Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы

Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы

Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы на казахском языке
Бұл жұмыста жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы туралы мағлұматтар жинақталды. Дүкенде сатылатын сүттің құнары мен құрамы са - лыстырылды. Жылдың әр мезгілдерінде жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың жеген азығына байланысты алынатын сүттің майлылығы өзгеретіні анықталды. Сүттің және сүт өнімдерінен жасалатын тағамдардың жасалу жолдары қарастырылды. Сүт пен сүттен жасалған тағамдардың адам ағзасына тигізер әсері жайлы мағлұматтар қарастырылды

Пікір
ШҚО, Семей қаласының №27жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Ергалиева Аружанның «Сүт тағамдары және оның денсаулыққа пайдасы» атты зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысында сиыр малының тұқымы, онан алынған өнімдердің алуан түрлілігі мен құнарына, адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталды. Сүт өнімдерінің сиырдың жыл мезгілдеріне байланысты жеген азығының құнарына байланысты өзгеретінін салыстырып дәлелдеді. Сүт өнімдерінің отбасына қаржы жағынан пайдасы бар екенін есептеді. Сондықтан бұл жұмыс маңызды және актуалды деп есептеймін.

Пікірді жазған жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Б. Н.

Мазмұны
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымын ажырата білу;
1. 2. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып – қағудың ерекшелігі.
1. 3. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшері.
1. 4. Сүттің құнары мен құрамы
2. Сүт тағамдары және олардың жасалу жолдары.
2. 1. Уыз
2. 2. Ірімшік
2. 3. Сүзбе
2. 4. Іркіт
2. 5Қаймақ
2. 6. Май.
2. 7. Құрт
2. 8 Сыр.
2. 9. Сары су
2. 10. Айран
3. Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізер пайдасы
4. Қорытынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақ халқы үшін төрт түлік аса маңызды болған. Аман - саулықты сұрағанда мал - жан амандығын да үнемі сұрайды. Дегенмен «Малды бақсаң сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан» дегендей сиыр малының халқымыз үшін алатын орны ерекше. Оның еті, терісі мен сүті, тіпті сүйегі мен мүйізіне дейін пайдаланылады.
Халқымызда сүт ақтықты, тазалықты білдіреді. Сондықтан да «Сүттен ақ, судан таза» дейді. Сүттің құндылығын, қадір - қасиетін ата - бабамыз бұрыннан білген. «Ақты баспа, обал болады» деп қадірлеген. Тіпті, үйге кірген жыланның басына сүт құйып шығарған. Күні бүгінге дейін сүтті азық ретінде пайдаланамыз және сүт қосылған тағамдардың әртүрін жасауды жылдан - жылға жетілдірудеміз.
Осы тақырыпта іздену барысында сиыр сүтінің құрамын және одан жаса - латын құнарлы тағамдардың көп түрлілігін білдім. Сондай - ақ ол тағамдардың адам денсаулығына тигізетін пайдасын зерттеп қарастыру арқылы жұмысымның маңыздылығын аштым.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:
Сүттің құрамы, сүттен жасалатын тағамдардың құнарлылығын зерттеп қарастыру.
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымын ажырата білу;
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып қағудың ерекшелігін бақылау;
- Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшерін (түсімін) анықтау;
- Сүт тағамдарының жасалу жолдарын үйрену;
- Сүттің құнары мен құрамын анықтау;
- Ақтың (сүттің) адам ағзасына тигізетін пайдасын қарастыру.
1. 1. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы

Қазақ халқы сиырдың атасы, пірі – Зеңгі баба деп біледі. Сиыр дыбыстағанда мөңірейді. Оны табынымен жаяды. Әукім - әукім деп шақырып, шүу - шүу немесе өк деп қайырып айдайды. Жем - шөп жеп болған соң күйіс қайырады, яғни күйсейді. Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, си - ыр, өгіз, бұқа деп аталады. Аналығын сиыр дейді. Сиыр қашар жасынан бастап бұзаулайды. Сиыр малы төлін 9 ай көтереді.. Сиырда 4 емшек болады. Сауғанда оң жағынан отырып сауады. Ал сүт сауатын аппаратпен сауса екі жағынан да сауылады. Сауылатын сиырды екіге бөледі: бұзауын емізіп, идіріп сауатын сиыр – сауын сиыр, ал бұзаусыз сауылатын сиыр саулы сиыр деп аталады. [1]Олар көбінесе өздері шыққан жердің атымен аталады. Олар кез келген табиғи жағдайларға бейім болады. Әрбір тұқымның өзіндік артықшылығы мен кемшілігі болады. Сүтті көп беретін тұқым болса оның майлылығы аз болады, енді біреулерінің сүті аз, бірақ майлылығы көп болады. [2]
Сауын сиырлар 12, 13 жыл бойы сауылады. Бір тәулікте 20 литрден артық сүт беретін сиырлар бар. Ал Ярослав тұқымы тәулігіне 80 литрден артық сүт береді. Сиыр көктемгі және жаз айларында, жаңадан туған кезде сүтті көп берсе, күзге қарай суала бастайды. Сиырлар негізінен 20 жыл кейбіреуі 35 жыл өмір сүреді.[3 ]
Біздің жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың тұқымы әртүрлі. Сиырдың тұқымы әртүрлі болғандықтан екеуінің ерекшеліктері бар. Егер салыстырып қарасақ нәтижесін 1 - кестеден көреміз.

Қорытынды: Жергілікті жердің тұқымы кішілеу болады екен.

1. 2. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырды бағып – қағудың ерекшелігі.
Біз жеке отбасылық шаруашылықта сиырды жылына 2 рет қанын алдырып бруцуллез ауруына тексертіп және әртүрлі ауруларға қарсы укол еккіземіз. Қотырға қарсы укол саламыз.
Сиырларды жазда жан - жағы ашық қорада байлаймыз. Егер жабық қорада жатса сиырдың күйісі кетеді. Қотырға шалдығады. Олар жайылғанда табынмен бірге өрісте жайылады. Кешке үйге келгенде сарысу ішкіземіз. Күзде күн суыта бастағанда жылы қораға байлаймыз. Сиырдың астын күніне 2 рет тазалаймыз. Оларды суарамыз. Тәулігіне үш рет шөп беріп, бір рет жем береміз.
1. 3. Жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр сүтінің жыл мезгілдеріне байланысты мөлшері.
Сиыр малы жылына бір рет бұзаулайды. Кейде бұзауламай қалуы да мүмкін. Ондай кезде сиырды қысыр қалды деп айтады. Биыл біздің жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырларымыз бұзаулады. Олар саулы сиыр. Туған кезде және жаз айларында олардың сүті мол болады. Ал күн суыта бастағанда (күз айларында) сүттерін азайтып бойларына жинай бастайды. «Сиырдың сүті тілінде» дегендей сол уақытта жем - шөпті мол берсе сиырдың сүті бірден қосылады.
Қорытынды: Жыл мезгіліне байланысты сиыр сүтінің мөлшері /тәулігіне есептегенде/ өзгеріп отырады. жаз мезгілінде шөп мол болғандықтан сүттің мөлшері де артатынын байқадым.
1. 4. Сүттің құнары мен құрамы
Сүт – табиғаттың берген ерекше сыйы. Сүт - сүтқоректі жануардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Ол аса бағалы тағамдық өнім болып табылады. Сүтті жаңа туған жас сәбиден жасы жеткен қарт адамдарға дейін ішеді. Сүттің өзі және одан өндіретін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Медицина ғылыми жұмыстар пән, Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы, гылыми Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар Медицина ғыл, Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Сүт тағамдары оның денсаулыққа пайдасы Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы