Таза судың болашағы


Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы,

Ю Гагарин атындағы орта мектебінің

8 - сынып оқушысы Сулаймонова Дилноза

Жетекшісі: химия және биология пәндерінің мұғалімі

Жетписбаева Б. К.

Ғылыми жоба

Секция: биология

Тақырыбы: «Таза судың болашағы»

Кіріспе.

Суды біз ауылдарда КБМ және «кран астынан» (колонка) күнделікті пайдаланамыз. Сумен қамтамасыз ету адам экологиясы және қоршаған орта лаборатория көсеткіштері бойынша судың 90 пайызы құбыр желісі арқылы жіберіледі, бірақ санитарлық мөлшерге сәйкес келмейді. Ең негізгі себеп: адам денсаулығына зиян келтіретін нитрат, пестициттердің, мүнай заттары және ауыр металды тұздардың болуы. Онымен қоса өндірістерден шығаратын судың химиялық құрамына - ішек таяқшасы, патогендік микроорганизмдер, тырысқақ вибрионы т. б бактериялар қосылады. Сондықтан осы проблема өте маңызды да өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу нысаны:

Зерттеу нысаны – кәдімгі су құбыры желісінен алынған су, ауылдағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ (комплексті блок – модуль)

Болжам.

Егер су мөлдір, дәмі жағымсыз және иісі болмаса, сонымен қатар егер хлор құрамы, сутегі көрсеткіші және тұзды су нормаға қанағат етерліктей болса, онда ас суға қолдануға жарамды.

Зерттеу мақсаты:

Болжамға сәйкес, зерттеу мақсаты су құбыры желісіндегі су Жалпы Мемлекеттік Стандарт талаптарына сай екендігін анықтау.

Әдебиеттерге шолу:

Ауыз судың сапалығы, адам денсаулығына қалай әсер етуі және суды хлорланған кезде мутагендердің түзілуі туралы әдебиеттерге шолу жасалды.

Судың құрамы мен сапалығын анықтау әдісі.

Адам ағзасында тәулігіне 2, 5л су алмасады. Сондықтан оның сапалығынан адамның күйі, денсаулығы және жұмыс қабілеті тәуелді. Су құрамындағы әр түрлі заттар суға иіс келтіреді, тәттілеу, ащы, тұзды татымдар береді.

Ауыз судың татымын иісінің қарқындық бағасын 5+ балдық шкала арқылы анықталады. Судың сапалылығына күмән болса, арнайы сүзгі қолданылады.

Судың зерттеу әдісіне енгізу:

- Судың мөлдірлігін анықтау;

- Судағы өлшеулі бөлшектерін анықтау;

- Иісі

- Татымы;

Көрсеткіштер әртүрлі әдебиеттер, арнайы әдістер арқылы анықталады.

Судың химиялық зерттеу әдісі анықтамалар енгізеді:

- Сапалық реакциялар арқылы судағы иондар;

- Сутек көрсеткіштер, рН;

- Титриметриялық әдіс арқылы тұзды су;

Иондарды анықтау:

Судың кұрамына көп мөлшерде белгілі элементтер ион түрінде кездеседі. Суда иондардың барын дәлелдеу үшін сапалық химиялық жартылай микроанализ әдісі қолданады.

Судың сапалық үлгі құрамында магний, темір, мыс, қорғасын катиондарын, бром, йод, хлор және сульфат аниондарының барлығын анықтайды.

Судың тұздылығы:

Судың тұздылығын кальций мен магнийдің болуымен шарттастанады. Бұл жалпы тұздылығы. Ол карбонатты (уақытша кальций және магний гидрокарбонатынан құралған), карбонат емес (тұрақты кальций, магний және темір хлоридінен құралған). Ерітіндіде қалған тұздар қайнатылғаннан кейін тұрақты судың тұздылығын құрайды. Жалпы қаттылығын былай анықтайды:

100 мл зерттелетін суды 250 мл конусты колбаға еңгізеді, сілтілі реакция құрастыру үшін 5мл аммиакты буферлі ерітінді (NH4OH +NH4CI) сонан соң 7 - 8 тамшы индикатор қосылынады. (қара эрихромды). Үлгі интенсивті қызыл - қошқыл түске боялады. Ерітіндіні араластырып, қошқыл - қызылдан көк түске өзгергенше 0, 05 трилон ерітіндісін баяу қосады. Себебі: Сілтілік ортада трилон «Б» кальций және магний иондарымен әрекеттесіп, индикаторды ығыстырып, боялмаған қосынды түзіледі.

Жалпы судың тұздылығын формула бойынша есептейді: X =( V*N) /V

V – трилон «Б» ерітіндінің көлемі, мл, титрлеуге жұмсалған;

N - қарапайым трилон «Б», мг экв/л ( 0, 05) ерітіндінің мөлшері;

V1 - титрлеуге алынған, мл (100мл) зерттеу ерітіндінің көлемі.

Сутектік көрсеткіш:

Әр түрлі индикаторлар арқылы су тестіленеді және өзгерген түстер арқылы сәйкес қорытынды тұжырымдалады.

Зерттеу барысында алынған салыстырмалы анализ:

Нысан атауы, мекенжайы: кәдімгі су құбыры желісінен алынған су.

Көрсеткіштердің атауы

Анықталған қанықтық

Нормативтік көрсеткіштер

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) атауы

рН

7, 25

6 - 9

ЖМСТ 26449. 1 - 85

Еркін хлор мг/дм3

-

В пределах 0, 3 - 0, 5мг/ дм 3

ЖМСТ 18190 - 72

Тотығуы мгО2/дм3

-

н/б 5мг/дм3

Қоршаған ортаның зерттеу замануи әдістері

Аммиак азоты мг/дм3

0, 38

н/б 2, 0мг/дм3

ЖМСТ 4192 - 82

Нитриттер азоты мг/дм3

0, 005

н/б3, 0мг/дм3

ЖМСТ 4192 - 82

Нитраттар азотымг/дм3

2, 3

н/б45мг/дм3

ЖМСТ18826 - 73

Жалпы кермектік моль /дм

-

7 - 10 мль /дм

ЖМСТ18165 - 89

Құрғақ қалдықмг/дм3

244, 0

1000 - 1500 мг/дм3

ЖМСТ 18164 - 72

Хлоридтер мг/дм3

12, 6

н/б350мг/дм3

ЖМСТ4245 - 72

Сульфаттар мг/дм3

26, 5

н/б 500 мг/дм3

ЖМСТ 4389 - 72

Темір мг/дм3

0, 0515

н/б 0, 3 (1, 0) мг/дм3

ЖМСТ 4011 - 72

Мыс мг/дм3

0, 0497

н/б 1, 0мг/дм3

ЖМСТ 438872

Сілтілігі мг - экв/дм3

0, 7

-

Фтор мг/дм3

0, 0927

н/б 1, 5 мг/дм3

ЖМСТ 4386 - 81

Аллюминий мг/дм3

0, 0809

н/б 0, 5мг/дм3

ЖМСТ 18165 - 89

Марганец мг/дм3

0, 0037

0, 1 (0, 5) мг/дм3

ЖМСТ 4974 - 72

Судың t0

-

-

-

Үлгілердің НҚ - ға сәйкестігіне зерттеулер жүргізілді.

Нысан атауы, мекенжайы: Евгеньевка аулындағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ - нан (комплексті блок – модуль) алынған су.

Көрсеткіштердің атауы

Анықталған қанықтық

Нормативтік көрсеткіштер

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі –НҚА) атауы

рН

8,5

6-9

ЖМСТ 26449.1 -85

Еркін хлор мг/дм3

-

В пределах 0,3-0,5мг/ дм 3

ЖМСТ 18190-72

Тотығуы мгО2/дм3

-

н/б 5мг/дм3

Қоршаған ортаның замануи зерттеу әдістері

Аммиак азоты мг/дм3

0,54

н/б 2,0мг/дм3

ЖМСТ 4192 -82

Нитриттер азоты мг/дм3

0,0027

н/б3,0мг/дм3

ЖМСТ 4192 -82

Нитраттар азотымг/дм3

1,6

н/б45мг/дм3

ЖМСТ18826-73

Жалпы кермектік моль /дм

5,7

7-10 мль /дм

ЖМСТ18165-89

Құрғақ қалдықмг/дм3

1052,4

1000-1500 мг/дм3

ЖМСТ 18164-72

Хлоридтер мг/дм3

203,7

н/б350мг/дм3

ЖМСТ4245-72

Сульфаттар мг/дм3

180,7

н/б 500 мг/дм3

ЖМСТ 4389-72

Темір мг/дм3

0,0975

н/б 0,3 (1,0)мг/дм3

ЖМСТ 4011-72

Мыс мг/дм3

0,140

н/б 1,0мг/дм3

ЖМСТ 438872

Сілтілігі мг-экв/дм3

2,8

-

Фтор мг/дм3

0,00

н/б 1,5 мг/дм3

ЖМСТ 4386-81

Аллюминий мг/дм3

0,00716

н/б 0,5мг/дм3

ЖМСТ 18165-89

Марганец мг/дм3

0,0037

0,1 (0,5)мг/дм3

ЖМСТ 4974-72

Судың t0

-

-

-

Үлгілердің НҚ - ға сәйкестігіне зерттеулер жүргізілді.

Екі үлгі де санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығында жүргізілді.

Қорытынды:

Зерттеу барысында анықталды:

- көрсеткіштің лайлануы қалыпты;

- суда кейбір өлшенген бөліктер байқалды;

- судың нәтижесінің қорытындысында дәмі және иісі болмады;

- судың сапалық нәтижесінің қорытындысы теріс нәтиже көрсетті: суда катиондар: магний, темір, қорғасын, сынап; аниондар: бром йод, сульфат.

- Кальций катионы (гипстің аз мөлшердегі тұңбасы) және хлор анионы (күміс хлориді ақ ірімшік түсті тұнба көрсеткен)

Қорытындылай келе судың анализі су құбырынан алынған талаптарға сай ЖМСТ өткізген тәжірибемен келісілді, яғни біздің гипотеза (болжам) анықталды.

Ұсыныстар:

- Әр түрлі су құбырларынан ауыз суының сапасының мониторингін жалғастыру;

- Алынған қорытынды нәтижелерінің салыстырмалы анализін өткізу;

- Әдістеме бойынша судың нәтижесін зерттеу;

- Құрал - жабдықтар, реактивтермен қамтамасыз етілген арнаулы зертханада зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

Қазіргі таңда дәрігерлік - санитарлық көмек сапасын жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, бала мен ананың денсаулығын сақтауға, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы күнге дейін, адам өлімінің көбеюіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты деп санап келсек, енді, міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себеп - салдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр. Оның бір себебі, ауыз судың тапшылығы, ауыз суының лас болуы. Ауыз судың адам денсаулығына пайдасы зор. Адамдар таза су ішпегендіктен, әр түрлі ауру түрлеріне шалдығып жатады.

Ластану түрлеріне мыналар жатады: инфекцияны қоздырғыштары фабрика, өндірістердің ағынды сулары, тынайтқыштарды артығымен қолдану бейорганикалық өндірістің сулы ерітіндісінің қалдықтары жылулық эффектілі тұрмыстық қалдықтары.

БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%- тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су мәселесі пайда болады. Бұл жағдайда су мәселесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді.

Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км 3 шамасындайы жұмсалады. Біздің ауылда 12 жеке шаруақожалығы өте жоғары дамуда. Суды ең көп пайдаланатын сол ауыл шаруашылықтары. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, картопке, люцерна шөбіне т. б 10000тоннадан су жұмсалады.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк - жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.

Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның табиғи қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары болмауы қажет.

Сонымен қатар Евгеньевка ауылымызда ауыз су ащы болғандықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша 2003 жылдан бері КБМ жұмыс істеуде. КБМ үздіксіз жұмыс істеу үшін, суды сапалы тазарту үшін, оны дұрыс қолдану керек. Күнделікті күні блок - модульді тазарту және жеңіл - желпі ремонт жасап отыру керек. Тәулігіне 20 куб – ке дейін су тазартады, айына 60 және одан да көп тонна таза су сатылады. Бір литр су 0, 25 тиына тұрады. Бірақ та мәселелер әлі де бар.

Евгеньека ауылы Қ. Сатпаев каналынан үш шақырым жерде орналасқан, бірақ бізде оны пайдаланатын мүмкіндігіміз жоқ. Соған қарамастан аыл тұрғындары ащы суды қанағат тұтып отыр. Келешекте ауыз су мақсатында берілетін суды құбырларына арнайы су тазартатын бекеттер орнатып, су құбырларын өткізсе, ауыл тұрғындары тұщы суға қол жеткізуіміз мүмкін.

I - Қ. Сатпаев каналы.

II - Тұндырғыш.

III - Құдық.

IV - Сүзгі.

V - Хлорлауға арналған жабдық

VI - Насос

VII - Сукернеуіш мұнара

VIII - Тазартылған суды жіберу.

Су тазартатын бекеттердің жұмысы:

Су алдымен тұндырғышар арқылы қатты және өлшеулі қоспалардан босатылады. Таза құм және арнайы балшық арқылы су сүзіледі. Ауру қоздырғыш микробтар мен бактерияларды жою үшін су арнайы хлорлауға арналған жабдыққа түседі ( хлор және озон өңделеді).

Біздің ауылымыз Ақсу, Павлодар қалаларына жақын орналасқандықтан қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әр түрлі газдар қоспасынан құралған қара - көкшіл түсті шаң (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе қалаларда орналасқан өндіріс, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан қап - қара түтіндердің жиынтығы.

Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіру үшін өндірістер мен фабрикаларда түтіндер ұстап қалатын сүзгі тазалығыш қондырғаларды орнату қажет, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану керек және әрбір адам қоршаған ортаға сүйіспешілікпен қараса өте дұрыс болар еді, яғни:

"Ластама, былғама

Айналаңды қоршаған.

Таза тыныс, таза ауа

Сыйлайтұғын сол саған."

деп аяқтағымыз келеді.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу