Бесік жыры


Атырау облысы

Индер ауданы

М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің

2-сынып оқушысы

Хайроллаева Анель

Өмірәліқызы

Ғылыми жетекшісі:

Г.Тулегенова

Тақырыбы:

Жетекшісі:

Тулегенова Гулаим

Бесік жыры-тәрбиенің қайнар көзі

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Бесік жыры туралы не білеміз?

2.2. “Бесік жырын айтып беріңізші, әже...”

ІІІ.Қорытынды

Мақсаты: Бесік жырының сырын ашып, оның тәрбиелік мән-мағынасын түсіну. Бесік жырының сәби тәрбиесіндегі орнын көрсету.

Міндеті:

1. Қазақтың даналығы мен тапқырлығы

нан туындаған «Бесік жырының» тарихына зер салу                                   

\2. Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу

3. Сыныптас достарыма «Бесік жыры» туралы айтып түсіндіру, іздену жұмысымызбен таныстыру.

.

Бесік жыры  —  тұрмыс-салт жырларының  көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды.

Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. 

Бауыржан Момышұлы атамыз «Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің, ертегі айтатын әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын», – деп бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызының зор екендігін айтады.

Бесік жыры

Баланың көкірек көзін ашады

Жан-жүйесін тербейді

Әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылады

Өнерге,сөз өнеріне бейімдейді

Көңіл-күйін көтереді

Сезімін сергітеді

Ауылымыздың тұлымды ұл, бұрымды қыз өсіріп, немере-шөбере өрбітіп, бүгінде ақ жаулықты асыл әже атанып отырған қарияларының аузынан бесік жырын тыңдап, сұхбат алып қайттым.

Қалима әжейдің айтқан бесік жырынан үзінді:

Балам менің қайда екен?

Қыздарменен тойда екен

Тойда болса, тойласын,

Орамалын майласын.

Қызыл алма қолында,

Қыздар оның соңында,

Әнін айтып жүр екен.

Талшын әжейдің айтқан бесік жырынан үзінді:

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгеден,

Озып келер тай ма екен?

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектер қайда екен?

Қара қарға қарда екен,

Жапалақтар жарда екен,

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен?

Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба, бал бөпем?

Күнім, айым, еркетайым,

Бөлейін сені.

Жұмсақ бесік, жылы төсек,

Ұйықтай ғой енді,

Әй- әй бөпем, әй бөпем,

Кіп- кішкентай бал бөпем.

Жұмысымды түйіндей келе, мына өлең жолымды ұсынамын.

Мен осы шағын зерттеу жұмысымды жазу

барысында, қазақтың даласындай

дархан дәстүріміздің қайнар бастауы- бесік

жырын өз деңгейімде түсінуге тырыстым.

Ауыл әжелері айтып берген біз естімеген,

ешқандай жинақтарға енбеген бесік жырлары

оның түрлерінің молдығын дәлелдейді.

Қорытынды

Менің ұсынысым:

• “Бесік жыры ” өлеңдері кітапша ретінде шығарылып, аналарға тегін таратылса;

• Әр шаңырақта “Бесік жырының ”үнемі айтылуы дәстүрге енсе;

• Өз сыныптастарымды “Бесік жырын” жатқа айтуға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Сынып жетекшісіне арналған журнал

Дайындаған:І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Г. Тулегенова.

Сыныбы: 2

2015-2016 оқу жылы

Атырау облысы, Индер ауданы

Мөңкеұлы атындағы орта мектебі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу