқушысы
Ергалиева Аружан Куатовна
Жетекшісі: «№27 ЖОББМ» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Бакытгуль Нихыметоллақызы
АННОТАЦИЯ
Бұл жұмыста жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы туралы мағлұматтар жинақталды. Дүкенде сатылатын сүттің құнары мен құрамы са-лыстырылды. Жылдың әр мезгілдерінде жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың жеген азығына байланысты алынатын сүттің майлылығы өзгеретіні анықталды. Сүттің және сүт өнімдерінен жасалатын тағамдардың жасалу жолдары қарастырылды.Сүт пен сүттен жасалған тағамдардың адам ағзасына тигізер әсері жайлы мағлұматтар қарастырылды.
Пікір
ШҚО, Семей қаласының №27жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Ергалиева Аружанның «Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы» атты зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысында сиыр малының тұқымы, онан алынған өнімдердің алуан түрлілігі мен құнарына, адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталды. Сүт өнімдерінің сиырдың жыл мезгілдеріне байланысты жеген азығының құнарына байланысты өзгеретінін салыстырып дәлелдеді. Сүт өнімдерінің отбасына қаржы жағынан пайдасы бар екенін есептеді. Сондықтан бұл жұмыс маңызды және актуалды деп есептеймін.
Пікірді жазған жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Б.Н.
Мазмұны
Кіріспе
- Негізгі бөлім
1.1Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымын ажырата білу;
- 1.2. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып –қағудың ерекшелігі.
1.3.Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшері.
1.4. Сүттің құнары мен құрамы
2. Сүт тағамдары және олардың жасалу жолдары.
2.1. Уыз
2.2. Ірімшік
2.3. Сүзбе
2.4.Іркіт
2.5Қаймақ
2.6.Май.
2.7.Құрт
2.8 Сыр.
2.9. Сары су
2.10.Айран
3. Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізер пайдасы
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақ халқы үшін төрт түлік аса маңызды болған. Аман-саулықты сұрағанда мал-жан амандығын да үнемі сұрайды.Дегенмен «Малды бақсаң сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан» дегендей сиыр малының халқымыз үшін алатын орны ерекше. Оның еті, терісі мен сүті, тіпті сүйегі мен мүйізіне дейін пайдаланылады.
Халқымызда сүт ақтықты, тазалықты білдіреді. Сондықтан да «Сүттен ақ,судан таза» дейді.Сүттің құндылығын, қадір- қасиетін ата-бабамыз бұрыннан білген. «Ақты баспа,обал болады» деп қадірлеген. Тіпті, үйге кірген жыланның басына сүт құйып шығарған. Күні бүгінге дейін сүтті азық ретінде пайдаланамыз және сүт қосылған тағамдардың әртүрін жасауды жылдан-жылға жетілдірудеміз.
Осы тақырыпта іздену барысында сиыр сүтінің құрамын және одан жаса- латын құнарлы тағамдардың көп түрлілігін білдім. Сондай-ақ ол тағамдардың адам денсаулығына тигізетін пайдасын зерттеп қарастыру арқылы жұмысымның маңыздылығын аштым.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:
Сүттің құрамы, сүттен жасалатын тағамдардың құнарлылығын зерттеп қарастыру.
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымын ажырата білу;
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып қағудың ерекшелігін бақылау;
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшерін (түсімін) анықтау;
- Сүт тағамдарының жасалу жолдарын үйрену;
- Сүттің құнары мен құрамын анықтау;
- Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізетін пайдасын қарастыру.
1.1. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы
Қазақ халқы сиырдың атасы, пірі – Зеңгі баба деп біледі. Сиыр дыбыстағанда мөңірейді.Оны табынымен жаяды. Әукім-әукім деп шақырып, шүу-шүу немесе өк деп қайырып айдайды. Жем-шөп жеп болған соң күйіс қайырады, яғни күйсейді. Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, си-ыр, өгіз,бұқа деп аталады. Аналығын сиыр дейді. Сиыр қашар жасынан бастап бұзаулайды. Сиыр малы төлін 9 ай көтереді.. Сиырда 4 емшек болады.Сауғанда оң жағынан отырып сауады. Ал сүт сауатын аппаратпен сауса екі жағынан да сау-ылады. Сауылатын сиырды екіге бөледі: бұзауын емізіп, идіріп сауатын сиыр –сауын сиыр, ал бұзаусыз сауылатын сиыр саулы сиыр деп аталады. [1]Олар көбі-несе өздері шыққан жердің атымен аталады. Олар кез келген табиғи жағдайларға бейім болады. Әрбір тұқымның өзіндік артықшылығы мен кемшілігі болады. Сүтті көп беретін тұқым болса оның майлылығы аз болады,енді біреулерінің сүті аз, бірақ майлылығы көп болады. [2]
Сауын сиырлар 12,13 жыл бойы сауылады. Бір тәулікте 20 литрден артық сүт беретін сиырлар бар. Ал ярослав тұқымы тәулігіне 80 литрден артық сүт береді. Сиыр көктемгі және жаз айларында, жаңадан туған кезде сүтті көп берсе, күзге қарай суала бастайды. Сиырлар негізінен 20 жыл кейбіреуі 35 жыл өмір сүреді.[3 ]
Біздің жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың тұқымы әртүрлі. Сиырдың тұқымы әртүрлі болғандықтан екеуінің ерекшеліктері бар. Егер салыстырып қарасақ нәтижесін 1-кестеден көреміз.
Кесте 1
Сиырлардың тұқымын салыстыру
тұқымы сиапаты | Алатау « Майка» | Жергілікті қазақы тұқым « Қарагөз » |
Түсі | көк | ала |
Дене бітімі | кесек | кішілеу |
Бойы | биік | аласалау |
Қорытынды:Жергілікті жердің тұқымы кішілеу болады екен.
1.2. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып –қағудың ерекшелігі.
Біз жеке отбасылық шаруашылықта сиырды жылына 2 рет қанын алдырып бурцуллез ауруына тексертіп және әртүрлі ауруларға қарсы укол еккіземіз. Қотырға қарсы укол саламыз.
Сиырларды жазда жан-жағы ашық қорада байлаймыз.Егер жабық қорада жатса сиырдың күйісі кетеді. Қотырға шалдығады. Олар жайылғанда табынмен бірге өрісте жайылады. Кешке үйге келгенде сарысу ішкіземіз. Күзде күн суыта бастағанда жылы қораға байлаймыз. Сиырдың астын күніне 2 рет тазалаймыз. Оларды суарамыз. Тәулігіне үш рет шөп беріп, бір рет жем береміз.
1.3. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшері.
Сиыр малы жылына бір рет бұзаулайды.Кейде бұзауламай қалуы да мүмкін. Ондай кезде сиырды қысыр қалды деп айтады. Биыл біздің жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырларымыз бұзаулады. Олар саулы сиыр. Туған кезде және жаз айларында олардың сүті мол болады. Ал күн суыта бастағанда (күз айларында) сүттерін азайтып бойларына жинай бастайды. «Сиырдың сүті тілінде» дегендей сол уақытта жем-шөпті мол берсе сиырдың сүті бірден қосылады.
Қорытынды: Жыл мезгіліне байланысты сиыр сүтінің мөлшері /тәулігіне есептегенде/ өзгеріп отырады. жаз мезгілінде шөп мол болғандықтан сүттің мөлшері де артатынын байқадым.
1.4. Сүттің құнары мен құрамы
Сүт –табиғаттың берген ерекше сыйы.Сүт-сүтқоректі жануардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Ол аса бағалы тағамдық өнім болып табылады. Сүтті жаңа туған жас сәбиден жасы жеткен қарт адамдарға дейін ішеді. Сүттің өзі және одан өндіретін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. [4]
Кесте 3
Сүттің химиялық құрамы
Сүтті тексерген ғалымдар 260 химиялық құрамын анықтаған. Оның құнды-лығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. [2]
Кесте 4 Дүкенде сатылатын сүттердің құрамын салыстыру
№ | Атауы Мөлшері 100 гр- % | «Айналайын» | «Одари» | Эмиль «молоко» | «Шығыс сүт» |
Шығарған өндіруші | «Алматы» Райымбек агро | Көкшетау сүт зауыты | Өскемен қаласы «Эмиль» | ШҚО,Ұлан ауданы «Шығыс сүт» | |
1 | Май % | 6 | 6 | 2.5 | 2.5 |
2 | Ақуыз % | 3 | 3 | 2.82 | 2.4 |
3 | Көмірсу% | 4.7 | 4.2 | 4.73 | 4.72 |
4 | Эн-қ құндылығы % | 84 | 84 | 52 | 52 |
Қорытынды:Әр фирманың шығарған өнімдерінің құрамының көрсеткіші әртүрлі, майлылығы 2.5%-дан 6 % –ға дейін. Олардың құрамының көрсеткіші жыл мезгіліне сәйкес өзгермейді.
Сәуір айынан бастап әр жыл мезгілінде сүттің құрамын зертханада тексерттік. Онда сүттің тығыздығын,тазалығын,майлылығын, қышқылдығы мен бурцуллез ауруына да тексерді.
Кесте 5
Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың сүттерінің майлылығын салыстыру
№ | Тұқымы Мөлшері 100 гр- % |
|
| ||||||||||
1 | МАЙ |
|
| ||||||||||
Қорытынды: Жаз айларында шөптің құнарлы кезінде алатау тұқымының сүтінің майлы-лығы артты. Жергілікті қазақы тұқымының сүтінің мөлшері аз болса да сүттің майлылығы аз болды. Сүттің майлылығының артуы сиырдың азығымен қоса оның тұқымына да байланысты екен.
2. Сүт тағамдары және олардың жасалу жолдары.
Халқымыздың сүтті соншалықты қасиеттеудің басты себебі ол тіршілік арқа-уы, алуан түрлі құнарлы тағамдар әзірленіп, дастархан молшылығын жасаған. Сүттің өзін пайдаланып қоймай, одан әр түрлі тағамдар дайындаймыз. мысалы:айран ұйытады, сары май, кілегей, сүзбе, қатық, қаймақ, іркіт, ірімшіктің түрлерін дайындайды, құрт қайнатады, ботқа пісіреді және басқа да азықтарды дайындағанда сүтті қолданады.
Кесте 6
Ұйытылған сүттен жасалатын тағамдар
2.1. Уыз
Уыз- сиыр бұзаулағаннан кейінгі алғашқы 4-5 күн ішінде сауылған сүт. Ол сүттің химиялық құрамы мен биологиялық қасиеті сүттен ерекше .Онда жаңа туған сәби мен жас төлді ауруға шалдықтырмайтын ерекше құрамдар көп бөлшекте болады. Мысалы: белок жай сүтте қарағанда 4-8 есе артық, дәрумендер Д,Е,В-2, РР,В-12 және темір 3-6 есе артық, ал минералды элементтер де жоғары болады. [1.1]
Уызды үш түрлі тәсілмен аздап тұз қосып даярлайды.Біріншісі: қазанға аздап сүтпен араластырып құяды да араластырып отырып қайнатады. Даяр болған соң ыстықтай да,суықтай да ішуге болады.
Екінші түрі: Бүйенге немесе ішекке құйып етке қосып пісіреді.Бұл жағдайда уыз қатады.
Үшінші түрі: Үлкен ыдысқа су құйып қайнатады. Қайнаған суға кішілеу ыдысқа құйылған уызды батырып қойып буына пісіреді.Бұл жағдайда да уыз қатады.
2.2. Ірімшік
Ірімшіктің екі түрі (ақ және қызыл) бар. а/ Біріншісі ақ ірімшік. Ұйыған сүтті ақырын жанған отқа қояды. Сүттің сары суы астына түседі, ал ірімшігі бетіне шығады.Сол кезде оны сүзіп алады да марліден тіккен дорбаға құйып алып суынан арылтады. Оны жайда жейді, кілегей мен қант немесе жемістер қосып та жейді. Әркім өзі таңдайды.
ә/ Екінші түрі –қызыл ірімшік. Сүтті ысытып үстіне ашыған айран құйып сары суы тартылғанша ақырын қайната береді. Сары суы тартылып қалған соң қазан-нан алып кептіріп қояды. Кепкен қызыл ірімшік тіл үйіретін тәтті болады.
2.3. Сүзбе
Сүзбе сүтті жақсылап ұйытып алып сорғытып сүзеді, оны тұздап, қарынға салып қысқа сақтайды. Жай жеуге де, көжеге қосып ішуге де болады.
2.4.Іркіт
Іркіт- күбіге жинап, пісіп майы алынған сүт. Сусын ретінде ішеді және одан құрт та қайнатады.
2.5. Қаймақ
Қаймақ- бұның түрі өте көп. Піскен, шикі, кілегей, бал қаймақ және т.б. Піскен қаймақ- пісірілген сүттің беті. Шикі қаймақ- шикі сүттің бетін қалқып алынады. Сепаратор машинасына тартылып алынған түрін кілегей дейді. Осы кілегейден сары май жасаймыз.
2.6.Май.
Май- барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Майлар- тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері. Ағзаға 1гр.май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады. Майдың тағы бір қасиеті ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағам-дардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға жағымды дәмділік пен хош иіс береді.
Майдың тортасын айырып та тамақта қолданады. Майдың осы түрін әсіресе үлкен адамдар қолданады. [4]
2.7.Құрт
Құрт – ұлттық тағам. Құрттың түрлері: Ыстық құрт, малта, сықпа құрт, езген құрт, ақ малта, ұнтақ құрт,сүзбе құрт т.б. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды.
Құртты қайнатуға жағдайы болмаған кезде оны қайнатпай-ақ мөшекке құйып сары суынан сорғытады. Дегдіген кезде домалақтап,сөреге қойып күнге кептіреді. Осындай құртты сүзбе құрт дейді.
Кесте 7
Құрттың адам өміріне пайдасы
2.8 Сыр.
Сыр ең қажетті өнім. Оның құрамындағы заттар адам ағзасының дамып жетілуіне әсер етеді. . [2.2]
Сырды дүкеннен ғана сатып алмай үйде де жасауға болады. дайын ірімшікті алып оған жарты ас қасық тұз және ас содасын салып араластырамыз. Оған 1 жұмыртқаның сары уызын қосып қазанға 2 қасық сары май салып отқа қойып араластырып отырамыз. Ірімшік әбден езілген кезде дайын болады.
2.9. Сары су
Сары су ақ ірімшікті пісіргенде немесе сүт ашығанда бөлінеді. Сары сумен ыдыс, шашты жуамыз. Тот басып сарғайған темірді сары суға салып қойса тоты кетеді.
2.10. Айран
Айранды сүтті пісіріп жылы жерге қойып ұйытады. Оны шөлдегенде ішеді. айран ішкен адам тоқ жүреді.
3. Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүттің өзі де, одан аалынған өнімде адамның ағзасына пайдасы өте зор.
Сүтті тексерген ғалымдар 260 химиялық құрамын анықтаған. Оның құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. [1.3]
Сүттен жасалатын тағамдардың адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?
1. Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен.Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі. Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеу-лерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде,суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады. Ауырған кезді тосып отырмай күнделікті сүтті ішіп отырған денсаулыққа пайдалы.
2.Уыз жаңа туған сәби мен жас төлдің ауруға шалдықтырмайтын ерекше құрам-дар көп бөлшекте болады. Мысалы: белок жай сүтте қарағанда 4-8 есе артық, дәрумендер Д,Е,В-2, РР,В-12 және темір 3-6 есе артық, ал минералды элементтер де жоғары болады. . [1.5]
3.Ірімшік құрамында цинк бар. Сүйек және шеміршектің қалыптасуына көмек-теседі. А дәрумені, ірімшікте өте көп кездеседі. А дәрумені- көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет.
4. Майлы сүзбеде фосфор бар. Жүйке жүйесі, мидың қалыпты жұмыс істеуіне қажет, зат алмасу үрдісіне белсене қатысады. Ойлау,еске сақтау қабілетін артырады.
5. Айранның құрамындағы қышқыл асқазан ауруына пайдалы.
6. Сары май ішкі ағзаны жұмсартады, әл- қуатты арттырады, денегің қызуын қайтарады.Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлар-мен бірге А. Д. Е.дәрумендерін де алады.
А дәрумені- көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
Д дәрумені - ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.
Е дәрумені- бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар, сүттің құрамында болады. . [6]
Тортасын айырған майды құрғақ жөтел кезінде 1 қасық күніне 3 рет ішсе жөтелді тез басады.Себебі тамақты жібітеді.
7. Құртты өкпе,асқазан, сүйек ауруларына ем және суық тиіп ауырғанда сорпаға қосып ішкен дұрыс.Дәрігерлер қазіргі кезде балаларға құртты үнемі жеуді ұсынады.
- Сыр кариестің алдын алады. Себебі 60% калций құрамын күшейтеді. Сілекейді молайту арқылы кариес пен қызыл иекті қабындыратын заттардың пайда болуына кедергі жасайды.Ағзада тез сіңіеді.Оның құрамында белок, сүт қышқылы,темір және магний бар. Құрамындағы кальций тұзы мен фосфор сүйек ұлпасы , жүйке жүйесін қоректендіру және қан құрамында гемоглабинді түзеуіне әсер етеді. . [2.2]
9.Сары су қант диабетімен ауырғанда қанттың төмендеуіне әсер етеді. Артық салмақтан арылуға, қан тамырларының кеңейуіне әсер етеді. . [1.6]
Сүт тағамдарының адамның ағзасына пайдасы бола тұра қаймақ пен майды көп мөлшерде жеу адам ағзасына зиянын келтіреді. Өте майлы болғандықтан көп мөлшерде қолдану бауырдың ауруына әсер етеді.
Сүт өнімдері біздің отбасының қосымша табыс көзі. Жеке отбасындағы шаруашылықтағы сүт өнімдерін тек қана өз отбасымызда ғана пайдаланбаймыз. Қала халқын және мал ұстауға қауқары жоқ кәрі адамдарды сүт өнімдерімен қамтамасыз етеміз. Оны 11-12- кестеден көруге болады.
Кесте 11 Сүт тағамдарының бағасы
Жыл мезгілі | Сүт | Қаймақ | Ірімшік 1 ста-қан/ 200 гр/ | Сыр |
Жаз | 80 тг | 600 тг | 50 тг | 500 тг |
Күз | 100 тг | 700 тг | 70 тг | |
қыс | 120 тг | 800 тг | 100-120 тг |
Кесте 12 Жаз айларындағы сүт тағамдарынан түсетін қаржы
Жаз айлары | Сүт | Қаймақ | Ірімшік | Сыр |
1 аптада | 80тг* 14л= 14.400 тг | 600 тг | 50 тг*4 ст=200тг | 500 тг |
Қорытынды: Сүт тағамдарын сату кезінде біздің отбасына 15.700 тг қосымша пайда түседі.
4. Қорытынды
Қорытындылай келе жеке отбасылық шаруашылығымыздағы сиырдың тұқымын, оны күтудің ерекшеліктерін білдім. Сүттен әртүрлі тағамның жасалу жолдарын үйрендім. Сүт тағамдарын қолдану адам ағзасына пайдалы екенін ұқтым.Зерттеу жұмысын жүргізе отырып мынандай нәтижеге жеттік:
- Сиыр тұқымын анықтадым. Алатау тұқымы кесек болып келетінін білдім.
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырларды бағып-қағу кезінде оларды уақытымен ектіріп,қандарын тапсырып отыру керек екен. Сиырдың сүтінің мөлшері жаз мезгілінде молайады екен. Оның себебі жазда шөп көп болады. Ал алатау тұқымына қарағанда жергілікті қазақи тұқымды сиырдың сүтінің мөлшері аз болатынын білдім.
- Осы жұмыспен айналысу барысында сүттен жасалатын мынандай тағамдарды жасап үйрендім: айран ұйытуды, сары май, кілегей, сүзбе, қат қаймақ, ірімшіктің түрлерін дайындауды, құрт қайнатуды.
- Сүттің құнары мен құрамын анықтау үшін дүкенде сатылатын сүттердің майлылығы 2.5% -дан 6 %-ға дейін болатынын білдім. Оның құрамдарының көрсеткіштері де бірдей екен. Неге олардың құрамы жыл мезгіліне қарай өзгермейді?-деген сауалыма дүкендегі сүттерді жасау кезінде құрғақ сүтті пайдаланатынын және ол ұзақ сақталу үшін /72 сағаттан -6 айға дейін/ әртүрлі заттар қосатынын білдім. Тағы бір таң қалғаным құрғақ сүтті Ресейден әкеледі екен. Ал жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырдан алынған сүтке ештеңе қосылмайды, табиғи күйінде болады.Сиырдың сүтінің майлылығы оның тұқымына қатысты екен.
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың сүтіне ешқандай қоспалар қосылмаған таза күйінде қолданамыз. Сондықтан оның адам ағзасына пайдасы зор.
Ұсыныс
- Жеке отбасылық шаруашылықтарда сиыр малын көптеп ұстау қажет.
- Жеке отбасылық шаруашылықтардағы сиырлардың тұқымын жақсарту қажет.
- Адамдар үнемі табиғи сүт ішулері және сүт тағамдарын қолданулары қажет.
- Сиырлардың қанын алдырып аурудан тексертіп, уколдарын салдырып отыру қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Сейіт Кенжеханұлы Қазақтың дархан дастарханы -Алматыкітап, 2006,130-131 бет
- Адамова А.А. Книга о молоке – Қайнар,1980 -6 бет; 12 бет; 128 бет; 6бет; 125 бет; 33 бет
- Р.Н.Нұрғалиев Ол кім.Бұл не ІІІ том –Алматы:Қазақ совет энциклопедия 1985,1986 -116 бет
- Ғаламтор Дұрыс тамақтану; Молоко в народной медицине
- «Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру» - ҚР Денсаулық сақтау министрлігісалауатты салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы- 6-7 бет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру